Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



бет209/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   679
ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Альсуйеуова Г.С. (Актобе)

Бүгінгі таңда қоғамымызда жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесінде ықпал етпей қойған жоқ.


Ғылым мен техниканың алшақ адыммен алға басып келе жатқан дәуірінде теориялық білім мен білігі, кәсіби шеберлігі артқан, бір сөзбен айтқанда қазіргі заман талабына сай мамандар қажет етеді.
Білім жүйесінің үздіксіз білім беру үлгісіне көшуі білім беру технологиясын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Ол талаптар әдістемелік әрекеттерді жинақтау, білім берудің әдістерін және тәсілдерін интеллектуалдандыру, жекелендіру, берілетін білімді жаңаша жүйеде қарастыру, оқу материалдарын шығармашылық түрде қабылдануын, оқу материалдарының қолданылатын оқу-дидактикалық құралдарының ақпараттылығы және коммуникативтілігі, білім алушының жоғарғы сапалы білімділік қабілеттілігін және оқуға қызығу негізін қалыптастыруды көздейді. Мұндай көзделген мақсатқа оқытудың жаңа тәсілін пайдалану инновациялық технологияны ендіру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы «инновация» ұғымы қазіргі заман талабына сай тұлғаның өз-өзін дамыту, қорғау, алған білімін тәжірибеде қолдана білу, жаңаша ортаға тез бейімделу, жан-жақты болу, білімділік, білгерлік қасиетін кез келген салада қолдана білу қасиеттерін бойына сіңдіріп, бәсекеге қабілетті маман болып тәрбиеленуіне жол ашу ретінде қарастырылады.
Қазіргі оқу технологияларының жақсы жақтары:

  • Оқу материалының бөлшектенілуі;

  • Оқушының белсенді өзіндік жұмысы;

  • Тұрақты тексеру,

  • Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

  • Техникалық оқыту құралдарын пайдалану,

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;

  • Оқу еңбегінде қызығушылығын арттыру,

  • Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету,

  • Берік білімге, оқытудың жоғарғы нәтижесінде жеткізуі.

Мақсатымыздың мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау, еркін сөйлеу, ізденіс, белсенділік, ой бөлісу, тұлға аралық қатынас.
Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы «оқушы –компьютер - мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат көзі - компьютерден оқып, қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп, техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдер оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуіне де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай болмасын шығарманы оқуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне бағдар көрсетеді. Техникалық оқыту амал әдіс-тәсілінің пәнге ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан бүгінгі кәсіби мамандық оқытушлары жан жақтылығымен жаңарған, жаңашыл, жаңалықшыл болғанда ғана мәртебесі биік іздегенге сұраған мамандарды шығара аламыз.
Дәлірек айтқанда осы сұраныстардың басы-қасында біте қайнасып жүріп өз білім ордамызда көптеген жаһанның және өз еліміздің жетістіктерін саралап ала отырып өз жетістіктеріміздің жемісін көре бастадық. Соның ішінде сабақ беруде жаңа инновациялық әдістерді студенттердің клиникалық ой өрісін дұрыс бағытқа бұра отырып дамыту үшін қолданамыз.
Оқытудың инновациялық әдістері оқушылардың бойында шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру механизмі туралы ұғымдарды дамытуға ынталандыруы, өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыруға әсер етуі тиіс.
Негізінен ақпараттарды еске түсіруге бағытталған оқытудың дәстүрлі формалары қарама-қайшылықта болмауы тиіс, қайта оларды оқушылардың интеллектуалдық әлеуеттеріне бағыттай және қолдау көрсете отырып, дайындықтың сапалық деңгейіне мүмкіндік беретін оқытудың интерактивтік формаларына сәйкес жасалған жаңа инновациялық технологиямен толықтыруы қажет [2, 21 бет].
Оқушыларды оқытудың интерактивті формаларын кез-келген сабақта пайдалануға болады. Оқушылардың жаңа білім мен дағдыларды меңгеруі үшін оқытушы оқытудың формалары мен әдістерінің әр түрлі комбинацияларын пайдалана алады. Алайда жағдайды жүйелі көруді игеру үшін кәсіби қызметке неғұрлым жақын оқыту әдістері ретінде іскерлік ойындарын, кейстерді және тренингтің басқа да түрлерін пайдалану қажет. Белсенді оқытудың әдістерінің бірі іскерлік ойындар болып табылады. Іскерлік ойынның негізінде болашақ маманның (фельдшер, медициналық бике, т.б.) нақты кәсіби қызметінің ұқсастырушылық рөлі жатады.
Ойын ойындық өзара әрекеттер процесінде оқушының тіршілік жағдайларында бағдарлаушылық жаңа әдістерін кезеңдік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы оқушы ақпараттарды талдай отырып, күрделі қатынастарға «іс жүзінде» қосылады, шешімдер іздейді. Ойын барысында оқушылар оған ұғыну қажет, саналы түрде қабылдауы тиіс, ал одан әрі қиындықтарға қарамастан сөзсіз орындау керек болатын әр түрлі ережелердің тұтас жиынтығымен кезігеді. Ойын арнаулы ойын әдістерінің ауқымды спектріне және ойынның өзінің атмосферасына ие бола отырып, назар аударуды ұстануға көмектеседі, бұның өзі игерілген материалды неғұрлым тереңірек және берік ұғынуға әкеледі.
Соған орай, ойын оқушының бәсең ұстанымын саналы белсенділікке айырбастауға мүмкіндік береді, оқушының танымдық белсенділігінің өсуіне ынталандырады, бұл оған ақпараттардың ауқымды мөлшерін алуға және игеруге мүмкіндік береді. Ойындық өзара әрекеттер барысында ойынға қатысушылар мен оқытушының арасындағы қатынастардың жақсаруы жүреді, өйткені ойындық өзара әрекеттер ресми емес қарым-қатынасты қарастырады және қай жағына да болса өзінің жеке бас қасиеттерін, өзінің мінез-құлқының жақсы жақтарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Рөлдік ойындарды жүргізудің негізгі кезеңдері мыналар болып табылады:
1) Оқушы орын алған проблемаларды сараптауы тиіс проблемаландыру кезеңі;
2) Оқушы оңтайлы моделді жүзеге асырғандағы оңтайландыру, мақсатты болжамдаушылық кезеңі;
3) Алға қойылған мақсаттарға соның көмегімен жетуге болатын ресурстарды іздеу кезеңі;
4) Оқушылар ойында табылған шешімдерді нақты жағдайларға «байланыстыратын» қорытынды, ұйымдық жобалау кезеңі [2, 46 бет].
Рөлдік ойындарды жүргізу және нақты жағдайдағы міндеттерді шешу болашақта кәсіби қызмет процесінде сауатты шешімдер қабылдау білігі мен дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушыларға пән бойынша оқу материалын жетік меңгеруге жағдай жасайды. Проблемаларды шешудің нақты варианттарын табуға көмектесе отырып, оқытудың интерактивті формалары олардың қатысушыларын ұжымда жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа және байланыс жасауға үйрете отырып, рөлдік дамытуға жағдай жасайды. Іскерлік немесе рөлдік ойындар әдістері — оқушылардың әрқайсысының сабақ процесінде кезеңдік, функционалдық бағытталған қатысуы. Олар оқу процесіне оқушылардың неғұрлым көп мөлшерінің белсенді және көрнекі қатысуына мүмкіндік береді және тәжірибелік сабақтар барысында қолдануға бағытталған. Тәжірибелік сабақтар симуляциялық оқу бөлмелерінде жүргізіледі. Оқушылар өз білімдерін рөлдік ойындар арқылы манекендерге күтім жүргізуді, жарақаттарды байлап-таңу және өңдеуді, иньекциялар жасауды, науқасқа алғашқы диагноз қоюды, науқасқа алғашқы жедел көмек көрсете білуді игеріп, бекітеді.
Оқушылар өздерінің жай ғана оқушы емес, мақсаттары алға қойылған міндеттер мен мәселелерді шеше отырып, оқу құралдарында берілген материалдарды, лекциялық материалдарды, стандарттарды, соларға сәйкес қолданыстағы бұйрықтарды дұрыс пайдалану болып табылатын медициналық қызметкерлер (фельдшер) екенін сезініп, жұмыс істейді (№ 623, 15. ХІІ. 2006 ж). Ойын оқушылардың бойында осы сабақтарда алған біліктері мен дағдыларын ғана емес, сонымен бірге медицина қызметкері ретіндегі болашақ жұмысқа орналасқандағы бейімделу, міндеттілік, парыз, жауапкершілік сезімдерін және қателіктің алдын алу қажеттігін қалыптастырады.
Жауаптарды И. И. Сергеев пен В. И. Блинов әдістері бойынша мынадай өлшемдермен бағалаймыз:
а) Оқу құралдарында берілген материалдарды тақырыбы бойынша пайдалана білу (оқушы өзінің жауабына оқу мәтінінде берілген ақпараттарды кірістіре білуі, сондай-ақ жауап беру барысында айтылғандарға түсінік бере отырып, мәтіннен, бұйрықтан, стандарттардан қажетті үзіндіге сілетеме жасай білуі қажет);
б) Жауапқа иллюстрация ретінде жеке тәжірибені пайдалана білу (оқушылар оған белгілі әлеуметтік практикадан, өз өмірінен, оның ішінде қандай да бір жағдайларды бейнелеу үшін сабақтарда тікелей туындайтын және талқыланатын жағдайлардан мысалдарды пайдаланады);
в) Мәселенің мәнін ұғынуды көрсете білу (оқушы мыналарды көрсете білуі керек, мысалы: обаға қарсы костюмді кию және шешіну техникасы ережелері);
г) Өз ұстанымының дәлелдемесін құрылымдай білу (оқушы қандай да мәселедегі өз шешімі туралы жай ғана айтып біліп қоймай, сонымен бірге неге солай деп санайды, қандай дәлелдемелерге сүйенеді — соны түсіндіре білуі қажет. Оның дәлелдемелері көзделген ұстанымын түсіндіруде және дәлелдеуде түсінікті болуы тиіс. Бәрінен бұрын, неғұрлым мәнді дәлелдемелер айтылуы қажет, мысалы бұл жағдайда стандарттар мен қолданыстағы бұйрықтар).
д) Айтылғандарды жинақтап және қорытынды шығара білу (оқушы бұрын айтылғандарды екінші рет қайталамастан, өз талқылауларының қорытындысын қысқаша формада шығара білуі тиіс).
е) өз пікірін ұстана білу [5, 63-69 беттер].
Жемісті өткізілген ойын қатысушылардың өзін-өзі бағалауын көтереді, өйткені олардың бойында сөзден нақты іске көшу және өз қабілеттерін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Мұндай өзіндік жағдайларды орындау оқушыдан ізденушілік танымдық қызметті, бұрын алынған білімдері мен қызмет әдістерін жаңа міндеттерді шешуге ауыстыруға және қайта құрылымдауды талап етеді. Оларда кәсіби қызметте қажетті мынадай сапалар қалыптастады: дербестік, икемділік, сыни көзбен қараушылық, сондай-ақ оқу және кәсіби реттерді қосқанда әр түрлі деңгейдегі міндеттерді оңтайлы шешуді іздестіру қажеттігі қалыптасады.
Ойын барысында әр оқушы бір мезгілде медицина қызметкері және жаңа білімдерді игеру процесінде оқушы болып қалыптасады. Нәтижесінде мағынасы бірлескен күшпен қол жеткізілген жиынтық нәтиже әрбір қатысушы жекелей әрекет еткенде қол жеткізген нәтижелер жүйесінен басым түсетін жағдаймен тұжырымдалатын синэргетикалық тиімділік туындайды.
Әр түрлі ойындарды ұйымдастыра және жүргізе отырып, оқытушының алдында көптеген мүмкіндіктер ашылады. Бәрінен бұрын, бұл — жаңа дидактикалық тәжірибенің жинақталуы, басқа вариантта пайдаланылуы мүмкін методикалық әдістердің жиынтығын кеңейту. Ойынды дайындау және жүргізу оқытушыға өзінің кәсіби мүмкіндіктерін неғұрлым тереңірек ұғынуға және соған орай сабақ берудің тиімділігін көтере отырып, әдістемесін өзгертуге әкеледі [4, 96 бет].
Ойын оқушының өз оқуының астарын, ойындағы және өмірдегі ахуалды түсінуді үйренуге, яғни өзіндік қызметтің мақсаты мен бағдарламаларын қалыптастыруға және оның нәтижелерін көруге бағытталады. Оқушыларға рөлдік және іскерлік ойындарға қатысуға мүмкіндік бере отырып, оқытушы оқушының негіздеулерін өзгертеді, оны ынталандырады, өз күшін тексеруге және колледжді бітіргеннен кейін нақты өмірге дайындығын байқауға мүмкіндік береді. Ойынның мазмұндық жағы қатысушыларды өмірге жақындастырады. Ойын қатысушыларға «қателік жасауға» мүмкіндік береді және оларды талдау арқылы мұндай әрекеттердің себептерін және салдарларын көруге жол ашады. Бұл оқушылардың «маман болуға» қажеттіліктеріне жауап береді.
Осылайша, қазіргі заманғы кезеңде оқыту процесінде іскерлік ойындарды қолданудың негізгі басымдықтарын атап көрсету қажет:
1. Іскерлік ойындардың мақсаты кең ауқымда алғанда оқушылардың практикалық қажеттіліктерімен келісім табады.
2. Әдіс проблемаларды кеңінен қамту және сараптауды біріктіруге мүмкіндік береді.
3. Ойындық форма оқушылардың оқу процесіне кеңінен тартымдылығына мүмкіндік береді.
4. Іскерлік ойын кері байланысқа, нақты айтқанда дәстүрлі әдістерде қолданылатындармен салыстырғанда неғұрлым мазмұнға толы болып келеді.
5. Ойында кәсіби қызметтің қондырмалары құрылымдалады, өзін-өзі бағалау қалыптасады.
6. Дәстүрлі әдістер интеллектуалдық саланың ілгеріге шығуын білдіреді, ойында барлық жекелік қасиеттер көрініс береді.
7. Әдіс оқушыларға алынған нәтижелерді түсіндіруге және сараптаудан өткізуге мүмкіндік береді.
Ойында алынған тәжірибе жинақталған дәстүрлі әдістермен салыстырғанда тіпті неғұрлым өнімді болып шығуы да мүмкін. Бұл негізінде бірнеше себептер бойынша пайда болады: іскерлік ойындар ақиқаттылықты қамту ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, қабылданған шешімдердің салдарларын көрнекі түрде бейнелейді, баламалы шешімдерді тексеруге мүмкіндік береді. Қарастырылған басымдықтар бұл әдістің қолданылу табыстылығын айқындайды [1, 54 бет].
Жоғарыда айтылғандардан шығатын түйін — оқытуды жекелей тұрғыдан келуді қолданумен, оқушылардың жұмыстарына сүйене отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асыру қажет. Іскерлік ойын — қазіргі заманғы кезеңде оқушыларды үйретудің тиімді әдісі екені сөзсіз. Осылайша, интерактивті оқыту — сөзсіз қызғылықты, шығармашылық, перспективалық бағыт. Тәжірибеде жаңа және тиімді әдістерді кеңінен пайдалану оқу сапасын одан әрі көтеруге, оқушылардың білімін берік нығайтуға жол ашады.
Біздің міндетіміз сабақтарды оқытумен ғана шектелмейді. Біздің мақсатымыз — оқу орнымызда алған білімдерін өздерінің кәсіби қызметінде жарату үшін оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылықты дамыту, рухани зияткерлік қабілеттерін өрістетуге бейімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет