Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет679/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   679
Пайдаланған әдебиеттер:
Бастауыш мектеп №4, 2003 жыл.
Бастауыш сыныпта оқыту №3, 2009 жыл.
Мектеп директорының орынбасары №5, 2012 жыл.
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.


Жұмашева Ұ.Қ (Ақтөбе)

Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары ерте заманнан қазіргі заманғы зерттеулерге дейін қолданылады. Сыни тұрғыдан ойлау- оқыту мен оқу үшін маңызды, басты түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау модулі мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырған әрі рефлесивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.


Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады [МАН 2, 43]. Сыни ойлау: белгіленген критерийлер бойынша бағалау, рефлексия түріндегі күмәндану, дербес түрде пайымдау, қорытындылау, жүйелі түрде ойлау, логикалық талдауды қолданады.
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» деген тақырыппен жұмыс жүргізуде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға әсер етеді деген оймен осы тақырыпты таңдадым. Негізгі мақсатым: оқушылардың білімін қандайда бір ақпаратты тиімді игеріп, сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы таным, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде де қолдана білуге үйрету. Сыни ойлаудың әдіс –тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретінін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда бәсекелестік пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі. Мектептегі мұғалімдердің жаңа тәсілдермен жұмыс жүргізуі, оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуы үшін – сыни ойлау әдістерін қолдану - мектеп тұрғысында маңызды болып табылады. Оқу мен оқыту оқушыларды сыни ойлау түріне ынталандыру керек, оларды әр сабақта қандайда болмасын тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып, жан- жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап, пікірлеседі. Ойлау дегеніміз мәселе жайында өзіне сұрақтар қойып, оларға жауап іздену, жекелей және бірлесе ой қозғау.
Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлау күрделі міндеттермен қатар ол анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасқан дағдыларынан басқа оқушы немесе мұғалім оларды практикалық жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды. Сыни тұрғыдан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін көздейді. Сыни тұрғыдан ойлаудың осы қағидаттрын ұстанбайтын немесе қарсы пікірді ұстанатын, яғни зияткерлік жағынан тәкапар, теріс ойлағыш, шыдамсыз, қызба, тәртібі нашар жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпараттарға немқұрайлы қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс қорытындының маңызын мойындай алмау өзін-өзі алдаумен жекелей де, ұжымдық та жабық ойлауға әкелуі ықтимал делінген [1,49]
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан кейін де әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану жатады [МАН 2,44 бет].
Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі :
1. релеванттық ақпараттар жинауды :
2. дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды :
3. кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар :
4. ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды . Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс- әрекеттегі педагогикалық зерттеу практик - мамандарға мектеп мәселелерін қарастырып, оларға жан-жақты жауап алуға мүмкіндік беретін үдеріс болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Іс- әрекетті зерттеу үшін жүйелі түрде өзгерістердің дәлелдемелерін жинап, зерттеу әдісін терең білу керек.
Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер өзгерген сабақтарын өткізді. Өзгерген сабақтар кезінде Бағдарламаның негізгі ұстанымдары іс жүзінде жүзеге асырылды. Блум таксаномиясының мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. Алайда , оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады. Блум таксаномиясына келтіріп өткізген сабақтарында ойлау түрі бойынша ретімен қойылған сұрақтарға жауап алу деңгейі тиісті дәрежеде болды. Мысалы, алтыншы сыныпта өткен «Сын есімді қайталау» тақырыбында өткен сабақта ойлаудың «білу» деңгейінде мұғалім үш ашық сұрақ , екі жабық сұрақ қойып, ашық сұрақтың екеуіне тиісті дәрежеде біреуіне төмен дәрежеде, екі жабық сұраққа жоғарғы деңгейде жауап алынды. «Түсіну» деңгейінде «сын есім қалай жасалады?, «сын есім сұрақтары қандай?» сияқты сұрақтар қойып, үш ашық сұрақ, үш жабық сұраққа тиісті дәрежеде ойлау түрінің болғанын көрсететін жауап алынды. «Сын есім туралы не білесің?», «Білу» деңгейінде берілген бұл сұраққа Жаңыл: «заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім деп атаймыз», Нұрсұлтан: «сын есім сөйлем мүшесінде анықтауыш қызметін атқарады», Ақжайнақ: сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады» деп жауап берді. Бұл модулдің сынып үшін, оқушы үшін маңызы, сыни ойлауға төселген, сындарлы сынып болып табылады. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды. Блум таксономиясына сәйкес , барлық деңгейлер сыни тұрғыдан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сыни тұрғыдан қолдану, талдау синтездеу, немесе бағалау алдында оны жинақтап , ойластырып алу керек [МАН 2, 47бет]. Мұғалімдер үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы –бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдемелер жинап, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану қарастырылады. Оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасауға мүмкіндік жасалады. Сыныптағы қарым-қатынастар кезінде диалог арқылы да сыни тұрғыдан ойлауға болады. Қолдануға болатын әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және «диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының негізгі ерекшеліктері: Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал). Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан - жақты болу ( барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу). Өзіндік сана-сезім : өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Сыни ойлау әдістерін қолданған сабақтың құрылымы мына сатылардан тұрады : 1. Қызығушылықты ояту сатысы : Бұл сатыны сондай-ақ, уәждендіру – оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады . 2. Мағынаны тани білу сатысы: Оқушылардың білімін қалыптастыру деңгейі болып табылады, оны зерттеу талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болуы керек. 3. Ой толғаныс сатысы : Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушы шешім қабылдай алатын мүмкіндігі болуы керек .
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерін тиімді қолдану оқу сапасын жақсарта ала ма?»
Мен бұл сұраққа жауап беру үшін мектептегі тәжірибе кезінде пәндерден сабақ беретін мұғалімдермен бірлесе отырып зерттеу жұмысын жүргіздім. Мен нені зерттедім? Жеке тұлға болып қалыптасуын, сабақтағы іс-әрекетін, сыни тұрғыдан ойлауын. Оқушылардың жұмысын зерделеудің кезеңінде мұғалімдермен талқылау, олардың қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларды оқытудың жеке үдерістерін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатанымды түсінуге көмек береді. Ең жақсы білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете отырып, жоғарғы сапалы білімді үнемі және білім беру жүйесінің барлық бағыттарында ұсынады . Сын тұрғыдан ойлау әдіс – тәсілдерін қолданған сабақтардың ерекшелігі дәстүрлі сабақтың айырмашылығы меңгерілетін мәтіндегі мазмұн мен ақпаратқа байланысты сабақты басқа қырынан, қалай құралатынын айқындауында. 6-сыныпта өткен қазақ тілі сабағында «ББҮ» әдісін қолданып оқушылардың қызығушылығын арттырды. 10-сыныпта өткен әдебиет сабағында диалогпен оқытып, 8-сыныптағы биология сабағында топта постер жасап өткізген сабақтарда оқушылардың еркін, тиянақты жауап бергенін өз бетімен жұмыс жасағанын, топ жетекшісінің бағалауын, өз ара бағалауды бақыладым. Көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артты, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі, еркін жазуы, өткенді еске түсіруі, есінде сақтауы қалыптасқанын байқадым.
Мен әдеттегі оқыту іс –тәжіриебемде оқушыны жеке тұлға ретінде алып, оқушының жан-жақты дамуын зерттедім, бағалау жүйесіне өзгерту енгіздім, сыни ойлауды, оқыту мен окудың жаңа тәсілдерін (диалогты) енгіздім .
Оқушылардың білім алу үдірісінің өзгеруіне бағыт - бағдар беріп, олардың қандай, қаншалықты деңгейде өзгергенін, білім алғанын бақыладым. Оқытудың әдісін пайдалану арқылы сабақты дұрыс, тиянақты меңгеруді, оқушылардың өзін – өзі және өзара бағалауды ұйымдастырдым.
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің қандайлық көз - қарасының болуымен, басқалардың пікірін ескеріп, қандайда бір нәрсені ойлау және қате сенімнен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістері жаңа ойларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Менің зерттеу жұмысымда бақылауға алған оқушылардың жан-жақты дамуында, білім алу үдерісінде, оқу белсенділігінде, тапсырма орындау кезінде қойылған сұрақтарға жауап беруінің қуаттылығында , өзін-өзі бағалауында жаңаша өзгерістер пайда болды. Бұл сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып өткізген сабақтар оқыту мен оқу нәтижесін жақсартты деп ойлаймын.
Бізде мұғалім- басқарушы, оқушы- бағынушы көзқарасынан арылуымыз қажет. Мұғалім сұрақ қояды, бала жауап береді, өте қатып қалған ресми қарым- қатынас. Сол сеңді бұзу үшін өзін еркін ұстап, оқуға еркін араласуға, оларды үйрету, қалыптастыру басты мәселе.
Демек, білім беруді жаңарту- үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі білім беруде кезең- кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп талданатын өзгерістер.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан- 2050 " стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек..." деген мақсат белгіленсе, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" деп атап көрсетілген.
Олай болса, білім беру сапасын арттыруда және заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда- ұстаздар үшін ұтымды бағдарлама болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы (екінші орта деңгей) "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012ж, екінші басылым;
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші орта деңгей) "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012ж, екінші басылым;
3. С.М. Мирсейітова "Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде".


Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет