Зерттеушілік қызмет технологиясы
Балабақшадағы зерттеушілік қызметінің мақсаты - мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің бойында зерттеушілік ойлауға қабілеттілікті, негізгі түйіндік құзыреттіліктерді қалыптастыру. Шығармашылық жобаларды ұйымдастыру жұмыстары барысында тәрбиеленушілерге кез келген нәрсені зерттеу негізінде немесе эксперимент жүргізу барысында шешімі оңай табылатын жобалық тапсырмалар ұсынылады. Эксперименталдық–зерттеушілік қызметті ұйымдастырудың әдіс−тәсілдері:
әңгімелесу;
бақылау;
жобалау (табиғат құбылыстарын бақылау жобасын құру тәрізді);
нәтижелерді белгілеп алу: бақылауларды, тәжірибелерді, эксперименттерді, еңбек әрекетін;
табиғат бейнесін (ағаштардың, гүлдердің иістерін, құстардың дыбыстарын тағы басқалалары);
көркем сөздерді пайдалану;
дидактикалық ойындарды пайдалану; ойын негізінде білім беру, жағдаятты шығармашылық тұрғыдан дамытушы;
Достарыңызбен бөлісу: |