Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет86/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   679
әдебиеттер

  1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006. - №5. 3-5 бет.

  2. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері / К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. 10 бет.

  3. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / М.Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1982. -182 бет.

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ


Досаева Ә. (Қызылорда)

Мектепке алғаш бару- бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді. Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы – ата-анада. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес мектеп есігін ашқаннан кейін, оған үйренуі үшін ата-ана нені білуі тиіс?


Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қояды. Сондықтанда баланы оқу ісіне машықтануға, дағдысын қалыптастыруға үйде ата-ананың да көмегі керек. Балаға оқушы болу қиындық тудырады. Сондықтан , ата-ана оның сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттырып отыру керек.
Даярлық сыныбына баратын кез-келген баланың ата-анасы оның жазып, санауына ғана көңіл бөліп қоймай, заттарды салыстыра білуді де үйрету керек.
Оқушы балаңыздың мектепте жақсы оқуы, мұғалімнің үйреткенін қағып алуы оның денсаулығына да байланысты. Оның көру, есту мүшелерін, жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын тексеріп, дәрігердің қабылдауында әр апта сайын болып тұрған жөн. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өз бетімен сөйлем құрастыра алуы маңызды.
Балағы не үшін мектепке баратындығын ұқтыру қажет. Біреуі мектепте көп бала бар және ондағы көңілді болғандықтан ғана баруы мүмкін. Алайда мүндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан баланы құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдыландыру керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, жалғыз жүреді. Бұл жерде де ата-ананың жәрдемі қажет-ақ.
Балаға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала басқа балалармен кезіккенде мазасызданады, қорқыныш пайда болады.
Жалпы тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:
1)Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады;
2)Оқу үрдісінде және қарым-қатыната қиындыққа кезігуі;
3) Мектептің өміріне бейімделе алмауы т.б.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы, баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.
Оқушы арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді.
Жалпы баласы бірінші сыныпқа барған ата-ана өте төзімді болуы керек. Алдымен баланың оқуға деген ынтасынан бұрын мектептегі көңіл-күйіне баса назар аудару керек. Ешқашан баланың кемшілігін бетіне басуға болмайды. Өз бетінше жұмыс істеп үйрету де артықтық етпейді. Тіпті сабағын да өзі қарасын,тек сіз бақылау жасап отыруды ұмытпаңыз. Бала әрқашан сіздің жылуыңызды сезіне білуі керек.Қай бала болмасын ол мектепте оқып-білуге емес,оқушы атануға асығады. Жаңа киім киюді,жаңа кітап-қалам,портфель ұстауды қызық көреді. Оқудың оңай еместігін білген соң барғысы келмей қалу-табиғи жайт. Ата-ана баласын мектепке ертерек даярлағаны абзал. Қажатті оқу құралдарын бірге жүріп сатып алған дұрыс.Көзі үйрене беру үшін мектепке ертіп барып, саяхат жасатса тіпті тамаша.Бұл сізге де керек,балаңыз оқитын мектептің жағдайынан хабардар болып жүресіз. Кейін де мектептің ішін бірге аралап,енді баланың өзіне «асханаларыңды көрсетші» деп ертіп алыңыз. Өзіне ұнайтын сабағы сыныптағы оқушылар мен ұстазы туралы сөз қозғап көріңіз. Бұдан кейін балаңызбен ашық сөйлесуге жол ашылады,қай кезде неге көңілсіз жүргенін,не ұнамай қалғанын да шамалап жүресіз. Бір ескертетін жайт ертенгілік ас мәзірін бала тәбетіне қарай өзі таңдағаны дұрыс. Бұл баланың көңіл күйіне,сабақты қабылдауына да әсер етеді.
Егер жеткіншегіңізге ұстазы ұнамай қалса,бірден басқа мектепке көшіруге асықпаңыз. Мұғалім мен оқушы арасындағы дәнекер сізсіз. Байқап көріңіз,мұғалім де сіз бен біз сияқты,бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Әдетте, алғашқы әсер кейінгіге жол ашады,1-2 сұраққа жақсы жауап берген бала көзге түсіп қалады да,білсе де үндемей қалғаны немесе білмесе де сөйлеп қалатындары теріс пікір туғызады. Сондықтын баланы мектеп тәртібіне үйрету де оңайға соқпайды. Қашан да оқудың қажеттілігін айтып,қандай болмасын мұғалімін мақтап отырса оқуға деген ынтасы өсе түсері анық.
Көп бала жаңа ортаға барғанда тұйықталып қалады. Үйде,аулада жүргенде батыр болып жүретін тентек сыныбында үлгерімі нашар оқушылар қатарына қосылады. Бала тез сіңісіп кету үшін не істеу керек. Сылбыр қимылдағанмен, бұндай бала бәрін ұқыпты істейді.Асықпау керек, ол түбінде өз қатарластарын басып озатын болады. Тек үйде де ойын түрінде жаттығулар жасап қайталауға тура келеді.
Егер бір жеті өткен соң да ешкіммен балаңыз достаспай, жалғыз жүретінің байқасаңыз, онда балаңызбен арнайы жұмыс жүргізу керек. Өйткені жалғыздық бала психикасына әсер етпей қоймайды, бұның аяғы неге соғарын ішіңіз сезіп отырған болар. Сыныпта кімнің ұнайтынын, қай баламен достасқысы келетінін сұрап біліңіз, сыныптасын үйге шақырып ойнауға, бірге қыдыруға көндірген жөн.
Ұяңдық баланың сабақ үлгеріміне де әсер етеді. Одан дер шағында құтылу үшін балаға алдымен бөтен адамға сұрақ қойғызып, үйретуден бастаған дұрыс. Мысалы: дүкенге бірге барсаңыз да, сатушының алдына өзін жіберіңіз. Көшеде үлкен кісілерден сағат сұратқызуға, сабақта мұғалімнен түсінбей қалған тақырыпты қайта сұрауға болатынын айтып, жаттықтырсаңыз, оң нәтиже берері сөзсіз.
Бала қабілетін, оқуға деген ынтасынарттыруға арналған мына бір ойынды жасап қолданып көріңіз. Үйде сабақ оқитын үстелінің үстін бар нәрседен тазартыңыз. Баланы үстел алдына көзін жұмып отырғызыңыз. Сосын бүгінгі өзіне ұнаған сабағында не айтқандарын есіңе түсіруді сұраңыз. Бала бірден эмоцияға беріледі. Бірінші бетін тыржитып, сосын күліп бір жайттарды есіне түсіріп отырады. Бәрін баяндап болған соң көзін аштырыңыз. Бұл кезде сіз де сол сабақтың оқулығын үстел үстіне шығарып қойыңыз. Осылайша әртүрлі сауал қойып жалғастыра беруге болады.
Жарайды, баланы психологиялық тұрғыдан дайындадық делік. Енді жетіге қараған бала нені білу керек? Соған тоқталайық. Психологтардың айтуынша, алты жасар бала 15 минут қана міз бақпай тапсырма орындап отыра алады. Бір нәрсенің көшірмесін жасап беруге, заттардың 5-6 айырмасын айыруға, үлгі бойынша берілген тапсырманы дұрыс, әрі тез орындай алуы тиіс. Ал есте сақтай қабілеті туралы айтсақ, 8-10 суретті ұмытпауға, әдеби шығарманың түсінігін айтып беруге, 3-4 сөйлемнен тұратын суретті құрастыру, суреттердегі артық кескіндіні тапқызу арқылы баланың ойлау қабілетінің қаншалықты екенін байқауға болады. Өзінің таңдауының дұрыстығын дәлелдеп бере алуы керек. Сандарды санап қана қоймай, оны теріс санап, алып-қосу амалдарын да білуі, сызғыш арқылы өлшей алатындай да болуы қажет. Дыбыстарды дұрыс айтып, сөздегі қай дыбыстың қаншасыншы болып тұрғанын біліп, жекелеген сөздерге күрделі сөйлем құрап, буынмен оқи білсе құба-құп .
Қолға қалам, қарандаш ұстап үйренгені де артық етпес. Ең ақырында, өз аты-жөнін, тұрғылықты жерін, елі мен жерінің атын да білгені жөн. Дегенмен, ең бастысы оқытамын деп артық кетпеңіз. Оқуға көңіл-күйі болмаған кезде кітапқа қарауға күш жұмсамау қажет екенін еске саламын.
Қазір мектептегі білімде де ақпарат көп. Оларды оқушы есте сақтамақ түгілі, оқып үлгермей жатады. Егер бәрін жатқа білетіндей дәрежеге жету керек болса, бірінші үлгерімі жақсы, ұяты бар балалардың психикасына кері әсер береді. Олар бәріне үлгеремін деп психологиялық ауытқуға душар болады. Сондықтан балаңыздың денсаулығын да ойлағайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет