Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет459/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   679
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Оспан Г. (Қызылорда)

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұлдеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.


Қазіргі заман талабына сай мұғалім әр сабағын жүйелі, тартымды өткізу мен қатар жаңа оқыту технологияларын пайдалануға тиіс. Мұғалім оқушыға жағымды әсер ете отырып, іс-әрекет арқылы нәтижесін қолдана білуі керек.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізуімен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауды, жастардың әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта ақпараттандыру процесінің әсерінен жаңа қоғамдық құрылым-ақпараттық қоғам қалыптасты. Осыған орай бүгінгі қоғам өзінің ақпараттық технологиялар деңгейінің жоғарғы өндірісті ақпаратты ресурстармен және қол жетімді мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алуымен, ақпараттық іс-әрекеттер сферасының кеңеюімен ерекшеленеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде ақпараттық білімді қалыптастыруда мұғалім оқушыларды адамгершілікке, ізгіліктік қасиетке және компьютерлік техникаға ұқыпты қарауға тәрбиелей отырып, ақпараттық қоғам идеяларын насихаттайды.
Ақпараттық білім беру төмендегідей біліктіліктерге сүйенеді: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауға сүйену; тұжырым жасай алу, дәлелді пікір айта білу, мәлімдей білу, ақпараттық категориялар мен көрсеткіштерді пайдалана білу; сондай-ақ оқуда және өз қызметтеріне компьютерлік техниканы еркін пайдалана білуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін игеру; өзіндік оқу мен өзіндік іс-әрекеттің қалыптасуына әсерін бағалай білу; практикалық іс-әрекеттерге байланысты түрлі мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таба білу.
Ақпараттық білімді қалыптастыру мынадай мәселелерге: тәрбиенің мақсатына болашақтағы және ақпараттық қоғамның саясаты мен міндеттеріне;оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; мектептің орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелеренің материалдық-техникалық базасына; оқушылардың жас ерекшеліктеріне: оқушылардың кәсіби деңгейін анықтай білу қабілеттеріне; педагогтардың информатикадан білім деңгейлеріне және шеберліктеріне тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағыты мен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның маңызы ерекше. Біз теледидар көргенде, газет, журнал, кітап оқығанда, радио тыңдағанда әртүрлі ақпараттар жинаймыз.Осыдан «ақпарат» дегеніміз-қандай да бір жаңалық, хабар, сондай-ақ болып жатқан оқиғаларға шолу екенін білеміз.
Адам өте көп ақпаратты сақтай алмайды және басқаларға өзгеріссіз жеткізе де алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін мынадай құралдарды қолданады-папирус, қағаз, фотоүлдір, касеталар, дискілер және т.б.
Әрбір адам ақпараттық технологияны жақсы білуі және өз іс-әрекетіне пайдалана алуы керек. Компьютер – ақпараттық процестерді таратуда қолданылатын ең негізгі құрал. Компьютер ақпараттарды автоматты өңдеуге арналған ақпараттық кешеннен және бағдарламадан тұрады.
Компьютер технологиялық процестерді басқаруға көмектеседі, жобалау жүйесінде қолданылады. Компьютердің көмегімен ақпаратты жеткізу, өңдеу, қолдану және сақтау процесі ыңғайлы және сенімді тәсіл.
Компьютерді тігін өндірісінде пайдалана білу.
Компьютер көптен бері өндірістің кез келген саласында қолданылып келеді. Оның ішінде тігін өндірісінде де бар. Киім дайындау үшін жобасын сызу, көптеген техникалық операцияларды орындау, бұйымды өңдеу сияқты көптеген сатылар автоматтандырылған.

Автоматтандырылған тігін машиналары операция жылдамдыгын арттырып, жұмыстың дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, машина-автомат, ол бұйымның ең бір қиын тұсы, әдіпті қалтаны өте сапалы өңдей алады. Пішуді автоматтандыру үшін өнеркәсіпте автоматты пішу машиналары кеңінен қолданылады. Пішу автоматтарында матаны жылжытпай ұстап тұратын вакуумдық қондырғылар болады. Матаның қалың қабаты пышақпен немесе лазер сәулесімен, кей жағдайларда су ағыны қатарыме кесіледі. Мұндай ақпараттарды компьютермен баскарады. Аз ғана минут ішінде қажет өлшемде конструкцияланған киім модельдерін жасау үшін ЛЕКО фирмасында жасалған бағдарлама қолданылады. Компьютерде сән журналынан киім моделін таңдап, өлшемдерді енгізіп (ұзындық, кеуде, бел және мықын айналымы) басуға жіберуге болады. Мұндай компьютерлік техниканы пайдаланып, қысқа уақыттың ішінде дәл пішімді алуға болады. Сонымен бірге компьютерден маталар, материалдар, бөлшектерді және өңіржиектерді өңдеудің әртүрлі тәсілдері туралы ақпарат аламыз.


Электрондық анықтамалардан сән журналындағы немесе кітаптағы ақпаратқа қарағанда әлдеқайда көп мағұлмат алуға болады.
Электрондық анықтамалықтар керек ақпаратты тез тауып алуға көмектеседі. Сол сияқты компьютер қолөнер саласында да көмектеседі, әсіресе кестелеуде. Компьютердің көмегімен сурет салуга, оны редакциялауға, түстер гаммасын таңдауға болады. Кестелеу кезінде жіптің түстер үйлесімділігі сақталмаса, күткен нәтижеге жете алмаймыз, кесте онша әсерлі болып шыкпайды. Мұндай және басқа да қателер жібермеу үшін кестені модельдеу кезінде графикалық редакторды пайдалану керек.
Графикалық редактордан басқа кестелері суреттері бар, алуан түрлі компьютерлік каталогтарды пайдалануға болады.
Сәндік- қолданбалы қолөнер сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану- проблемалық және зерттеу әдістерін, жаңа оқыту технологияларын, оқыту формаларын, оқыту ойындарын автоматты оқыту жүйесіне енгізу арқылы бағдарлама бөлімдерін сапалы жүзеге асырады және оқыту процесінің тиімділігін арттырады. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану мұғалімнің уақтын үнемдейді. Оқу материалының көлемін және деңгейін шығармашылық жоспарлауға, оқыту тәрбиелеу процесін ұйымдастыру формасының бір түрінен басқа ауысуына немесе өтуіне, барлық оқыту жүйелерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту ақпараттарын отандық және әлемдік деңгейде түсіну білім алушыны ақпараттық технологиялар маңызын жете түсінуге жақындатады, білім беру кеңістік аймағын кеңейтеді, қазіргі қоғамның мәдени даму талаптарына сәйкес өз әрекеттеріне талдау жасау қажеттіліктерін қалыптастырады.
Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану да мұғалімнің кәсіптік шеберлігінің дамуына да өте үлкен ықпал етеді.
Ең бастысы, интерактивті тақта оқытушының барлық проблемаларын шешеді деген ойдан аулақ болу керек. Мұғалім бұл тақтаны өзінің көмекші құралы ретінде ғана қолданғаны жөн.
Интерактивті тақтаның мұғалім үшін ұтымдылығы:
-мұғалімге сабақты толық, түрлендіре түсіндіруге мүмкіндік береді;
-суреттер мен схемаларға өзгертулер, толықтырулар жасауға мүмкіндік бар;
-компьютерде сақталған барлық ақпаратты тез арада ашып көрсетуге болады;
-оқытушыларға жаңа ақпарат іздеп, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды.
Интерактивті тақтаның оқушы үшін ұтымдылығы:
-ұжымдық жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік береді, өзіндік және әлеуметтік қасиеттерін дамытуга көмектеседі;
-сабақты түрлендіреді, оқу мотиватциясын дамытады;
-оқушылардың қиын сұрақтардың қабылдауын жеңілдетеді.
Мұғалім алдында кей уақыттарда интерактивті тақтаны қолдануда қиыншылықтар да кездеседі:
-кейбір техникалық проблемалар;
-сабаққа дайындалу уақытының ұзаруы;
-санитарлық нормаларды орындау барысында интерактивті тақтамен жұмыс істеудің шектелуі.
Бұл кедергілерге қарамастан интерактивті тақтамен жұмыс істеу мұғалім шыгармашылығында кең орын алуы тиіс.
Менің ойымша технология пәнінен сабақ беруде интерактивті тақтаны қолданудағы ең тиімді әдістердің бірі- презентация. Презентация ағылшын тілінен қазақшаға «көрініс» деп аударылады. Презентация дегеніміз ақпаратты қысқа түрінде түрлі түсті суреттер, схема мен сызбалар арқылы жеткізу.
Мультимедиалық презентация-компьютер бағдарламасы арқылы құрылған ақпарат түрі. Мұндай презентациялар оқушының көңілін өзіне аударып, жадына тез сақталуына ыңғайлы болады.Сонымен қоса осындай презентациялар сабақты әр сынып ерекшелігіне қарай әртүрлі құруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет