жүйелі түрде енгізіп, білім және тәрбие беру сапасын көтеру
арқылы бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны дамыту
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Әр оқушының өзінің білімі мен тәрбиелік деңгейін анықтап, оны әрі
қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жаңа жолға бағыттау
Өздігінен білім алудың мақсаты:
1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру.
1. Кіріспе
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:Компьютерлік техниканы,
интернет,телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.