Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАУ ЖОЛДАРЫ



бет302/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   679
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАУ ЖОЛДАРЫ


Қасымова Г. (Қызылорда)

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай - ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.


Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі - оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті түр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан- жақты көрініс тақпақ. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізі құзыреттіліктердің қалыптасуымен оқушының әрекет тәсілдерін жан жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
12жылдық оқыту мерзімімен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге бағдарланып белгіленген.
Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент,ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген.
Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі:
-түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға ;
-өз әрекетіне мақсат қоя білуге,оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, ондағы жету процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға;
-өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;
түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттілік
-сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
-өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін танымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
-ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға таңдауға, өңдеуге,сақтауға интерпретациялауға және қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға;логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау,тікелей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, модельдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік;
-нақты өмірлік жағдаяттарда қазақ немесебасқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;
-коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;
-өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;
-өнімді өзара іс қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалдышешуді жүзеге асыруға;
-жалпы нәтижегеқол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда нысандар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.
Зерттеушілік білімі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білімі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.
Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын, тұлғаға тән құбылыс,
«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық (өнімсіз) және (шығармашылық,зерттеушілік) өзгертушілік сипатта болуы мүмкін
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық,шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өзбетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет
Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді.Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.
Оқушының іс әрекет процесіндегі әдебі оның тұлғалық қасиеттеріне айналды.
Тұлғаның қасиеттері, оның әдебі жалпы алғанда қоғамдық қатынастар, жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым қатынасы түрліше болуына байланысты оның әдебі де түрлі формада байқалады. Адам әдебінің формалары әлеуметтік қатынастармен және тәрбиеге сәйкес жинақталады. Зерттеушілік әдебінің А.И.Савенков күрделі психикалық құбылыс екенін ата көрсете отырып, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде былайша түсіндіреді: зерттеушілік әдебі ақпараттар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет етінде қарастырылады. «зерттеушілік әдебін ізденушілік белсенділігінде психикалық талабының негізі бар нысанды танып білуге бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді.
Зерттеушілік әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге деген талабы жатыр. Зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық психикалық табиғи талабы тұрады. Бұл талаптың негізінде И.П.Павлов анықтаған бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде» қарастырылады.ол дамыту қызметін атқарады.
Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденісадамға екі жақты көзқараста:біріншісі қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік әдебін тұлғаның кез келген жағдаятта қауқарсыздығына әкеп соғады. Сонымен бірге оқушының жүзеге асырмаған зерттеушілік белсенділігі оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана алмайтын жағдайға душар етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет