Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТАРИХ ПӘНІНДЕ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНШАЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ



бет100/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   679
ТАРИХ ПӘНІНДЕ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНШАЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ


Жангелдина А.Н.,Шупанова Г.С. (Ақтөбе)

Жобалау технологиясын білім беру жүйесінің маңыздылығы оқушылардың белсенділігін арттыру, топта жұмыс істеу білігін дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу т.б. болып табылады.


Жобалау технологиясына түсіндірме сөздікте: «Оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі»,- деген анықтама берілсе, ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Технологиялық оқуда мұғалім мен оқушының атқаратын іс-әрекеттері төмендегі 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1.

Оқушының әрекеті

Мұғалімнің әрекеті:

Оқушы-оқыту субъектісі.

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

Оқушының жетістігін құптаушы.

Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

Мақсаттарға жетелеуші.

Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа, ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді. Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық жұмыстарды орындауы жатыр, ал бұл ерекшелік оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет