Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ



бет347/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   679
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ


Таласқалиева С.А.(Ақтөбе)

Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр.


Осыған орай, арнаулы балалар мектебіндегі ұстаздардың да алдында тұрған ең маңызды мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың ерекшелігін терең зерделей отырып, оқу- тәрбие ісін тиімді ұйымдастыру негізінде жеке тұлғаның өзіндік айқындалуына кешенді ықпал жасау міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда саңырау баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орыны ерекше. Жалпы байланыстырып сөйлеу дегеніміз-логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастық . Есту қабілеті бұзылған балалар мектебіндегі байланыстырып сөйлеу тілін оқытудың басты міндеті- оқушы сөйлемдер көмегімен өз ойын, толғандыратын сезімін және талабын м үмкіндігінше баяндап айтуға үйрету, сонымен бірге өз өміріне жақын тақырыпта мәтін құрастыра білуге баулу болып табылады.
Қазіргі таңда мектебімізде сабақты ұйымдастыру процесін шығармашылық тұрғыдан жетілдіріп, есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда педагогика ғылымының негізгі принцептеріне сүйене отырып, оқытудың арнайы әдіс- тәсілдерін анағұрлым кеңінен пайдалану мақсаты көзделіп отыр. Әр сабақта мұғалім саңырау баланың ерекшелігін ескере отырып, оның өзге адамдармен қарым- қатынасын жетілдіру үшін, сөйлеу әрекетін дамытуға ерекше мән бері тиіс.
Жалпы мектептегідей оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіру- арнаулы мектепте де сабақа қойылатын талаптардың бірі.
Арнаулы мектептегі сабақа қойылатын басты талаптар: білімнің сапалылығы, бағдарлама материалдарын оқушы санасына жеткізіп үйрету, және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты- өз ойын еркін жеткізе алатын, сөздік қоры мол, байланыстырып сөйлей алатын, жан- жақты оқушы дайындау.
Арнаулы мектеп мұғалімдері есту қабілеті бұзылған балалардың белсенділігін арттыру мақсатында сөйлеу әрекетін дамыта отырып, сабағында тиімді әдістерді нәтижелі пайдалану үшін өздерінің кәсіби білімдерін үнемі жетілдіріп,отырады.
Есту қабілеті бұзылған баланың құлағы естімегендіетен сөйлеу тілдері де жеткілікті болмайды, бұл сөйлеу әрекетінің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалім сөйлеу тілін дамытуға ерекше көңіл бөліп, жұмыстың бәрін осы бағытта ұйымдастырады.
Мемлекеттік тіл- қазақ тілін үйрену барлық азаматтың, әрбір жас жеткіншектің игі мақсаты болуы тиіс. Қазақ тілінің өмірге қажет екенін кез-келген адамның жүрек сезіміне ұялату баршамыздың міндетіміз. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, ақ пен қараны ажырата алатын тұлға деген сөз. Тіл адам қарым-қатынасының, ойлаудың басты аса маңызды құралы. Қазіргі таңда есту қабілеті бұзылған балаларда анық сөйлеп, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу дағдысын қалыптастыру басты мақсат етіледі.
Есту мүмкіндігі шектелген балалар мектебінде тіл үйрету, дамыту және оны қарым-қатынас құралы екенін балаға ұғындыру, байланыстырып сөйлей білуге дағдыландыру – арнайы мектептің оқыту үрдісіндегі ең күрделі мәселелер болып табылады. Арнайы мектептерде қазақ тілін оқытуда негізінен, арнайы мектеп үшін жазылған әдістемелік оқу құралдары мен педагогикалық басылым беттеріне жарияланған озық тәжірибелер басшылықа алынып тіл дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.
Арнайы мектепте қазақ тілін оқытуда практикалық мақсат көзделеді: оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ауызекі байланыстырып сөйлеуге, айналада болып жатқан әрекеттер туралы әңгімелеп беруге аса мән беріледі. Есту қабілеті бұзылған балалар мектебінде қазақ тілін оқыту оқытудағы басты міндеттердің бірі оқушылардың жалпы сөйлеу тілін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу,жазу дағдыларын дамыту болып табылады. Егер сабақта байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі ұйымдастырылса бұл балалардың өз ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жаза білу машықтары шыңдала түседі. Оқулықтағы материалдардың бала ұғымына жеңіл жағы есепке алынып, тапсырмалар оқушы мүмкіндігіне сай беріледі. Қазақ тілі сабағында грамматикалық материалдарды өтуге байланысты оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға арналған жұмыстар көп қарастырылады. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу метериалдарына фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылады. Мысалы: сын есімнің мағыналық түрлеріне қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелді пайдалану арқылы сын есімнің мағыналық түрлерін айыру есту қабілеті бұзылған балалардың бұл тақырыпты түсінуіне әрі сөз байлығын дамытуға мүмкіндік береді. Немесе берілген сөздерді (ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу оқушылардың морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуне әсер етеді. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың сөйлеу белсендігі артып, өз ойын ашық айтуға, сурет бойынша жұмыс жасауға, диалог бойынша сөйлуге, сұрақтарға жауап беруге, сөздік қорының байуына, есту қабілетінің дамуына әсер етеді.
Ойынды аяқтай келе қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда әрбір педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда жақсы нәтижеге жетері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет