Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ



бет471/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   679
БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Сырлыбаева Ғ.Қ. (Ақтөбе)

Бастауыш кластарда оқытудың басты мақсаты – қысқа мерзімде әр оқушыны ауқымды ақпараттарды игертіп, оны байытып, практикалық қызметте іске асыруға үйрету. Бұл күрделі міндетті орындау үшін мұғалімге дәстүрлі оқыту үрдістері мен заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндік береді. Қазіргі балалар ересектерге қарағанда компьютерлік техника саласы мен Ғаламтор мүмкіншіліктерін тез қабылдауға бейім. Балаларды ақпараттық технологиялардың білімдік мүмкіндіктеріне тарту өте тиімді және мақсатты.


Ақпараттық технологиялар адам өміріне дендеп еніп, онымен жұмыс жасау оның сауаттылық деңгейін көрсетеді. Сондықтан да, ақпараттық мәдениетті бастауыш кластан дамыту қажет, себебі ол – болашақта осы қоғамда өмір сүріп, қызмет жасайтын оқушының, ары қарай мектеп түлегі білімінің түпқазығы.
Практика көрсеткендей, қазіргі мектепті жаңа ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Жақын арада дербес компьютерлерді енгізу өсіп, тиісінше бастауыш оқушыларының компьютерлік сауаттылығына талап өсетіні белгілі. Ол өзінше белсенді әрекет жасап, шешімдер қабылдап, өзгеріп оытрған өмір жағдайларына тез бейімделе алуы керек.
Сабақта компьютерді қолдану оқыту үрдісін жинақы, дербес және тиімді етеді. Компьютерлік бағдарламалар көмегімен тексеру тестілерін, бақылау тапсырмаларын, карталар, анкеталар және т.б. жасақтауға болады. Мәтіндік редакторда құрылған дидактикалық материалдарды қолдану оқу үрдісінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны тиімді және алуан түрлі қылумен қатар, оқуға қызығушылықты туғызады.
Құжат-камера секілді тамаша құрал экранда кез-келген бейнені көрсете алады. Компьютерлік технологияны қолдану сабағы оқу үрдісін жандандырып қоймай, оқуға ынтаны туғызады.
Көрсету материалдарының түрлеріне тоқталғым келеді.
1. Плакаттар (слайдтар) ережелер, түйіндемелер жасауға келеді, оларды басып шығаруға болады.
2. Интерактивті болуы мүмкін (бала жауап беріп, басқара алады).
3. Әуенді және дыбыстық ілесумен болуы мүмкін.
4. Сызба және жазбалармен безендірілген ілестірмелі слайдтардың прзентациясы. Тетіктер жүйесі көмегімен басқару.
5. Бейнероликтер – тетік көмегімен тоқтауға немесе бастапқа кадрларға қайта оралуға болады. Сондай-ақ, фон дыбыстық ілестірмелі болуы мүмкін.
6. Практикалық жұмыстарды қамтамасыз ететін материалдар (баланың АКТ құралдарымен дербес жұмысын талап ететін тапсырма шарттары көрсетілген слайдтар).
Қазіргі мектепте жобалау әдісі кеңінен қолданылады. АКТ құралдары оқытудың жобалау әдісін іске асырудың неғұрлым тиімді құралы болып табылады.
Бастауыш кластарда қазіргі ақпараттық технологияларды сауатты қолдана білу танымдық қызметті белсенді етуге; оқушылардың сапалы үлгерімін көтеруге; бастауыш класс сабақтарына арналған электронды оқу материалдарының көмегімен оқыту мақсаттарына жетуге; бастауыш оқушыларында өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға; оқушылардың дидактикалық қиындықтарын төмендетуге; оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен бастамалығын көтеруге; ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға; қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, бастауыш оқушыларының компьютермен жұмыс дағдыларын игеруіне мүмкіндік береді.
Көптеген мұғалімдер электрондық оқулықтардың кең әлеуетті мүмкіндіктерін атап өтуде, олар келесі дидактикалық міндеттерді шешеді: оқу ақпаратын ұсыну; сабақтың барлық түрлерін ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етілуі; оқылып отырған нысандарды, процестер мен құбылыстарды модельдеу және көрсету; түрлі сипаттағы дағдылар мен біліктерге машықтандыру, тапсырмаларды орындау; оқушылар білімін бақылау және бағалау.
Электрондық журнал мұғалім тарапынан оқу қызметін тиімді бағалауға, сондай-ақ, оқушыға оның жеке «электрондық күнделігінен» өзін-өзі бақылауына мүмкіндік береді.
Мұғалім топтық, жеке білім беру сызбаларын және жеке тапсырмаларын жасақтай отырып, тұтас класқа, оқушылар топтарына, тіпті жеке оушыға тапсырма белгілей алады. Бұл оқушыларға нәтижелерін автоматты түрде бағлай алатын тестілер, немесе шығармашылық тұрғыдағы тапсырма түрінде ұсынылуы мүмкін.
Пәнді компьютерлік қолдауды жасақтау кезінде мынаны анықтау қажет: қандай дидактикалық тапсырмаларды шешу мен қандай тақырыптарды компьтютерлік тапсырмалармен «қолдау» қажет; компьютерлік тапсырмаларды құру және орындау үшін қандай бағдарламалық құрылдарды орындау мақсатты болады; балаларда компьютермен жасаудың қандай бастапқы дағдылары болуы керек; қандай сабақтарды компьютерлік қылуға болады; компьютерлік сабақтарды қалай ұйымдастыру керек.
Сонымен, сабақта АКТ қолданумен оқу үрдісі логикалық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға, елестете алуға, өзіндік жұмыс жасауға бағытталған. Балалар шығармашылық ізденіске ұмтылған, әрқайсысының ойлау қызметі белсендірілген. Үрдіс іш пыстыратын, біржақты болмайды, шығармашыл болады. Ал сабақтың эмоционалдық келбеті мейілінше жағымды, баланың оқу қызметіне маңызды болады.
Компьютер балалар шығармашылығына, тіпті ең баяу, ең жасық балалар үшін де қызығушылық туғызады. Экран мұғалімнің класпен фронтальды жұмыс кезінде қол жеткізе бермейтін балалар назарын өзіне аудара алады. Экранда мәтіннің тез құбылуын іске асырып, дербес сөйлемдерді өзара байланысы бар мәтінге өзгерте алады.
Бастауыш класта біз ақпараттық технологияларды сабақтың барлық кезеңінде қолдана аламыз. Жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау сатысында, олимпиада, кластан тыс сабақтар кезінде. Бала білімге ұмтылған, шығармашыл, тегеурінді және еңбексүйгіш болып қалыптасады. Ақпараттық технологияларды қолданған сабақ алынған білімді кеңейтіп және бекітіп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және санаткерлік әлеуетін біршама көтереді. Себебі бастауыш оқушысының қиялы мен өзін көрсетуге ұмтылуы жоғары, оны ақпараттық технологиялар көмегімен өз ойларын қалай жиі ортаға салуды үйрету жеткілікті.
Бастауыш кластарда ақпараттық технологияны қолдану кез-келген оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік береді, мұнда жұмыс түрін оқушы өзі таңдай алады. Математикалық қабілеті бар балалар бағдарламалық презентациялар жасаумен, гуманитарлық пәндерге ебі бар балалар кроссвордтар, хабарламалар, баяндамалар, рефераттар жасаумен айналыса алады. Оқушылар мықты, терең білімді, оларда мығым танымдық қызығушылықтар қалыптасып, алынған білімді практикада қолдану дағдысы қалыптасқан. Мен ақпараттық технологияларды қолдану бала еңбегінің нәтижесін жоғары қылып, оқу материалын түсінуді және еске сақтауды тиімді етіп, балалардың сабаққа жоғары қызығушылығын тудырып, пәндерді дәстүрлі оқытуды қайта өзгертеді деп ойлаймын.
Бірақ, цифрлық қорлармен шексіз әуестене беруге болмайды. Компьютерді жоспарсыз қолдану балалар денсаулығына әсерін тигізеді. Дербес компьютермен балалардың үздіксіз жұмыс жасауы: 1 кластарға – 10 минуттан, 2-4 кластарға 15 минуттан аспауы тиіс. Сабаққа дайындалу кезінде ақпараттық технологияны қолдану қаншалықты тиімді екенін ойлау қажет. Қай уақытта АКТ – мақсат емес, оқыту құралы екенін есте сақтау қажет. Компьютерлендіру оқу үрдісінің цифрлық білімдік қорының қажет деңгейінде болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет