Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет514/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   679
Сабақ қорытындыланып, белсенділік танытып, жақсы қатысқан оқушылар балдық жүйемен бағаланады. Үйге «Менің ғұмырнамам» тақырыбына есептік, реттік сан есімдерді қатыстырып, шағын өмірбаян жазып келу тапсырылады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.
Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - дегені әр мұғалімнің жадында болуға тиіс.
Әдебиеттер

  1. Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. - М.: «Педагогика», 1989.

  2. Выготский Л. Образование. – Москва, 2000.

  3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.- Алматы, 2002.

  4. Мирсеитова С.С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет