ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет56/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

САЛАУАТТЫ ӨМІР - ТӘРБИЕ КӨЗІ



Бекмурзаев Е. (Қызылорда)
Биылғы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамыуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы өмірдің барлық саласын қамтыды. Соның ішінде тоқтала кететін жайт, мемлекетіміздің ең басты байлығы –адам капиталының сапалы өсуі мәселесі. Сапа дегенде тек қана адамның білімі, тәрбиесі ғана емес, оның денсаулығы да қарастырылатындығы айқын. Дені сау азамат өз отанын көркейту, дамыту және байыту үшін, алған сапалы білімі мен тәрбиесін пайдалана отырып, нәтижелі еңбек етеді.Адамзат тарихынан білетініміз қай елдің болмасын даму көрсеткіші халқының денсаулығы, білімі мен руханиаты арқылы білінетіндігі.

Сондықтан әр ата-ана, мұғалім, тәрбиешінің алдында балалардың білім алуының сапасын көтеріп қана қоймай, оның өз денсаулығын сақтауын әрқашан назардан тыс қалдырмау міндеті тұрады. Ата- ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеуі тиіс. Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды жүреді . Бала басқа адамдармен қарым – қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін , тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.

Жасөспірімнің өзіне де ата-анасынада «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі , өзімшілдіктің дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының ерекшеленуі. Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиалық қиындық жасөспірімнің ата –анасымен қарым – қатынасының өзгеруі. Осы кезде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік ақаулары анықталып, көріне бастайды. Ата аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген қорғау және маралдық қолдау, қарым- қатынасының тұрақталуына жағдай жасау, қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым- қатынас жасаса да, туған үйі мен ата – анасы ол үшін әрдайым құндылық болуы керек.

Көптеген балалар ата – анасының материалдық көмегі көрініп тұрса да, бәрібір психалогиялық жағынан бақылаусыз қалып жатады. Тәрбие барысында көптеген қалыпты қателіктер мен дұрыс емес ұстанымдар бар. Оның бірі бала ойымен санаспау, тыңдауды талап ету. Ата-ана іске қатысы жоқ тыңдауды талап етеді, өйткені олар үлкен, ал жасы үлкендік дұрыстықтың өлшемі деп санайды. Жасөспірімнің тезірек үлкен болғысы келетіндігі оған қызыққандығы емес, осы жағдайдан құтылғысы келетіндіктен. Ата-ананың бұндай қарым – қатынасы баланың өздігінше болған жайды талдауына, өмірде әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауына кедергі келтіреді. Сондықтан көптеген жасөспірімдер ата-анасының іс-әрекетін «әділетсіз» деп тапса, олардан алыстау жүруге тырысады.

Жасөспірімдік шақ өзіндіктің көрінетін уақыты, жасөспірімнің қоршаған ортаны зертеген, танысқан өзін күштімін деп, бәрін білемін, істей аламын деп есептейтін кезеңі. Қиын жағдай туса ата- анасынан көмек сұрағысы келмейді. Өйткені олар тек қана сынай алады деп ойлайды. Осының нәтижесінде оған өз ата-анасының емес, бөгде кездейсоқ адамның пікірі беделді болады. Ол адам әрқашан ақыл беруге «лайықты» бола бермейді.

Міне сондықтан баламен «өзара сенушілік» қарым-қатынас жасай білу керек. Мысалы: жасөспірімнің қателігі үшін бас салып ұрыспай, анығына жету керек. Егер ол өзі келіп мойындаса, қатесін түсінсе, қатты ұрыспай жай ақылмен сөйлескен дұрыс. Ал ол керісінше ештеңе айтпаса , онда өзгелерден естігендігін айтып , қатты сынға алуы керек. Осыдан кейін ғана жайлап ата-анаға болған жайды айтып , қателігін мойындап, кеңесу қажеттігін түсініп қалыптаса бастайды. Осындай қарым –қатынас болса тәрбиедегі келеңсіздіктер жойыла бастайды. Тәрбие дұрыс бағытқа түседі.

Жасөспірім ата-ананың әркез көмекке келетініне, түсінушілікпен қарайтынына әбден көзі жетіп, сенуі керек. Ата-ананың бірінші мақсаты - көмектесу. Ұрысу емес. Сосын істі шешу, бұндай қателікті енді болдырытпау. Және есте сақтаңыз, ешқашан айғайламаңыз.! Әділетті формула: нағыз ата-ана баласын тәубеге келтіретін, сырын айтатын, сенімді адамы бола білуі керек. Ата-ананың келесі мақсаты: жасөспірімнің көңіл- күйін бақылау. Үйге қандай көңіл- күйде келді, шыққанда қандай еді, өзгерістерді дер кезінде білгені дұрыс. Бұл дәл уақытында көмекке келуіне көмектеседі. Мысалы: темекіні алғаш шеккен күні, алкоголъдік ішімдік ішкен күні, нашамен алғаш танысқан күні көңіл- күйінен білесіз. Және жасөспірім кімен бірге жүрді ,жақын арада кім қосылды, осының бәріне баса назар аударған дұрыс. Жасөспірім ата-ананың ұзыннан – ұзақ келіспеушілік дауысынан басқа ешнәрсе естімесе ,оған түсіндіруге де сөйлеугеде мүмкіндік берілмесе, келеңсіз жағдайдан шығар жол да табылмайды.

Балада ата-ана бәрінде кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың «кешірімі» жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс. Ата-ана бір ғана дұрыс емес әрекет арқылы ауыр ауруларға ұшырап, өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екендігін түсіндіріп отыруы қажет. Есіріткі заттар, алкоголъ темекі - қателікті кешірмейтін ,бүкіл өмірін хор ететін қауіпті аурулар. Жасөспірім өзінің іс-әрекеті, мінез - құлқы арқылы өзін өте қиын, келеңсіз жағдайға апаруы мүмкін екендігін ата-ана да мұғалім де әрдайым есіне салып отыруы керек. Егер осындай жағдай туса, ата-ана да өзі де шығар жол таппай қалуы мүмкін екенін бала түсінуі керек, сендіру керек.Үлкендер баланың психологиалық жағдайының өзгерісін үнемі бақылауда ұстағаны жөн. Жасөспірімдердің үнемі бостандықты аңсайтындығын естен шығармаған жөн. Бостандыққа шығып алып, осы кезде не істейтінін де білмей, өзі үшін қауіпті де,қиын әлемге аяқ астынан тап болып, есі шығатыны да рас.9-10 жастағылар 16-17-дегілерге қарағанда күнделікті не істейтінін ,өз күн тәртібін біледі.

Ата-анаға берер жүйелі екі кеңес:

1. Ата –ана әрқашан жасөспірімнің өзге жерде емес, өз отанында өзін-өзі жайлы сезінуін үнемі қадағалап отыруы, әрі солай болуын орындауы керек. Егер ол сыртқы әлемге осы жайлылықты сезіну үшін ғана кетіп қалса, нәтижесі ата-ана үшін де, оның өзіне де жақсы болмайды. Өйткені қазіргі кезде сәнге айналған «балдеж», «кайф» ұғымдарының соңы есірткіге апарады. Оның орнына отбасында шынымен айналысу қажетті нәрселер: сыныптастарымен, достарымен бірігіп жарыстарға қатысуы, әр түрлі үйірмелерге бару мейлінше қауіпсіз болар еді.

2. Бала туғаннан отбасында өзін-өзі қәуіпсіз сезініп, ата-анасының кез- келген уақытта көмекке келетінін, қолдайтындығын біліп, сондай рөл де қабылдауы керек. Бала өзгелерден көрі, өз ата-анасының ақыл – кеңесін тыңдауға ұмтылуы өте маңызды.

Үй мен отбасы бала үшін толық мағаналы « қорғанға» айналғаны дұрыс, бала өзінің қорғаны бар екенін сезінуі керек!



Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Г. Икіманова Саулық пен сымбат. Алматы Қайнар 1991.

2. Қазақстан – 2050 стратегиясы.

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫ: ІЗДЕНІСТЕР,ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Бекмұрзаев С.Б. (Қызылорда)
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе - ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көргендіктің белгісі.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша ұстаздардың міндеті екені де анық.

Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелуде, ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз — әрбір ұстазға арнап айтылғандай. Ұстаз – бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

Адам баласына шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сезім дарқандығы қажет.Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады.

Ісмер ағаштан бір затты қырнап жасаудан бұрын оны жоңғылап алатыны сияқты, мұғалім де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет.Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгейі биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет.

Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Орыстың ұлы педогогы В.А.Сухомлинский «Мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығырмашылық, еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеру деген сөз»,-деп атап көрсетеді.

Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» деген екен бір ғалым.

Сондықтан әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мектептегі математика және информатика №1,2012

2. «Информатика негіздері» №1 2004 ж 14,16 бет

3. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жиенбаева М. (Қызылорда)
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:«Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау»,-деп ерекше атап көрсетілген .Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған міндеттерін, дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес . Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.

Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше . Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық,жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану- олардың танымдыққа жеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабылетін ұштап. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой –пікірлері қалыптасады.

Танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;

Сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді:

Шығармашылық ой-өрісі артады;

Кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

Ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

Мұғалім мен оқушылардың қарым- қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады. Осындай жұмыстар жүргізілу арқылы,мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. «Бастауыш сыныпта оқыту»2008 №6

  2. «Бастауыш сыныпта оқуту әдістемесі» 2012 №3

  3. «Бастауыш мектеп»2008 №6



БҮГІНГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІ БЕЙНЕСІ ҚАНДАЙ?
Кирбасова Ж. (Қызылорда)
Тәлімнің кәусар бұлағы-ұстаздан, тәрбиенің негізі- мектептен.

Ж.Аймауытов

Сынып жетекшісі сынып оқушыларына тәлім-тәрбие беретін жетекші, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде мектептерде 30-шы жылдардың бас кезінде енгізілді. Ол оқушыларға сабақта, сабақтан тыс оқу жұмыстарында білім беруге жетекшілік жасайды; қажетті жағдайда оқушыларға оқу көмегін ұйымдастырады; сынып оқушыларын тату ұжымға топтастырады; жеке оқушыны, класс ұжымын зерттеп, оған мінездеме береді; өз сыныбында сабақ беретін мұғалімдердің жұмысын үйлестіреді; сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын жолға қою мақсатында оқушылардың ата-аналарымен, жұртшылықпен байланыс жасайды; сынып бойынша белгіленген іс қағаздарын толтырады және оқушылар күнделігінің жайына бақылау жасайды.

Мектептегі оқу мен тәрбие – егіз ұғым екендігі баршамызға айқын мәселе.Қазақ ұлтының тұңғыш педагогі Ы.Алтынсарин «Мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»десе,түркілердің ұлы данышпаны Әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»деп атап көрсетеді.Сондықтан мұғалім- білім беруші ғана емес, тәлім-тәрбие беріп,бағыт-бағдар көрсетуші,бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты тәлімгер болып табылады. «Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды. Жалпы білім беру мазмұнындағы тәрбие дегеніміз – бұл баланың өзіндік санасы мен сезімінің және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуына, ол қасиеттердің оның мінез – құлқына сіңуіне бағытталған, арнайы мақсатта ұйымдастырылатын іс-әрекеттер. Тәрбие бүгінгі жас ұрпақтың қазіргі өзгермелі, сан-салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енетін құндылықтарының негізінде құрылады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы

тәрбиенің негізгі мақсаты:

*жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

*халық дәстүрлерін дәріптеуге,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып-үйренуге қалыптастыру;

*Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу;



тәрбиенің негізгі міндеттері:

*қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа қалыптастыру;

*саяси-құқықтық,экономикалық,экологиялық,талғам мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру;

*өзінің кәсіби қабілетін айқындауды қалыптастыру;

*отбасылық мәдениетті және гендер проблемасындағы сауаттылықты қалыптастыру;

*рухани адамгершілік,этномәдениет,ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;

*сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Осы жерде атап көрсететін маңызды мәселе бар.Тәрбие туралы сөз болған соң,ұлттық педагогика туралы айтпасқа тағы болмайды.Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Адам тәрбиелеу -ұлы міндет. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы-ұлттық білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты. Сәбиді жүріп, сөйлей бастағанынан әдепке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу- отбасынан басталар ұлттық педагогика заңдылығы. Елбасының стратегиялық бағдарламасында бұл мәселе айрықша атап көрсетілген. Сондықтан мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әрбір сынып жетекші өз жұмысын ұлттық педагогикамен тығыз байланыста жүргізіп отыруға тиіс.

Қоғамда әр адам мұғалімнің ролі мен бейнесін әр түрлі елестетеді.Бірі- оны тек пән үйретуші ұстаз десе,бірі өмір жолында бағыт- бағдар беруші дейді. Мен өз баяндамамда осы егіз ұғымды бөле -жара айтқым келіп тұрған жоқ. Егер оқу мен тәрбие –егіз ұғым десек,лой болса, ұстаз- білім беруші ғана емес,ол-тәрбиеші де.Қазіргі уақытта әрі мұғалім, әрі тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімдерге қойылғандай талаптар қоймайды.Бүгінгі мұғалімдерге қойылған талаптар тұрғысынан келгенде, «Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін бала жанының бағбаны –бүгінгі сынып жетекші бейнесі қандай болуы керек?»деген сұраққа жауап тауып көрейік.

Менің ойымша,бүгінгі сынып жетекші бейнесі:

Білімді, талапшыл, өнерлі, еңбекқор, инабатты, сыпайы, байсалды, төзімді, шешен, алғыр, байқағыш, көреген, кешірімшіл, қанағатшыл –педагог-психолог болуы керек.

Бүгінгі ұстаз және тәрбиеші (сынып жетекші) өсіп келе жатқан ұрпақ үшін:

*жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

*сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

*оқушылардың күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, әлеуметтік-әкономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

*оқушының қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;

*оқушылардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

*оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші;

Сіздердің бұл мәселеге өз көзқарастарыңыз болуы да мүмкін. Бұған ешкім шек қоймайды. Бүгінде оқушыға сынып жетекшісі – тәрбиеші де, көмекші де, жолдас та, сырлас та бола алады.Баланың болашақта қандай азамат болып шығуы, тікелей мектептегі тәрбие мен сынып жетекші жұмысына байланысты десек қателеспейтін шығармын. Әр баланың өз ғаламшары, өз әлемі бар. Ол ғаламшар әр баланың өзіне ғана мәлім. Ол үшін баланың өз ойын түсіне білудің өзі аз,сынып жетекші өз класындағы әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, оны сыртқа, айқын өмірге алып шығуы қажет. Оның жұмбағының шешімін тауып,ортада танылып,өзін көрсете алуына жәрдемдесу- тәрбие саласында жүрген біздің парызымыз.

Бала әлемі-сыры көп,таңқалдырар қызығы мол ғажап әлем. Сол әлемнің ашылар жері баланың өз мүмкіндігін таныта алар сәтінен басталады. Сондықтан сынып жетекшісі оқушыларды мектептегі мәдени, спорттық, зияткерлік т.б. шараларға қатыстыру арқылы олардың мүмкіндігін кеңейтіп,ашылмаған қырларын таныта білуі тиіс.

Мектепте әр түрлі пән мұғалімдері еңбек етеді. Олар: әдебиетші, математик, биолог, химик, физик, тарихшы болуы мүмкін. Осы пән негіздерін беруші мұғалімдер - әрі сынып жетекшісі де. Сондықтан әр сынып жетекшісінің атқаратын өзіндік екі қызметі бар: олар өз пәні бойынша балаға білім берумен қатар, сыныбындағы әр баланың «менін» ашып, «жеке тұлғаны»қалыптастыруға,баланың танылмаған талантын ашып, адамгершілік қасиеті мен эстетикалық талғамын дамытып,оқушыларының жан-жақты дамыған білімді, болашақта іскер азамат болып қалыптасуына зор ықпал жасайтындай тәрбиелік жұмыстар атқаруға тиіс. Халқымыздың дана жазушысы М.Әуезов : «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу,өмірге ғашық болып өседі»деген екен. Олай болса, баланы өмірге ғашық етіп тәрбиелеу үшін оның ғаламына жол тауып,қадамына бағыт бере алайық.Бұл міндет мектепте әрі мұғалім, әрі сынып жетекші қызметін қоса атқаратын мұғалімдер қауымына жүктелген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. - Алматы: Педагогика, 2000.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ МОДЕЛІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
Қошқарбаев Р. (Қызылорда)


  1. Ұстаздық әдеп туралы түсінік.

  2. Тәрбие жұмысының методикалық моделі немесе методикалық структурасы.

  3. Тәрбие жұмысының әртүрлі формалары, методтары.

Педагогтық әдеп мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қандай да бір мамандықтың өзіне тән белгісі болатындығы сияқты. Мысалы, ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның мұғалімдік әдетінде. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша мектеп алдына қойылып, отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес.

Сонымен, ұстаздық шеберлік дегеніміз не?



  1. Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы, оқушыларды өз ұлтының азаматы рухында тәрбиелеуі, ол үшін өз бойына осы қасиетті сіңірген адам болуы керек.

  2. Пәнді жетік меңгеруі.

  3. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру.

  4. Бірақ осы айтылған үш қасиет болғанмен, мұғалім оқушылармен қоян қолтық араласпаса, педагогтық әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды. Мысалы, Ережепова Тана өз пәнін білгенмен, теория жүзінде тәрбие әдістерін жете меңгергенмен практика жүзінде өз сабағында шәкірттеріне: "бері қараңдар! Жыбырлама! Қыбырлама!"-деп, оқушылармен ісі болған жоқ.

Сөйтіп, ұстаз шеберлігі дегеніміз – тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді бойға сіңіруі. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, "педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен" – педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейді.

Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы – кең мағынада алсақ, мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда "Ұстаз", "Тәрбиеші", "Мұғалім" деп қастерлі мамандықтың сыр-сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады екен. Осы ұстаз өнегесінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтінін ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей теңіздей, ақыл-ой, парасаты да, ерлік жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін орындай алады.

Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекшісі, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де "сегіз қырлы бір сырлы " қай жағынан да болса барша халықтан көш ілгері тұратын кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынандай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді.



  1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;

  2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын ...

  3. Өзінің түсініп, сезгенін, көрген білгенін есіне жақсы сақтай алатын;

  4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;

  5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын, шешен;

  6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан-тәнімен сүйетін, ұңғыл-шұңғылы көп ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;

  7. Қайда жүрсе де өте ұстамды...;

  8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;

  9. Өр кеуделі, жаны мен арын, бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;

10. Мал-мүлікке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;

11. Табиғатынан әділ, шынайы шыншыл;

12. Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам... Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ он екі қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдет-ғұрыптарға жетіктік, іс-әрекетті осыларға сәйкес жүргізе білу өткен кетті үлгі-өнегеге байланысты тапқырлы, халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат ету; жұртты сөзімен жігерлендіре білу, әскери өнерді мүлтіксіз меңгеру.

Әл-Фараби ұстаз бен шәкірттің арасындағы арақатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болуы керектігінде ескерткен. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болуы қажет. "Мұғалімдік", "ұстаздық" еткен адамның өлшеуі, әдісі тым өктем, қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі тым ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімге жек көретін халге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің "Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет?" деген еңбегінде.

Олай болса бұл болашақ ұстаздарға педагогикалық әдеп деген не?- деген сауалды түсінгені абзал. Әрине қарапайым тілмен айтқанда бұл ұстаздың әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік зор әсер етудің бірден бір тиімді құралын қолданатын арнайы іскерлігі. Тағы да оқушы жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады.

Педагогикалық әдепке анықтама беру үшін үш түрлі көзқарасқа негізделеді. Біріншісі – педагогикалық әдеп оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру, екіншісі – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі. Үшіншісі – мұғалім шеберлігінің жеке бір бөлігі. Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен шынайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп, сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен дара ерекшелігі қажетті қарым-қатынастар орнату және сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсібі іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогикалық техникада енеді. Олай болса педагогикалық тактика болып табылады. Такты латынша тастуб "жанасу", "түйсіну" деген мағына, ал тактика грекше "тәртіпке келтіру" деген сөзден шыққан.

Ал тәрбиешінің ең негізгі қасиеті неде? Ол коллективті ұйымдастыру, топтастыру. Егер осы қасиеттері жоқ болса оны тәрбиеші деуге болмайды.

Міне, осы жоғарғы 4 түрлі қасиеттерді іске асыра алса - тәрбие әдістерін меңгерген деп айтуға болады. Біздің бұл пәннің мақсаты болашақ педагогтарға мектептегі тәрбие жұмысының методикасының негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Өйткені, тәрбие жұмысы кең көлемді бағыт-бағдарға мол. Біз мектепте тәрбие жұмысының негізгі ғана түрлері: класс сағаты, оқу конференциялары, экскурсия, оқушылар жиналыстарын өткізудің, ұйымдастырудың түрлері бар, екінші сөзбен айтқанда модель – үлгісінің структурасы бар. Өзіміз білетін сабақтың моделі, үлгісі сияқты, параллельді екі класта бір тақырыпты екі түрде өткізу мүмкін. Бірақ мұғалімнің сабақ беру методикасында ұқсастықтар болуы мүмкін.Тәрбие методиасының маңызы-болашақ педагогтарға тәрбие жұмысының моделін түсіндіре білу.Тәрбие жұмысының моделі-оқыту процесі сияқты тәрбиеде екі нақты процесс: а) тәрбиеші, б)оқушылар. Тәрбиеші оқушыға,оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Мұғалім оқушы-оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек.Тәрбие іс әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы ортақ істі шеше білу керек. Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтратын,сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.

1-ші бөлім:Оқу,білім беру саласындағы тәрбие.

2-ші бөлім: Арнайы тәрбие.

Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескеретін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрлері, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру. Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем халықтарының озат тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалануға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Этнопедагогика. Әбілова З.Ә. Алматы, 1997 жыл

2. Егемен Қазақстан-2010ж№8

3.Оқыту –тәрбиелеу технологиясы-2009ж№6

4. Мектептегі психология. 2013 жыл



ОЙЫННЫҢ ТҰЛҒА ПСИХИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Құтыбаева Ш. (Қызылорда)
Бастауыш сынып оқушысының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше.

Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бола ма?» - деп айтқандай бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Қай бала болмасын ойнап өседі.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өміріндегі ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады»

Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың бастауыш сыныпта ойынға деген құлшынысы, қарым – қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп есейгенде де өмірінде де жалғаса береді. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады.

Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын, ойнап өседі. А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын арттыруға, көңіл бөлуге, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады.

Ойын оқушылардың ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуға көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілік пен жұмбақ, ребус т.б. араластыра отырып ойын түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Сөзіміз дәлелді болу үшін 1-2 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрі «Қай әріпті жоғалттым» ойыны. Мысалы: д...ла, д...п, ай...а, к...к.

«Қай буынды жоғалттым» ойыны. Мысалы: қа..., пар..., ша....ла, те...мет, а...ша.

Ойын жаттығуларға сөзжұмбақтар, ребус, жаңылтпаштар жатады. Қимыл-қозғалыс ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін арттырады.

Мысалы: «Сыңарынды тап», «Сөйлемді жалғастыр». Бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.
Баланың бойында

ойлау тапқырлық шыдамдылық ұйымдастырушылық белсенділік

пайда болады.
Ойынды сабақтың соңында, оқушылар жаңа оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Ал сабақ аяқталуға 5-10 минут қалғанда ұлттық ойынға көшкен дұрыс. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында

оқушы

тынығады бірлеседі ұйымшылдыққа үйренеді


Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегенім –білеу,

Екі дегенім-егеу,

Үш дегенім –үкі,

Төрт дегенім –түлкі т.б.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап ойындардың әсері мол. Ребустар шешуде баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді. Жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң сөйлеуге үйретеді. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе,іс-әрекеті амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді.

Математикалық жаңылтпаштар тіл ұстарту үшін пайдаланылады. Әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Әр сабақ қызықты, тартымды, оқушылардың қызығушылығын тударытындай етіп жоспарланса, мұғалім жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Сабақты өте көңілді эмоциямен бастау да, сабақтың соңына дейін нәтижелі өтуіне әсерін тигізеді.

Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Әртүрлі қызықты тапсырмаларға оқушылар бар ынта жігерлерімен беріліп оны тез білуге, меңгеруге талпынады. Мұғалім ойынды бастамас бұрын, ойын шартын толық түсіндіріп, оқушылардың толық түсінгеніне көз жеткен соң ойынды бастау керек. Әрдайым жаттанды бірыңғай ұқсас ойындар да,оқушыларды тез жалықтырып, шаршатып жібереді. Сондықтан ойын түрлерін үнемі түрлендіріп отыру керек. Ойын барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ой - пікірлерін топпен немесе жеке айтуға бейімделеді.

Мысалы: «Ойлан тап», «Кім жылдам», «Кім тапқыр», «Не жоқ», «Керегін тап», «Кім болам» т.б.

«Не жоқ» ойыны. Мұғалім үстелдің үстіне бірнеше ойыншықтарды қояды. Оқушы сол затты көріп, есінде сақтау керек. Сонан кейін мұғалімнің нұсқауымен оқушы көзін жұмады, сол кезде мұғалім бір затты тығып қояды. Оқушы жоқ затты атау керек.

«Кім болам»ойыны. Тақтаға суреттер ілінеді. Тақтаға шыққан оқушы өзіне ұнайтын мамандыққа сәйкес суретті таңдап алады да, оның артындағы тапсырманы орындайды. Қалаған мамандыққа сәйкес тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі болып есептеледі.

Әр сабақтың тақырыбына ойындарды пайдаланып отыру оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады.

Сабақта мұғалім оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге ынтасын ашады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа ынтасын арттыруға болады.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуга үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгеріп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Оқушылардың жұмыстарынан байқап білгенім, ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысты, қызығушылығын арттырады. Әр түрлі қызықты тапсырмаларға оқушылар бар ынта жігерлерімен беріліп оны тез білуге, меңгеруге талпынуы, түрлі дағды әдіс – тәсілдер қалыптасады. Ойын арқылы әр баланы қайырымдылыққа, жақсылыққа, әдептілікке, ізгілікке, шапшаңдыққа баулып отырамын.

Қорыта келгенде, ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Жас сәбидің өмірі ,қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойын баланы мінез - құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.



Пайдаланған әдебиеттер:

Бастауыш мектеп №4, 2003 жыл.

Бастауыш сыныпта оқыту №3, 2009 жыл.

Мектеп директорының орынбасары №5, 2012 жыл.



СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.
Жұмашева Ұ.Қ (Ақтөбе)
Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары ерте заманнан қазіргі заманғы зерттеулерге дейін қолданылады. Сыни тұрғыдан ойлау- оқыту мен оқу үшін маңызды, басты түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау модулі мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырған әрі рефлесивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады [МАН 2, 43]. Сыни ойлау: белгіленген критерийлер бойынша бағалау, рефлексия түріндегі күмәндану, дербес түрде пайымдау, қорытындылау, жүйелі түрде ойлау, логикалық талдауды қолданады.

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» деген тақырыппен жұмыс жүргізуде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға әсер етеді деген оймен осы тақырыпты таңдадым. Негізгі мақсатым: оқушылардың білімін қандайда бір ақпаратты тиімді игеріп, сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы таным, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде де қолдана білуге үйрету. Сыни ойлаудың әдіс –тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретінін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда бәсекелестік пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі. Мектептегі мұғалімдердің жаңа тәсілдермен жұмыс жүргізуі, оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуы үшін – сыни ойлау әдістерін қолдану - мектеп тұрғысында маңызды болып табылады. Оқу мен оқыту оқушыларды сыни ойлау түріне ынталандыру керек, оларды әр сабақта қандайда болмасын тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып, жан- жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап, пікірлеседі. Ойлау дегеніміз мәселе жайында өзіне сұрақтар қойып, оларға жауап іздену, жекелей және бірлесе ой қозғау.

Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлау күрделі міндеттермен қатар ол анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасқан дағдыларынан басқа оқушы немесе мұғалім оларды практикалық жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сыни тұрғыдан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды. Сыни тұрғыдан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін көздейді. Сыни тұрғыдан ойлаудың осы қағидаттрын ұстанбайтын немесе қарсы пікірді ұстанатын, яғни зияткерлік жағынан тәкапар, теріс ойлағыш, шыдамсыз, қызба, тәртібі нашар жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпараттарға немқұрайлы қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс қорытындының маңызын мойындай алмау өзін-өзі алдаумен жекелей де, ұжымдық та жабық ойлауға әкелуі ықтимал делінген [1,49]

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан кейін де әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану жатады [МАН 2,44 бет].

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі :

1. релеванттық ақпараттар жинауды :

2. дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды :

3. кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар :

4. ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды . Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс- әрекеттегі педагогикалық зерттеу практик - мамандарға мектеп мәселелерін қарастырып, оларға жан-жақты жауап алуға мүмкіндік беретін үдеріс болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Іс- әрекетті зерттеу үшін жүйелі түрде өзгерістердің дәлелдемелерін жинап, зерттеу әдісін терең білу керек.

Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер өзгерген сабақтарын өткізді. Өзгерген сабақтар кезінде Бағдарламаның негізгі ұстанымдары іс жүзінде жүзеге асырылды. Блум таксаномиясының мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. Алайда , оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады. Блум таксаномиясына келтіріп өткізген сабақтарында ойлау түрі бойынша ретімен қойылған сұрақтарға жауап алу деңгейі тиісті дәрежеде болды. Мысалы, алтыншы сыныпта өткен «Сын есімді қайталау» тақырыбында өткен сабақта ойлаудың «білу» деңгейінде мұғалім үш ашық сұрақ , екі жабық сұрақ қойып, ашық сұрақтың екеуіне тиісті дәрежеде біреуіне төмен дәрежеде, екі жабық сұраққа жоғарғы деңгейде жауап алынды. «Түсіну» деңгейінде «сын есім қалай жасалады?, «сын есім сұрақтары қандай?» сияқты сұрақтар қойып, үш ашық сұрақ, үш жабық сұраққа тиісті дәрежеде ойлау түрінің болғанын көрсететін жауап алынды. «Сын есім туралы не білесің?», «Білу» деңгейінде берілген бұл сұраққа Жаңыл: «заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім деп атаймыз», Нұрсұлтан: «сын есім сөйлем мүшесінде анықтауыш қызметін атқарады», Ақжайнақ: сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады» деп жауап берді. Бұл модулдің сынып үшін, оқушы үшін маңызы, сыни ойлауға төселген, сындарлы сынып болып табылады. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды. Блум таксономиясына сәйкес , барлық деңгейлер сыни тұрғыдан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сыни тұрғыдан қолдану, талдау синтездеу, немесе бағалау алдында оны жинақтап , ойластырып алу керек [МАН 2, 47бет]. Мұғалімдер үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы –бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдемелер жинап, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану қарастырылады. Оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасауға мүмкіндік жасалады. Сыныптағы қарым-қатынастар кезінде диалог арқылы да сыни тұрғыдан ойлауға болады. Қолдануға болатын әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және «диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының негізгі ерекшеліктері: Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал). Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан - жақты болу ( барлық дәлелдерді есепке алып, барлық көзқарастарға көңіл бөлу). Өзіндік сана-сезім : өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.

Сыни ойлау әдістерін қолданған сабақтың құрылымы мына сатылардан тұрады : 1. Қызығушылықты ояту сатысы : Бұл сатыны сондай-ақ, уәждендіру – оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады . 2. Мағынаны тани білу сатысы: Оқушылардың білімін қалыптастыру деңгейі болып табылады, оны зерттеу талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болуы керек. 3. Ой толғаныс сатысы : Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушы шешім қабылдай алатын мүмкіндігі болуы керек .

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерін тиімді қолдану оқу сапасын жақсарта ала ма?»

Мен бұл сұраққа жауап беру үшін мектептегі тәжірибе кезінде пәндерден сабақ беретін мұғалімдермен бірлесе отырып зерттеу жұмысын жүргіздім. Мен нені зерттедім? Жеке тұлға болып қалыптасуын, сабақтағы іс-әрекетін, сыни тұрғыдан ойлауын. Оқушылардың жұмысын зерделеудің кезеңінде мұғалімдермен талқылау, олардың қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларды оқытудың жеке үдерістерін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатанымды түсінуге көмек береді. Ең жақсы білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете отырып, жоғарғы сапалы білімді үнемі және білім беру жүйесінің барлық бағыттарында ұсынады . Сын тұрғыдан ойлау әдіс – тәсілдерін қолданған сабақтардың ерекшелігі дәстүрлі сабақтың айырмашылығы меңгерілетін мәтіндегі мазмұн мен ақпаратқа байланысты сабақты басқа қырынан, қалай құралатынын айқындауында. 6-сыныпта өткен қазақ тілі сабағында «ББҮ» әдісін қолданып оқушылардың қызығушылығын арттырды. 10-сыныпта өткен әдебиет сабағында диалогпен оқытып, 8-сыныптағы биология сабағында топта постер жасап өткізген сабақтарда оқушылардың еркін, тиянақты жауап бергенін өз бетімен жұмыс жасағанын, топ жетекшісінің бағалауын, өз ара бағалауды бақыладым. Көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артты, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі, еркін жазуы, өткенді еске түсіруі, есінде сақтауы қалыптасқанын байқадым.

Мен әдеттегі оқыту іс –тәжіриебемде оқушыны жеке тұлға ретінде алып, оқушының жан-жақты дамуын зерттедім, бағалау жүйесіне өзгерту енгіздім, сыни ойлауды, оқыту мен окудың жаңа тәсілдерін (диалогты) енгіздім .

Оқушылардың білім алу үдірісінің өзгеруіне бағыт - бағдар беріп, олардың қандай, қаншалықты деңгейде өзгергенін, білім алғанын бақыладым. Оқытудың әдісін пайдалану арқылы сабақты дұрыс, тиянақты меңгеруді, оқушылардың өзін – өзі және өзара бағалауды ұйымдастырдым.

Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің қандайлық көз - қарасының болуымен, басқалардың пікірін ескеріп, қандайда бір нәрсені ойлау және қате сенімнен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістері жаңа ойларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Менің зерттеу жұмысымда бақылауға алған оқушылардың жан-жақты дамуында, білім алу үдерісінде, оқу белсенділігінде, тапсырма орындау кезінде қойылған сұрақтарға жауап беруінің қуаттылығында , өзін-өзі бағалауында жаңаша өзгерістер пайда болды. Бұл сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып өткізген сабақтар оқыту мен оқу нәтижесін жақсартты деп ойлаймын.

Бізде мұғалім- басқарушы, оқушы- бағынушы көзқарасынан арылуымыз қажет. Мұғалім сұрақ қояды, бала жауап береді, өте қатып қалған ресми қарым- қатынас. Сол сеңді бұзу үшін өзін еркін ұстап, оқуға еркін араласуға, оларды үйрету, қалыптастыру басты мәселе.

Демек, білім беруді жаңарту- үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі білім беруде кезең- кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп талданатын өзгерістер.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан- 2050 " стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек..." деген мақсат белгіленсе, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру" деп атап көрсетілген.

Олай болса, білім беру сапасын арттыруда және заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда- ұстаздар үшін ұтымды бағдарлама болып табылады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы (екінші орта деңгей) "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012ж, екінші басылым;

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші орта деңгей) "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012ж, екінші басылым;

3. С.М. Мирсейітова "Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде".





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет