Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет446/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   679
Әдебиеттер
1.интерактивные технологии в образовании\учебно-методический комплекс\Российский государственный гуманитарный университет- Москва, 2005-21с.
2.Использование интерактивной доски в процессе обучение\Учитель-2007


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Кунирбаева Б.У. (Ақтөбе )

Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек. Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан-дүниесі де жаңаша, сондықтан өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтіледі. Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тиімді құралдың бірі, іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет – пәндердің мазмұнын тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Осы проблеманы шешу үшін «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын қолданамын. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың басты мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік тәрбиелік жағынан қызығуларын арттырып, ой-өрісін дамытуға басты назар аударамын. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктердің қалыптасуы. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді.


Оқытудың белсенді әдістері мыналар: Бағдарламалық оқыту, проблемалық оқыту, пікірталас әдістері, дөңгелек үстел, іс ойыны, сайыстар, миға шабуыл, тренингтер. Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданғанда мұғалім мен оқушыға берер жетістігі мол, олар: оқушының өз бетінше ізенуіне, логикалық-сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға, практикалық іс-әрекетте болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамытуға, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруға, жан-жақты мағлұмат алуына бағыт беру, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдылануға үйретеді. Бұлар – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Әрине, мұндай сабақтар тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқу үрдістері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалвқ қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастыру болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты – адамды қолдау, дамыту, өзінің өмірлік жоспарларын жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыратын ынтымақтастық. Мұндай технологияларға ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
Бүгінгі таңда қолданыста мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:

  • В. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;

  • П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

  • В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

  • Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы;

  • Л. Занковтың, Д. Эльконин мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

  • Ю. Бабанскийдің оқу үрдісін оңтайландыру технологиясы;

  • М. Чошановтың. П. Третьяковтың, К. Вазинаның, В.Монаховтың модульдік оқыту технологиясы;

  • Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы.

Сондай-ақ, Қазақстандық ғалымдарымыз Ж. Қараевтың, Т. Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М. Жанпейісованың, Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңнен танымал. Осындай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары қазіргі кезеңде мектеп оқыту үрдісінде кеңнен пайдаланылып, оң жемістерін беруде.
Оқушыларға білімді өз бетінше игерту-сабақ беретін мұғалімнің шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Қазақ тілінен қай тақырыпты өтсе де, міндетті түрде оқушыларға өз бетінше жұмыс тапсырылады. Бұл жас ұрпаққа білім беру үстінде оқушының ой белсенділігі мен дербестігін тәрбиелейді, олардың іскерлігі мен дағдысын, ойлау қабілеттерін дамытады. Бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің міндеті де осы. Сонымен бірге ғылым мен техниканың дамуына сәйкес әр оқушы ғылым мен мәдениет саласындағы озық жетістіктермен өрлеп өсіп отыруы қажет.
Мысалы: 5-сыныпта «Анықтауыш» тақырыбын өткенде, оның білімдік мақсаты, анықтауыштың сөйлемдегі қызметін таныту, оның сұрақтары, құрамы, жасалу жолдары туралы сөйлемнен анықтауышты таба білу, оны күнделікті өмірде қолдана білу, басқа сөйлем мүшелерінен басты ерекшелігін, яғни өзіндік белгілерін ажырата білу, т.б. іскеліктерін қалыптастыруды көздейді де, осы білімнің саналы меңгерілуі үшін сабақтың дамытушылық мақсаттарында жеке тұлғаның психикалық құрылымына енетін компоненттердің барлығының қатысуы арқылы дидактикалық жаттығулар ұйымдастырылады. Сабақтың жоспарында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту көзделсе, ол жеке дара бөлініп алынбайды, сол топқа кіретін басқа жұмыстың дені осы мақсаттан туындап, оның айналасында шоғырландырады. Бұл сабақтың жүйелі, сапалы өтуіне ұйытқы, желі болады. Мұғалім сабақта жүргізілетін әрбір жұмысты жоспарлағанда қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушының ойын, ақылын дамыту мәселесіне ерекше назар аударады.
Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту – оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын бағалау арқылы олардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытуға арналған жаттығулар арқылы жасалады. Саяхатқа шығару, мұражайларға апару, сол бойынша пікір туындату, пікір-таластар арқылы танымын кеңейту секілді шаралардың да маңызы зор. Сонымен бірге оқушылардың теориялық ойлауын дамыту оқушы бойындағы шығармашылық мүмкіндікті іздеп табуға және соған оларды ынталандыруға мүмкіндік тудырады. Оқушының ойлау дәрежесін дамытатын жаңа әдістерді үнемі іздестіретін мұғалімнің тынымсыз еңбек етуін талап етеді. Жеке тұлғаны дамыта, дарыта оқыту – оқушылардың ақыл-ойын, танымдық белсенділігін, қабілетін дамытуға, олардың білім дағдыларымен қаруландырып, кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауына, еңбекке араласуына, өмірлік мәні бар әлеуметтік проблемаларды түсініп, өз орнын табуға, азамат болуларына көмектеседі.
Қазақ тілі сабағын дамыта оқытудың тағы бір жолы – қазақ тіліне берілетін ғылым-білімнің бір-бірімен тығыз байланысқан мазмұнын интеграциялай оқытудың тиімді варианттарын таңдау, іздеу қажеттігі де туып отыр.
Мектептерде оқытылатын қазақ тілі – ана тілі барлық пәндерді меңгерудің , игерудің бірден-бір құралы болғандықтан, оның кез-келген тақырыбын басқа пәндермен тығыз байланыстырып оқытудың маңызы зор.
«Интеграция» термині – латын сөзі «interatio» - қалпына келтіру, қайта құру, толысу толықтыру деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге білім беруде негізгі талап – оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру және оларға тілді таным құралы ретінде терең меңгерту, түбегейлі пәннің мазмұнын тілдік негізде интеграциялай оқыту – мұғалім алдында қойылып отырған күрделі мәселе. Өйткені тіл – дүниетанудың негізгі құралы. Қазіргі өмір талап етіп отырғандай, әрбір оқушының бойына ізденімпаздық қасиет дарыту, ақыл-ойының дамуын, білім деңгейін есепке алып, топқа бөлу, не даралап оқыту сияқты жұмыс жүргізу қажет. Оған әрине, оқытудың сан алуан тиімді түрлері мен әдістерін барынша кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламада берілген материалды ұғыну қабілеті бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады да, кейбіреулері орташа ұғады. Кейде үлгере алмайтын да оқушылар кездеседі. Сондықтан да барлық оқушының қолын білімге жеткізу үшін, өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызын зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми түрде дәлелдеп берді. Сабақта дифференциялай қатынас жасап, білім беруді – мұғалімдер үнемі жақсы оқитын және үлгерімі нашар балаларды топқа бөле отырып, үлгерімі нашар балалаларға көп көңіл бөледі. Олармен өте жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы пейіл білдіру арқылы баланың жүрегіне жол табады, баламен жақсы қарым-қатынас жасай отырып, сұрау, сөйлесу, түсіндіру жағын ойластырады.Мұғалім сабақ өткізу барысында көбінесе өз бетімен жұмыс жүргізгенде, немесе саяхатқа шыққанда, жеке топқа тапсырмалар бергенде өз пәні бойынша үйірмеге тарту, т.б. жолдары арқылы дифференциялау тәсілін қолданады.
Қорыта келгенде, әр ұстаз оқушыларына тасқындаған білім қорын үйрету үшін, оқыту әдісінде қосылған бұрынғы әдістердің тиімдісін пайдалана отырып, соңғы жаңалықтарды: деңгейлеп оқыту, интеграциялық оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық, тест жүйесі (компьютерлік) оқыту интерактивті тақтамен оқыту т.б. технологияларды пайдалану жолдары сөз болады. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне лайықты болуы керек. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа білім беру ісінде мұғалім оқушыға басшылық жасай отырып, олардың сапалы білім алуына жол көрсетіп отырғанда ғана қол жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет