Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ



бет321/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   679
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ


Нұрманова А. (Қызылорда)

Өсіп келе жатқан баланың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтары мен түрлі қабілеттерінің қалыптасуы қоршаған ортасымен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Қарым –қатынастың негізгі құралы - сөйлеу. Баланы сөйлеуге үйрету тілі шығып, қажетін сұрай бастаған сәттен басталады. Айтылатын ойды ауызша жеткізу әсерлі болғанмен ,қысқа мағынада қалып қояды. Ендеше адамның ішкі ойын жеткізудің ең тиімді жолы – жазбаша сөйлеу.


Бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын жетілдірудің басты шарты оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту болып табылады. Балаға айтатын ойын ауызша жеткізу жазбашаға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Ал ойын қағаз бетіне түсіруде ол ойын көркемдеп, әсерлі жеткізуге тырысады. Алайда кез келген бастауыш мектеп оқушысының өз ойын жүйелеуге тәжірибесі жете бермейді.
Егер оқушының жазу стилін бастауыш сатыдан бастап қалыптастыратын болса , онда ойы ұшқырланып, жазуға икемділігі арта түседі.
Жазбаша айтылатын ойлар жүйелілігін, ауқымдылығын сақтай отырып, кең мағынада көркем жеткізіледі. Әрине мұндай деңгейге әрбір жеке тұлға жоғары сауаттылық пен терең білім, қалыптасқан білік пен дағдының арқасында ғана жетеді. Сондықтан оқушының жазба тілін дамытуда бағыт-бағдар бере отырып, олардың жеке ерекшеліктеріне қарай ойлау тілін дамытуға тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдерді жан- жақты ойластыру қажет. Бастауыш сынып оқушысының жазбаша сөйлеуін қалыптастыру мұғалімнен үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Мектепке дейінгі жаста бала өзінің ойын қағаз бетіне бейнелеу арқылы жеткізеді. Салған суреті бойынша әңгімелесеңіз, бала өзінің ой- қиялының шарықтау шегін байқатады. Ал сауаты ашыла бастаған сәттен бастап, баланың ойын 1-2 сөйлеммен болса да жазып беруге үйрететін болса, ол көрген-білгенін, айналасынан алған әсерін қағаз бетіне түсіруге дағдыланады.
Мұғалім тарапынан күрделеніп қойылатын сұрақтар әр сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктеріне, оларға берілетін білім-дағдылардың ауыр-жеңілдігіне, оқып талданатын көркем мәтіннің мазмұндық, композициялық, көркемдік ерекшеліктеріне байланысты болуы шарт. Тегінде сұрақ қоя білу, қойылған сұраққа орынды, дәйекті жауап қайтару дағдылары оқушыға нақтылы көмек берудің нәтижесінде қалыптасады. Оны ауызекі жұмыстан гөрі жазбаша жаттығулардың үстінде жүзеге асыру мүмкіндігі мол. Өйткені оқушы жіберген кемшілікті (өз қолданысында сөйлем құрау, ойының нақтылығы т.б) жазып, сызып көрсетуге, дұрыс жазудың үлгісін беруге болады . Дегенмен, сұрақ біржақты болуы тиіс емес. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтарды оқушылардың өздері ұсына алады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздерінің сұрақтарын ортаға салып бірлесе жауап іздеу әрекетін ұйымдастырған жөн.Мазмұндама жазу әрбір оқушының жеке тұлға ретінде жазбаша ойларын дамыта отырып, сауатты, көркем жеткізе білуін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Мұндағы басты міндеттер мыналар:

  • Оқушының ойын дамыту арқылы жазбаша сөйлеу тілін дамыту;

  • Көрген-білгенін қысқаша баяндауға бағыт беру;

  • Қоршаған ортасына зерттеу жүргізе отырып , ойтұжырымдарын қағаз бетіне түсіруге дағдыландыру;

  • Берілген мәтіндер негізінде өз бетімен әңгіме құрай білуге үйрету;

  • Мәтіндердің мазмұнын өз ойымен кеңейтіп жазуға баулу;

  • Мәтін мазмұны бойынша ойын бейнелеуге, суреттеуге бағыт беру.

Мазмұндама жазып үйренген оқушыда қалыптасатын білім, білік және дағдылар мыналар :

  • оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығы артады;

  • оқушы ойын әсерлі көркем жеткізуге тырыса отырып, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптасады;

  • ойын жүйелі еркін жеткізуге үйренеді;

  • оқушының логикалық ойлауы дамиды;

  • оқушының дара жазу стилі мен жазу мәдениеті қалыптасады;

  • Сұрақ-жауап арқылы пікір алысуға, ой бөлісуге машықтанады;

  • Мәтін желісі бойынша әңгімелеуге үйрене отырып, шығарма жазуға төселе бастайды;

  • Мәтін мазмұнын қоршаған ортасынан алған әсерімен байланыстыра білуге үйренеді.

Қорыта айтқанда, мазмұндама жазу бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырып, ортасымен ой бөлісуге жаттықтыруды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет