Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет322/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   679
Әдебиеттер
1.Мазмұндамалар жинағы.Алматы.Өлке 2006 жыл.
2.Бастауыш мектеп. №2 2006 жыл.
3. Мазмұндамалар жинағы. Кіші өнер академиясы.1996 жыл.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ-АДАМ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ


Нурманова А. Б. (Ақтөбе)

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын жауапты түсінеді.


Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегін тербетіп, ақылын таразылап, тілін кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана, әдебиет деген өнер пайда болады. Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Осы тұжырымның өзегі әдебиеттегі көркем шығармада. Көркем шығарма қаншылықты шығармашылықпен оқытылса, ол соншалықты тәрбие көзі болып табылады.
«Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асады. Көркем шығарма болмысын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында тиімді қолдана алған жаңашыл әдіс – тәсілдері.Көркем шығарманы оқытуда міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын,дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Бұл жердегі басты функция – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында әуелі ынтымақтастық жүйелі байланыс орнығуы керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын бүгінгі жаңа технологияларға негіздей қарастыруы керек. Бүгінгі әдістеме әлеміндегі жаңа технологялық әдіс –тәсілдер саны шексіз.Ал оның тиімдісі мен нетижелілігін таңдау мұғалім шығармашылығында. Әдебиет сабағын оқытудың басты міндеті оқушылардың сөйлеу,баяндау,мазмұндау сықылды қабілеттерін қалыптастыру.Сол себептен көркем мәтінмен таныстыру барысында мынадай жұмыс жүргізу керек .
1 Көркем мәтінді талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.
2 Талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрді, шындыққа жетелеу.
3 Көркем мәтін айналасында кері байланыс пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.
4 Өздеріне қорытынды жасатуға жағдай туғызу. Осы ой-тұжырымдарды ,яғни көркем шығарманы талдаудағы жұмыс түрлерін уақыт талабына сай технологиялық тұрғыдан кестелесек;




Жұмыс түрі

Мазмұны

1

Көркем мәтіндегі жазушы ойы, идеясын ашу

Тарихи, әлеуметтік жағдайлар, болған оқиғалардың қоғамдық, саяси сипаттары туралы түсінік беру (көркем туынды да сөз етілген).

2

Көркем мәтінге композициялық талдау

Баскейіпкерлердіңіс-әрекетінсалыстыру; негізгіоқиғалардысұрыптау; портрет, суреттеулердіңкөркемтуындыдағыорнынатоқталужатады.

3

Жазушы стиліне талдау жасау

Туындынегізіндежатқанавторлықкөзқарас, идеяныашуғакөмекжасайды.

4

Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыру

Кейіпкерлерпрототипітуралымәліметтерденхабардаретуавторойы, шығарманыңидеясынашудыңнегізгіжолдары, тәсілдеріболыптабылады.

5

Талданған көркем мәтіннің әр түрлі нұсқасы

Туынды негізінде жатқан проблема-идеяны ашудағы бір тәсіл болып келеді.

6

Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру

Суреткердің жазу стилі, өзіне тән мәнеріне де ой жүгіртеді.

7

Бірнеше ақын-жазушы шығармаларымен салыстыру

Тақырып біреу болғанымен, әр суреткер оны өзіндік стиль, мәнермен көрсетеді, шешімдері де авторлық көзқарасы, идеяларына байланысты.

Бұл аталған жұмысқа қол жеткізу – ол оқушылармен жұмыстың жүйелілігінде . Көркем шығарманы талдап, меңгеруде қалыптасқан жұмыс кана балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызады.бұл жүйенің өзіндік тәжірибемдегі үлгісі төмендегіше;






Әдіс-тәсіл

Мазмұны

1

Оқушылардың өздерін әңгіме айтқызу

Кейбір көркем мәтіндерді оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады.

2

Мұғалімнің әңгімесі

Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті фактілерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып өтеді.

3

Ұжымдасқан түрде әңгіме айту

Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымдасқан түрде әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті – балаларға басшылық жасау, егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.

4

Суреттерді қарау

Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, оларды оқуға дайындық кезінде пайдалануға болады. Суреттер көркем мәтін оқылып шыққанан соң немесе оқылу барысында оның мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін беріледі.

5

Сұрақтар қою

Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын-алаойластырылады. Мұнда көп нәрсе материалдық дауыстан немесе іштей оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын-ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Ал шығарма іштей оқылатын жағдайда оның мазмұны бойынша оқушыларға 2-3 сұрақ беріп қоюға болады.

Көркем туындыны оқытудың еңбастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені бүгінгі оқушы - ертеңгі тұлға. Ол өз өмірінің күрескері мен қатар қоғам белсендісі. Ал оның өмірінде бүгінгі оқылған көркем шығарма мазмұны идеал болып қалуы мүмкін. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет