Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физика курсының математикамен байланысы



бет19/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Физика курсының математикамен байланысы
Қазіргі физика математикамен тығыз байланыста дамуда. Математикалық әдістерді тәжірибелік материалды өңдеу үшін де, сонымен бірге теорияларды талдап жасау үшін де физикада кеңінен қолданады, олар табиғат құпияларына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Өз тарапынан физика–математиканың дамуына елеулі әсер етіп отыр. Математика – бұл тек физиканың тілі ғана емес, «бұл тіл қосу пайымдау, бұл бейне бір бірлікте алынған тіл мен логика».
Физика мен математиканың мектептік курстары арасындағы пәнаралық байланыс осы пәндердің әрқайсысын оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру ісінде үлкен мүмкіндіктерге ие, сондықтан бұл пәндерді оқып-үйренуге кіріскен кезден бастап-ақ олардың арасында өзара байланыс болуы қажет. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалануды көз алдымызға елестетейік.
Мектеп оқушыларының бойында математика сабақтарында қалыптасқан белгісіздерді х арқылы белгілеу әдеті физикалық есептерді шығаруда қиындық туғызады. Сондықтан, математика мұғалімдеріне сандық коэффициенттері бар теңдеулердегі белгісіздерді тиісті әріптермен белгілеуді және бір теңдеудің өзін әр түрлі параметрлерге қатысты қарастыруды өзара келісіп, байланысты тереңдету мақсатында ұсыныс жасап отыру қажет. Ал физика мұғалімі теңдеуге енген шамалардың арасындағы функциялық тәуелділіктің математикалық сипатын толық таңдап беруі қажет. Бұл функциялардың математика сабағында оқытылған функциялардың қай түріне жататынын алып, ажыратып білу қажет.
Барлық шамаларды физикалық және математикалық шамалар деп есептеуге, бөлуге болады. Мысалы: қашықтықты, ауданды, көлемді, бұрышты дағды бойынша математикалық шамалар деп есептейді.
Қысқасы, математика физикалық құбылыстарды түбегейлі түсіндірудің, құбылысты барынша айқын ашып берудің кілтіндей. Ал физика таза математикалық абстракциялаудан туған шамаларға мән-мағына, ұғым береді, жаратылысына түсініс береді. Бұл ретте физика мен математика қолданылатын бір ғана ғылыми ұғымдар үйлесімді, өзара толықтыратын түсінік берілетіндей болуы үшін ұмтылу маңызды, мысалы, жол, қашықтық, және т.б. ұғымдар. Сонымен бірге физикаға жиын теориясының негізгі ұғымдары мен символдары жетекші роль атқаратын осы заманғы математика тілін ендіруге көп көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет