ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Қарауылбекова Г.А. (Актөбе)
Тәуелсіздік, дербес мемлекетіміздің 20 жылдығы сөз жоқ әрбір қазақ азаматы, бүкіл ел үшін теңдесі жоқ ерекше оқиға. Жаңа дәуірде өмір сүру бақытына ие болған ұрпақтың көз алдында өздерінің қатынасуымен жаңа, жас мемлекет құрылды.
2011 жылы қазақ елі өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Қоғам тұрғысынан алсақ, бір ғана жаңа ұрпақ өмірге келіп, бой көтеретін кезең.
Еңсесі биік Егеменді елдің жас ұрпағы жан жақты қалыптасқан дарынды тұлға болып қалыптастыруды ең бірінші біздің яғни педагогтардың басты мақсат - міндеті болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсат - міндеттерге қол жеткізу мақсатында әрбір педагог болашақ тұлғаны білімнен бұрын тәлім-тәрбие нәрімен сусындатқаны абзал. Соның ішінде тәрбие саласының негізі бірнеше тармақтарына назар аударсақ, олар:
Саяси мәдениет
Құқықтық мәдениет
Адамгершілік мәдениет
Этномәдениет
Тарихи мәдениет
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен шыдамдылығын (толеранттылығын) қалыптастыру
Танымдылық, сыни ойлау мәдениеті
Салауатты өмір салты
Экологиялық мәдениет
Патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру болып табылады
Өзімнің 10 жылдық педагогикалық іс-тәжірибемде байқағаным ХХІ ғасыр шапшаң дамыған жаңа техногоия заманы болса ХХІ ғасыр ұрпағы өзінің дәуірінен өткен шапшандылығымен ерекшеленеді. Педагог – ұстаз баламен бірге үнемі ізденіс үстінде жүріп қана қоймай, сонымен бірге жаңашылдықтан кенжелеп қалмай, болашақ қойнауында, үнемі алдынғы толқын да жүріп көш бастап, дұрыс жол сілтеп тұшымды бағыт – бағдар беруінде екенін түсіндім.
Нәтижесінде өзімнің өткізген сыныптан тыс шараларда жоғарыда аталған бірнеше бағыттарды пайдаланып отырып, жаңа жобалар дүниеге келді.
Қоғамның басты байлығы адам болса, сол «адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы болып қала бермек.
Ендеше мектеп табалдырығынан бастап оқушының жеке тұлғасын қалыптастыратын тәрбиелік міндеттерді тиімді ұйымдастыра білу, ең алдымен, педагог ұстаздар борышы деп есептеймін.
Сөзімді қортындылай келгенде ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті жан жақты дамыған дарынды тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсат-міндетіміз болып табылады. Ал мақсат-міндетке жетудің бірден бір жол – ол әрине тәрбие жүиесіндегі жаңашыл инновациалық технологиялар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |