Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану



бет2/3
Дата23.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#39533
1   2   3




Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
Бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.

Педагогикалық технология – бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналып, практикада тиімді түрде қолдану мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және дағдылар кешені.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»,- деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар-қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін де қала мектептерімен қатар ауыл мектептерінде де пайдалануға болады. Олар білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, балаларға біртіндеп дүниежүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді.

Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.

Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.

Жаңа мультимедиялық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр.

Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.







Компьютерлік оқыту процесінің

құрылымдық схемасы




Компьютерлік технологияның оқыту кезеңдері
Компьютерлік оқыту технологиясы


Жалпы білім беру Прагматикалық

Оқушыларға қазіргі информатиканың ЭЕМ-нің программалық



негізгі ұғымдарын қалыптастыруды құралдарымен және олардың

қамтамасыз ету құрылғыларымен, аппараттарымен

практика жүзінде жұмыс жасай

отырып, іс-тәжірибелер

қалыптастыруды қамтамасыз етеді


Компьютерлік технологиямен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімділігі


  1. Дербес компьютердің болуы

  2. Ғылыми-зерттеу қызметі

  3. Интернет арқылы халықаралық байланыс

  4. Қызығушылық

  5. Компьютерлік сауаттылық

  6. Белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік

  7. Телекоммуникациялар

  8. Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы

  9. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі

  10. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі, т.с.с материалдық шығынды қажет етпеуі)

  11. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с тілдерді) айқын сезіледі.

  12. Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с)

  13. Қарарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді.


Басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Технологияның оқыту үрдісінде қолданылу

жолдары

Технология

Оқыту

Оқытудың интерактивті режимі


Компьютерлік оқыту технологиясы


Ақпараттық технология

Мультимедиялық технология

Компьютер


Интернет

Коммуникация

Электрондық пошта

Электрондық оқулық








С а б а қ қ ұ р ы л ы м ы:

Күні, айы:
Пәні, тобы: Информатика, 1И
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы.

Құжатты форматтау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды MS Word мәтіндік редакторында құжатты әзірлеп, саймандар тақтасын пайдаланып, мәтінді форматтау жолдарын үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін, мәтінді сауатты теру қабілетін дамытып, білім, білік дағдысын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: оқушыларды техникамен жұмыс жасауда жауапкершілік сезімге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, сын тұрғысынан бағалауға, достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың кәсіби мақсаты: оқушылардың кәсіби мамандығында жаңа технологияны

пайдалана отырып, құжатты дайындауда сауатты болуға

баулу;
Сабақтың түрі: лабораториялық сабақ
Сабақтың типі: Игерілген білімді жетілдіру
Сабақта қолданылатын

технология мен әдіс-тәсілдер: компьютерлік оқыту технологиясы, сөйлеу әдісі,

көрнекілік әдісі, интерактивті тақтамен жұмыс,

«Таңғажайып алаңы» ойыны, жеке

тапсырма, рефлексия, сарамандық әдіс


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтіндік редактор терезесінің саймандары, құпия жәшік, таратпа лабораториялық жұмыстар,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тіл дамыту, ежелгі дүние тарихы,
Пайдаланылатын әдебиеттер: Б.Балапанов, Бөрібаев, А.Дәулетқұлова «Информатикадан 30 сабақ»

Б.Бөрібаев «Информатика және компьютер»

Гейн А.Г. «Информатика»

Шафрин Ю. «Основы компьютерной технологии»

Каймин В.А. «Основы компьютерной технологии»

Н.Ермеков, Е.Кузина «Информатика». Дидактический материал. Практикум



С а б а қ ж о с п а р ы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың кабинетте өз орындарына орнығуын, тіркелу дәптерін толтыруын қадағалау;

ә) оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.


1) Қызығушылықты ояту

«Таңғажайып алаңы» ойыны.


2) Өткен материалға шолу жасау.

а) Сұрақ-жауап



ІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Ортақ тапсырма орындау

2. Лабораториялық жұмыс орындау


1. Білім бақылау, бағалау. Қорытындылау
Оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижесі компьютерде диаграмма арқылы көрсетіліп, орташа бағасының да диаграммасы мен нәтижесі компьютерде есептеліп, көрсетіледі.
2. Үйге тапсырма.



  1. Лабораториялық жұмыс таратпасының соңында берілген бақылау сұрақтары бойынша дайындалып келу

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте сызу жолдары бойынша дайындалу.

  3. MS Word- та дайындалған, форматталған мәтін мен кесте дайындап келу.

  4. Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша шығармашылық портфолиосын толықтыру


С а б а қ б а р ы с ы :


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың кабинетте өз орындарына орнығуын, тіркелу дәптерін толтыруын қадағалау;

ә) оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
1) Қызығушылықты ояту

«Таңғажайып алаңы» ойыны.


Оқушыларға интерактивті тақта арқылы «Таңғажайып алаңы» ойыны ұсынылады. Бұл алаң үш бөлімнен тұрады.

1) «Сөз тұздығын тап»

2) «Құпия жәшік»

3) «Бұл кім?»

Осы бөлімдер бойынша нөмірленген төртбұрыштарды шерткенде, бөлімнің шарты бойынша сұрақтар беріледі. Оқушы сұраққа бірден жауап беруі тиіс.

Мысалы «Сөз тұздығын тап» бөлімінде 1-таблоның сұрағы: «Егер бір уақытта бірнеше жұмыс істесең, ештеңе шықпайды». Бұған жауап ретінде осы сөйлемге байланысты мақал-мәтел айту қажет. Мысалы: «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді».

Ал «Құпия жәшік» бөлімінде айтылған сипаттама бойынша жәшіктегі затты анықтау қажет.

«Бұл кім?» бөлімінің сұрағына да адамның сипаттамасына қарай оның кім екендігін анықтау қажет.


Ойын аяқталған соң интерактивті тақтада Excel программасында дайындалған бағалау кестесіне алғашқы бағалары қойылады да, диаграммасы көрсетіледі.
2) Өткен материалға шолу жасау.

а) Сұрақ-жауап.


1) MS Word терезесін интерактивті тақта арқылы ашып, оның сипаттамасы бойынша сұрақтар қою әрі көрсетіп тұру:

1. Терезенің ең жоғарғы қатары қалай аталады?

2. Екінші қатары ше?

3. Үшінші қатары қалай аталады?

4. Келесі не орналасқан?

5. Жұмыс алаңынан кейінгі төменгі қатар не деп аталады?

6. Одан төменгі қатар ше?

2) Терезені жұмысқа, яғни мәтін жазуға қалай дайындаймыз?

(Парақтың параметрлері, тілді ауыстыру, қаріп өлшемі, екі жағын туралау,

абзацты қою)

3) Дайындалған құжатты қалай сақтаймыз?

4) Үш оқушы шығып интерактивті тақтада шашыраңқы орналасқан саймандарды түріне қарай жинақтайды да, олардың аты мен қызметін түсіндіреді.

(Стандартты, пішімдеу немесе форматтау, сурет салу саймандары).

ІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Ортақ тапсырма орындау

1. Интерактивті тақта арқылы Word мәтіндік редакторында жазылған мәтін көрсетіледі. Ол мәтін әр компьютерде «Мәтін» атымен жұмыс үстелінде сақталған. Оқушылар сол мәтінді ашып, пішімдеу саймандары арқылы тақтаға біртіндеп шығып, толық пішімдейді.

2. Пішімделген мәтінді дәл сол қалпында компьютерде жазып көрсетеді.
ЗАМАН ТАЛАБЫ
ХХІ ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.

Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтан да ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет - өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу. Соның бір жолы – компьютер тілін үйрету болып табылады.

Компьютерді білу – екінші сауаттылық.

Оқушылар теріп болған соң, жұмыстың орындалу сапасы айтылып, бағалау кестесіне бағасы қойылады.


2. Лабораториялық жұмыс орындау.

Барлық оқушыларға лабораториялық жұмыс нұсқалары таратылады да, оның өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары түсіндіріледі.

Ал бақылау сұрақтары бойынша дайындалу үй тапсырмасы ретінде беріледі.
Жұмыстың нәтижесі бағалау кестесіне қойылады.
1. Білім бақылау, бағалау. Қорытындылау
Оқушылардың ойынға қатысу дәрежесі, өткен материалға, ортақ тапсырманы, лабораториялық жұмысты орындау нәтижелері бойынша көрсетілген диаграммадан бөлек, осы жұмыстардың барлығының орташа бағасы есептеліп, оның да қорытынды диаграммасы көрсетіледі.

Сабақтың қаншалықты дәрежеде болғанын, яғни оқушылардың сабаққа қатысу ынтасы мен дәрежесі айтылып, жеке оқушыға рефлексия әдісі арқылы тоқталып, қорытындыланады.


2. Үйге тапсырма.



  1. Лабораториялық жұмыс таратпасының соңында берілген бақылау сұрақтары бойынша дайындалып келу

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте сызу жолдары бойынша дайындалу.

  3. MS Word- та дайындалған, форматталған мәтін мен кесте дайындап, А4 форматқа шығарып келу.

  4. Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша шығармашылық портфолиосын толықтыру


Лабораториялық жұмыс №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет