Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет223/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   679
Әдебиеттер
1.С.Әбенбаев. Шет тілі оқыту теориясы мен әдістемесі.Алматы 2004 ж.
2.Б.И Иманбекова Тіл үйрету әдістемесі.Алматы 2004 ж.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУДЕГІ ІЗДЕНІСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР


Әбілтанова М. (Қызылорда)

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.


1997 - 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.
2001 - 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды. [1]
Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Оның негізгі заңында «Мемлекет ұлтаралық қарым – қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды», – делінген.
Сондай – ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсыновтың да тіл дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігі, бұл іске жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен пайдаланғанына назар аударуға болады.
Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған Мағжан Жұмабаев тіл табиғатына зор баға берді. «Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өз теңі балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп», – дейді.
Ойлауды сөзден бөлуге болмайды. Сондықтан да балалардың тілін дамыту әрқашан ой операцияларын орындаумен бірге қарастырылады. Оқушылардың салыстыра, топтастыра, жүйелей, қорытынды шығаруы, олардың ауызша және жазбаша сөзінің логикалық дәлдігінен, бейнелілігінен көрінеді. Оқушылардың сөздік қорын байытумен байланысты жүргізілген жұмыстарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас ерекшіліктері, олардың зейін, ерік, қиял т.б. әрекеттері ескеріледі. Сондықтан, оқудың алғашқы күнінен бастап – ақ баланы тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады. Олардың зейіндері заттарды бақылаумен қатар, әріптерден сөз құрау арқылы жетілдіріліп тәрбиеленеді.
Психологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенгенімізде, тілді игеру, сөздік қорының молаюы, грамматикалық мәліметтер жөніндегі түсінігі мектепке дейінгі кезеңнің өзінде – ақ прақтикалық жолмен, ауызша сөйлеу түрінде қалыптасатындығын байқаймыз.
Тіл дамыту жұмысында сөйлеу мен жазбаша тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы бір – бірімен тікелей қарым – қатынас жасайды . сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, салыстыру, теңеу, мақал – мәтелдерді қолданып сөйлеу, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше айту, ымдау, тағы басқа әрекеттер қолдану арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазба таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрлерімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлем түрінде белгілі бір байланыс болады. Адам ойын сөйлеммен жүйелі жазып беруде тілдегі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін сұрау, леп, нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, т.б. қолданады. Ауызша сөйлеу тілін жақсы меңгерген оқушы ойын жазбаша да жүйелі айтады, жаза да алады. Сондықтан, бұл екі процесс бір – бәрімен байланыста, бірлікте қаралғанда ғана дұрыс нәтиже береді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қиналатыны – оқушылырдың сауаттылығын қалыптастыру. Ол үшін көбірек диктанттар жаздырып, тексеріп отыру қажет. Оны тиімді жолдармен жүзеге асырып отырмасаң, қайтарымын бермейтіні ақиқат.
Диктант жазу үстінде кейде оқушылар ілесіп жаза алмайды. Қайталап сұрай береді. Уақытты алады. Мен осыдан шығу жолдарын қарастырдым. Жиі-жиі шағын диктанттар алып отырдым. Олар уақытқа қарай кейде 9 – 10, кейде 10 – 12 сөйлемдерден тұрады. Кейде диктант дәптерлеріне, кейде қазақ тілі дәптерлеріне жаза береді.
«Кейіннен есте сақтау» диктантын ала бастадым. Онда мен сөйлемді бір – ақ рет (ұзақ сөйлем болса 2 рет) оқимын. Дереу оқи сала «жазыңдар» деймін.Ондағы мақсатым – оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Оқушылар «Бұндай диктантты бұрын жазып көргеміз жоқ» деп қызыға жазады. Тіпті, жаза алмай бара жатса, есіне сақтап қалған бір оқушыға қайталаттырамын. Нашар қабылдайтындар не жазатынын білмей отырып қалады. «Есіңде бір сөзі қалса да жаз» деймін. Әрине, сөйлем болмай шығады. Бірте – бірте үйренеді. [2]
Шығарма жазуға үйрету жолдары.
Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады.Шығарма жазу үшін оған жоспар құру әрине оқушылардың ой – қаабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.Әдебиет сабағында шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айнаоған нәтижесі табылады.Мұғалімнің педагогтік шеберлігі мен еңбегін айқындау-оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіші.
Мектеп бітіретін оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген: «Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгі библографиялық – сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің пікірінің өңін айналдырып жазып беру емес.Оқушының көркем әдебиетін оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық І танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген,тағы өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін жетті.Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоцианалдық жақтан айқын- анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі делінген.
Арнайы нұсқау:
1.Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты-жөні жазылады.
2.Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады.Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3.Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көз қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз.Олай болса шығарманың мақсаты – осы.Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс.Оқушының ақыл – ой дамытып, белседілігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор рөл атқарады.Сондықтан мұндай күрделі ақыл – ой еңбегін «шығарма немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз-ақ.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1.Оқушының өз тәжірибесінде, алған әсеріне байланысты.
2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады.Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт.
Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді.Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ал атам заманнан қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға аян.Бабаларымыздың «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек.
Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүоекке жылы тиетін, «айнасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады.Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады.Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде,бірлікте,бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі,жемісті болмақ.Тіл байлығының ұғымы кең.Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар.Ал қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:
а/ аз сөзге терең мағына сыйғызу /нақтылық, дәлдік /;
ә/ ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу / ауызша да, жазбаша да /;
б/ ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік;
в/ жазба тілдеріндегі жатықтық,сөздерді түрлендіре пайдалану,сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру,қазақ әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте пайдалана білу.
Қазіргі кездегі оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі:
1. Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.
2. Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.
Шығарма жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсету керек. Мұның өзіндік бір жүйесі бар:
/- емле қатесі белгіленеді.
V- тыныс белгісінен кеткен қате.
Z- абзац керек деген белгі.
Z- артық қойылған абзац.
?- дүдамал, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
?!- пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
!- осы жерге ерекше көңіл аудар.
~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
---_ стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
...- сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды,мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін, оқушылардың осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді оқушыларға үнемі таныстырып отырса, дұрыс болар еді. Сонда бұл оқушының есінде мәңгі қалады. Бұл шартты белгілер мұғалімге де өте қолайлы. Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді. Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін жеңіл. Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударалық.
1.Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
А) тазалығы;
Ә) әріптердің дұрыстығы.
2.Логикалық жағынан
А) тақырып пен идеяның ашылуын;
Ә) пікірдің молдығын;
Б) дәлелдің дұрыстығы.
3.Пікірдің жүйегілі
А) жоспардың жүзеге асуы:
Ә) әрбір бөлімнің мөлшері.
4.Грамматикалық сауаттылығы
А) емлелік жағынан;
Ә) синтаксистік жағынын.
5.Стилі
А)сөйлемдердің дұрыстығы;
Ә) көркемдігі.
Осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн.Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар.
1.Тақырыпты оқущының өз ойы және өз сөзі арқылы аша білуі;
2. Жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;
3.Артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
4. Шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйгызу;
5. Шығарманның барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-бірімен байланысты болу;
6. Шығарманың кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
7. Міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;
8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;
9. Шығырмада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына,тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
10. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлегіне қарай бағаланады;
Шығарманың бағалануы туралы.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
1. Мазмұндылығы мен идеялығы.
2.Ой - пікірдің жүйелігі.
3. Стилі.
4. Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялығы мен мазмұндылығына оқушылар тақырыпты қалай ашкандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігі шығарманың сайкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білу, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жағынан грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады. Шығармаға екі баға қойылады. [3]
Қорыта айтқанда, мазмұндама оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол. Сезім тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын адамның психикасын дамытатын сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет