Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ



бет294/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   679
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
(ШОҚАН УӘЛИХАНОВ-ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ)


Көкеева Л. (Қызылорда)

Қазақ елінің Ресейге қосылу процесі ХҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарында басталып, жүз жылдан астам уақытқа созылды. Патша өкіметінің реакцияшыл отаршылдық саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының үлкен прогрестік мәні бар еді. Алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті мен ғылыми қазақтың демократиялық мәдениетінің дамуына игі ықпалын тигізді. Орыстың прогресшіл ақыл-ойының Қазақстанда өріс алуы қазақтың халық бұхараларының сана-сезіміне терең өзгерістер енгізіп, оларды орыс мәдениетіне ынталандырып, білім алуға құлшындырды. Хан билігі жойылып, жаңа әкімшілік тәртіп орнатылғаннан кейінбұл құштарлық әсіресе арта түсті.


ХІХ ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Дүниежүзілік өркениеттің қуатты ықпалымен Ресей қосып алған шығыстағы жерлерге терең мүдделілік танылды. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты. Қазақстан материалдары бойынша тарихшылар жұмыс істеді. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады.
Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу объектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды, әрине, бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.
Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш.Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Ол мұнда шығыс поэзиясын оқумен шұғылданды, оған сүйіспеншілігін бүкіл өмір бойы сақтап қалды. «Шоқан ақынжанды адам еді. Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол поэзияны жан-тәнімен сүйетін, - деп еске түсіреді кейіннен Н.М.Ядринцев, -өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге рахаттанып, мәз боп отыратын». Сонымен қатар Шоқан сурет алуды үйренді және сурет салу оның бұдан кейінгі ғылыми жұмысында көп көмектесті.
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең білімді, алдыңғы қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана мүмкін еді.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан.Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Ресеймен сауда және саяси байланыс жүргізіп отырған. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің ең соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түскен. Шоқан осы туған атасы Уәлидің есімін алып, өзін Уәлиханов деп атайды.
947 жылдың күзінде Шоқан Омбы Кадет корпусына оқуға түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Кадет корпусында оқушылар әскери біліммен қоса, бірқатар жалпы білім беретін пәндер: география, тарих, орыс және батыс әдебиеті, философия негіздері, зоология мен ботаника, математика, геодезия, құрылыс өнері және архитектура негіздері бойынша білім алды. Кадет корпусында Шоқан Уәлиханов белгілі ғалым,географ және Азияны зерттеуші Г.Н.Потанинмен бірге оқып,достасып кетті. Г.Н.Потанин өз естеліктерінде «Шоқан нағыз плебейлік ортаға барып түсті... плебейлік ортада өмір сүруі Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына сірә әсер етпей тұра алмаған болу керек», - деп жазды. Шоқан кадет корпусы оқу бағдарламасын үздік оқып қана қоймай, қосымша тарихи-географиялық әдебиеттерге беріліп,көп оқиды.Омбыда Шоқан шығыстану, география, тарих, философия жөніндегі кітаптардан бай кітапхана құрап алады.
Шоқанға Омбыда болған кезінде орыс зиялыларымен байланыста болуы көп әсер етті. Шоқанмен кадет корпусында бірге оқыған, кейін Қазан университетін бітірген С.Я.Капустин ол туралы былай деп жазған: «Менің ойымша Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын танытып тұратын. Оның тұла бойы адамды өзіне тартып тұратын тұнып тұрған әдемілік еді. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін... Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын».
Шоқанның аса көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. Ф.М.Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды.
1853жылы Шоқан кадет корпусын үздік бітіріп, атты әскер корнеті деген атақ алып шығады, өз мамандығы бойынша қызметке орналасады. Арада екі жылдан соң ол Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфордтың Орталық Қазақстанға, Жетісу мен Тарбағатайға жасаған әскери-инспекциялық сапарына қатысады. Ал 1856 жылы полковник М.М.Хаментовскийдің жетекшілігімен ұйымдастырылған экспедицияның құрамында Ыстықкөл мен Алатау қырғыздарына, одан әрі Қытайдың Құлжа қаласы аймағына сапар шегеді. Болашақ ғалым Шоқан Уәлиханов осы саяхат-сапары негізінде Орталық Азияның тарихы, географиясы мен этнографиясы жөнінде аса құнды зерттеу еңбектерін жазып қалдырған. Еуропалықтар түбегейлі зерттей алмаған Қытай өңірін терең зерттеп, аса құнды әрі бағалы деректер жинағаны және өте маңызды жаңалықтар ашқаны үшін ғалым-саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа штабс-ротмистр шені атағы беріліп,орденмен марапатталады.
Ол 1859-1861 жылдары Петерборда жұмыс жасап, 1857 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамының мүшелігіне қабылданады. Одан кейінірек Сыртқы Істер министрлігінің Азиялық департаментінде жауапты қызмет атқарды. 1861 жылдың орта шеніне қарай Шоқан қазақ даласына қайтып оралып, өмірінің соңғы жылдарын бұрынғы Верный - қазіргі Алматы қаласында өткізді. Ал 1864 жылы қазіргі Талдықорған облысындағы Алтынемел жотасының Көшен-Тоған шатқалының көрікті баурайын мекендеген Алатау округінің аға сұлтаны Тезек Нұралыұлының ауылына көшіп барады. Көрнекті ғалым һәм саяхаттанушы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы осы ауылда дүние салды. Ғұмыры қамшының сабындай қысқа болғанымен қазақтың тамаша ғалымы Шоқан Уәлиханов соңына аққан жұлдыздай мәңгі өшпес із қалдырып кетті.
Сан қырлы саңлақ ғалым, жалығуды білмеген жиһангез саяхатшы, ел тарихын тереңнен қозғап, ғажайып шежіресін түзген зерделі зерттеуші, әрі ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын жинаған әйдік әдебиетшінің артында телегей теңіз мұра қалды.Сол асыл қазынаның қазіргі таңда да тарихи және ғылыми маңызы мейлінше зор.
2010 жылы көрнекті этнограф-ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына орай Мемлекеттік Орталық мұражайда көрме ашылды. Салтанатқа қатысушылар «Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар» деген атпен жарық көрген екі томдық кітабының тұсаукесерінің куәсі болды.Ал көрмеге Шоқанның зерттеу еңбектері, жазған хаттары, күнделікті өмірде қолданған жеке заттары т.б. қойылған. Саяхатшы-ғалым Шоқан Уәлихановтың оқырманға жол тартқан таңдамалы қос томдығында зерттеу еңбектері мен тарихи жазбалары орын алған. Атап айтқанда, Шоқанның «Көшпенді қырғыздар туралы», «Құлжа мен Шәуешектегі сауда туралы», «Қытай елінің Батыс өлкесі және Құлжа қаласы», Қоқан хандығы туралы», «Қырғыз-қайсақ зираттары туралы», «Орақтың әндері», «Абылай туралы әндер хақында» деген тәрізді жазба-зерттеулерімен кеңінен танысуға болады. Қалай десек те, қос томдық кітап пен көрме Шоқан Уәлихановтың көпшілікке жұмбақ өмірі мен оның ғалымдық жолынан терең сыр шертіп, бірін-бірі толықтыра түсетіні анық.
1958 жылы Шоқан Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына биік ескерткіш орнатылды. Алматыда, Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескеркіштері бар. Тарих және этнология институтына, Көкшетау мемлекеттік университетіне, Алматыдағы бір көше мен мектепке, Астанадағы үлкен көшеге, Ақмола облысының бір ауданына ғалым есімі берілген. Сүйегі жатқан Алтынемелде мемориалдық кешен орнатылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет