Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Негізгі деректер
|
Уақыты
|
Қызығушылықты ояту.І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. «Жақсы тілек»
|
Топқа бөлу
|
Ереженіні еске түсіру.Топ басшы сайлау.Топ басшы бағалап отырады.
|
Ереже
|
5 мин
|
ІІ. Үйге берілген тапсырма
|
«Үш аю» ертегісінің мазмұнын сұрау.
|
Ертегінің мазмұнын айту.Сұрақтармен пысықтау.
|
Оқулық
|
5мин
|
ІІІ. «Ой сергек»
|
Балалардың назарына бірнеше түрлі-түсті суреттер беру. Оларды талқылап,ауызша мазмұнын айту. Бұл суреттерге ортақ тақырып қою.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. Суреттерді «Әдептілік» деп атады.
|
Интерактив-ті тақта, оқулық.
|
2мин
|
ІҮ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
|
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбыз осы суреттермен байланысты.Өйткені мәтін «Әдеп» деп аталады.
|
|
|
|
ІҮ. Топтық жұмыс.
|
Мәтінді алдын –ала оқып , танысып келуге тапсырма берілген. Топтарға тапсырма беру. 1- топ : Мәтінге жоспар құру. 2-топ: Аян мен Арманға мінездеме беру. 3-топ: «Мен әдепті баламын» тақырыбына әңгіме жазу.4-топ: Әдептілік туралы мақал-иәтелдер айту.
|
Постер жасау.Барлық бала қатысуы керек. Топ басшы бағалап отырады. Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы шығып, қорғайды.
|
|
15 мин
|
Ү.Жаңа сабақты пысықтау.
|
Мұғалім баларды толықтырып , түсіндіреді . Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. –Әжей Аянға не үшін алма берді. –Арман неге қысылды? -Сенің досың Арман сияқты не істер едің?
|
Сұрақтарға жауап береді. Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
|
|
5 мин
|
ҮІ. Сергіту
|
|
|
|
1мин
|
ҮІІ. Топтық жұмыс.Жағдаяттар шешу.
|
Топтарға жағдаяттар жазылған қағаздар беру.Тапсырмаға уақыт беру. 1-топ: Марат балалармен тату тұрады. Барлық уақытта оларға көмектеседі. Самат болса өз заттарын қызғанып, ешкімге ұстатпайды. Осы қылығы үшін балалар Саматқа жоламайды.Саматты көпшілікке үйрету үшін не істеуге болады? 2-топ: Ғазиз асығып келе жатып, байқамай мұғалімді қағып кетті. Ғазиздің орнында болсаң не істер едің? 3-топ: Дәулет сабаққа кешігіп келді . Ол сынып бөлмесіне кіріп, тұрып қалды. Дәулеттің орнында болсаң не істер едің? 4- топ: Сен үй жұмысын орындап болған кезде кішкентай інің дәптеріңе сызып тастады. Сенің әрекетің?
|
Әртоптан оқушылар шығып , ауызша қорғайды. Сахналап көрсетуге де болады.
|
|
7 мин
|
ҮІІІ. Қорыту. Үйге тапсырма.
|
Өтілген сабақты қорыта отырып, үйге тапсырма беру.
|
Үйге берілген тапсырманы түсініп алу.
|
|
2 мин
|
ІХ. Бағалау.
|
Бағалау парақшалары арқылы жиынтық бағалау.
|
Бағаланады.
|
|
1мин
|
Х. Кері байланыс.
|
Бүгінгі сабақтан өздеріңе пайдалы кеңестер алдыңдар ма? Үйлеріңе барған соң , ата-аналарыңа , іні-қарындастарыңа әңгімелеп бересіңдер ме?
|
|
|
2 мин
|