Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет319/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   679
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ


Нәлібаева Д. (Қызылорда)

Мектеп–келешек ел басқарар, жеріне, суына иелік етер, елін, жерін гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін бірегей орта, киелі ұя. Егеменді ел иелері бұл күндері мектебімізде тәрбиеленіп отыр. Біздің ертеңгі болашағымыз да, келешегіміздің көкжиегі де, міне осы жас ұрпақ.


Елімізде ғылым мен техника күннен-күнге шарықтап даму үстінде. Әрбір саланы игеру үшін білімді де, білікті мамандар қажет. Міне осы орайда ұстаздар қауымына жүктелер жүк аз болмайды. Өйткені, егеменді елдің ертеңі оқу- білімнің тереңдігімен өлшенері сөзсіз. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем, адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстар мақсаты айқын болуы қажет.
Білім беру саласында педагогика ғылымының әдістемесі өзгеріп отыр. Бұрынғы оқу процесінде мұғалімге басымдылық берілсе, ал қазір оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқуы тиіс. Оқушы өз қажеттігін қамтамасыз етіп, таңдап алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы - әрбір оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашу болмақ. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, дамуына қарай өз -өзімен салыстырылады. Оқушы өз нәтижелерін бағалай білуге үйренеді. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Мұның барлығы жақсы нәтиже, жақсы көрсеткіш көрсететіндігі өз тәжірибемізден көрінуде. Оқушы өзіндік пікірі, өзіндік ойы бар жеке тұлға болып қалыптасады. Алдымен оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету, жасқанбай өмір сүруге бағыттау. Жалпы алғанда білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдай алатындай дәрежеге жеткізу.
«Біз және қоршаған орта» тақырыбындағы ізденіс жұмыстары нәтижесінде оқушылар жұмыстарын толықтырып, аудандық ішкі саясат ұйымдастырылуымен өткізілген жобалар мен жәрмеңкелер сайысына қатысып, тұрмыстық қалдықтардың ағзаға әсері, оның зиянды әсері жайлы және қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын қолға алуға болатындығы жайында нақты дәлелдемелер айтып, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауды ұйымдастыруына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет