Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Ол танмымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл – амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.
Танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларын үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде орын алуы қажет.