Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет335/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   679
Тарау

Тақырыптар/деңгейлер

1

2

3

4

5

6

І-8






















ІІ-8






















І-9






















ІІ-9






















І-10






















ІІ-10






















Бұл диагностикалық картадағы деңгейлер Блум жүйесі бойынша әрбір сыныптағы екі тарауды қамтып, құрастырылған тест орындаудағы оқушылардың қорытындысы. Мұндай жүйе оқушы мен мұғалімнің бірлескен ізденуінің ұштасуы арқылы мақсатты нәтижеге жеткенін көрсетеді:

  • химия ғылымын таңдайтын оқушылардың саны артады;

  • оқушы өз деңгейін біледі;

  • оқушының мүмкіндігі шектелмейді.

Әдебиеттер

  1. Н.С.Ахметов. Тест тапсырмаларын қолдану тәсілдері. Химия мектепте №5, 2006.

  2. Ә.С.Бейсенова, Ж.С.Шілдебаева. Экология – Алматы. Ғылым, 2011.

  3. Ж.Исақұлова. Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық тест. Алматы «Шың», 2009.

  4. «Қазақстан мектебі» журналы. №9, 2005.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛІ


Сатаева Қ. К. (Ақтөбе )

Білім берудің шығармашылық бағытындағы оқыту технологияларына негізделетін ізгіліктік парадигмасы түсіндірмелі-иллюстративтік технологиялардан өзінің психологиялық және ұйымдастырушылық-дидактикалық ерекшеліктерімен айшықталады. Басты айырмашылық оқушылардың білімді меңгеру процесіндегі оқу-танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін оқытудың әрекеттік-тәжірибелік және оқу процесінің шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Тұлғалық-дамытушы оқытуды енгізу көрсетілген бағдарлардан басқа оқыту процесінде бірқатар инновациялық өзгерістерді жүзеге асыруды ұсынады. Олар бәрінен бұрын оқушылар белсенділігінің өзіндік құнды формаларын дамыту үшін пәндік жағдайларды жасауға, яғни, дербес жаңалық ашуға, жаңа тәжірибеге ие болуға және оқушылардың өзіндік құнды белсенділігінің коммуникативті шарттарды жасауға алып келетін дамытушы тапсырмаларды құруға қатысты. Мұндай тәсілді В.А.Петровский оқытушылар, оқушылардың қарым-қатынасы мен білім мазмұнының ара қатынасын түсінуге мәнді өзгеріс енгізетін жеке тұлғаға-бағдарланған деп атайды. Ол бұл тәсіл негізінде бірқатар принциптерге ие деп есептейді: вариативтілігі; интеллект, аффект, әрекеттің синтезі; басымдылық бағдар.


Оқытудың түсіндірмелі-иллюстративтік тәсілінен әрекеттік-практикалық, дамытушылық, шығармашылық тәсіліне көшу барысындағы білім беру процесін қайта құрудың стратегиялық бағыты мұғалім мен оқушы еңбегінің сыртқы мотивациядан ішкі адамгершілік, ынтымақтастық, ізденімпаздық, рефлексиялық реттеуге ұласумен қамтамасыз етіледі.
Мұғалімнің практикалық әрекетінде білім алушылардың шығармашылық қызығушылығының мотивациялық тәсілдерін енгізу мүмкіндігі бірқатар педагогикалық-психологиялық міндеттердің шешімін табу арқылы жүзеге асырылады, олар:
1. Білім беру процесінде ұйымдастырушылық өзгерістер арқылы оқу мазмұнының көлемін және тереңдігін, қарқынын, шығармашылық бағытын таңдауға мүмкіндік беретін мұғалім мен білім алушының еркіндігіне психологиялық жағдай жасау.
2. Мұғалім іс-әрекетіндегі әдістердің сапалы өзгеруі, оқушыларды мәжбүрлеуден өзге, олардың оқу әрекетіне қызығушылықпен кірісуін, топ мүшелерімен белсенді түрде өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
3. Жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіруде өзін-өзі бақылау, өзін бағалау, өзін-өзі реттеу механизмдерін тиімді жүзеге асыру және сонымен бірге оқу міндеттерінің шешімін табу процесінде олардың тілдік, өзара қарым-қатынасын белсендіру арқылы оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің психологиялық мазмұнының тереңдеуі.
Шығармашылық деңгейде педагогикалық процеске қатысушылардың іскерлік және тілдік өзара қарым-қатынас, өзара көмек, ынтымақтастық, сенім білдіру ахуалын орнатуға мұғалім мен оқушыға жаңа мазмұнда зерттеудің тереңдігі мен көлемін, қарқынын таңдау мүмкіндігін туғызатын еркіндік берілуі арқылы қол жеткізіледі.
Арнаулы оқу орындарындағы оқытудың шығармашылық бағыттылығы мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
● бағдарламалық-мотивациялық,
● ізденушілік-зерттеушілік,
● тәжірибелік,
● рефлексиялық-бағалаушылық.
Бағдарламалық-мотивациялық әрекет оқушылардың өзекті мәселе қоюымен, олардың белгіленген әрекетке қызығушылық мотивациясымен байланысты.
Ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің мәні оқушыларды білімді өзіндік ізденімпаздықпен меңгеруге, қажетті қорытындылар жасауға, оларды еске сақтауға қолайлы сызбалар (кестелер, тірек конспектілер, суреттер, формалар және т.б.) түрінде рәсімдеуге жетелеуде болып табылады.
Тәжірибелік әрекет жеке міндеттердің шешімін табуда ұғынылған қорытындыларды өз беттерінше шығармашылықпен қолдануды қарастырады.
Рефлексиялық-бағалаушылық әрекетінде өзіндік ой-пікір, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.
Оқу материалдарын оқу циклдарына шоғырландыру оқыту процесінің шығармашылық оқыту сабағы деп аталатын, жетілдірілген және оралымды нысанын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының жалпыланған амалдарын дербес тасымалдаудың жас өскен сайын өзгеріп отыратындығы белгілі. Ол пәнаралық сипат алып, оқу жұмысының жаңа амалдарын табу мүмкіндігі көтеріледі. Арнаулы оқу орындарының оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес проблемалық міндеттерді шешуде жаңа амалдарды оңай табады.
Е.Н.Кабанова-Меллер оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекеттерін басқарудың амалдарына көрсетеді: жоспарлау; өз әрекеттерін бағалау кіретін өзін-өзі бақылау; оқу мен демалысты ұйымдастыру; өздерінің танымдық қызығушылықтары мен зейіндерін басқару. Осы амалдардың әрқайсысы егер оқушылар оның құрамын түсініп, түрлі оқу пәндерінде арнайы міндеттерді шешуде қолданса, жалпыланған амалдарға айналады.
Бұл тұжырымдамадағы дамыта оқытудың маңызды шарты ретінде мыналар ұсынылады:
• оқытудың барлық звеносы (бағдарламалар, оқулықтар, әдістеме, мектеп тәжірибесі) оқушыларда жалпыланған дәрежеде (пәнішілік және пәнаралық) оқу жұмысы амалдарының жүйесін қалыптастыру идеясымен толысуы керек;
• оқу жұмысының негізгі амалдарын әрбір оқу пәнінде бөліп көрсету және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;
• білім оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сезімдік жағы мен ойлаудың өзара әрекетін қамтамасыз етуі тиіс;
• оқушылардың өздерінің оқу іс-әрекетін басқарудың амалдарын қалыптастыру.
Сонымен, дамыта оқытудың қарастырылған тұжырымдамалары бүгінде тұлғалық-дамытушы оқытудың отандық білім беру тәжірибесінде, декларацияланған күйде қалып отырғандығы туралы тұжырым жасауға болады. Бұл тұжырымдамалардың негізгі идеялары жалпы дамуға, ойлауды дамытуда, ақыл-ой әрекеттерін шығармашылық қызығушылықпен қалыптастыруға, оқу материалын берік меңгеруде маңыздылығымен түсіндіріледі. Оқыту процесіндегі жеке тұлғаны дамыту көзқарасы тұрғысынан мейлінше сәтті тұжырымдама И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин тұжырымдамасы болып табылады. Үйлесімді тұлғаны дамытумен байланысты оқыту мақсаты, білім беру мазмұны және оқыту әдістері онда диалектикалық бірлікте ұсынылған (В.А.Сластенин).
Осы уақытқа жасалған жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасы (А.Г.Асмолов, Л.И.Божович, В.П.Зинченко, В.С.Мухина, А.В.Петровский, Д.И.Фельдштейн) адамның онтогенетикалық дамуының түрлі кезеңдерінде оқыту процесінде тұлғалық жаңа жасалымға айналудың тетіктері мен факторларын ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл тұжырымдамалардың кейбіреулері тәжірибелік тексеруден өтіп және тұлғаны дамытуда ілгерілеушілікті көрсетті. Қоғам мен білім беруді дамытуда гуманистік тенденция көрінісінің салдары болып табылатын тұлғалық-дамытушы дидактиканы жасау үшін шынайы мүмкіндік туды деп айтуға болады.
Проблемалық оқыту технологиясын қолдану оқушыларды логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауға үйретуге мүмкіндік береді; білімнің өзінің сенімді тұғырына айналуына мүмкіндік жасайды; оларда терең интеллектуалдық сезімдерін, оның ішінде, өздерінің мүмкіндігі мен күштеріне деген сенімділік пен қанағат сезімдерін туғызады; оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын қалыптастырады.
Аталып өтілгендей, проблемалық оқытудағы негізгісі – проблемалық жағдаят жасау. Проблемалық жағдаят тасырмаларды орындау процесінде туатын оқушылардың белгілі бір психологиялық күйлерін сипаттайды. Проблемалық мәселе пайда болуының шарты - әрекеттің жаңа қатынастарын, қасиеттерін немесе тәсілдерін ашу қажеттілігі болып табылады.
А.В.Брушлинский пікірінше, проблемалық мәселе адамның әрекет барысында мүлде күтпеген белгісіз, түсініксіз, және т.б. жағдайлардан шығатынын білдіреді. Ойлау процесі міндеттерді (проблеманы) тұжырымдау болып табылатын проблемалық ситуацияны талдаудан бастау алады. Міндеттердің пайда болуы белгілі мен белгісізді алдын-ала бөлуге болатындығын білдіреді. Белгілі мен белгісіз арасындағы қатынастарды, байланыстарды анықтау жаңаны, жасырылғанды, белгісізді іздеу мен табуға мүмкіндік береді.
Оқытудағы проблемалық жағдаяттың бірінші белгісі оқушының дербес ойлау белсенділігін қажет етуі. Проблемалық мәселе оқушыға қызықты, мәнді болуы керек. Оның пайда болуы мүмкіндігінше оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарымен және алдыңғы тәжірибелерімен байланысты болуы керек.
Тұлғалық-бағдарлы тәсіл адамның танымдық сферасын (түйсік, қабылдау, ес, ойлау) дамытудың маңызы мен қажеттілігін төмендетпей, қайта оны одан әрі айқындап береді. Объективті дүниенің өмір сүруінің белгілі бір формасын игеру процесі бағдарламалармен, оқыту процесін конструкциялаудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, сонымен бірге, оқушыларда таным процесін қамтамасыз ететін психикалық процестер қалай жүріп жатқандығы туралы, олардың қандай заңдылықтарға бағынатындығы туралы түсініктердің кеңеюімен берілуі керек.
Білім берудің ұзақ тарихында мұғалімнің оқушыны білуі және оқыту әдістемесін игеруі туралы ой бекітілгенімен, танымдық, сезімдік және ерік сферасы негізінде жатқан психологиялық заңдылықтарды оқушының да білуі тиіс екендігі туралы мәселе ескерілмеді. Оқыту нәтижесіне келетін болсақ, мұғалімдер және ата-аналар тарапынан оқушылардан сұраныс үнемі қатал, жоғары талап жағдайында болды.
Оқыту субъектілерін тұлғалық дамытудың қажеттілігі мәселеге байланысты принциптерді айырып, тұжырымдау міндеттерін алға қойды. Бұл сұрақты шешуге В.П.Зинченко мен Е.Б.Моргунов талпыныс жасады, психика мен сананы дамытудың мәдени-тарихи теориясында, іс-әрекеттің психологиялық теориясында және әрекет психологиясында жасалған принциптеріне жас және дара тұлғалық ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік беретін нормалар мен заңдылықтарды қосты.
Сонымен, жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің философиясы адамды қалыптастырудан ғана емес, шығармашыл тұлғасын дамытуға көмектесуден тұратын тұлғалық-дамытушы оқыту теориясын құру үшін теориялық алғышарт болады. Мұндағы дидактикалық мақсат жаңа әлемдік сана мен өзіндік сананы қалыптастыруға мүмкіндігі мол мәдени-тарихи (немесе социомәдени) педагогиканың құрамды бөлігі болып табылады, ал мәні оқытудың дәстүрлі көрсетілген принциптеріне шығармашылық пен қоғамдық «сананы өсірудің» қосылуынан тұрады.Сондықтан жеке тұлғаға бағдарланған білім беру мақсатында әдістемелік міндеттерге ғана емес, мәдениет, рухани бастауларға, адамдық болмыстың мәніне ерекше назар аудару қажет.
Әдебиеттер

  1. Омарова Р.С. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру технологиясы. Оқу құралы. -Ақтөбе, 2007. -181б.

  2. Жолдасбеков А.А. Студенттердің ой-өрісін дамыту-кәсіби шеберлікті қалыптастырудың кепілі. – Алматы, 2004. – 41 б.

  3. Ермолова-Томина Л.Б.Самоактуализация личности в творческом процессе // Педагогика, 2007.-С.12-15.

  4. Құдайқұлов М.Ә., Құдайқұлов С.М. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. – Алматы: Школа ХІ века, 2006. – 82 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет