Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет256/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   679
ІІІ дәуір – Тәуелсіздік дәуірі - 1991 – осы күнге дейін, бұл дәуірді қазірдің өзінде екі кезеңге бөлген жөн: 1-кезең – 1991-2003 жж. – шығыс славян, неміс және басқа этностар өкілдерінің өздерінің тарих отандарына қайтқан, шетелдердегі қандастарымыздың оралуы басталған, дегенмен көші-қонның теріс нәтиже-айырма (сальдо) берген жылдары; 2-кезең-2004 жылдан басталып, осы күндерге де жалғасып жата беретін кезең, теріс айырма (сальдо) оңға айналған жылдар.
4. Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген дәуірлері мен кезеңдеріндегі көші-қоны үдерістерінің нәтижелері мен салдары, елдегі этнодемографиялық дамуға әсерлері мен кері ықпалы зерттеліп, нақтылана түсті [9].
5. Тарихи демография саласындағы зерттеулердің келесі бір іргелі нәтижесі – ХІХ ғ. аяғыннан бастап ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына дейінгі Қазақстан халқының, оның басты-басты этностарының, ең бастысы қазақтардың, онан кейін орыс, украин, белорус, неміс, татар, ұйғыр, дүнген және т.б. жалпы саны мен құрамы,территориялық орналасуы (қала-село-аймақтар-облыстар) жан-жақты зерттелді десек қателесе қоймаспыз. Бұл мәселенің Қазақстан халқының этнодемографиялық даму барысы мен ерекшеліктерін анықтау үшін маңызы зор екенін айтпасақ та белгілі 1926, 1937, 1939, 1959 жылдардағы және онан кейінгі (1970, 1979, 1989), қала берді тәуелсіздік дәуіріндегі екі ұлттық халық санақтары бойынша, бұл мәселелер жөнінде нақты және ресми мәліметтер жеткілікті-ақ.
Тарихи демография мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі туралы қысқаша шолудан едәуір жұмыс істелгенін байқауға болады. Дегенмен алдымызда Қазақстан халқы туралы әлі де, өзекті де мәселелер зерттеуді қажет екені де белгілі. Олардың негізгілері:
- Тәуелсіздік жағдайында Республика халқының этнодемографиялық даму ерекшеліктері;
- Тәуелсіздік кезіндегі көші-қон үдерістері, оның нәтижелері мен этнодемографиялық дамуға әсері оралмандар проблемасы;
- Еңбек ресурстары, жұмыссыздар мен өзбетінше жұмыс істейтін қызметкерлер саны мен құрамы, әлеуметтік жағдайы және т.б.,
- Қазақстан республикасы халқының жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы, оның негізгі топтары мен топтарының сипаттамасы мен жағдайы және т.б.
- ұрбандану процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері; қалалар тарихы әлі зерттеле қоймаған, Оңтүстік Қазақстан қалалары жөнінде бір докторлық диссертация, кішігірім қалалар, Алматы агломерациясы, Түркістан қаласы жөнінде бірнеше кандидаттық диссертациялар ғана бар [16]; қалалар халқы жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізу керек.
- Қазіргі ауыл халқының саны мен құрамы, жағдайы, әсіресе ауыл жастарының мұң-мұқтажы мен күрделеніп қалған мәселелері;
- Қазақстан халқының, әсіресе қазақтар мен басқа этнос өкілдерінің табиғи өсімі, ондағы келеңсіз жағдайлар мен әлеуметтік қорғаныс жолдарын анықтау;
- Қазақстан халқының білім деңгейінің көтерілуі, әсіресе қазақтардың бұл мәселедегі басқа, әсіресе европалық этнос өкілдерінен кейін қалуын жеңу жолдары және т.б.
- Университеттер мен педагогикалық институттарда Қазақстан тарихи демографиясынан арнайы курстар енгізу;
- Қазақстан тарихи демографиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жариялау;
- Ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі уақытты қамтыған Қазақстан тарихи демографиясының энциклопедиясын даярлап, жарыққа шығару.
Әдебиеттер

  1. «Жас Алаш» 2013ж.

  2. «Қазақстан тарихы «әдістемелік журнал 2013ж №3.

  3. Нығымет Н. Хазірет «Үш қиян» 2011ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет