Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет142/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   679
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Мукашева Ж.А., Ломницкая Л.Н.(Ақтөбе)


"Өзгені таныған адам - данышпан,
Ал өзін таныған адам Әлемді билейді." Конфуций

«Жаңа мұғалім рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»-деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұстаздың білім шыңына көтерілуі, кәсіби шыңдалуы, педагогикалық шеберлікке жету үшін еңбектену уақыт талабы екендігін үлкен жауапкершілікпен міндеттеді.


Білімдегі жаңалықтар білім беру үрдісіндегі оқушылардың талабын, мүмкіндігімен қызығушылығын толық ескеруді, оқушыға берілетін білімді қоғамның қазіргі әлеуметтік, экономикалық сұранысына сәйкестендіруді, білім беру тәсілдерін оқушылардың өз бетімен білім алуына бағыттауды, оқушылардың өз іс әрекетіне басшылық жасауға жетелейтін негізгі құзіреттілігін қалыптастыруды, яғни жеке тұлғаның дербес дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
Құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Үш көмекшіге бас -теория, практика - қол, жүрек - адамгершілік дейді, бұл Абай атамызда бар, яғни үш ақ нәрсе адам қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деп айтқаны.
Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
СТО технологиясының мақсаты:
Барлық жастағы оқушыларды кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабаққа және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру.
Тұжырымдамасы:
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез-келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеяларды негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа,өз мүмкіндігіңе,өз керегіңе лайықты кіріктіру,талдау ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Өзекті мәселесі:
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Оқушылар сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
жоспарларға дайын болуы,бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы), қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы), жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау), ымыралы келісімді іздеуі, коммуникативтілігі.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру,оқушылардың ойлауына жағдай туғызу, әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау, оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау,оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:

  • оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

  • оқылатын тақырыпқа танымдылық қызығушылықты ояту;

оқушының белсенділігін ояту.
Оқушы оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды
«Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т.б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады,жазылады, талқыланады,жұмыс дара, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны тану»
Кезеңнің мақсаты:

  • Жаңа ақпаратпен танысу

  • Жаңа ақпараттармен өз білімімен ара-қатынас белгілеу;

  • оқытушы ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып оқушылар жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;

  • - жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;

  • -қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды,алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

Үшінші кезең «Ой толғаныс»
Кезеңнің мақсаты:

  • Қабылдаған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу;

  • Оқылған материалды талдау және қорытындылау;

  • Тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау;

  • Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, оқушылар бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады;

  • Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды;

  • Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады,өз бетімен жаңа идеялар ойластырады;

  • Кластер құру;

  • Әр түрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады;

  • Түйін сөздерге қайта оралу;

  • Дұрыс және дұрыс еместігін мақұлдауға қайта оралу;

  • Рефлексивті сұрақтар;

  • Пікір алмасу;

  • Шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т.б.

  • Оқылған ақпаратты талдау,түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.

СТО әдіс-тәсілдерін ағылшын тілі сабағында пайдалану
Critical Thinking Strategies as a Means of Developing Students’ Creative Activity
1) Sentence Expansion Exercises.Those girls completed the assignment. Those three girls completed the assignment. etc.
2) МЕТОД - INSERT
3) A classroom activity –parents never say …
For example: Please don’t tidy your room.Use the telephone a lot.Stay up very late …
5 sentence each group – 5 minutes
4) Making Friends J
Activity: Two Truths and a Lie
5) Recipe Story

  • Give the students 3 – 5 words or pictures and they must create a story using the words or pictures.

  • Randomly choose words or pictures rather than keeping them related as this will increase the creativity students must use to write their story or poem.

  • For example, try to make a story from these:

6) Place Poem

  • To write a place poem, choose a place that you remember well and want to share with others.

  • Here's the format:

    • 3 adjectives: cool, quick, smooth

    • an abstract noun: beauty

    • a participial phrase: flowing swiftly downward

    • 2 prepositional phrases: over the edges; of reality

    • 2 participial phrases: defying sense; compelling sighs

the place name: falling water
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп өткізе алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін қалайтын қағидаттар мен басты идеяны түсінеді.
Білімге бағдарланған оқу үдерісінде мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді. Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет