Оқыту түрі: күндізгі, сырттай



бет19/21
Дата18.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#10039
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

4 – тараудың маңыздысы


  1. Электр тогы деп электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Зарядтарды бөлуге арналған құрылғыларды ток көздері деп атайды.

  2. Өткізгіштің белгілі бір бөлігіндегіток, сол бөліктегі кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал болады. Бұл – тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.



  1. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына, меншікті кедергісіне тура пропорционал және көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.

Әр түрлі материалдан жасалған бірақ өлшемдері бірдей өткізгіштердің кедергісі әр түрлі болады.



  1. Егер бірінші өткізгіштің соңын, екіншінің басына жалғастырып қосатын болса, онда мұндай жалғауды тізбектей жалғау атайды. Қос күштері тең, жалпы кернеу мен кедергі оның бөліктеріндегі кернеулер мен кедергілердің қосындысынан тұрады.

I = I1 = I2

U = U1 + U2



R = R1 + R2


  1. Параллель жалғанғанда тоқ жіктеледі. Тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы тоқ күші әрбір өткізгіштегі тоқ күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілері көбейтіндісінің олардың қосындысына қатынасымен анықталыды.

I = I1 + I2
U = U1 = U2



  1. Электр тоғының жұмысы тоқ күшінің, кернеудің және жұмыс істелген уақыт аралығының көбейтіндісіне тең.

A=IUt


  1. Электр тоғының қуаты деп уақыт бірлігінде жасалған жұмысты атайды.

P=IU


5 – тараудың маңыздысы


  1. Металдардағы электр тоғы деп еркін электрондардың бағытталған қозғалысын айтады.

  2. Газдардағы электр тоғы электрондар мен қарама-қарсы таңбалы иондардың бағытталған қозғалысын білдіреді.

Электр тоғының газ арқылы өту процесін газ разряды деп атайды.

  1. Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металлдан шығу құбылысы термоэлектрондық эмиссия деп атайды.

  2. Вакуумдегі электр тоғы термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Практикада диодтар мен триодтар кеңінен қолданылады.

  1. Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металлдардың қорытпалары электролиттер деп атайды.

  2. Су ерітінділерінде зат молекулаларының иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады.

  3. Электролит арқылы электр тоғы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.

  4. Электролиттердегі электр тоғы – иондардың реттелген қозғалысы.

  5. Металдар мен диэлектриктердің қасиеттерінен өзгеше біршама электрлік қасиеттері бар және олардың арасында аралық орынға ие болатын заттарды шалаөткізгіштер деп атайды.

  6. Өткізгіштер – таза шалаөткізгіштердің меншікті өткізгіштігі мен кемтіктік (р-типті) және электрондық (n-типті) қоспалық өткізгіштігі мен ерекшеленеді.

  7. Шалаөткізгіштердегі электр тоғы электрондар мен кеміктердің қозғалысын білдіреді.

  8. p – n – типті шалаөткізгіш кристалдар бір жақты өткізгіш қасиетіне ие болады.

Таза шалаөткізгіштердің өткізгіштігі меншікті өткізгіш деп аталады.

Шалаөткізгішке азғантай қоспа мөлшерін енгізгенде, шалаөткізгіштің өткізгіштігі артады және ол қоспалық өткізгіш деп аталады.


10 - 11 СЫНЫП

оқулықтары бойынша негізгі мәселелер


Толқындар мен бөлшектер өрістердің

өзара әсерін тасымалдаушылар.
Материялық объектілер өзара әсерлесіп жүйе құрайды.

Әсерлесу тұтас жүйе күйінің өзгеруіне әкеледі.

Кез келген әсерлесу материяның ерекше түрі - өріс арқылы жүзеге асады.

Әсерлесудің байқалуының негізгі екі түрі бар: динамикалық және статикалық. Динамикалық әсерлесуде дененің немесе микробөлшектің қозғалыс сипаты өзгереді. Статикалық әсерлесуде денелер немесе тұрақты бір жүйе құрайды.

Өзара әсерлесу денеге әсер етуші сәйкесті күштердің шамасымен немесе әсерлесуші бөлшектердің энергиясының өзгерісімен сипатталады.

Барлық физикалық құбылыстар, физикалық объектілердің қасиеті мен құрылымы, олардың қозғалысы әр түрлі әсерлесулерге негізделген. Ал құбылыстардың өзі, объектілер және олардың қозғалысы айнала қоршаған дүниені әр түрлі қырынан көрсетеді.

Әр түрлі объектілердің әсерлесулері төрт түрлі басты әсерлесулерге әкеледі: гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз.

Әсерлесуді зерттеу үшін олардың механикалық, өрістік және кванттық үлгілерін пайдаланады.

Кванттық физикада кейде бөлшектердің өзінің сипатын емес олардың тудырған толқындарының сипатын білу маңызды. Корпускулалы-толқындық дуализм принципі осыны басшылыққа алады.

Бөлшектердің әр түрлі әсерлерінің механизмі бойынша екі бөлшектің өзара әсерін тасымалдаушысы үшінші квантпен өріс энергиялары арқылы алмасады.

Заттың макроскопиялық қасиетін кванттық үлгі көмегімен сипаттау үшін квазибөлшектер концепциясын қолданады.
I бөлім.Механикалық тербелістер мен толқындар.

Акустика элементтері.
Тербелмелі қозғалыстар табиғатта және техникада жиі кездеседі.

Тербелістің табиғаты мен тербелуші объектінің өзі әр түрлі болуы мүмкін.: температура, қатты дене атомдары, маятниктің ауырлық центрі, электр және магнит өрістері және т.б.

Олардың ішінде механикалық тербелістер айырықша орын алады. Тербелістің бұл түріне маятниктердің, қыл ішектердің, телефон мембраналарының, іштен жану қозғалтқыштары поршеньдерінің, көпірлердің және т.б. айнымалы күштер әсеріне ұшырайтын құрылыстардың қозғалыстары жатады.

Механикалық тербеліс деп белгілі бір уақыт аралықтарында қозғалыс сипаттамалары бірдей мәнге ие болатын процесті айтады.

Процесті сипаттайтын физикалық шамалары бірдей уақыт аралықтарында қайталанып отыратын тербелістер периодты тербелістер делінеді.

Жүйені тепе-теңдік қалыптан шығарғаннан кейін, әрі қарай өзімен өзі пайда болатын тербеліс еркін деп, ал сыртқы периодты күштің әсерінен болатын тербеліс еріксіз деп аталады.

Тербеліс амплитудасы, период, жиілік және циклдік жиілікпен сипатталады.

Еркін тербелісте жиілік тербелмелі жүйенің өзінің меншікті сипаттамасымен, ал еріксіз тербелісте сыртқы периодты күштің өзгеру жиілігімен анықталады.



Еркін тербелістің Т периоды мына формулалармен анықталады:

математикалық маятник үшін:

серіппелі маятник үшін:

мұндағы l – математикалық маятник жібінің ұзындығы, g – еркін түсу үдеуі; k – серіппенің қатаңдығы, m – серіппелі маятниктегі жүктің массасы.

Математикалық маятник – бұл созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген тербеліс денесі материялық нүкте болып табылатын маятниктің физикалық үлгісі.

Еркін тербеліс уақыт өтуіне қарай өшеді. Еріксіз тербеліс өшпейтін тербелістер болып табылады.

Сыртқы күштердің өзгеріс жиілігі еркін тербеліс жиілігімен дәл келгенде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуынан резонанс құбылысы байқалады.

Тербеліс периодыга тең уақытта толқын таралатын ара қашықтық толқынның ұзындығы деп аталады:

λ=υТ

Толқынның ұзындығы толқын көзінің және толқын тарайтын ортаның қасиеттеріне байланысты. Толқынның тербеліс жиілігі толқын көзінің жиілігіне тең және ортаның қасиеттеріне тәуелсіз болады. Толқынның таралу жылдамдығы толығымен ортаның қасиеттеріне байланысты.



Жиіліктері 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі серпімді толқындар адамдардың есту мүшелеріне әсер етеді, сондықтан олар дыбыс толқындары деп аталады. Жиіліктері ν < 16 Гц толқындар инфрадыбыстар, жиіліктері

ν >20 кГц толқындар ультрадыбыстар делінеді.

Дыбысты физиканың арнаулы бөлімі акустика зерттейді.

Механикалық толқындар тербелмелі процестің энергиясын және ол туралы ақпаратты тасымалдайды, бірақ зат тасымалдамайды.




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет