Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану


Microsoft Word мәтіндік редакторы



бет3/3
Дата23.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#39533
1   2   3

Microsoft Word мәтіндік редакторы.

Мәтінді форматтау



Мақсаты: мәтінді сауатты теріп, оны форматтау жолдарын дұрыс пайдалану машығын

қалыптастыру .


Пайдаланатын әдебиеттер: Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлова

“Информатикадан 30 сабақ”.

Microsoft Word мәтіндік редакторы. Лабораториялық

практикум


Теориялық мәлімет:
Қаріп ұғымына оның түрі, өлшемі, сызылымы, боялу түсі, арнайы эффектілері жатады. Қаріптегі символ көлемі пункт өлшемі арқылы беріліп жүр, негізі мәтін үшін әдетте 10,12 – пункт, тақырыптар – олардан үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ескертулер мен сілтемелер көрсетуде 8-9 пункт қолдануға болады.

Форматтау процесі негізінен символдың керекті параметрлерін енгізуден тұрады. Даярланған мәтінді белгілеп алып, сонан соң форматтауға болады немесе алдымен оның параметрлерін анықтаған соң мәтінді теруге болады.

Мәтіннің негізгі параметрлері (типі, өлшемі, сызылымы) ФОРМАТ меню командалары арқылы немесе форматтау саймандар тақтасы көмегімен немесе пернелік командалар немесе жанама меню жүйелері арқылы да енгізіліп анықталады…

а) Формат- Шрифт

ә) Жанама менюден Шрифт командасын таңдау

2) Шегініс (отступ) – мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы қатарының басына дейінгі аралық, жай мәтін қатарындағы азат жол.

Абзацтың бірінші өатары шегініп оң жаққа жылжумен қатар нөмірлерген тізім элементтерін көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде нөмірлер қатардың сол жақ өріс шетінен де асып жазыла береді. Бұл әрекет Формат – Абзац арқылы орындалады.

Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлі болады:



  • сол жақ шетке қарай туралау;

  • оң жақ шетке қарай туралау;

  • қатар ортасына туралау;

  • екі жақ шетті де туралау.

Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты шегініс жасау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам көшу мақсатында қолданылады.

Қатар арасындағы интервал – қатарлар ара қашықтығын анықтайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.

3) Әдетте қатар арасындағы интервал қаріп биіктігінен 120% болып алынады. Мысалы, мәтін 10-пунктімен жазылса, интервал 12 пункт болуы тиіс. Бірақ ол кішірек болса, қағаз тиімді пайдаланылып оған көбірек мәлімет сияды.

Абзацтың соңындағы немесе алдындағы аралық орнына Enter пернесін басып, бос қатар қалдыруға болап еді, бірақ оның мөлшері шамадан артың болып кететіндіктен әдейілеп интервал мәнін былай енгізуге болады:

Формат – Абзац – Шегіністер мен интервалдар

Бір аралықты (Одинарный) – қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биіктігіндей. Бір аралықты интервал символ өлшемінен сәл-пәл үлкендеу болады.

Бір жарым аралықты (Полуторный) – интервал бір аралықтан бір жарым есе артық болады.

Екі аралықты (Двойной) – бір аралықты интервалдан екі есе артық

Минимум – Word редакторында мүмкін болатын ең кіші интервал мәні

Дәлме-дәл (Точно) – қатар аралығы бүкіл мәтін үшін бірдей дәрежеде болады, егер символ қиылғандай күйде болса, онда оны (минимум мәнін) аздап үлкейту керек.



Көбейткіш (Множитель) – көрсетілген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәні (Значение) деген өріс қатарына қажет мәнді енгіземіз.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа файл ашыңыз.

2. Төменде көрсетілген мәтінді теріңіз.

3. Тақырыбын 16 пт өлшеммен жартылай қарайтылған етіп, ортаға туралаңыз.

4. Мәтінді 14 пт өлшеммен жазыңыз.

5. Бірінші азат (абзац) жолды 1,5 см етіп алып, мәтінді екі жағынан туралаңыз.

6. Екінші азат жолды 3 см етіп жасаңыз.

7. Терілген мәтіндегі президенттің айтқан сөзін соңына көшіріп орналастырыңыз да,

қисайтылған етіп өзгертіңіз.

8. Мәтіннің қатараралық интервалын бір жарым аралықты етіңіз.

9. Форматтау (Пішімдеу) саймандарын пайдаланып, мәтінді өз қалауыңызша толық

форматтаңыз.
12 жылдық білім - ел ертеңі
Қазақстанда білім беру халықаралық стандартқа сай болуы керек. Сондықтан «2008 жылдан бастап біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіміз, педагогтардың кәсіби білім деңгейін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруіміз керек»,- деп атап өткен болатын ел президенті Қазақстан халқына Жолдауында. Осы орайда, 12 жылдық білім беруге көшу – Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге жол ашады.

12 жылдық сапалы білім беру нарықтық жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Бұрын сақталған құжатты қалай ашамыз?

  2. Сақталған құжаттың форматын өзгертуге бола ма?

  3. Мәтінді форматтау деген не?

  4. Форматтау саймандарының қызметі

  5. Абзацты қою қандай жолдармен іске асады?

  6. Қатар арасындағы интервалдар қандай болады, оларды қалай қоямыз?

  7. Нөмірлеу, Маркерлеу әрекеттері не үшін қолданылады?


Пәні: ЭЕМ тәжірибешілігі

Пән оқытушысы: Арқабаев Н.

Сабақтың тақырыбы: Компоненттермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Компоненттер ұғымының мағынасын, компоненттердің атқаратын қызметтерін білуге іскерлік дағдыларын қалыптастыру және есеп шығару арасында қолдана білуге меңгерту.


ә) Дамытушылық мақсаты: Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, практикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ойлау әрекеттерін қалыптастыру.
в) Кәсіби тәрбие: Оқушылардың ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақ барысында алған білімдерін болашақта қолдана білуге ынтасын тудыру.
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың технологиясы: Компьютерлік оқыту технологиясы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ – жауап, ой қозғау
Сабақтың көрнекіліктер мен техникалық құралдар: Компьютер, үлестірмелі таратпалар, плакаттар, фишкалар, тест парақтары
Пән аралық байланыс: Математика, ағылшын тілі
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Камардинов О. «Visual Basic 5.0»

  2. Дінисламов Ж. «Visual Basic ортасында программалау»

  3. Ермеков Н. «Информатика»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин)

ІІ. Қызығушылықты ояту (10 мин)

ІІІ. Өткен материалдарға шолу жасау (20 мин)

ІV. Практикалық жұмыстар орындау (25 мин)

V. Білімді бекіту (20 мин)

VІ. Оқушылардың білімін бағалау (8 мин)

VІІ. Сабақты қортындылау (2 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Оқушыларда ақ халаттың болуына назар аудару

3. Журналға белгі соғып, инфолист толтыру

4. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстырамын.

Топты екі топқа бөліп, екі топқа әр – түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар сұрақ – жауап, практикалық жұмыстар және тест тапсырмасы арқылы жүргізіледі. Топтарды бағалау - фишкаларды санап, бағалау парағы арқылы жүзеге асады.


ІІ. Қызығушылықты ояту:

Әдісі: ойын арқылы: сұрақ – жауаптар, суреттерің орнын табу..










  1. VB програмасын іске қосу

  2. Exicting парағы не үшін қолданылады?

  3. Recent парғы дегеніміз не?

  4. New парағы дегеніміз не?

  5. Бас мәзірді көрсет

  6. Құрал – саймандар тақтасын көрсет

  7. Компоненттер панелін көрсет

  8. Форманы көрсет

  9. Форма конструкторын көрсет

  10. Форма макетін көрсет

  11. Проектілер терезесін көрсет

  12. Қасиеттер терезесін көрсет

ІІІ. Өткен материалдарға шолу жасау

Оқыту формасы: топпен жұмыс.

Менюді қолдану. Құрал – саймандар панелі. Мәліметтер типі. Компоненттермен жұмыс тақырыптары бойынша өткен сабақтардан есептер мен қосымшалар жасау.


  1. Екі текстік алаңнан тұратын және сан енгізу барысында екінші аланға санның квадраты шығатын қосымша

  2. Берілген радиусы бойынша дөңгелектің ауданын табу

  3. Y= 5x+10 функциясының мәндерін табу

  4. Z=y+10x функциясының мәндерін табу

  5. Тік төртбұрыштың ауданын табу

  6. Санның тақ – жұптығын көрсету қосымшасы

  7. Екі санның үлкенін табу қосымшасы

  8. Клавиатураның кез –келген символының кодын табу қосымшасы


Сергіту сәті:

Әдісі: ойын арықылы: 21 компоненттің суреті мен жазылу үлгісін сәйкестендіріп табу және атқаратын қызметімен таныстыру.





- Pointer



- ComboBOX




- PictureBOX



- ListBOX


- Label


- HScrollBar


- TextBOX



- VScrollBar


- Frame


- Time

- CommandButton


- DrivelistBox


- CheckBOX



- DirlistBox


- OptionButton



- FilelistBox



- Line


- Shape


- OLE


- Image

- Data





ІІІ. Практикалық жұмыстар орындау

Оқыту формасы: топпен жұмыс. Үш кезеңнен тұрады. І кезең – оңай тапсырмалар. ІІ кезең – қиындатылған тапсырмалар. ІІІ кезең - әр топ өз шығармашылықтарын көрсетеді.



І кезең:

1) МБт – пен берілген файлдың өлшем бірлігін Бт – қа айналдыру қосымшасы

2) Бт – пен берілген файлдың өлшем бірлігін КБт – қа айналдыру қосымшасы

3) Уақыттың өзгеруін көрсететін қосымша

4) Мерзімнің өзгеруін көрсететін қосымша
ІІ кезең:


  1. Қазақша жыл қайыру қосымшасы

  2. Пәндер бойынша тақырыптар шығару қосымшасы

  3. Қазақ руларын жасау қосымшасы

  4. Енгізілген ел аты бойынша астанасын табу қосымшасы


ІІІ кезең:

Шығармашылық жұмыс




  1. Білімді бекіту

Оқыту формасы: Топпен жұмыс. Екі топқа тесттік бақылау тапсырмасы беріледі.
Visual Basic программасын іске қосу

A) Іске қосу-Программалар-Стандартты- Microsoft Visual Basic

B) Іске қосу-Стандартты-Программалар- Microsoft Visual Basic

C) Іске қосу-Стандартты- Microsoft Visual Basic

D) Іске қосу-Программалар- Microsoft Visual Basic+

E) Жұмыс столы- Microsoft Visual Basic


New Project терезесінің қосымшы беттерін ата

A) Menu, Form, Project

B) Proporties, Toolbox, Copy

C) Open Project, Save Project, Add Form

D) New, Existing, Resent+

E) New, IDE, Copy


Жаңа проект ашу

A) View- Project Exploler

B) File- New Project+

C) Shift+F7

D) View- Object

E) View- Code


Программалау ортасы қалай қосылады?

A) New Project- StandartEXE- ашу түймесін шертуде қосылады+

B) Жаңа проектіні ашуда қосылады

C) Программалау ортасы жүктелгеннен кейін қосылады

D) View- Object командасы арқылы қосылады

E) View- Project Exploler командасы арқылы қосылады


Форманы маны сақтау қай команда арқылы жүзеге асады?

A) View-File-Save Form As...

B) File-Open Form

C) View-Copy Form

D) View-Save Form

E) File-Save Form As...+


InputBox функциясының жазылуы

A) <атау>=InputBox[ , "< мәтін>"]

B) <атау>=InputBox(<атау>[ ,"< мәтін>"])+

C) InputBox<атау>=< атау>

D) <атау>=InputBox< мәтін>

E) "атау"=InputBox<" мәтін">


Код терезесін ашу үшін

A) File-Code

B) View-File-Code

C) View-Code+

D) Shift+F7

E) View-Object


Процедура моделі тақырыбы қалай өрнектеледі?

A) Private FormJLoad()

B) Public From_Load()

C) Private Sub Form_Load()+

D) Form Sub_Load() .

E) Private Sub_Form()


Процедураны аяқтау қалай жүзеге асады?

A) End


B) End If

C) End Sub+

D) End Form

E) End Project


Қасиеттер терезесін шығару үшін қай командалар орындалады?

A) View-Object

B) View-Proporties Window+

C) Project-Proporties Window

D) Shift+F7

E) Project-Add Form


Immediate терезесіндегі мына 14/2+(-30)/3

өрнектің мәні неге тең?

A) 3

B) 17


C) -17

D) -3+


E) 7.6
456 саны қандай типке жатады?

A) byte


B) single

C) string

D) integer+

D) boolen


MsgВox функциясының жазылуы

A) MsgBox (<атау>) [,, "< мәтін>" ]+

B) "атау"=MsgBox<" мәтін">

B) MsgB0X<" мәтін">

C) <атау>= MsgBox<" мәтін">

D) uатауu=MsgBox[<,, " мәтін">]


Қосымша екінші форма терезесін ашу

A) View-Open Form

B) File- Open Form

C) Project-Add Form+

D) View-Object

E) Shift+F7


Экранда форма көрінбесе, онф шығару үшін

A) View-Object+

B) View-Open Form

C) File-Open Form

D) Project-Add Form

E) View- Proporties Window


Сақтаулы проктіні ашу үшін

A) View-Open Project

B) View-Code

C) File-Copy Project

D) View-File-Open Project

E) File-Open Project+


Тармақталу командасының құрылымы қалай өрнектеледі?

A) IfPThenSl Else S2

B) If P Then S End If+

C) If PI Then SI Else S2 End If

D) IfP Then S End

E) If PI Then SI Else S2 End


Пайдаланушы интерфейсі дегеніміз не?

A) Проекте орындалатын программа

B) Форма және программа құру үшін орындалатын элементтер+

C) Элементтер панелі

D) Қасиеттер терезесінің элементтері

E) Программалық код терезесінің элементтері

Программада процедура атауы . . . деп аталады.

A) Private Form_Load()

B) Form_Load+

C) Sub Form Load()

D) Private Sub_Load()

E) SubLoadQ


Программалу ортасы (IDE) қай кезде орындалады?

A) New Project-StandartEXE-Открыть+

B) File- New Project-StandartEXE

C) View- New Project-StandartEXE

D) File-Copy Project

E) File- Proporties Window


Стандартты түймелерді ата

A) Add Form, Open Project, Save Project, Copy, Paste+

B) Immediate, IDE, Project, Form

C) Toggle Forders, Object, Form, Project

D) Name, Caption, Cancel, Enabled

E) Form, Private, Const, Load


Проект терезесі көрінбесе оны шығару үшін

A) View- New Project

B) View- Project Exploler+

C) File- Project Exploler

D) View- Object

E) Shift+F7



VI. Оқушылардың білімін бағалау

Бағалау әдісі: бағалау парағы арқылы жүзеге асады


Білім бағалау парағы.

Топ_________________

Тапсырмалар ____________________


1

2

3

4

5

қорытынды




















VIІ. Сабақты қортындылау

Сабақ, Менюді қолдану. Құрал – саймандар панелі. Мәліметтер типі. Компоненттермен жұмыс тақырыптары бойынша қорытындыланды.



Пәні: Компьютерлік графика

Мамандығы: 0323002

Тобы: 3 Е

Оқытушы: Арқабаев Н.
Сабақтың тақырыбы: Құрал – саймандар палитрасы. Кенептің өлшемін, түстер моделін өзгерту, суреттің берілуін өзгерту.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Құрал – саймандар палитрасына жеке – жеке тоқталып, кенептің өлшемін, түсін және ондағы суреттердің берілуін өзгерту жолдарын түсіндіру арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру және жұмыс жасау барысында қолдана білуге меңгерту.


ә) Дамытушылық мақсаты: Дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, практикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ойлау әрекеттерін қалыптастыру.
в) Кәсіби тәрбие: Оқушылардың ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақ барысында алған білімдерін болашақта қолдана білуге ынтасын тудыру.
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту
Сабақтың технологиясы: Компьютерлік оқыту технологиясы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ – жауап, ой қозғау, тест әдісі, жеке тапсырма.
Сабақтың көрнекіліктер мен техникалық құралдар: Компьютер, интеррактивті тақта, үлестірмелі таратпалар, тест тапсырмасы
Пән аралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, орыс тілі, сурет пәні
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Самоучитель компьютерной графики» А.Левин, 2003ж

  2. «Photoshop CS для тех, кто понимает!» Стиен. Романиэлло, 2005ж

  3. «Photoshop легкий старт» Д.Донцев, 2006ж


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау (5 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру ( 15 мин)

ІV. Практикалық жұмыстар орындау (14 мин)

V. Білімді бекіту (5 мин)

VІ. Оқушылардың білімін бағалау (2 мин)

VІІ. Сабақты қортындылау (2 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Оқушыларда ақ халаттың болуына назар аудару

3. Журналға белгі соғып, инфолист толтыру

4. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстырамын.
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау

А) Сұрақ – жауап

Қойылатын сұрақтар:

1. Adobe Photoshop редакторын іске қосу қалай жүзеге асады?

2. Adobe Photoshop редакторының терезесін суретте.

3. Файл ашу қалай жүзеге асады?

4. Жаңа файл құру қалай жүзеге асады?

5. Файлды сақтау және жаңаша сақтау қалай жүзеге асады?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

А) Интерактивті тақтаны пайдаланып, ауызша түсіндіру.

Adobe Photoshop графикалық редакторының терезесі: тақырып қатары, параметр панелі (қасиеттер панелі), құқрал – саймандар панелі, кесікін терезесі, басқару палитралары, қалып – күй қатары.

Мәзірлер қатары: File, Edit, Image, Layer, Select, Filter, View, Window, Help.

Құрал – саймандар тақтасын атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді: белгілеу, бояу және салу, векторлық объекті құру және текст, ағымдық басқару, суретті көркемдеу, иуб – дизайн топтары.
Жаңа құжат ашу жолы: File – New командасын орындау арқылы немесе Ctrl + N батырмасы арқылы орындай аламыз. Бізге жаңа файл құру диалогты терезесі шығады.

Name – файл аты

Preset – парақ параметрі

Width және Height – файлдың размері

Resolution – файлдың кеңейтілуі

Color Mode – файлдың түстік режимі

Background Contents – құжат фонының түсі:Whine – ақ, Background Color - программадағы фон түсін пайдаланады, Transparent – мөлдірлік.

Advanced – қосымша екі параметр көрсетіледі: Color Profile – түстік профиль. Баспадағы, экрандағы түсті көрсетеді.

Pixel Aspect Ratio – пиксел пропорциясы (түрі). Әдетте Sguare (тіктөртбұрыш) түрінде болады.

Бұрын жасалынған құжатты ашу жолы: File – Open Recent командасын орындаймыз. Мұндағы ашылатын файлдардың тізімін көбейту үшін Edit-Prefences-file Handling немесе Saving Files – Recent file list contains … files (список пследних файлов содержит... строк) командасын орындау жеткілікті. File-browse командасы барлық файлдарды эскиз түрінде, оның геометриялық размері, кеңейтілуі (разшерение), түстілігі, өлшемі (кб немесе мб) сияқты қосымша ақпараттармен көрсетеді.

File-Save және File-Save As (Ctrl +S немесе Ctrl + Shift+S) командалары файлда сақтауды жүзеге асырады. Екі команданың айырмашылығы соңғысы жаңа атпен немесе жаңа форматпен немесе өзге орынға сақтайды.

Файл атауы – Untitled (Безымянный )

Format- файыл форматы (psd, bmp, gif, eps, jpeg, pdf, png, tiff, )

Save options - сақтау түрі: көшірмесін сақтау, альфа – канал, слои, комментарии, аралас түстер (смесевые цвета), түсті басқаруды қолдану, IСС- профиль, значок, файл кеңейтілу үшін төменгі регистрді пайдалану



File-Import (импорт) kомандасы сканер, сандық фотоппарат, кейбір видеокарталар сияқты графикалық енгізу құрылғыларынан сурет алу.

Кескін маштабы Лупа (Zoom, z ) масштаб кескінді үлкейтуге және кішірейтуге ( alt) арналған құрал. Resize Wndows To Fil –ке белгісін қойылмаса, лупа қызметін атқару сәтінде терезе өз көлемін сақтайды. Ignore Pflettes квадратына ^ белгісін қойсақ, лупа қызметін пайдаланғанда кескін масштабы фотошоп терезесінің көлемінен өзгереді. Керісіншесінде палитраларға дейін ғана үлкейеді. Tad пернесі палитра, құрал- саимандар панелі, т.б. экраннан алып тастайды. Лупа құралын екі рет шерту (Alt+Ctrl+0) 100% масштабты көрсетеді. Ал Hand құралын екі рет шерту (Ctrl+0 ) суретті ұзындығы (биіктігі ) бойынша үлкейтеді.

Hand (Н, лапка ) құралы сурет өте үлкейтіліп, терезеге симай кеткен жағдайда, оның басқа бөліктерін көру үшін арналған. navigator – палитрасында керекті масштабты қолмен жазуға да болады. Тау тәрізді екі батырма кескінді үлкейтеді немесе кішірейтеді. Сонымен қатар үлкейтілген суреттің келесі бір бөлігін көру -(экранда жоғарыдан төменге ), Ctrl+Page Up Сtrl+Shift Down (экранда оңнан солға) батырмалары арқылы жүзеге асады. (жоғары- төмен), ал Ctrl+Shift+Page Up және Сtrl+Shift Down (оңнан солға) батырмалары кішкене қадам арқылы жылжытылады. Ноmе батырмасы суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына, ал End батырмасы суреттің оң жақ төменгі бұрышына жылжытады.


ІV. Практикалық жұмыстар орындау

№2 зертханалық жұмыс.

Зертханалық жұмыс тапсырмаларына қысқаша түсінік беремін. Әр оқушыға зертханалық жұмыс беріледі, орындаған жұмысын интеррактивті тақтадан көрсетеді.

Сергіту сәті: Adobe Photoshop графикалық редакторымен Paint графикалық редакторының айырмашылықтарын ескере отырып, екі бағдарлмада "кітап оқы білмесең", "компьютер", "Гүлдер әлемі" атты тақырыпта сурет салу. Сурет салу арқылы бағдарламалардың айырмашылығы мен тиімділігін бақылау.

Тапсырма:төрт оқушыға бір тақырып, екеуі фотошопта сурет салса, керісінші екеуі пайнтта сурет салады. Тапсырманы желілік байланыс арқылы, интеррактивті тақтадан көріп, бағаларын бере аламыз.
V.Білімді бекіту

Тест - Delphi бағдарламасында жасалған тест тапсырмасы арқылы алынады. Оқушылар компьютер арқылы бағаланады.


Adobe Photoshop редакторын іске қосу қалай жүзеге асады?

Программы - Adobe Photoshop;

Пуск – Программы - Adobe Photoshop;

Пуск – Стандартный - Adobe Photoshop,

1

Жаңа құжат ашу үшін қандай команда орындаймыз?



File - Open;

File - Save;

File - New;

2

Құрал – саймандар атқаратын қызметіну қарай . . .



Бояу және сурет салу, векторлық объекті құру және текст, ағымдық басқару, суретті көркемдеу, вуб – дизайн топтары;

Бояу және сурет салу, векторлық объекті қию және тест, ағымдық басқару, суретті көркемдеу, вуб – дизайн топтары;

Бояу және сурет салу, векторлық объекті құру және текст, ағымдық бейне, суретті көркемдеу, вуб – дизайн топтары;

электрондық кестенің жолды анықтайды

0

Бұрын жасалынған файлды ашу үшін қандай команда орындаймыз?



File - Open;

File - Save;

File - New;

0

Файлды сақтау үшін қандай команда орындаймыз?



File - Open;

File - Save;

File - New;

1

Графикалық енгізу құрылғыларынан сурет алу үшін . . . командасын орындаймыз.



File – Import

File – Export

File – Format

0

Кескін масштабын көрсет



Toom

Zoom


Coom

1

Жаңа құжат ашу үшін қандай батырма қолданамыз?



Ctrl + N

Ctrl + M


Ctrl + L

0

Парақ параметрін көрсет



Width

Height


Preset

2

Құжат фонының түсін көрсет



Background Contents

Background Resolution

Background Mode

0

Қарапайым сурет салу құралы



Brush, Pencil

Brush, Size

Brush, Name

0

Жаңа қылқалам түрін жасау



Edit – Define Brush

Edit – Name Brush

Edit – Define Size

0

Суреттен түс таңдау құралы



Палитра

Пипетка


Образцы

1

Қарапайм ластиктің жазылуы



Eraser, E

Magic Eraser

Background Eraser

0

Сиқырлы ластиктің жазылуы



Eraser, E

Magic Eraser

Background Eraser

1

Фондық ластиктің жазылуы



Eraser, E

Magic Eraser

Background Eraser

2

Қате кеткен жағдайда, біртіндеп артқа жылжу батырмасын көрсет



Ctrl + L

Ctrl + D


Ctrl + Z

2
VI. Оқушылардың білімін бағалау

Оқушылардың жасаған жұмыстарына және тест тапсырмасына жауап берулерін ескере отырып қорытынды бағалаймын.
VIІ. Сабақты қортындылау

Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімін жүйелеп, қорытынды жасаймын.

1. Adobe Photoshop терезесі нешеге бөлінеді?

2. Меню қатары

3. Құрал - саймандар тақтасы қандай топтарға бөлінеді?

4. Парағымыздың көлемі мен қандай түстері бар?


VIІІ. Үй тапсырмасы

А) Құрал – саймандар палитрасын жаттау.



Ә) Қызықты суреттер сканерлеп, түр – түсін өзгерту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет