Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым



бет1/4
Дата19.09.2024
өлшемі191 Kb.
#204716
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Психологиялық тренинг Мен өмірді таңдаймын


Тренинг сабақ

9 сынып



«Мен өмірді таңдаймын»




Дайындаған:
2024-2025 оқу жылы


Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын» тренинг сабақ.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу. Оқушыларды тани, түсіне білу. Оқушының өмірге дген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу өз-өзіне сенімділігін арттыру.
Міндеті: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу. Жасөспірімдер арасындағы мазасыздық деңгейлерін азайту, мақсатқа ұмтыла білуге үйрету. Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың типі: жаттығу сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілі: топтық, ойын жаттығу, тест, пікір-сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнелі суреттер, карточкалар т.б.
Сабақтың болжамдаған нәтижесі:
Оқушылардың әрбірі қайталанбас тұлға екенін сезініп, өз бойларындағы адами құндылықтарды бағалайды. Оқушылар топтық жұмыстар барысында бірін-бірі тыңдауға, бірігіп ойлануға үйреніп, олардың тіл табысу қабілеттері қалыптасып, өз сезімдерін реттеуге үйренеді. «Мен тұжырымдамасына» тереңірек көніл бөліп өздеріне сенімділігі артады.
Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың жоспары:

  • Оқушыларға тапсырма 5 мин;

  • «Армандар» жаттығуы 3 мин;

  • «Жалғастыр» жаттығуы 5 мин;

  • «Менің көңіл-күйім» тесті 5 мин;

  • «Мейірімділік алаңы» жаттығуы 3мин;

  • «Менің көңіл – күйім қандай?» жаттығуы 2 мин;

  • «Ақиқат орындығы» жаттығуы 10 мин;

  • «Күн шуағы» жаттығуы 5 мин;

  • «Сыйлық» жаттығуы 5 мин;

  • Қорытынды 2 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет