МҰҒАЛІМНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІН ДАМЫТУ
Сагинбаева Г.Е. (Актөбе).
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, жастардың жас кезінен-ақ білім алуға баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашылыққа қабілетті, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап, шығармашылық іс-әрекетке ынталандыруға, соның нәтижесінде шығармашылық қызығушылығының қалыптасуына тікелей байланысты.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл- күй тудыруы арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.
оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылыққа тапсырма, міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау қажет. Сондай-ақ шығармашылық бағытқа баланы жүйелі , саналы түрде қалыптастырып отырған дұрыс.
Мұғалім өзінің сабағында шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуын тудыратын сұрақтар болуы керек. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетін болуы керек. Олай болса, «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар, ұйымдар ұйымдастыру сияқты оқытудың жаңа технология түрлері іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында елбасының «Біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізге достық қарым қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында «Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың еңгізу арқылы білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту» өзекті мәселелер еңгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Әр бір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігінен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой- өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Оқушылардың қабілеті екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білік, білім дағдыны қабылдайды.
Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық іс- әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін- өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр- түрлі мақсатты шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгертетін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек
- туа біткен қасиетін дамыту;
- отбасының жағдайы, ата- анасының қолдауы;
- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынас;
- ұстаз біліктілігі;
- мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне, осылар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі. Күш- қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді.
Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды мұғалімдер үнемі жүргізссе онда, оқушыларға өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді, шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлануға жетелеп, қызығушылығын оятып, белсенділікке ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |