Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым



бет3/4
Дата19.09.2024
өлшемі191 Kb.
#204716
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Психологиялық тренинг Мен өмірді таңдаймын

Кілті:
1-2 ұпай. Сіз өмірдің қиындығына қарамастан, өміріңізге қуаныштысыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі жағдайда.
3-6 ұпай. Сіздің өмірге қатынасыңыз қалыпты, бірақ шаршағандық сезіледі.
-9 ұпай. Сіз болып жатқанның бәрін теріс қабылдайсыз, неліктен сіздің өміріңізде қуанышты жағдайлар жоқ? Есіңе түсірші!
Жүйкелік-психологиялық қысымды жеңілдету тәсілдері:

    • Релаксация

    • Спортпен айналысу

    • Душ қабылдау

    • Ыдыс жуу

    • Кір жуу

    • Саусақпен сурет салу (ұнға, құмға, су бетіне)

    • Газетті умаждап, лақтыру

    • Газетті өте майдалап, лақтырып тастау.

    • Сүйікті әніңді дауыстап айту

    • Қатты айқайлау, сосын жай

    • Музыкамен билеу (жаймен, сосын тез)

    • Жанып тұрған шыраққа қарап отыру

    • Он рет терең дем алу

    • Шарбаққа серуенге шығу, айқайлау

    • Тісті тілмен ішінен санау.



«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.


«Менің көңіл күйім қандай?» жаттығуы
Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерін баяндайды.
«Ақиқат орындығы» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
«Менің таңбам»
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартсында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі қалқан болып табылған. Қалқан –қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы естігің келетін үш сөз.
Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет