Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет99/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   679
4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу) Қабанбай Бөгенбай
5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.
Қорыта келгенде оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Әдебиеттер

  1. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003

  2. Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.

  3. Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2010 ж. №6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет