«Күн шуағы» жаттығуы
Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.
Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары пафоспен айтылса да, шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.
«Сыйлық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларды өмірге деген ынтасын арттыра отырып адамдарға, қоғамға керектігін сезіндіру (ата-анасына, туыстарына, достарына т.б.).
Әр бала өзінің кімге керектігін айтады.
өзі жақсы көретін адамға қимыл мен ым арқылы қасында отырған оқушыға сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі затты алып алғыс білдіре отырып қабылдайды.
Қорытындылау:
Рефлексия: бүгінгі сабақтан не білдің, алған әсерің. Бүгінгі «Мен өмірді таңдаймын» тренингімізде өмірдің қаншалықты маңызды және қымбат екенін түсіндіңіздер осы түйгенімізді өмірде қолдана білейік. Өз ойларыңызды ортаға салып қатысқандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |