Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет252/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   679
Екінші дәуір – 1917-1991 жж., яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың екі орыс революциясын, азамат соғысын, талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жж.), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған дәуір. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жж. – қазақтардың өз елінде 58,7%-дан, 28,9%-ға түскен кезеңі; 2-кезең – 1959-1991 жж. қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден аз болған кезең. Соның нәтижесінде қазақтар өз еліндегі этнодемографиялық көрсеткіштерін анықтап, белгілеуден айырылып қалған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет