ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет24/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56

Әдебиеттер

  1. «Компьютер әлемі» республикалық журналы.1.12.2001жыл. 2,78 бб

  2. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік

  3. Республикалық журналы. №4. 2006ж. 3-4 беттер

  4. №2 2008ж. 3-4 беттер



ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Зейнелова Л. Ж. (Ақтөбе)
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды пайдалану, инновациялық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты.

Қазіргі жағдайда мемлекеттік саясатта білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, педагогтың кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі білім беру жүйесі қоғамдық тәжірибенің күрделі түрі болып табылады, оның берілген тарихи кезеңдегі орны жоғары. Тәуелсіз мемлекеттің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазақстанға әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйесінің жаңа үлгісін жасалуда.

Қазақстандық білім беру жүйесін жаңартудың негізгі міндеті мен шарты ретінде қазіргі өмір сұранысына сай педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.

Ғылыми білімнің ұрдайы өсуі мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы қоғамның мәдени-білімділік деңгейін жетілдіру факторы ретінде білім беруді дамыту ерекше маңызды ие. Бұл білім беру саласы мамандарынан жоғары кәсіби деңгей мен кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруды талап етеді.

Білім берудегі жаңашылдықтарды қолдану бағытында жинақталынған эмпирикалық материал мен педагогикалық жаңаруларды игеру, қолдану және тарату мәселелерімен айналысатын зерттеудің жаңа саласы педагогикалық инноватика тәжірибеге енгізілді.

Инновациялық білім беру жағдайында дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей білім, білік, дағдыны дамытуға, оқытудың когнитивтік компонентіне ерекше мән беріледі. Жаңа білім беру моделінің ерекшелігі - оқыту тәсілдері мен технологиялары толықтырылып, әлеуметтік-мәдени мазмұн кеңейтіледі.

Қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық қызмет – әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде мектептің педагогикалық ұжымы мен жекеленген оқытушының шығармашылық әлеуетін көрсетеді.

Инновациялық оқыту нәтижесінде білім алушылардың оқу үрдісіне деген ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын, тұлғалық бағытталған, кіріктірілген, пәнаралық, ақпараттық, қашықтықтан оқыту, дамытушылық, модульдік, дамытушылық және т.б. технологиялар жетекші орын алатын мұғалімнің оқушымен қарым-қатыстағы іс-әрекетті тиімді әдістер арқылы жүзеге асырға жағдай туғызылады.

Педагогтың инновациялық қызметіне оқушылармен практикалық сабақтарда ұйымдастырылатын педагогикалық қарым-қатынас, сабақ барысында, әдістемелік кеңестерде, конференциялар мен педагогикалық оқулар барысында ақпаратты ұсыну жатқызылады. Педагогикалық үрдіске қатысушылармен қарым-қатынас орнату педагогикалық қызметтің маңызды түрі болып саналады. Педагог қызметінің құрылымына сыртқы бағалау мен өзін-өзі бағалаудан тұратын педагогикалық іс-әрекет сапасы кіргізіледі. Өзіндік бағалау әдебиеттерде ұсынылған әдістемелер негізінде жүргізуге болады. Сыртқы бағалау әріптестер, түрлі деңгейдегі басқарушылар, оқушылар мен ата-аналар тарапынан жүргізіледі. Кез келген білім беру мекемесінің жұмысы нәтиже негізінде бағаланады, бұл кез келген педагогикалық ұжымның маңызды мақсаты - білім сапасы деген сөз.

Жүйелілік тәсіл тұрғысынан инновациялар – білім беру эволюциясы мен оның жағымды дамуы арқылы нәтижелі болып табылатын бастамалардан тұратын өзекті және жүйелі ұйымдастырылатын жаңарулар.

Жаңалықтардың көлеміне сай нақты және жүйелі инновация, инновациялық үрдістің ұзақтығына сәйкес қысқа, орта және ұзақ мерзімді инновация болып бөлінеді.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқыту мазмұнына мақсатты бағдарлану: мақсат – бағдарлама негіздерін меңгеру; мазмұн – білім мен білік түрінде ұсынылатын болса, қазіргі инновациялық қосымша білім беру мекмелерінің мақсаты – шәкіртіміздің тұлғалық әлеуетін жетілдіру, бейтаныс әлеуеттік жағдаятта қажетті қабілеттерді дамыту, мақсатқа жетуді қамтемелейтін білім, білік-мазмұн болып табылады.

Инновациялық оқыту режимінде жұмыс жүргізетін білім ордасы дегенімізинновациялық қызмет, оның ішінде іргелі педагогикалық зерттеулер нәтижесін оңтайлы түрде жүзеге асыратын білім беру кешені.

Балалар музыка мектептерінде инновациялық оқыту ерекшеліктері:



  • жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;

  • Қосымша білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;

  • жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру құрылымын және басқару мен өзін-өзі басқару әдістерін жасақтау.

Осыған байланысты инновациялық оқытудың стратегиялық бағыттарына сай білім беру мақсаттары нақтылануы тиіс. Сонымен қатар, инновациялық оқыту жағдайында белгіленген мақсаттардың негізгі кемшіліктері түзетілуі тиіс:

1) жалпылама мақсаттардың белгіленуі нақты нәтижемен сәйкестіндірілмеуі;

2) мақсаттың мазмұнмен, тақырыппен немесе оқытушы іс-әрекетінің дидактикалық міндеттерімен алмастырылуы.

Оқушының өз ойы, өзінің творчестволық инициативасы, сол шығармаға деген өзіндік көзқарасы болмаса, ол нағыз орындаушы-музыкант бола алмайды. Оқытушы мұны әр уақытта ескеруі тиіс. Осы тұрғыдан ол оқушысымен күнбе-күн жұмыс істеуі керек. Оқушыға қайсы шығарманы болса да өз сана-сезімімен, өзінің музыкалық творчестволық түсінігімен орындата білу, оған тәрбиелеу, дағдыландыру, педагогтың негізгі принциптерінің бірі болып саналады.

Осыған сәйкес, домбырашы ретінде айтарым - сабақ кезінде орындалатын музыканың характері, стилі, формасы, ырғақтық ерекшеліктері жайлы оқушыдан сұрау, оның творчестволық инициативасын дамытады, ойын оятып, қиялын қанаттандырады. Ал, жаңа үйренетін шығарманың жартысын алғашқыда оқушыға өз бетімен талдап, үйренуді тапсырудың маңызы өте зор. Бұл - оқушыға көрсетілген зор сенім. Мұндай кезде, оқушы шығарманы қалай талдап, қандай дәрежеде орындай алатынын көрсетеді.

Бұл жерде ескеретін бір жағдай, оқушыдан "дәл мендей ойна" немесе "анау құсап ойна" деп талап ету оның творчестволық инициативасын тежеу, орындаушылық ерекшелігіне нұсқан келтіру деген сөз. Бірақ оқушының шығарма стилінен шығып кетіп, композитор ойын бұрмалап орындауына оқытушы сақ болуы керек.

Инновациялық тұрғыда домбырашы-педагог оқушының творчестволық инициативасын көтеріп, дербес үйреніп өсуі үшін, қандай музыкалық шығармалар орындағысы келетінін оның өзіне тапсырады. Егер оқушының таңдап алған шығармалары программаға сай келсе, музыкалық мазмұны көркемдік тұрғысынан қанағаттандыратындай болса, онда ол шығармаларды жұмыс жоспарына енгізуге болады.

Оқушының жалпы орындаушылық мүмкіндігіне өсіруде оның есту, есіне сақтау және музыкалық ырғақтан ауытқылау қабілетін барынша жетілдіру жағына аса назар аударудың маңызы зор. Өйткені, домбырашының орындаушылық дарындылығы дегеніміз осы үш мәселеге байланысты. Демек, бұған ерекше мән беруіміз керек

Қосымша білім беру жүйесінде оқытушы өзінің шәкірттерін, әсіресе олардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуге тиіс. Қысқасын айтқанда, оқытушы оқушының жан-жақты білім, тәрбие алуы үшін оның заманымызға лайық музыкант азамат болып шығуы үшін еңбектенуі керек.

Ендеше шәкірт тәрбиелеп жүрген әр ұстаз тәуелсіздігіміз бен ұлттық ерекшеліктерімізді айғақтай алатын, биік мәртебелі қазақ мектебін жасауға және оны дамытуға өз үлесін қосуы қажет.



Әдебиеттер

  1. Ералиева М. Шығармашылықты қалыптастыру «Бастауыш мектеп»

  2. Қоянбаев Ж.Б Педагогика Алматы,2004ж.

  3. Тұрғынбаева Б.Ш Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы-1999ж.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Зұлпыхарова А. (Қызылорда)
Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық теория мен тәжірибеде ойлауды дамыту-өзекті мәселенің бірі. Ақыл-ой тәрбиесі-адамның танымдық қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау-сана-сезімінің дамуына, ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып, жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Бастауыш сатыдағы кезең-оқушыда іс-әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушының психикалық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады,ырықты зейін, рефлексия, ойлау, өзін өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты басты-басты жаңа қабілеттер пайда болады. Нақты айтқанда, оқушы оқу іс-әрекетін тиімді меңгеруі нәтижесінде оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы орындалу тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп,жұмыс істейді. Ойлау-қабылдау, қиял секілді адам танымының формасы болып табылады. Ойлауды үш жақтан қарастыруға болады:

1) таным сатысы, 2) таным үрдісі, 3) ақыл-ой қызметінің формасы.

Кез-келген танымдық үрдіс сияқты, ойлау өмір шындығы бейнесін білдіреді. Алайда ойлаудың қабылдаудан айырмашылығы ол-біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуші заттар мен құбылыстарды ғана бейнелейді. Ойлау арқылы адам заттар мен құбылыстарды олардың айрықша белгілері арқылы таниды және де заттар мен құбылыстар арасында орын алып отырған көп түрлі шындық байланыстар арқылы таниды.

Мысалы, адам ерекше автобусты көрді делік (бұл-қабылдау). Ал енді, адам бұл көлік неге ерекше, ол қандай мақсатпен жасалған, оны қай жерде жасап шығарады т.б. ойлай бастағанда адамда ойлау процесі (үрдісі) басталады. Осы психикалық процестің басқалардан ерекшелігі құбылыстың көзге көрінбейтін ішкі және сыртқы байланыстарды тануға бағытталғандығында. Сондықтан да ойлау адамның белгісіз затты білуге, түсінуге талпынысы кезінде көрінеді. Ойлау алғашында сезімдік танымға, қабылдауға сүйенеді, тіпті аса жоғарғы дәрежеге жеткен кезде де онымен байланысы үзілмейді. Бірақ ойлаудың екінші ерекшеленетін белгісі-оның жинақылық сипаты. Адам затты көреді де, оны бірден белгілі бір топқа жатқызады:мынау автобус, мынау машина,мына адамдар мерекелік шеруге бара жатқандар. Ойлауды сөзбен беру, ойлаудың және тілдің бір тұтастығы ойлауға жинақылық және аңғарымдылық сипат береді.

Ойлау мен тілдің органикалық байланысы арқасында ойлау арқылы адамдар өздері тікелей қабылдай алмайтын,көзге ілігер формасы жоқ, тіптен сезімдік қабылдауға көнбейтін құбылыстар арасындағы байланысты аша алады.

Ойлау үрдісі ой еңбегі болып табылады. Ол әлде бір жаңа, ерекше бірдеңеге таңдану реакциясынан басталады. Мөлшері мен құбылысы алабөтен автобус, әдеттегі сабырлы оқушының ерекше мінез көрсетуі-кез келген жаңалық, беймәлім құбылыстар адамның таңдануын туғызады. Таңданудан жоғары дамыған тірі ағзаға тән бағдарлы зерттеу рефлексі көрініс береді. Таңдану сезімі сөз, сұрақ формасына айналған кезде,адамның өзіне неге таңданғандығы,оған немененің жаңалық болып көрінгені түсінікті болады. Сол жаңағы тану,оны түсіну тілегі-ойлау процесін тудыратын түрткі, демеу.

Сондықтан да балаларды оқыту мен тәрбиелеуде міндетті сұрақты дәл қоя білу маңызды рөл атқарады. Мәселенің сұрақта, сөзде білдірілуі барлық ойлау процесіне парасаттылыққа, мақсатқа бағыттылған сипат береді. Адам өзінің нені білмейтінін біледі, қазіргі кезде өзіне белгісіз нәрсені білуге талпынады. Ойлау үрдісінің сұрақ белгіленген белгісізді ашуға бағытталуы, ойлауға өте анық, ұйымдасқан және проблемалық сипат береді. Адам ойланған кезде ол міндетті түрде әлде бір мәселені шешеді. Мәселені шешу-бірқатар ойлау кезеңдерінен құралады-салыстыру, топтастыру, пікір мен ой қорытудың әр формаларында білдірілетін жинақтау. Осы ойлау кезеңдерінің әрбіреуі екі негізгі ақыл-ой әрекеттерінен тұрады. Олар талдау мен жинақтау. Талдау мен жинақтау-логикалық ойлау кезеңдерінің негізгілерінің бірі. Кез келген зат бір-бірінен өзіндік айырмашылықпен ерекшеленетін жеке бөлшектерден тұратынын адам ерте кезден байқаған.

«Жинақтау» ұғымына логикалық сөздіктер «Талдау үрдісінде бөлшектенген заттың бөліктерін ойша біріктіру, өзара байланыстарын анықтау және сол затты бір бүтіндей тану»деген анықтама берілген.

Талдау мен жинақтау-бір ойлау үрдісінің екі жағы. Оларды меңгеру үшін оқушыларға нені үйрету керектігін Н.Поспелов төмендегідей анықтайды:


  • нысанды құрамдас бөлшектерге бөлуге;

  • нысанның жеке маңызды жақтарын анықтай білуге;

  • әрбір бөлікті бір бүтіннің элементі ретінде зерттей білуге;

  • нысанның бөлігін бүтінге біріктіре білуге т.б.

Талдау және жинақтау ойлау кезеңдерін дамыту және қалыптастыру жолдарының бірі-оқулықпен жұмыс. Оқушылардың кітаппен жұмыс істеудің төмендегідей деңгейлері белгілі. Олар мыналар:

  • танымдық (негізгі мақсаты-игеру)

  • аналитикалық (негізгі мақсаты-талдау және жинақтау, сын айту)

  • шығармашылық (негізгі мақсаты-жаңалық іздеу, жаңалықты меңгеру)

Оқушылардың дамуына танымдық деңгей тән. Оның құрамына кітаппен жұмыс істеудің кең таралған тәсілдері кіреді:негізгіні анықтау, мағынаны топтау, жоспар құру, тезис жазу, сызбалар жасау, қорытынды жасау.

Оқулықтың негізгі мазмұнын мәтіндер құрайды. Мәтіндермен жұмыс істеу барысында жинақтау және талдау ойлау кезеңдерін меңгерген оқушы оқытылған мәтінді терең түсінеді, дәлелдей біледі, оның тиімділігін түсінеді, мәтіннің құрылысын талдай біледі, мәтінге сын пікір, өз ойын айта біледі.

Оқушылардың талдау-жинақтау логикалық ойлау дағдыларының дамуына есептер маңызды әсерін тигізеді. Бұл жағдайда мәселе әр түрлі жағынан қарастырылуы мүмкін: есептің шартын талдау, берілген және ізделінетін шамаларды талдау, есепті шешу,жоспарын талдау, шешімді талдау,нәтижесін талдау. Немесе шартын талдау, есепті қысқаша жазу, шешу жолын іздеу, есепті шешу, нәтижесін шығару т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады.

Енді кейбір мысалдарға тоқталайық.

Бірінші сынып оқушылары-балалар бақшасының кешегі балдырғандары. Олар нақтылы бейнемен ойлайды. Сондықтан да есептер шығаруда тірек үлгілерді қолданудың маңызы зор. Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, таблицалар, карточкалар, кесте, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар.

Үлгілермен жұмыс істеудегі өте маңызды шарт сол-олар сабақта плакат сияқты ілініп тұрмай, үнемі іске қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі. Тірек үлгі-суреттермен берілген есептерді шығару кезіндегі алғашқы сабақтарда-ақ жасалады.

Мысалы: «Вазада 2 алма бар еді.Гүлжан оған тағы 3 алма қосты.Вазада қанша алма бар?» Таблицаның мақсаты-есеп элементтерін алғаш түсіндіргеннен-ақ оның көрнекі із қалдыруы.Үлгінің ой түйіндемелері мұғалім сұрақтарына тиек болады: «Есепте не белгілі? Біз не білеміз? біз вазада 2 алма бар екендігін білеміз және Гүлжанның оған тағы 3 алма салғандығын білеміз» деп бәріміз қосылып айтамыз.Сонымен бірге мұғалім есептерді тақтаға қоршап жазып қояды (суреттегідей).
2 3 ?

2+3=55


Амалы

Сұрақ шығару жауап


23 «Бұл есептің шарты.Біз есеп шартын ажыраттық»-дейді мұғалім.-«Есеп нені шешуді сұрап тұр?» «Вазадағы алма қанша болды?» Үлгі тақтаға жазылады. 1 3 ? «Бұл есептің сұрағы.Біз есептегі сұрақты ажыраттық.Вазада қанша алма бар?»-деп сұрайды мұғалім, «Екіге үшті қостық»деп жауап береді балалар.Тақтадағы жазу жалғаса түседі.

2 3 ?

2+3=5

«5»-бұл есептің жауабы. Біз есептің жауабын айттық.

Мұғалім одан әрі балаларды жаңағы талдау жасалған есепті жинақтауға жетелейді. «Біз есептің қандай бөліктерін, элементтерін ажыраттық?» (Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы). Бұл сөздер үлгіге толтырылады.

Келесі сабақта да үлгі оқушылардың алдында тұрады. «Есептің бөліктерін атаңдар» деп мұғалім тапсырма береді.Оқушылар жапатармағай қол көтереді. «Шарты,сұрағы,шешуі,жауабы»,деп балалар үлгіге қарап жаппай қосыла да,жекелей де оқиды. «Ал енді мына суретке қараңдар». «Бақта 3 бала алма жинап жүр. Оларға көмектесуге 1 қыз бала келе жатыр. Бақтағы барлық балалар қанша болды?» Мұғалім есептің бөліктерін ажыратыңдар деген тапсырма береді. Оқушылар есептің шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын ажыратып, ойлана бастайды.

Балалардың барлық жауаптарын мұғалім үлгідегі секілді етіп,тақтаға жазады.

Тірек үлгі арқылы талдау мен жинақтау әр сабақ сайын уақыты жағынан жеделдей түседі. Тақтадағы жазулар да сирейді. Енді тек ауызша:

- шартын ажырат

- сұрағын айт.

- шешуі қандай? Жауабын айт,-деген түрде жүргізіледі.

Міне, бірінші сыныптықтардың математика сабағында ойлау дағдыларын дамытудың, ойлау қабілетін жетілдірудің бір көрінісі осындай.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту оқушылардың алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят (проблемелық ситуация) жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында ғана жасалып қоймайды, қандай да болсын танымдық міндеттерді шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.

Даму, ең алдымен, білімдерді меңгеру барысында оқушы жасайтын ой кезеңдері мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады.

Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға зерттеушілік тұрғысынан қарау ісі жәрдем ете алады.

Оқушылардың қисынды ойлауын (логикалық ойлау) дамытып және сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніндегі жұмыстар өте пайдалы болып табылады.

Әдебиеттер


      1. «Бастауыш сыныпта оқыту» 2006 №5, 2008 №2



БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ: ІЗДЕНІС, ЗЕРТТЕУ, НӘТИЖЕ
Ибраева А. (Қызылорда)
Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Мысалы, қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу ,дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.Жаңа технологияны меңгеру ,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.Белгілі психолог Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады.»-дейді.

Қазіргі білім беру үрдісі қиын да,күрделі педагогикалық үрдіс екеніне ешкімнің таласы жоқ. Оқушының нәтижелі, сапалы білім алуы көп жағдайда мұғалімге байланысты.

Мұғалім өз жұмысын жауапкершілікпен, ізденістермен, тәжірибе жинақтарымен толықтырып отыруы керек.

Қазақ халқының көрнекті педагогы Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі-оқытушы.Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»-деп мұғалімнің баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл міндет төмендеген жоқ,қайта ғылыми-техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, ізденістер мен нәтижеге бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің жетістігін көрсету қолға алынып жатыр.

Оқушыға сапалы білім беру үшін ең алдымен оқушының жан дүниесін түсініп, оның қасиетін анықтап алып, икем дағдысына қарай, қабылдау, түсіну,ұғыну деңгейіне қарай отырып оқыту процесін жан-жақты жүйелі түрде жүргізуі керек.

Әр оқушының бойында тек өзіне ғана тән таным әрекетінің, эмоциялық өмірінің, жігері мен мінезінің ерекшеліктері болғандықтан, әрбір бала өзіне жеке –дара қатынасты талап етеді.Сол себепті алдымен оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін зерттеп алу қажет. Отбасындағы ата-аналар тәрбиесі мен бала арасындағы қарым-қатынасты да зерттеп барып жүргізілген білім сапасы нәтижелі болмақ.

Мен өз тәжірибемнен нәтижелі білім алу үшін жүргізген жұмыстарымды, кездескен прблемаларды , оны шешу жолдарын қалай ұйымдастырғаным жайлы таныстырмақпын.

Қазіргі менің сыныбым бірінші сынып. Әрине бәрімізге де белгілі бірінші сыныптан бастап сауатын дұрыс аша білсек, дұрыс бағыт берсек сапалы білім алудың бастамасы болады. Жақсы жүргізіп оқып кету үшін нәтижелі де жүйелі жұмысты алдымен әріп танытудан бастап көрейік.

Бірінші сынып оқушыларының қабылдау деңгейі әртүрлі, тез ұғып, қабылдайтын бала бір сыныпта үш-төртеуден аспайды. Көптеген оқушыларға қайталау, жеке-дара қарым-қатынас жасау, көрсету, ұғындыру арқылы ғана ойымызды іске асыра аламыз.

Мысалы: Буындарды әріптен ажырату кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі.Бірінші сыныптың баласы әріпті жақсы танығанымен буын оқу кезінде жаңылысу әрекеттері басталады. «ТА МА ША» деген сияқты буындарды таныстыру басталған кезде әріппен қатар салыстыра отырып үйреткен дұрыс. Т-ТА М-МА Ш-ША С-СА

Әріп пен буынның дыбысталу ерекшелігін, жазылу ерекшелігін көзбен көріп салыстыра қарап ұғынса буынның не екеніне, жеке әріптен қандай айырмашылығы бар екеніне көздері жетеді.

Барлық әріптерді жаттап болғанша буын түрлерімен салыстыра таныстыру қатар жүріп отырады. Буынның жазылуын көзбен көріп жаттыққаннан кейін буын диктантын алу керек. Алғашқы екі-үш дыбыстың әріп таңбасын өткен кзден бастап –ақ салыстыра таныстыру, буын диктантын алып отыру керек.Сонда ғана оқушы буынды жақсы жазып, оқу деңгейі көтеріледі.

Сонымен қатар бірінші сынып баласында әліппедегі бағандағы сөздерді жаттап алып оқулары көп кездеседі. Оны оқып жатыр деген оймен тексермей кете берсек, сауатсыз бала, оқуда көп қиындық келтіретін проблемалар шыға келеді. Міне осындай проблемаларға кездеспес үшін алдын ала оқушымен жеке жұмыс жүргізіп тексеріп отыру керек. Ол үшін бағандағы сөзді оқытып болған соң бірінші, екінші буыны қайсы, көрсет,

Бірінші буыны қандай әріптерден құралған, тақтаға жазып көрші деген сияқты тексерулер, пысықтау жұмыстарын жүргізген дұрыс деп ойлаймын.

Және де дыбыс пен әріптің екінші сағатында оқулықта жазылған бағандағы сөздерді тақтаға параққа жазып іліп топқа тапсырма беруге болады. Әр топтың басшылары барып парақтағы сөздерді оқып орнына келіп топтағы оқушыларға есіне сақтаған бойы айтып жаздыртады. Кезек-кезек барып оқып бір-біріне жаздыртуға болады. Бұл «Эстафета» түрінде жүреді. Мен осылай жүргізіп көргенімде оқу,жазу сауаттылығында жылдам ілгерілеу бар екенін түсіндім.

Суретпен әңгіме құрау жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Бір суретке әңгімені барлық оқушы құрауға да болады. Бірінші баланың айтқан сөйлемін қайталамау керек. Осы шартты қатаң ұстаса бала өз сөйлемін құрастыруға талпынады. Сонымен қатар бала байқампаздыққа, шеберлікке үйренеді. Ана тілі пәнінен мазмұн айту дағдысы қалыптасады. Мазмұн айта білу дағдысын қалыптастыруға қосымша ертек, әңгіме оқып бере отырып жүргізілген жұмыстарда пайдалы. Ол үшін шағын қызықты әңгімені оқып беріп болған соң, Суретін көрсете отырып сұрақ қойып, балалардан толық жауапты талап ету керек. Сол әңгіме мазмұны бойынша тақтаға сызба сурет салғызуына болады. Өте кеш қабылдайтын балалар сол суретке қарап әңгімені өз ойымен айтып беруге болады.

Осылайша ана тілі пәніне дайындық жүреді. Әрбір өлеңді оқып берген соң әр шумағын, әрбір жолын талдап қара сөзбен өрнектеп айтып беріп отырса, бала оқығандарын түсінуге қалыптасады. Сөйлемнің, өлеңнің әрбір сөздерін анықтап, астарына қарап түсінуге талпыныс пайда болады, Келе-келе оқығандарын бірден ұғып отыратын дәрежеге жетеді. Бұндай тиянақты, жүйелі жүргізілген жұмыс мазмұндарын еркін айта білу дағдысын қалыптастырады.

Мұғалім әр сабағын түсіндірген кезде, оқушыға қиындық тудырып тұрған жайттарды ойға түйіп қою керек. Келесі сабағында сол қиындықты қалай жеңуге болады деген оймен, ізденіспен жұмыс жүргізу керек. Жеке тапсырманы әр баланың қабылдау деңгейіне қарай жүргізу керек. Жұмыстың нәтижелілігі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде ғана жүзеге асады.

Алаш ардагері Ахмет Байтұрсынов «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек.» дейді.

Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес,өмір бойы өшпейтін,ескірмейтін өсиет. Бұлай дейтініміз-болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, білім сапасын нәтижелі ету үшін іздену мұғалімге міндет.

Білім сапасында мұғалім нәтижеге жету үшін, әрбір кездескен проблемалық қиындықтарды шешу жолдарын іздестіріп таба білу керек.

Осы орайда сөзімді «Шеберлік-жетуге болатын нәрсе, шебер ұста, шебер зергер сияқты шебер педагог та бола алады., ол үшін көп ізденіп, тынымсыз еңбектену керек.» деген А.С.Макаренконың ойымен қорытқым келеді.



Әдебиеттер

1. М.Қ.Құрсабаевтың ғылыми –практикалық конференция материалдары.

2.Бүгінгі біліктілік-кемел келешек кепілі» Дүйсенбаев Е.Ә. Маханбетов О.М.

3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №11 2008 ж.

4. «Мектеп» журналы мамыр 2008 №5.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ- УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Идирисова О.Б., Қосмағанбетова.С.С.(Ақтөбе)
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы тәуелсіздік жылдарынан кейін қолданылып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық астарына келер болсақ, Қазақстандық патриотизмнің негізгі компоненттері:


  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;

  • Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу;

  • Отанды қорғау;

  • Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;

  • Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;

  • Ана тілін білу;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт – дәстүріне және әдет – ғұрпына құрметпен қарай білу;

  • Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтау;

Тақырыптық жұмысымыздың негізін ашқанда алдымен астарын ашсақ; Қазақстандық патриотизм- ол басқа халықтарға деген құрмет сезімінің, бүкіл адамзат туралы адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі.

Халқымыз ғасырлар бойы ұрпағын өз елін сүюге, ізгілікке баулып келеді. Бұл ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің өзегі деуге болады.

Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Сондықтан да соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы-әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі.

Патриоттық тәрбие - Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым.

«Патриотизм» ұғымының қазақшасы – отансүйгіштік,отаншыл, отаншылдық. Гректің патриа – отан деген сөзінен алынған. Біз оны орыс тіліне енген үлгісіндегі патриот,патриотизм деп атап келеміз.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» еңбегінде патриотизмге төмендегідей анықтама береді:



Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді».

Міне осындай өмірімен де сөзімен нағыз патриотизмнің тұлғасы батыр ағаның ғибратты сөзінен де Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырылып, жастардың ішкі жан дүниесі - ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып табылады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

Тағы да батыр ағаның сөзін келтірсек: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық»-деген. Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата - бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден – бір көзі.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр.

Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы - Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің негізі болады.

Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм - тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.

Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет.

Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Осы бағытта тіл, әдебиет пен тарих сабақтарының пәнаралық, кіріктірілген жұмыс түрлерінің оң нәтижелер беретінін өз тәжірибемізден көріп келеміз. Атап айтсақ; мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерге бағытталған тәрбиелік тарихи-танымдық сағаттар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Ал тарихи батыр ата-бабаларымыз,әдеби тұлғаларымыздың ерлікке толы өмір жолдары мен шығармаларын талдап танудағы түрлі жаңа технологиялық әдістемеге құрылған шаралар қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері. Бұл бағытта кітапханаға саяхат жасау, тақырыптық интернет сабақтар жүргізу, кітап көрмесін ұйымдастыру, ұлттық орталықтар өкілдерімен кездесулер өткізу тартымды да тағылымды жұмыстардың бірі болып келеді.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Бүгінгі күн Отанымыздың бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекетке қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұруда басты талап отаншылдык рухта тәрбиелеу болып отыр. Сол себептен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бір пәннің деңгейінде ғана емес пәндер арасындағы ынтымақтастық әдістемесінің де мазмұнында қарау әр мұғалімнің тәжірибелік талабы болуы керек десек артық емес.



Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Б.Момышұлы. Шығармалар жинағы. Алматы, 2000 ж.

3. Б.Момышулы «Психология войны» Алма-Ата «Казахстан», 1990 г.

4. «Қазақстан мектебі» журналы. №5,№3,№8, 2010-2013ж.

5. «Тәрбие құралы» журналы. 2011 ж.



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІНІҢ ІЗДЕНІС ҚАЖЕТТІЛІГІН ТУЫНДАТУЫ
Избасарова К.Н. (Актобе)
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген. Демек, технология – шеберлік, өнерлілік,білгірлік туралы ұғым. Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін ашу,дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Педагогикалық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асырудың жолы. Әр педагог жаңару процесін жатырқамай қабылдап,күнделікті білім мен біліктілігін көтеріп, өз ісіне сыни көзқараспен қарап, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасап, оқушымен тығыз ынтымақтастықта болса педагогикалық шеберлігі шыңдала түседі. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде мұғалім балаларға білім жиынтығын беріп қана қоймай, ең бастысы оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек,»-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдерге үлкен міндет пен мақсат қойды. Олай болса, оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің тоериялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуге, өз мамандығын барынша жетілдіруге, озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруға тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметінің жемісі, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтеріңкі талабына үн қосады. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген сабақ –ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Ұлы неміс педагогы А.Дистерберг «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, оқуға үйретеді»- деген. Мұғалімнің жаңа технологияларды қолданудағы міндеті – өз ісіне сыни көзқараспен қарау,күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ретінде оқыту қызметінің әдістері мен формаларын игеріп, білім алушыларды өмір бойы ізденуге үйретуі керек. Педагогикалық технология - оқу үрдісі, оқытушы, оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілмен ерекшеленеді. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Бағдарлама элементтерін пайдалану - оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Ұстаз өзінің құзырлылығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой-іс бірлігін қатар дамытуы қажет. Бұл жерде басты тұлға оқушы, ал мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақ беретін топтарымызда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтерін күнделікті сабақ жоспарымызға енгізіп келеміз. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Жеке тұлға сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұл бағдарлама - біздің ғасырда жеке тұлғаның дамуына,ерекше қабілетін ашуына мүмкіндік беретін процесс. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар,мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген ақпараттарды өңдей отырып,осы жобаның қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдеріне кіріктіру қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау» деп көрсеткен.

Жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін беруде СТО әдістерін қолданып,логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта.Бүгінгі таңда республика көлеміндегі ұстаздардың көпшілігі интерактивті тақтамен сабақ өтуде.Ақпараттық технологияны пайдалана арқылы студенттерді жаңа заман тахнологиясымен жұмыстануға үйретеміз. Мысалы, Абайдың қара сөздерін оқытуда интерактивті тақта арқылы слайдтарды рет-ретімен көрсеткен жөн. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік т.б. жөніндегі пікірлері оның ағартушылық, демократтық көзқарасын аша түседі.

1-слайд. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде оқушыларға «Абай» бейнефильмінен үзінді көрсетіледі.Абай қарасөздерінің қайсысы болса да сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады.Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.

2-слайд. «Мағынаны тану» кезеңінде Абайдың оқырманға ой тастап,тереңнен толғаған қарасөздерін топтастырып интерактивті тақтадан көрсету арқылы топтарға жеке-жеке тапсырмалар орындату.

3 – слайд. «Ой-толғаныс» кезеңінде 3 топқа Абайдың бір-бір қара сөзінен беру: 1)Осы қарасөзде автор не айтпақшы болған? 2) Негізгі тақырыбы қандай? 3)Өз пікірің қандай? 4)Егер, автор орнында болсаңыз,осы сөзді қалай жазар едіңіз? Осы сұрақтарға жауап алумен бірге сабақты қорытындылау.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы оқушының мұғаліммен, жолдастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып қиындықты жеңуге көмектесетін технология.

Біз өз тәжірибеміздеде сын тұрғысынан ойлау жобасының элементтерін пайдалана отырып көптеген мүмкіндіктерге қол жеткіздік.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін тиімді пайдаланған кезде мынадай мәселелер шешіледі: 1)Оқушылардың неге қызығатынын білу; 2) Тақырыпты әр қырынан талдау; 3)Дұрыс болжам жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өз пікірін дәлеледей білуге үйрету.

Осы әдістерді пайдалану арқылы оқушылар мыналарға қол жеткізеді: 1)Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптастырады. 2)Бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып,салыстырады. 3)Жазу әрекеті оқушының ойлау қабілетін дамытады. 4)Өзіндік жеке пікір қалыптасады, өзгені тыңдауға,бағалауға үйретеді.

Ал мұғалім мынадай мүмкіндіктерге ие болады: 1)сабақ құрылымын жоспарлауға үйренеді; 2) жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; 3)оқушыны басқа жақтарынан таниды; 4)оқушының жұмысын бағалайды; 5)өзі білмейтін ақпараттарға тап болады; 6)өзін бағыттаушы,жетекші ретінде таниды; 7)үйрету,оқыту арқылы ізденуге,зерттеуге үйренеді; 8)өзінің шығармашылық жұмыс лабораториясын жинақтайды.

Қорыта келгенде, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісіне енгізу мұғалімді де,білім алушыны да үздіксіз ізденуге және ой еңбегін дамытуға жетелейді. Болашақта әлемдік білім беру кеңістігінде еркін де лайықты орын алу үшін заман талабына сай жаңа технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Педагогикалық жаңа технологияны қолдану сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді.

Білімнің ең маңызды мақсаты – адамның өз болмысын тануына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру болып табылады.



Әдебиеттер

1. Мұсаева «Жаңа технологиялар» Қазақстан мектебі, №10 2007ж.

2. Сабыров М. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары».

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030»,Алматы,1998ж.

4. Бұзабақова Қ. «Жаңа педагогикалық технология»,Тараз,2003ж.

5. Құрманов И.Әмір Ш. «Педагогикалық инновацияны іске асыру жолдары» Қазақстан мектебі, №6 2001ж.

6. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, №5 2006 ж.

7. Дауыс пен көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал, №2,3,4 2007ж.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАНЫМЫН ДАМЫТУ
Ильясова Ә. (Қызылорда)
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндет жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығқармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж.

Оқушы шығармашылығы үнемі сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы қажет. Мұғалімнің ең үлкенміндеті-шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы.

Шығармашылық оқытылған ережені сақтай отырып, бәріне бірдей ортақ тақырыпта жұмыс істеп, ерекше зат жасай білуінен көрінуі керек. Демек, тақырып және жұмысты орындау ережесі бәріне ортақ болады, ал жұмыс түрлерін балалар өздері таңдап алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек.

Шығармашылық жұмысқа үйрету кезінде мына ережелерге сүйенгені дұрыс



  1. Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек.

  2. Тапсырылған шығармашылық жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Нақтылы бір істі атқаруды шығармашылық қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды.

  3. Бастауыш сынып оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты сауатты атқара алмайды. Сондықтан мұғалім тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып, негізгі үлгіге байланып қалмай мөлшерлете орындатып отыруы шарт.

  4. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетінің біз оның дербестігімен бірлікте қарап, аралыққа шек қоймай бір-бірімен тығыз байланыстырып және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайтындай жағдай туғызуымыз қажет. Баланың өзіндік шығармашылық тапсырманы орындауы жұмыс мөлшерін өзі айқындауынан көрінеді.

Шығармашылық жұмысты орындау барысында әдебиеттердің маңызы зор. Түрлі мағлұматтарды журналдардан алуға болады. Мұндағы мақсат-балалар өздері оқыған мақаланың мазмұнын алдағы бір сабақта қысқаша айтып беретін болуы тиіс. Қысқаша мазмұндауға балалар тез үйреніп дағдыланады. Осындай өздігінен оқудың тигізер пайдасы зор. Ана тілі, қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше өлең құрастырып, ойды аяқтау кезінде өз ойларын айқын, анық жеткізуге мүмкіндік алады.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкіндігі бар. Ол-баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу.

Шығармашылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады.

Шығармашылықпен айналысу үшін жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің балалары ойласу үшін мүмкіндік туғызу, өзара шығармашылық қарым-қатынас шығармашылық ахуал орнату қажет.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттер арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарда жүргізуде, алдымен мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Шығармашылыққа бейім баланың ерекшеліктері;

-Ойлау ерекшелігі басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.

-Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.

-Қиялы жүйрік бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік.

-Өтілетін тақырыпты алдын ала оқып дайындалады.

-Оқуға деген қызығушылықты тудыратын қосымша шараларға қатысуға дайын тұрады.

-Берілген тапсырмаларды шын ниетімен орындайды.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Шығармашылық оқушыға қуаныш, жаңалыққа деген құлшыныс сыйлайды. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді.

Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың әдіс-тәсілдердін іздестіру қажет.

Оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында сабақта мәселелік жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі.

Қоғам дамуының ең басты шарты-шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады.

Оқушылардың саналы білім, сапалы тәрбие алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Сондықтан оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді.

Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты шығармашылық жұмыстарға баулуда байқағаным, ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық еңгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын, өзі жауапты сезініп, құлшынысы артады. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді. Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай тиімді жақтары бар.

Болашақта Қазақстанда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш-білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу барша ұзтаздың міндеті.



Әдебиеттер

1. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі №3 2013ж.

2. Математика және физика №5 2010ж.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУДАОҚУШЫҒА АТА –АНАСЫНЫҢ КӨМЕГІ
Имашова Т. (Қызылорда)
Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған, талабы –жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейдегі іскерлік –шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі – оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші класс оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл –бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайлы қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, отбасына да, мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күнінен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежедеде қадағалап, көмектесуі керек.

Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланыңалғашқы қадамдары. Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселеллерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек қана «4» пен «5» алуға тиісті деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып, «2» немесе «3» бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдармен оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымды қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Ата- ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалмауына жол бермеуі керек Егер болмаса «2» алса, оның себебін біліп , оның тез арада жою шараларын қолдануы керек . Үштік бағамен де қанағаттанған дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті «2» мен «3» деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады. Ата –ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек, бала өз оқуының туған туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, оқу құралдары, қалам қара және түсті қарындаш , сызғыш, өшіргіш, т/б құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек. Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындау үшін күн тәртібі (режимі) болуы тиіс. Бала сабаққа дайындалғанда бөлме іші тыныштықта болған жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана «сабағыңды үстелдің үстінен алып кет, басқа жерге, не қоя тұр»-деп ұрысады. Тамақтан кейін ата-ана телевизор көреді, олармен қосылып бала да көреді, сосын ұйықтап қалады. Соның нәтижесінде ертесіне «2» деген бала алады. Осылайша ата-ана баласының оқуға деген ынтасын бұзады. Ата-ананың оқушыға беретін ең бір қажетті көмегі үйде өздік жұмыс жасату. Үй тапсырмасын орындау барысында оқушының өзіндік жұмыс жасауына дағдыландыруда ата-ананың көмегі қандай болуы керек?

Мәселен: «Ана тілінен» балалар бірінші сыныпты бітірер кезде әрбір сөзді дұрыс, мәнерлеп оқи білулері керек. Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде қалыптасады. Әрина ,бұл жөнінде де ата-ана тарапынан бақылау болуы керек. Бірақ «осыны оқымай, орныңнан тұрмайсың» деуге болмайды. Кітапты оқып көп отыра беру баланы жалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек. Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі.

Білім негізі бастауышта қаланатындығы әркімге аян. Баланың оқуға деген ынталылығы, қабілетінің дамуы, мінез-құлқында болатын ерекшеліктер осы жаста мектеп және отбасы тәрбиесіне байланысты біртіндеп қалыптасып, дами береді. Кейбір бала жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасаудың орнына, орынсыз ашуланып, ызаға булығып, керісіп қалады. Сөйтіп өз жолдастарынан оқшаулана беретін баланың өзі де, достары да байқамайды.Кейбір бала сабақты ықыластана тыңдағанымен, түсінігін айтып бере алмайды. Үй-ішінде, өзге адамдармен әңгіме арасында ойын жеткізе алмайды. Мұндай баланың отбасында көп сөйлеуіне көңіл бөліну керек. Ол үшін сұрақтар қойып, жауабын тыңдап, өзінің естігенін айтқызған жөн. Бала ойын жеткізе алмауының екінші себебі – сөз қорының жеткіліксіздігінен де болады. Сондықтан отбасында баланың тілін дамыту керек. Кейбір 1-сынып оқушысы тексті кітап бойынша оқи алады, бірақ,жазуы нашар. Және үйге берілген жаттығуды орындамай келеді. Себебі, бала үйінде сабақ орындауға дағдыланбаған. Демек, отбасында баланың сабаққа дайындалуына, өздігімен оқуына мән берілмеген. Ата-ана бастауыш сынып оқушысы өзін-өзі бақылай ала ма деген қате пікірде болады. Қайта оларды өзін-өзі бақылауға осы жастан үйрету пайдалы. Сонда ғана қандай істі болмасын ойланып істеуге үйренеді.

Баланы бақылау дегеніміз – оның ісінің дұрыс –бұрысына мән беріп дұрыс бағытқа салып отыру ғой. Бала жас еркешелігіне, ойының дамуына, іс-әрекетіне қарай белгілі бір бағыттағы тәрбиені қажет етеді. Сондықтан, ата-ана ой-пікірін әрдайым мектеп мұғалімдеріне айтып, ақылдасып отыруға тиіс.

Өздеріңізге аян, оқушылардың мектепте алған білімі тиянақты болуы үшін әрдайым үйге тапсырма беріледі. Оқушылар сол тапсырманы ойдағыдай орындаса,сыныпта алған білімін нығайтып,тиянақтайды. Келесі сабақты жақсы түсінетін болады.Оқушы үйге берілген тапсырманы орындамаса, өткен сабақты шала түсінеді, соның салдарынан жаңа сабақты меңгеруі де қиынға соғады.

Демек, үйге берілген тапсырманы орындаудың маңызы қандай екенін осыдан көруге болады. Сондықтан отбасында ата-ана баланың үй тапсырмасын орындауына баса көңіл аудару қажет. Кейбір ата-ана баласының математикадан берілген есебін өзі шығарып береді, бұл өте зиян. Біріншіден, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне кедергі жасайды. Екіншіден, баланың өзіне деген сенімділігін жояды. Үшіншіден, баланы жалқаулыққа үйретеді. Оқушыға көмектескенде, түсінбеген ережені не емлені түсіндіру керек. Сөйтіп, оқушының әрі қарай өз бетімен оқуына, тапсырманы орындауына бағыт берген жөн. Жазбаша жаттығуды орындамас бұрын, сол жаттығуды орындаудағы нені білу керектігін және соған байланысты тақырыпты тағы да жақсылап оқып, қайталау қажет.

Сондай-ақ бала тақпақтарды, прозадан үзінділерді жаттағанда, мазмұнын түсініп жаттады ма және көркемдегіш сөздеріне мән берді ме, мәнерлеп оқи ала ма? Осы жағына зер салу керек. Бастауыш сыныпта-ақ үй тапсырмасын мүлтіксіз орындауға дағдыланған бала жоғары сыныпта өз бетімен үй тапсырмаларын мұқият орындайтынын өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Әрине, бұдан жоғары сынп оқушыларына бақылау жасаудың қажеті жоқ деген қорытынды тумайды.

Ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауын, уақытты тиімді пайдалануын үнемі бақылып, қамқорлық көрсетіп отырғаны абзал.



Әдебиеттер

1. Бастауыш мектеп журналы 1994 ж.

2. Сыр мектебі газеті 2000 ж.

МУЗЫКАНЫ ӘСЕРЛІКӨРКЕМДЕУ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Искарина А. С.(Ақтөбе)
Адам баласының өмірінде музыка өнері үлкен орын алатынын бәріміз білеміз. Жас сәби жарық дүниенің есігін ашқаннан бастап музыка әлдиімен өседі. Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының дамуына байланысты, музыка өнері түрлі өзгерістермен заман талабына қарасты дамып отырады. Әсіресе музыканы әсерлі жеткізу, көркемдеу жолдары өте сауатты дамып келеді. Сондықтанда кәзіргі музыка өнері жастарға эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болып саналады. Біз күнделікті өмірде музыка, концерт, ән-күй кеші, ария, опера, симфония деген сөздерді жи естиміз, олардың тамылжыған үнімен әсерлі жеткізілген, көркемдігі жоғары деңгейде музыкалық шығармаларды сүйсіне тындаймыз. Ерекше рахатқа бөлініп шабыттанып қаламыз. Соның ішінде адамның дауысын бір-бірінен ажырату қабілеті өте жоғары. Міне, адам баласының өзіне тән дауысының тембры, әсемділігі, сөйлеу, жүру, өлең айту ерекшелігімен қатар, дауыс пен дыбыс ерекшеліктері де көп уақытқа дейін есте сақталады. Әр халықтың өз мәдениетіне сай музыка аспаптары бар. Музыканы тыңдағанда одан өзінше ләззат алады дедік. Музыканың көркемдік, әсем саздар шығаруында музыканың көптеген заңдары, ерекшеліктері, көркемдік қасиеттерінің бір салада, бір бағытта үн қосып, адамға эстетикалық азық беруі-өзінше бір табиғи құбылыс.

Музыканы сүю, білу және түсіну үшін ең әуелі музыкалық терминдерді біле білу орынды болмақ. Кейбір адамдар: "Классикалық күрделі шығармаларды қаншама тыңдасақта оны түсіне білу өте қиын",-дегенді айтады. Осы ойға жартылай келісе отырып,музыканы тыңдап қана қоймай, оны түсіне тыңдау үшінмузыка көркемдігін білу керек. Музыканы тыңдап түсіне білетін адамдарға музыка өз сырын ашып, өмірді терең түсініп, халықтың ой – пікірін білдіруге жәрдемін тигізеді. Музыка өмірдегі адамның ішкі дүниесін танытып, адамдарды ұйымшылдыққа, бірлестікке шақырып, оларды алға қойған міндетін жеңіп шығуға жігерлендіреді. Өнердің музыкадан басқа салаларынан театрды, киноны және живописьті қабылдау үшін де біраз уақыт еңбек сіңіріп үйрену керек. Музыканы тыңдау,оны түсіне білу-адам үшін рухани байлық. Музыканы ұға білген адам ғажайып сарайға еніп керемет музыка сазынан ләззат алып онымен тілдескендей сезінетіні, оның музыка тану ой-өрісі кеңейе беретіні сөзсіз екенін айтқым келеді.

Біз жас кезімізден бастап өзара сөйлесу тілін білеміз. Бұл жетістік үлкен адамдардың жәрдемімен келетіні сөзсіз. Ал мектеп жасына келген соң,сөйлеу тілін біле тұрсақ та ана тілінің грамматикасын үйренеміз. Ана тілінің грамматикасын жақсы білу бізге тек ойымызды анық айтып үйренуге және басқа адамдардың айтайын деген ойын тез түсінуге жәрдем етеді. Ал, ана тілінің грамматикасының заңдарын білу әсем тіл шеберлігін оқып білуге көмек етеді. Сонымен қатар, біз осы мәдениет майданындағы ұлы жазушылардың жазған көркем шығармаларын неғұрлым көп оқысақ,соғұрлым біздің дүниеге деген көзқарасымыз кеңейе түспек.

Міне, музыка да дәл осындай. Әрбір композитор музыканың жазылу, оқылу және тыңдалу заңдарын еске ала отырып, өзінше түрлі образдар жасайтыны мәлім. Жоғарыда айтқандай, музыканы тыңдап үйрену үшін оның әуезді, мәнерлі үн беретін заңдарын білген жөн. Музыканың негізі әсемдік үн беретін көркемдік қасиеттерін айтар болсақ, олар мыналар: мелодия, гармония (көп дауыстық), ритм, метр, темп (шашандық), регистр, (дыбыстардың жоғары, төменділігі), тембр (дыбыс әсемділігі), фактура, тональность, интервал және лад т.б.

Мелодия музыканың жаны, негізгі арқауы.

1.Мелодия – грек халқының екі сөзінен пайда болған. Мелос - ән және оде- айту сөздердің қосындысы ән айту деген ұғым.

2. Гармония - аккордты көп дыбыстардың бір-бірімен үндесуі.Қазіргі ойналып жүрген әндер мен күйлер, музыканың негізгі бір әсемдік тірегі гармониямен үндесіп,бояуы қоюлай,әсемденіп ойналып жүр. Мысалы: жеке дауысты Мариямның "Дударай" атты әнінің негізімен жазылған композитор Е.Брусиловскийдің симфониялық поэмасы оркестрдің ойнауында сол гармониялық әсем дыбыстардың көмегімен ойды толық білдіретін үлкен көркемдік шығарма болып есте сақталады.

3.Ритм (ырғақ)- дыбыстардың әртүрлі ырғақтық ара қатынасын айтамыз. Ритмнің ролі өте жоғары. Музыканы үйренуге негізгі көңіл аударатын нәрсенің бірі- ритм. Адамның күнделікті өмірінің бәрі де әр түрлі ритмнен тұрады. Адам жүрісінің, сөзінің қозғалыстарының нотаға түсіретін болсақ, музыка ырғағы әр түрлі болып келеді.

Мысалы, бұған М.И.Глинканың "Камаринская"атты симфониялық поэмасы мен М.Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсының би екпінін салыстырсақ та жеткілікті. Нәрлей айтсақ, ритм музыкалық шығарманың тамыры деп аталады. Ырғақты теңіз толқыны мен салыстыруға болады. Ол қашанда тынымсыз. Үлкен, кіші, жай, екпінді толқын болатыны секілді, ырғақ та ұзақ, қысқа дыбыстардан тұрады.

4.Тембр (әсем, сүйкімді) - аспаптардың,адам дауыстарының өзіне тән сұлулығымен әсемдік ерекшелігі. Қандай да музыкалық аспаптар болмасын оның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қобыз бен домбыра, фортепиано мен аккардион, балалайка мен гармон, труба мен кларнеттің өздеріне тән тембрлерін тіпті музыканы түсінбейтін адамның өзі де ажыратып біле алады. Музыкаға мәнерлі үн беретін қасиеттің бірі - тембр.

5.Темп (жылдамдық, шапшаңдық) - деп музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығы желісін айтамыз. Музыкалық шығарманың ойналу барысында темп өте көп болғанымен, негізінде үш бөлімге бөлінеді. Біріншісі- өте жай салмақпен ойналатын шығармалар. Екіншісі- орта жылдамдыкпен орындалатын музыкалық шығармалар. Үшіншісі- шапшаң және тез орындалатын шығармалар. Мысалы: композитор Е.Брусиловскийдің "Шолпан" атты әні орта екпінмен орындалатын болса біз оны екі рет жайлатып ойнайтын болсақ, оның тіпті әндік қасиеті қалмайтыны сөзсіз. Сол секілді Кұрманғазының "Алатау"атты күйі жай салмақпен, Алатаудың образын домбыраның үнімен көрсетсе, ал "Балбырауын" күйі қатты екпінмен ойналып,қазақтың ертеден келе жатқан ойын –сауықтар - "ат шаптыру", "бәйге", "көкпар тарту", "теңге алу", "қыз қуу"т.б. күй ішінде араласып жургендей болады.Бұл екеуінде темп екі түрлі екенін көреміз.Бұл жағдайда адам сезіміне екі түрлі әсер етеді.

6.Динамикалық белгілер әр әннің мазмұнын ашуға берілетін таңбалар.

fp. mf. ff. pp. mp.

7.Дыбыс деп мелодияның ең бір кішкене бөлігін айтамыз.Негізгі дыбыстарымыздың барлығы баян және фортепиано деп атайтын музыкалық аспаптардан байқау қиын емес.

Міне, әрбір орындаушы шығарманы орындар алдында композитор жазған музыканың тексін жақсылап үйреніп, автор көрсеткен барлық белгілерді де мезгілінде іске асырып, ойнай білу шарт. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді және композитордың тыңдаушыға жеткізейін деген түпкі ойын іске асыру үшін орындаушы жетік үйреніп, көп еңбектенеді.

Сондықтан орындаушы шығарманың идеясын, формасын, фразаларын жақсы түсініп, көпшілікке таныстыра алатындай болғанда ғана орындап береді.

Шынында, музыкалық терминдер мен әсемділіктерді, дауыс тембрлері мен ойналу, айтылу темптерін білген жақсы: тыңдап, түсінуге жеңілдік туғызады. Әркім дауысты, мелодияны түсіне білуге, жай әннен күрдері шығармаларды ажырата білуге міндетті. Сопраноны баритон деп шатастырып, симфонияны оратория мен романсты әнмен ажырата білуге осы тақырып негіз бола алады.

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай сөздерін еріксіз еске алуға тура келеді. Өйткені жақсы ән мен тәтті күй, біріншіден адамның рухани шабытын арттырады, серпілтеді, екіншіден көңіл кірбіңінің жоғалуына себепші болады. Сондай-ақ, өте әсерлі жеткізуімен сауатты көркемдеуі көңілге жылы тиген музыка сарыны кісінің бастап кешкендерін, жастық шақтарын көз алдына елестетеді. Кейде тіпті арман асуына жетелеп, ерлікке, батырлыққа, батылдыққа бағыттайды.

Музыка маман ретінде айтарым, қазақ халқының музыка өнері бұдан да биікке шарықтап, болашағы жарқын, жұлдызымыз жарық болғай.



Әдебиеттер

  1. Музыканы тыңдай білу. П.Момынов. 1979 ж.

  2. 2 - 6 кластарға арналған музыка пәнінің оқулықтары «Атамұра»



ДИАЛОГТІҢ САБАҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Исмагулова С.Ж. (Ақтөбе)
"Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,

керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады"

William Wart
Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер сан алуан. Бірақ сол әдістерді тиімді қолдану ұстаздың міндеті. Сол әдістердің бірідиалог арқылы оқыту. Диалог арқылы оқыту әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы,оқушы мен оқушы арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Диалогтік оқыту барысында оқушы өзінің ішкі дүниесін, ойлау деңгейін,оны тіл арқылы жеткізу деңгейін көрсетеді және сол арқылы коммуникативті құзіреттілігі қалыптасады. Диалог барысында "мұғалім мен оқушы" қарым-қатынасынан гөрі "оқушы мен оқушы" қарым-қатынасы жандана түседі. Оқушылар өз пікірін ашық,батыл жеткізуге үйренеді. Диалогтік оқыту ұжымдық талдауға жетелейді,ұжымдық талдау сыни көзқарасты қалыптасырып, сыни тұрғыдан ойлауға әкеледі. Оқушы жұптық,топтық жұмыстарда өзінің пайымдауын,түсінігін ауызша баяндау арқылы да, сұрақ қою, қайта сұрақ қою арқылы да жеткізеді, мәселе қоя отырып,оны шешудің жолдары ұсынылады. Диалог барысында қатарлас құрбысының деңгейі мен өзінің деңгейін іштей саралап, ой түйеді,өзінің әлсіз тұстарын мойындайды және өзін жетілдіруге ұмтылыс жасайды.Диалогтік оқытудың ең маңызды шарты-оқушылар топтық жұмыстар арқылы бірін-бірі үйретеді,оқытады. Диалог оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсініспеушілікті жеңе білулеріне көмектеседі. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткіболу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Оқушылар жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда ақпаратты қолдануға, қайта құруға,кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сондықтан оқушылардың бірлескен сұхбаты, яғни диалог үлкен пайда келтіретеді.

"Білу" сатысында мысалды үнтаспадан тыңдатып. Бұрын кез-келген шығармамен танысқанда мәтін мазмұнымен ең алдымен мұғалім мәнерлеп оқып, содан кейін оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеттерін тексеретін болсақ, енді сандық технологияның мүмкіншіліктерін пайдаланып,мысалды үнтаспадан тыңдатып, ішіндегі түсініксіз сөздерін сұрап,сөздікпен жұмыс жүргізеді.

"Түсіну" сатысында мысалды өз беттерінше мәнерлеп оқытуда балалардың білімі,деңгейі,әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы ескеріледі. Балалар өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады.

Тәжірибелік мақсатқа мыналар жатады: оқушының сөздік қорын молайту, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, сауатты оқу мен жазуға үйрету мен төселдіру, сөйлеуге,көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге, жағдаяттардың шешімін табуға, ол жайлы өз пікірлерін еркін айта білуге үйретеді. Ал оқыту мен оқу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, мұғалім мен оқушы арасындағы негізгі құрал бұл-диалог екенін меңзейді. Сөйлесе отырып сыни ойлауға итермелеуге, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алуға, барлығында да тың идеялар болатындығына көз жеткізуге диалогтің маңызы зор. Оқушылар берілген сұраққа бірлесе жауап беріп, талдау жұмыстарын жүргізеді. Басқаша айтқанда, олар өзін-өзі ынталандыра алды және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені,оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын отырады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екендігін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді, топтық деңгейде жұмыс істеуге дағдыланады. Сонымен қатар мен оқытудың диалогтік тәсілмен оқушыларымның қызығушылығын анықтап тақырып бойынша сыни ойлап, сөйлеуге ынталанады.

Қорыта келе өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы қасиет иесі болуды міндеттейді. Мұғалім қауымы әрқашан игі істердің бастамасында жүретіндіктен, жаңа бастамалар кең қолдауға ие болады. Болашақта диалогтік оқуды одан әрі жетілдіру қажет, өйткені бұл-оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сөздік қорының дамуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет