Әдебиеттер
Баранова Е.В. Гогун Е.А. и др. Методические рекомендации по использованию инструментальной компьютерной среды для организации уроков в начальной школе.- СПб.: Издат. “Анатолия”, 2003.
Губайдуллин И. А., ilshat2007@yandex.ru
Intel “Обучение для будущего”(при поддержке Microsoft): Учеб.пособие. - 3-е изд. испр. – М. : Издательско-торговый дом “Русская Редакция”, 2004.
Крук Л. В. Использование информационно-коммуникационных технологий в образовательном процессе. festival.1september.ru
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Карасаева П.А. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты – жан – жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде. Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат — оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Қазіргі заман — математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс – әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. Әрбір оқушыны жан – жақты білімді етіп тәрбиелеу — әр мұғалімнің негізгі міндеті. Математика — ерекше құдіретті ғылым.
Математика жалпы білім беретін пәндердің ішіндегі күрделі пәндердің бірі. Математика – жеке тұлғаның ақыл – ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Математиканы оқытудағы негізгі талап — оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым – қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы — есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істерін бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.
Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:
- Қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс;
- Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан сабақ жүргізу кезінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану қажет.
Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті оқушылар үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша құрастырылған, есептер суреттер, графиктер, мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде оқушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Оқушы білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тестік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тестік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушы уақытын үнемдейді;
- Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Оқушының ойлау қабілеті артады.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар – әңгімелесуші – оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші – оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу – мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым – қатынас пен қарым – қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
• проблемалық шығарма әдістері;
• презентациялар пікірталастар;
• топпен жұмыс;
• миға шабуыл әдісі;
• сын тұрғысынан ойлау әдісі;
• викториналар;
• зерттеулер;
• іскерлік ойындар;
• рөлдік ойындар;
• инсерт әдісі т.б
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі – inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай – ақ оқушының танымдық іс – әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және математика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат – бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Қорыта келе, компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004
2. Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану М.Ғалымжанова Информатика негіздері. 2006 ж.
3. Қашықтықтан оқыту технологиясы Ү.М.Бекеш–Білім–Образование 2006
4. Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері Қ.Шәдиев, Қазақстан мектебі, 2006
5. Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы 2005
6. Педагогика. Журнал
4. Н.Кабушева «Математиканы деңгейлеп оқыту технологиясы» ИФМ № 2 2001ж
7. «Математика және физика» журналы
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қарашолақова Ж. С., Даухаренова Н.Э. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Жаңа мыңжылдық- бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес.Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталады.Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты роль оқу орындарына жүктеледі. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір- бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ- ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядорлық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжірибенің ойдағыдай жүргізілу барысында ARPA net желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана біріктірді. Кейін ARPA net бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымдармен мамандар пайдаланды. 1990-жылдары интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл-күйіңізге қарай одан сізді қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Қоғамды ақпараттандыру- бұл глобальды әлеуметтік процесс ,өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептегіш техника,сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау,жинақтау,өңдеу,сақтау,тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді,баспа қорында ғылыми-өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын,қоғам өндірісінің барлық саласының дамуы. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар жаңартылып отырады Рефлексивтік кәсіпқойды даярлау жекетұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді. Оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударды.Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Технологиялық білімдер-оқытудың қосалқы құралдары бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да,оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік ақпараттық құралдарды білуді, сондай ақ мәтіндрді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. АКТны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегенніңөзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралыжаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз етеді. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білу қажет. Егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Қорыта келгенде жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Сандық сауаттылық-бұл сандық технологияны пайдалана отырып ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін,сыни тұрғыдан ойлауын әлеуметтік хабардарлығын, оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технологиясына мыналар жатады 1. технология 2оқыту 3.оқытудың интерактивті режимі 4.оқыту технологиясы 5.ақпараттық технология 6.компьютерлік технология 7.мультимедиялық технология 8.компьютер 9.интернет 10.коммуникация 11.электрондық пошта 12.электрондық оқулық. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқу материалдарын толық меңгеру үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсат мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Білім беру жүйесінде білімдік-ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда мұғалім өзі білетін,жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды тиімді қолданады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Қорыта айтатын болсақ, білім беру саласындаы ақпараттық технологияны пайдалану қазіргі кезде қалай жүзеге асып жатыр десек, уақыт өте келе интернет білім беру саласында маңызды орын алуда. Алайда интернетке қосылу үшін де әлі де біраз қиындықтар кездеседі. Жалпы білім беретін оқу орындарында салалы білім беру мақсатында пайдалануға болатын ақпараттық технологияны дамытудың негізгі мақсаттары:
Интернет мүмкіндіктерін әр саладағы білім алу сапасын жоғарлату үшін кең көлемді қолдану;
Кәсіптік білім беру саласындағы интернеттің мүмкіндіктерін пайдалану;
Электрондық почта мүмкіндіктерін жоғары деңгейге көтеру;
Рассылка тізімдерін пайдалану;
FTP сервері арқылы файл беру. Оқушыны оқулық ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіншілігін қолдану;
WWW технологиясын қолдану;
Әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу.
Ақпараттық технология жүйесінің бұл мүмкіндіктерінің бәрін білім алушыларға салалы білім беру процессінде қолдану өте ыңғайлы, себебі ол білім алушылардың алатын сапалы білім сапасын котеру және қолданушының білімін, дүниетанымдылық козқарасын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер
ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.-М.: Артос, 1996-274 с.- (Просто о сложном )
ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995-735 с.
Интернетке кіріспе “Бүкілдүниежүзілік өрмек”: Әдістемелік құрал.- Алматы, 1999-25б.
Каймин. В. А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31бб.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Кенжебекова Л. (Қызылорда)
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықтарды пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстан білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалды ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі фокторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – комууникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдастыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.Осыған байланысты ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютерде жұмыс істей білу кез – келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедиаларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігін шектей білу.Осы сала төңірегінде «Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар», «информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Obasic, Pascal программалау тілдері», «12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері» тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру – ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, …білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технологилар студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баіа беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияның келесі бағыттары бар: проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар. Проблемалық оқыту дәріс тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Бейнелеу өнері пәндері бойынша проблемалық дәрістерде студенттердің эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әр түрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланылады. Дөңгелек үстел өткізу. Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерді толғандыратын кейбір мәселелерді жеке пікірлер арқылы дәлелдеу.Бұл әдіс студенттердің өз ойларын ертеңгі заман талабына сай іс – тәжірибеде дәлелдеулер келтіре отырып саналы жеткізуге көмектеседі. Дөңгелек үстел соңында студенттердің жыл сайынғы қолданбалы өнер саласындағы дипломдық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қойылған бұйымдар – қазақтың ұлттық салт – дәстүрін, ырым – жораларын бүгінгі ұрпаққа жеткізуде бірден – бір құрал. Жаңа технологияларды қолдануда Қазақстан суретшілері туралы интернет жүйесіндегі материалдармен танысудың берері мол. Студенттерді өз беттерінше тың ақпараттар іздеулеріне талпындырады.
Мамандық бойынша оқытушылардың кәсіби – шығармашылық бағыттағы іс – әрекеттерінің барысында арнаулы пәндер мазмұнын толықтыруда арнайы курсты оқытуды енгізуге, студенттердің ғылыми – практикалық конференцияларда баяндамаларды талқылауға, комплекстік тапсырмалар, бақылау жұмыстарын, жазба, курстық, дипломдық жұмыс орындауды жүзеге асыруға болады. Демек, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
• студентерді логикалық және ғылыми – шығармашылық ойлауға, кәсіби қабылдауларын, ізденушілігін дамытады;
• дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға негіз болады;
• өздігінен ізденіп, игерген материалдарын ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді.
• өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер етеді;
• іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
• өнерге деген эстетикалық белсенділікке, баға беруге талпындырады.
Педагогтар 21 ғасырда Жаңа ақпараттық технологиялар кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету – оқыту технологияларының бір аспектісі болып табылады. Білім беру технологиясы – оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс – әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.
Оқыту технологисы – дидактикалық бағыт оптимальды жүйелердің принциптерін анықтаудың және жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға келетін дидактикалық процестерді конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.
Әдебиеттер
1. Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі»: Оқулық / Халықова К.З. / Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ. – Алматы2000ж.
2. Лапчик, М.П. Методика преподования информатики,: Учеб.пособие для студ. Пед.. вузов / Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Под общей ред. М.П.Лапчика.-М: Академия, 2001г.
3. Хасанова Г. «Информатика пәнін жаңа технологиялармен оқытудың тиімді жолдары» 2005 ж.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Кенжегалиева Г.Ж. (Ақтөбе)
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры».
Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Қазіргі кезде АКТ дамыту сапалы білім берудің бір бөлігі. Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты міндеті. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. АКТ заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану арқылы айтарлықтай нәтиже беруде. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. АКТ электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, ғаламтор желісінде жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, АКТ өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі - ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - ол дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе мемлекеттік тілде электрондық оқулықтар құрылуы және интернеттің дамуы мысал бола алады. Электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Электрондық оқулық оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми - әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, кесте түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды биология пәнінде пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электронды оқулық биология сабағында оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі АКТ жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда биология пәнінде оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдары мен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Биология сабағында электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін - өзі бағалауға мүмкіндік береді. Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: физикадан, биологиядан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады. Электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы. Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық құрал - жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал - жабдықты пайдаланып зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Оқушы қабылдайтын мәліметтің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі - есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез - келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Биология сабақтарын қазіргі заман талабына сай практикалық жұмыстарды электронды оқулық, компьютер және интерактивті тақта арқылы жүргіземін. Бұл бағдарламадағы барлық практикалық жұмыстарды дер кезінде орындауға және мұғалімге үлкен көмек. Сергіту сәттерінде жаратылыстану пәндерінен бейне фильмдерді қолданамын, бұл оқушылардың жаратылыстану пәндерінен дүниетанымын және білім қорын кеңейтеді, пәнге қызығушылығын арттырады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады. Презентациялар мен слайдтар жасап көрсету арқылы, оқушылардың танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.
Жоғарыда айтылып кеткен оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Қорыта келе, жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп, тұжырым жасайды. Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеугеқұштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.
Әдебиеттер
М.А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылыіын қалыптастыру бағыттары», Информатика негіздері, 48 б.
Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб
3.Нургалиева Г. К., Тажигулова А. И., и др. Педагогические технологииинформатизации образования. Алматы: РЦИО. 2002, - 269 с.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ- БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗІ
Конкабаева Г.Қ. (Ақтөбе)
«Адам ұрпағымен мың жасайды»,- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу.
«Надан жұрттың күні- қараң, келешегі- тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі ұстаздардың алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Өз ұрпағын өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін педагогикалық технологияларды шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
ХХI ғасырдың жан-жақты зерделі талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі нығайту, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылған.
Осы орайда Ж.Аймауытовтың мына пікірі еріксіз еске түседі.: «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер». Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уалиханов айтқандай, кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүетіндей етіп дайындауға- әрбір ұстаз міндетті.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым- қатынаста. Педагогикалық технологияны меңгеру дегеніміз- шеберлік. Педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және ізденімпаздықпен жұмыс істеуге қажетті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Жаңа педагогикалық технология- оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының орасан зор кәсіптік шеберлігін, ізденімпаздығы мен сауаттылығының жоғары дәрежесін тамам етеді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, оның ерекшелігін, белсенділігін қалыптастыруға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, жаңа әдістерді пайдалану өзіміз қолданылып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөлді атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты. Білім беру сапасы- бұл білім беру нәтижесінің тұлғасы, қоғам мен мемлекет сұраныстарына сәйкестілік өлшемі.
1.Қоршаған ортаға, әлеуметтік құбылыстарға рухани құндылықтарды қосқандағы мәдениеттің барлық негізгі салаларына бейімделу қабілеті.
2.Іс-әрекеттің түрлі саласындағы ауымқы мәселелерді өздігімен шешуші білімділік құзіреті.
Жаңа әдістерді талап ететін құзіреттілікке бағытталған білім беру технологияларын анықтауға болады.
1.Модульдік оқыту технологиясы.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
3.Жобалау технологиясы.
4.Проблемалық оқыту технологиясы.
5.Дамыта оқыту технологиясы.
6.Ойын технологиясы.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетімен білімді игеру, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастырады.
Атап айтатын болсақ, сын тұрғысынан ойлау технологиясының белсенді әдістері:
1.Программалық оқыту. 2.Проблемді оқыту. 3.Интерактивті әдістер. 4.Эвристикалық әңгіме. 5.Пікірталас әдістер. 6.Іс ойыны. 7.Сайыстар. 8.Миға шабуыл. 9.Тренингтер.
Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Іс-әрекеттің мәні мен іс-әрекет субъектісінің адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқушының тек мұғалім арқылы емес, оқушының іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеуде сын тұрғысынан ойлау және жазуды дамытудың атқарар орны ерекше. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы зор. Мұндай сабақтардың тиімділігі: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, оқу-танымдық тапсырмаларды ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемділігі. Сондай-ақ шығармашылық сабақтарды оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін атап айтатын болсақ: кірлерін дәлелдеу. 2.Пікр таластар мен талқылауға қатысуы қажет. 3.Өзінің жолдасына сұрақ қоя білуі. 4.Кластастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау. 5.Үлгерімі орташа кластастарына көмектесуге үйрену. 6.Өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды талдау. 7.Өзіндік бағалауға жағдай туғызу. 8.Өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау.
Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық іс-әрекет білім алудағы ортақ қарым-қатынасты тудырады. Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауап табуға үйренеді, сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Мысалы: ой қозғау арқылы өрбитін сабақта, әрекет ету, түртіп алу, салыстыру, ой толғау, түсініктеме алу, кубизм, еркін жауап, қорытындылау жолдары, 4-5 жол өлең шығару т.б. көптеген жұмыс түрлері жүргізіледі. Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сын тұрғысынан технологиясы оқушылардың өз бетінше тұжырым жазу, қорыта келу, құбылыстар арсынан тиімді таңдй білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқамен қандай деңгкейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз қарасын өзгерту,топ алдына шығып өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады.
Осының бәрі әрбір оқушыны өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндігін ашады. Бұнда оқушы тек білім алып қана қоймайды, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынасқа қалыптасады. Бірін-бірі сыйлау, таңдап сөйлеу, өзіндік жұмыс істеу қабілеті дамиды.Бүгінгі күннің талабы әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда профессор Ж.Қараев насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын және бұл өте тиімді.
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқу идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой-өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатынында.
Деңгейлеп оқыту технологиясы 4 деңгейден тұрады:
1-деңгей.Оқушылық деңгей- оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білу қажет етіледі. Тапсырмаларды үлгі бойынша орындай алады.
2-деңгей.Алгоритмдік деңгей- үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескерілді.
3-деңгей.Эвристикалық деңгей- материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр-түрлі логикалық тапсырмаларды талдап, жинақтай алуы және салыстыра білуді қажет етеді.
4-деңгей.Шығармашылық деңгей-өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі:
-Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі;
-Бос отырған оқушы болмайды;
-Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады;
-Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады;
-Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
-Алдына қойылған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
-Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай оны дамытады.
-Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ерекшелігі:
- Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
-Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
-Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясымен оқыту нәтижесінде әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білімді қосып қана коймайды, соны өзі игеріп, ізденіп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетіп үнемі даму үстінде болатын тұлға қалыптастырады. Оқушының жеке даму ерекшеліктеріне сай 3-4 деңгейге бөлініп берілген әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімі деңгейіне жұмыс жасайды. Оқушы өз еңбегінің нәтижесін көріп өзін-өзі оқыту процесі басқаратын процес болғандықтан жеке оқушының ерекшелігін ескеру мұғалімнің міндеті. Әр оқушының өзіндік мүмкіндігі болады.Біреуге оңай көрінген тақырып екіншіге қиын тиеді. Сол себепті деңгейленген тапсырмалар беру өте тиімді.
Қорыта келе, бүгінгі таңдағы білім беру өзегіне айналып отырған мәдениет-білім-тарих бірлігі тілдің өткен тарихы мен бүгінен сабақтастыратын жол. Мұндай жаңа жүйе, жаңа бағыттар жас ұрпақтың болашақ дамуының, сапалы білім мен саналы тәрбие құралы болуына бірден-бір негізі болып саналады.
Әдебиеттер
1.Қ.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары». Алматы, 2006жыл.
2.М.Байжанов «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары». Қызылорда, 2006 жыл
3. «Қазақстан мектебі» журналы. №9, 2007 жыл
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
Коянбаева А.Ж. (Ақтөбе)
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін практикалық жағынан тиімді ұсыну әдістерін көрсетеді. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуы, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндері ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – физика. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді .Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Күнделікті бірыңғай өтетін сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіріп, бұған оқушыларды тартып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым. Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Ақпараттық технология негіздеріне төмендегідей сиаттама беруге болады. 1.Желілік технология – білім алушы, оқытушылар әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу – әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде коммуникациялық желіні қолдануға негізделген. Оқытудың желілік технологиясына жатады: Интернет желісін пайдалану, Электрондық поштаны пайдалану, Телекоммуникация құрылғыларын пайдалану. 2.Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады. «Біз Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз тиіс. - Әсіресе, өмірдің барлың саласында мультимедиялық технологияларды енгізу және дамыту қажет. Ақпараттық технологияның ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде өзіндік ерекше орыны бар. Ақпараттық технологияны әрбір пән мұғалімі өз оқыту жұмысын жүргізуде қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдісінде ақпараттық технологияны жүйелі пайдалану барысында оқушы мен оқытушы арасындағы білімге деген сара жол ғылым мен техниканың дамуында өзіндік ерекшеленетін жаңалықтарына толып, жалғасып отырғанын аңғарамыз. Ақпараттық оқытудың енгені әрбір пәнге байланысты оқытуда оқушының жұмысын оқытушы бақылап отырады, оқушы тапсырмалар жүйесін ретімен өз деңгейінде орындай алады және оқыту нәтижесін интерактивті тақта арқылы жариялы түрде көрсетіп отыруда толық мүмкіндік береді. Міне көріп отырғанымыздай өскелең ұрпақ уақытты тиімді пайдалана алтын, жан-жақты, іздемпаз,шығармашылыққа жаны құмар, ойлау қабілеті дамыған, белсенді, ақпараттық технологияны жете меңгерген болып шығады. Физика пәнін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту-педагогиканың мүмкіндігін, іскерлігін, шығармашылығын күшейтеді ал бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану өте тиімді. Себебі, пәнді оқыту кезінде кездесетін түрлі құбылыстар мен зертханалық жұмыстардың жүргізілуі, қосымша кестелер, физикалық формулалар, графиктер, кестелер, тәжірбиелерді және физикалық қажетті аспаптарды, ғалымдардың бейнесін, т.б көріністерді интерактивті тақта арқылы көрнекті етіп көрсете аламыз. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. Ондағы негізгі мақсат оқушының барылығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады. Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде осы технологияны қолдануда интерактивті тақта ерекше орын алады. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күнделікті бірыңғай өтетін сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіріп, бұған оқушыларды тартып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым. Тәжірибе көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеге қол жеткізуге кепілдік бермейді. Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.
Әдебиеттер
1. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 ж
2.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға алған мемлекеттік бағдарламасы-қазақстандық білімді жаңғырту негізі»
ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Көшет Е.Ү. (Ақтөбе)
Қазіргі кезде ғылым білімнің қажеттілік көлемі мен пайдалану саласы бойынша мазмұны айрықша тез өсуде. Оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн – жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен бірге озық технологиялардың әдіс–тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.
Сонда ғана қоғамның сұранысына қажетті пәндік мүмкіншілігі жетілген, құзіреттілігі мол, дарынды шәкірттер тәрбиелері сөзсіз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген данышпан Абай Құнанбаев. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар әр заманда заманның дамуына өз үлесін қосуда. Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол–аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту секілді өзекті мәселелер енгізілген. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс–тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды оқытуда қолдану-оқытудың ғылымилық, жекелік тәсілі, көрнекілік сияқты маңызды дидактикалық принциптерін іске асырып, оның түрлі құралдары мен әдістерін оңтайлы үйлестіреді.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу – мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, мультимедия, интернет материалдарын т.б. пайдалану күнделікті сабаққа өзіндік нәтижесін беріп отырады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс–тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс –тәсілдерінің бәрінде еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану–сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Химия пәнін оқытуда ақпараттық технология мұғалімге төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;
- оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
- қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтарды көрсетуге болады;
-химиялықэксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
-оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;
-оқушыларды өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;
-оқушының жеке ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады;
-ақпараттық мәдениеттің дамуына және ақпараттық құралдармен еркін жұмыс жасауына ықпалжасалынады.
Жалпы дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалім ретіндегі рөлі өзгереді, АКТ қолданған сәтте бағыт –бағдар беруші функциясын атқарады. АКТ сабақтың барлық кезеңінде пайдаланылады. Мысалы, жаңа сабақты меңгерту кезеңінде материалды құрастыруға, оқыту үрдісін өзектендіруге, тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге әкеліп оқушыларға тақырыпты тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді. Бекіту кезеңінде берілетін деңгейлік, танымдық тапсырмаларды слайд түрінде әзірлеп, орындауға уақыт беріледі. Оқушыға өзін – өзі тексерту мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары беріледі, яғни мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді. Тәжірибелік сабақта маңызы тіпті ерекше. Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығуда бірден виртуалды лаборатория көмекке келеді. Қайталау сабағында қай мұғалімге болмасын ақпараттың көптігі проблема туғызады деп ойлаймын, осы тұрғыда мультимедиялық презентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, т.б. тапсырмалар оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктер ашады. АКТ–ның мұғалім үшін тағы бір үлкен пайдасы оқушы білімін дәстүрлі бақылау мен бағалаудан компьютермен бағалаудағы артықшылығында.
Мысалы: - бағалаудың обьективтілігі артады;
- оқушы өз қателіктерін көреді;
- бағаны жұмыстың соңында ғана емес, әр тапсырма немесе сұрақтан кейін (ұпай түрінде) көрсетуге болады;
- бағалауға аз уақыт кетеді.
Жаңа ақпараттық технологияның осы бір негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз – өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз – тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез – келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула – химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының рухани адамзаттық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Жаңа ақпараттық технологияларды химиядан үздіксіз білім беру ретінде қолдану оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. «Ақпараттық технология» терминін академик В.М.Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.М.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ақпараттық материалдар блогында интернеттен алынған немесе қосымша ақпараттардан алынған материалдар енгізіледі. Білім бақылау тапсырмаларында оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді және ең қажеттісі орындаған жұмысының жауабын бірден көре алады.
Құқықтық нормативтік құжаттар блогында сабақтың стандарт талаптары, типтік оқу жоспары ұсынылады.
Зертханалық жұмыстар блогынан жұмыстың орындалу барысымен, қолданылатын құрал – жабдықтармен танысып, жұмысты орындауға ат салысады.
Жаттығу жұмыстары, есептер блогына кірген оқушы есептер шығарып, түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды.
Дидактикалық тапсырмалар блогынан оқушы кестелер, хронологиялық кестелер, сызбалар, ребустар т.б. тапсырмалар түрімен танысып, өз бетімен орындай алады.
Міне, қарап отырсаңыз ақпараттық технологияның оқытушы – оқушы арасындағы қарым – қатынасынан бастап, құзыреттілікке бағдарланған білім беру моделін жүзеге асыруда пайдасы шексіз деп айтуға болады.
Әдебиеттер
1. Наурызбаева Шалхар Кахармановна, Маканов Усмадияр Маканович, Ақпараттық технологиялар арқылы химиядан үздіксіз білім беруді дамыту, 2010 ж.
2. Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. Оқытудың негізгі формасы сабақ. Алматы, 2003 ж.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Кулов М.А. (Ақтөбе)
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай,өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру.Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс.Мұғалім мектептегі басты тұлға.Қай мектептің болсын нәтижелі,жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне,көзқарасына тікелей байланысты.Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол бола-шаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Сабақта өткізген «Гимнастикалық жаттығулар» тарауында оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып аламын. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады.
Олар мыналар:- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Салауатты өмір салты - келеңсіз жағдайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын,тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға,теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді,денсаулықты,салауаттылықты және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып, батыл да,жүректі, елжанды, парасатты дені сау,бақытты азамат тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Әдебиеттер
1.Адам денсаулығы және қоғамдық проблемалар. Алматы. 1998ж
2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы
3.Дене тәрбиесі жаршысы. Алматы. 2002ж
4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНФОРМАЦИЯ – КОМУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кумискалиев А.Ж. (Ақтөбе)
Ақпараттық – комуникациялық технологиямен қарулануды көздеген ұстаз өз тәжірбиелерін жиі ортаға салып, басқалармен пікір алмасып, ісденісте болуы керек. Заман талабына сай білікті де білімді, саналы шәкіртті дайындау оқытушыдан ізденімпаздықты, құзіреттілікті, шығармашылықты талап етеді. Шәкірттердің қабілеті мүмкіндігін есепке алатын, әдістемелік жүйені іске асыра алатын тиімді технологияларны пайдалану керек. Мұғалім болу үшін оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс –тәсілдерін жаңа ақпараттық-коммуникаиялық тиімді пайдалану игі нәтижеге жетуі сөзсіз.
ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: -білім сапасын көтеру; -ақпараттандыру; -интернет; -компютерлік желі; -электронды оқыту; -телекомуникация; -электрондық оқулықтарды дайындау.
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде пайдалану бағыттарының бірі-оқытуды жеңілдететін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының жасалуы. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыруды электрондық комуникациялық технологияны, интернет технологияны, желілік технологияны пайдаланылады. Осы арқылы жеке ақпараттық тұлғаны дамытуға бағыттай отырып, бойында ақпараттық технологиялардың көмегімен өздігінен ақпарат іздеу жинақтау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау, сақтап операцияларын жүзеге асыру біліктерін қалыптастыру көзделеді. Ақпараттық құзіреттілік болуы үшін мұғалім: қажетті ақпаратты алу үшін интернеттен түрлі ақпарат көздерін пайдалана алуы; жиналған ақпараттарды таңдап, сұрыптап, нақты ақпаратты ажырата білуі; ақпаратты кесте, сызба немесе диаграмма түрінде көрсете біу;Microsoft Word мәтіндік редакторында ақпаратты өңдей алуы; Power Point бағдарламасында презентация жасай алуы; интерактивті тақта немесе проекторда жұмыс жасай алуы тиіс. Осы орайда, интерактивті құралдар оқытушының, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашатындығын атап өткен жөн. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың мәні зор.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлі техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін матеметикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Оқушылардың өз бетінше оқу, білу, талдау, таңдау, өзгерту білу қабілеттерін жетілдіреді.
Жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланудағы негізгі мақсат:
а) ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілеттерін дамыту;
ә) «ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын қалыптастыру;
б) берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
в) зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қаыблдай білу дағдысын жетілдіру.
Комуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Коммуникациялық технология адамдармен өзара адамгершілік қарым-қатынасқа құрылады. Жаңа коммуникациялық технология адамдармен өзара адамгершілік қарым-қатынасқа құрылады. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқытушылардың оқу материалдарын толық меңгерту мәліметті практикалық тұрғыда тиімді ұсыну. Бұл мақсатқа жету жолында электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары, компьютерлік ойындар, үнтаспа, диафильмдер, бейнетаспалар қолданылады.
Электрондық оқулықтар – оқыту үрдісінде автоматтандырылған оқыту формасы болып табылады. Ол ғылыми- педогогикалық құрал ретінде білім беру саласында қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйеін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеумен қатар өтілген оқу материалдарын еске түсіруге ықпал етеді.Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп, түсіндіріледі.
ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуды, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы тис. «Елдің дамуы осы арқылы бағаланады» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзі, білім саласына жаңаша көзқарастардың қажет екені нақтылайды.
Елімізде білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқытушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірбилер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білу қажет. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынас жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және оны әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоцияналдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Сондықтан ең бірінші технологиялық бағаны ғана қажет.
Оқушылардың көпшілігі естігеннің 5 пайызын және көргеннің 20 пайызын сақтайтыны белгілі. Ал аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға дейін арттырады. Бұған қоса интернетке қосылған интерактивті тақта арқылы басқа қаладағы, басқа мемлекеттегі оқытушылардан дәріс алуға мүмкіндік бар.
Интерактивті тақта-оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға, білім алушының танымдық белсенділігін дамытып, мазмұнды және көрнекті тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға, сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға жаңа мүмкіндікдер береді. Интерактивті тақтаның көмегімен презентация көрсетуге, үлгі құруға, білім алушылардың материалды меңгерудегі белсенділіктерін арттыруға, сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға болады. Тақта кең спектрлі ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді: презентациялық программалық жабдықтармен қамтамасыз ету, мәтіндік редактор, СD жәнеDVD, интернет, бейнелеу, бейне файлдар, дыбыс күшейткіш болған жағдайда дыбыстық файлдар, интерактивті тақта үшін программалық қамтамасыз ету.Компьютнрге салынған барлық материалдарын демонстрациялауға болады. Онда объектілер мен жазуларды қозғауға, мәтінге, суретке, диограммаға түсіндірме жасауға, түсін өзгертуге, негізгі бөліктерін белгілеуге болады. Құралдар тақтасының «перде» құрал-сайманымен мәтіндерді, суреттерді,кестелерді жасыруға болады, сосын дәрістің негізгі кезеңінде көрсетіледі. Оқытушы мен жауап беруші білім алушының барлық сынып алдында тақтада жасаған іс-әрекеттері сыныптың назарын түгелдей өздеріне аударады.
Әдебиеттер
1.интерактивные технологии в образовании\учебно-методический комплекс\Российский государственный гуманитарный университет- Москва, 2005-21с.
2.Использование интерактивной доски в процессе обучение\Учитель-2007
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Кунирбаева Б.У. (Ақтөбе )
Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек. Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан-дүниесі де жаңаша, сондықтан өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтіледі. Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы – тиімді құралдың бірі, іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет – пәндердің мазмұнын тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Осы проблеманы шешу үшін «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын қолданамын. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың басты мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік тәрбиелік жағынан қызығуларын арттырып, ой-өрісін дамытуға басты назар аударамын. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктердің қалыптасуы. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді.
Оқытудың белсенді әдістері мыналар: Бағдарламалық оқыту, проблемалық оқыту, пікірталас әдістері, дөңгелек үстел, іс ойыны, сайыстар, миға шабуыл, тренингтер. Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданғанда мұғалім мен оқушыға берер жетістігі мол, олар: оқушының өз бетінше ізенуіне, логикалық-сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға, практикалық іс-әрекетте болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамытуға, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруға, жан-жақты мағлұмат алуына бағыт беру, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдылануға үйретеді. Бұлар – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Әрине, мұндай сабақтар тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқу үрдістері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалвқ қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастыру болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты – адамды қолдау, дамыту, өзінің өмірлік жоспарларын жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыратын ынтымақтастық. Мұндай технологияларға ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
Бүгінгі таңда қолданыста мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
В. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы;
Л. Занковтың, Д. Эльконин мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
Ю. Бабанскийдің оқу үрдісін оңтайландыру технологиясы;
М. Чошановтың. П. Третьяковтың, К. Вазинаның, В.Монаховтың модульдік оқыту технологиясы;
Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы.
Сондай-ақ, Қазақстандық ғалымдарымыз Ж. Қараевтың, Т. Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М. Жанпейісованың, Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңнен танымал. Осындай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары қазіргі кезеңде мектеп оқыту үрдісінде кеңнен пайдаланылып, оң жемістерін беруде.
Оқушыларға білімді өз бетінше игерту-сабақ беретін мұғалімнің шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Қазақ тілінен қай тақырыпты өтсе де, міндетті түрде оқушыларға өз бетінше жұмыс тапсырылады. Бұл жас ұрпаққа білім беру үстінде оқушының ой белсенділігі мен дербестігін тәрбиелейді, олардың іскерлігі мен дағдысын, ойлау қабілеттерін дамытады. Бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің міндеті де осы. Сонымен бірге ғылым мен техниканың дамуына сәйкес әр оқушы ғылым мен мәдениет саласындағы озық жетістіктермен өрлеп өсіп отыруы қажет.
Мысалы: 5-сыныпта «Анықтауыш» тақырыбын өткенде, оның білімдік мақсаты, анықтауыштың сөйлемдегі қызметін таныту, оның сұрақтары, құрамы, жасалу жолдары туралы сөйлемнен анықтауышты таба білу, оны күнделікті өмірде қолдана білу, басқа сөйлем мүшелерінен басты ерекшелігін, яғни өзіндік белгілерін ажырата білу, т.б. іскеліктерін қалыптастыруды көздейді де, осы білімнің саналы меңгерілуі үшін сабақтың дамытушылық мақсаттарында жеке тұлғаның психикалық құрылымына енетін компоненттердің барлығының қатысуы арқылы дидактикалық жаттығулар ұйымдастырылады. Сабақтың жоспарында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту көзделсе, ол жеке дара бөлініп алынбайды, сол топқа кіретін басқа жұмыстың дені осы мақсаттан туындап, оның айналасында шоғырландырады. Бұл сабақтың жүйелі, сапалы өтуіне ұйытқы, желі болады. Мұғалім сабақта жүргізілетін әрбір жұмысты жоспарлағанда қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушының ойын, ақылын дамыту мәселесіне ерекше назар аударады.
Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту – оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын бағалау арқылы олардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытуға арналған жаттығулар арқылы жасалады. Саяхатқа шығару, мұражайларға апару, сол бойынша пікір туындату, пікір-таластар арқылы танымын кеңейту секілді шаралардың да маңызы зор. Сонымен бірге оқушылардың теориялық ойлауын дамыту оқушы бойындағы шығармашылық мүмкіндікті іздеп табуға және соған оларды ынталандыруға мүмкіндік тудырады. Оқушының ойлау дәрежесін дамытатын жаңа әдістерді үнемі іздестіретін мұғалімнің тынымсыз еңбек етуін талап етеді. Жеке тұлғаны дамыта, дарыта оқыту – оқушылардың ақыл-ойын, танымдық белсенділігін, қабілетін дамытуға, олардың білім дағдыларымен қаруландырып, кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауына, еңбекке араласуына, өмірлік мәні бар әлеуметтік проблемаларды түсініп, өз орнын табуға, азамат болуларына көмектеседі.
Қазақ тілі сабағын дамыта оқытудың тағы бір жолы – қазақ тіліне берілетін ғылым-білімнің бір-бірімен тығыз байланысқан мазмұнын интеграциялай оқытудың тиімді варианттарын таңдау, іздеу қажеттігі де туып отыр.
Мектептерде оқытылатын қазақ тілі – ана тілі барлық пәндерді меңгерудің , игерудің бірден-бір құралы болғандықтан, оның кез-келген тақырыбын басқа пәндермен тығыз байланыстырып оқытудың маңызы зор.
«Интеграция» термині – латын сөзі «interatio» - қалпына келтіру, қайта құру, толысу толықтыру деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге білім беруде негізгі талап – оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру және оларға тілді таным құралы ретінде терең меңгерту, түбегейлі пәннің мазмұнын тілдік негізде интеграциялай оқыту – мұғалім алдында қойылып отырған күрделі мәселе. Өйткені тіл – дүниетанудың негізгі құралы. Қазіргі өмір талап етіп отырғандай, әрбір оқушының бойына ізденімпаздық қасиет дарыту, ақыл-ойының дамуын, білім деңгейін есепке алып, топқа бөлу, не даралап оқыту сияқты жұмыс жүргізу қажет. Оған әрине, оқытудың сан алуан тиімді түрлері мен әдістерін барынша кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті, бағдарламада берілген материалды ұғыну қабілеті бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады да, кейбіреулері орташа ұғады. Кейде үлгере алмайтын да оқушылар кездеседі. Сондықтан да барлық оқушының қолын білімге жеткізу үшін, өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызын зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми түрде дәлелдеп берді. Сабақта дифференциялай қатынас жасап, білім беруді – мұғалімдер үнемі жақсы оқитын және үлгерімі нашар балаларды топқа бөле отырып, үлгерімі нашар балалаларға көп көңіл бөледі. Олармен өте жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы пейіл білдіру арқылы баланың жүрегіне жол табады, баламен жақсы қарым-қатынас жасай отырып, сұрау, сөйлесу, түсіндіру жағын ойластырады.Мұғалім сабақ өткізу барысында көбінесе өз бетімен жұмыс жүргізгенде, немесе саяхатқа шыққанда, жеке топқа тапсырмалар бергенде өз пәні бойынша үйірмеге тарту, т.б. жолдары арқылы дифференциялау тәсілін қолданады.
Қорыта келгенде, әр ұстаз оқушыларына тасқындаған білім қорын үйрету үшін, оқыту әдісінде қосылған бұрынғы әдістердің тиімдісін пайдалана отырып, соңғы жаңалықтарды: деңгейлеп оқыту, интеграциялық оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық, тест жүйесі (компьютерлік) оқыту интерактивті тақтамен оқыту т.б. технологияларды пайдалану жолдары сөз болады. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне лайықты болуы керек. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа білім беру ісінде мұғалім оқушыға басшылық жасай отырып, олардың сапалы білім алуына жол көрсетіп отырғанда ғана қол жеткізе алады.
Әдебиеттер
1.Б.Р. Айтмамбетова, А.А. Бисенбаева Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. Алматы. КазПИ, 1991ж .
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993ж.
3. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. Алматы 1991ж
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКЕ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ
Мултыкбаева Р. А. (Актобе)
Использование новых информационных технологий, как показывает опыт, позволяет решать очень важные задачи. И среди первых я бы назвала повышение интереса к русскому языку (поработать с компьютером не надо приглашать дважды). Разумеется, решается не менее важная задача - выработка устойчивых орфографических и пунктуационных навыков. Кроме того, расширяются рамки школьной программы, обогащается лексикон учащихся, их кругозор. Меня , как и многих моих коллег, редко устраивает качество текстового материала в упражнениях школьного учебника. С упражнениями, подготовленными на материале литературных произведений XIX века, работать, несомненно гораздо полезнее. И тут на помощь может прийти Интернет.
К уроку повторения по теме: "Сложноподчиненное предложение с придаточными обстоятельственными" я дала девятиклассникам задание найти в Интернете информацию о жизни и творчестве Абая. Цели урока: систематизировать знания по теме, организовав деятельность учащихся так, чтобы они могли самостоятельно применять их в разнообразных ситуациях; развивать творческие способности старшеклассников, выразительную и правильную речь, память, образное мышление, умение анализировать, делать выводы; воспитывать уважение к слову и к поэту как человеку, владеющему словом. В качестве оборудования, помимо компьютера с размещенными на его файлах таблицами, схемами, текстами, использую портрет Абая, выставку его книг, высказывания о поэте на плакатах, электронную книгу, графопроектор (кодоскоп).
На уроке каждый ученик заполняет лист "Рейтинг деятельности". Все правильные ответы, выполненные задания оцениваются в баллах. В конце урока ведется их подсчет и в зависимости от набранного количества выставляется общая оценка.
Начинаю урок с разминки - диктанта "Угадай слово". (За каждый правильный ответ - 1 балл)
1. Равное положение людей в обществе. (Равенство)
2. Общность, сплоченность. (Единство)
3. Специалист по философии, а также вообще мыслитель. (Философ)
4. Высоко развитое чувство долга, отличное исполнение своих обязанностей. (Ответственность)
5. Чувство удовольствия, удовлетворения. (Радость)
6. Человек, наделенный способностью глубокого, философского мышления. (Мыслитель)
7. Лицо, пользующееся влиянием, признанием, уважением. (Авторитет)
8. Любовь к труду. (Трудолюбие)
9. Готовность помочь человеку в беде. (Отзывчивость)
10. Страна, в которой родился человек и гражданином которой он является (Родина)
Предлагаю подчеркнуть первую букву в словах-ответах и прочитать получившееся в результате слово.
Организую беседу:
- Как вы понимаете слово реформатор? Кого из писателей и поэтов XIX можно назвать реформатором?
- Проверьте правильность написания слов. Эти слова станут ключевыми на уроке (через проектор высвечивается файл со словами - ответами).
- Кто первым перевёл на казахский язык произведения Пушкина, Лермонтова, Крылова?
- Сегодня на уроке мы не только обобщим сведения по теме:"Сложноподчиненное предложение с придаточными обстоятельственными", но и поговорим о великом поэте, мыслителе, философе, композиторе, реформаторе культуры, основоположнике казахской письменной литературы Абае Кунанбаеве.
В душу вглядись глубже, сам собою побудь:
Я для тебя загадка, я и мой путь.
Знай, потомок, дорогу я для тебя открывал.
Против тысяч сражался - не обессудь!
Да, Абай и его путь - всё ещё загадка для нас. Ясно одно: он останется в памяти народной как поэт, проложивший путь из мрачного прошлого к светлому будущему.
Сообщаю, что на уроке будет использован материал, собранный учениками в Интернете.
Начинаю практическую часть с задания составить связный текст из сложноподчиненных предложений, используя по возможности ответы из разминки. За каждое удачное предложение ученики получают по 2 балла.
Повторение изученного организую в группах с помощью такого приёма, как составление рассказа на лингвистическую тему. Первая группа готовит сообщение на тему: "Сложноподчиненное предложение с придаточными условия и образа действия", вторая - "Сложноподчиненное предложение с придаточными причины и цели", третья - "Сложноподчиненное предложение с придаточными времени и места".
Слушаем выступления представителей групп, которые затем составляют схему. Оценив ответы (от 3до 5 баллов), приступаю к работе по тексту, спроецированному на доску и мониторы компьютеров. Это фрагмент из "Слова четырнадцатого" ("Слова назидания"):
Есть ли у человека что-либо драгоценнее, чем его сердце? Если казах говорит, что человек имеет сердце, значит, он считает того человека богатырём. Других свойств сердца он ясно себе не представляет.
Будь милосердным, считай другого человека своим братом, желай ему того, чего желаешь себе. Вот хорошие правила для того, чтобы воспитывать в себе правдивое сердце.
Если язык повинуется сердцу, то ошибок не бывает, а если язык лжёт, то и сердце бывает обмануто.
Есть у нас в народе выражение: "Доблестное сердце". Знай, что такое сердце несовместимо с обманом и хвастовством.
Человек, обладающий сердцем, быстро оправляется от несчастья. Он не идёт, как собака, за чужим караваном. Он сам поворачивает заблудившихся лошадей на истинный путь. Он покоряется, но покоряется тому, что справедливо для разума. И трудна ему иногда эта покорность. И он не покорится тому, что не выдерживает испытания разумом. Вот истинное сердце. Это львиное сердце, это то, что казахи называют "журектi"...
Ученики отрабатывают выразительное чтение текста, а затем проводят взаимоопрос по его содержанию. (За вопрос и ответ - по 2 балла)
Даю задание выписать сложноподчиненные предложения с придаточными обстоятельственными и определить их вид. (Правильный ответ - 1 балл). Чтобы проверить, как усвоено содержание прочитанного, провожу задание "Доскажи словечко": на доску и мониторы проецируются предложения из текста. (За каждое предложение - 1 балл.)
Составляем кластер "Доблестное сердце".
Контроль знаний осуществляю с помощью цифрового диктанта (читаю предложения из произведений Абая, а учащиеся записывают под номером их вид):
1. Так весною к солнцу тянутся ростки, когда степи покрываются травой.
2. Вот если ты благодаря благоразумию избегаешь плохого, то можешь считать себя человеком.
3. Для того, чтобы избежать пороков и достичь добра, необходимо знать русский язык и русскую культуру.
4. Науку же надо любить, как мать любит своего сына.
5. Не приобретай знаний для того, чтобы хвастаться или спорить.
6. Сердцу тяжко, тревожно, когда вдалеке проступают тех дней миновавших черты.
7. Если человек стремится к знанию, то знания им приобретаются.
8. Ремесленники берут в долг чужой скот и отдают его, чтобы расплатиться со старыми долгами.
После выполнения задания на экран проецируется код. (За каждый правильный ответ - 1 балл.)
Завершают работу тестовые задания:
1. В каком году родился Абай?
2. Где родился Абай?
3. Назовите первую любовь Абая.
4. Назовите вид придаточного в СПП: Если мы узнаем столько, сколько знают другие, то станем сильными и равноправными.
5. Какой союз или союзное слово пропущено в предложении: Другой вид стыда зарождается тогда, ... ты совершил поступок против закона.
6. Какое придаточное отвечает на вопросы отчего? почему?
7. Какое придаточное указывает на то, как происходит действие в главном предложении?
8. Кто является автором романа "Путь Абая"?
9. Сколько запятых пропущено в предложении: Если ты будешь легкомыслен если ты будешь увлекаться пустыми забавами то характер твой испортится ослабнет.
10. Какое придаточное указывает на то, как происходит действие в главном предложении?
После выполнения задания идёт взаимопроверка, затем на экран проецируется код. (За правильный ответ - 1 балл.)
Обобщив результаты работы и подведя итоги, даю задания на дом: написать эссе "Пушкин и Абай"
Литература
1. М.Т. Баранов и др. Русский язык. Справочные материалы. - М.: Просвещение, 1989.
2. А.И. Власенков, Л.М. Рыбченкова. Русский язык. Грамматика. Текст. Стили речи. Учебное пособие для 10-11 кл. общеобразовательных учреждений . - М.: Просвещение, 1996.
3. В.С. Гетманова. Пособие по русскому языку для учащихся 9-11 классов, готовящихся к единому национальному тестированию. - Ш.: Шикула 2005.
4. Д.Э. Розенталь. Русский язык. Пособие для поступающих в вузы. М.: Просвещение, 1997.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ – ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мұқашева И.А. (Ақтөбе)
«Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технлогияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды мұғалімдердің біліктілігін арттыруға аудару қажет».Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда ақпараттандыру заманында оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы. Жаңа технологиялар білімді меңгеру, жүйеге келтіруге көмектеседі. Жалпы технология дегеніміз – түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады.
«Ақпараттық технология» терминін В.Тлушков енгізді. Ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер».
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:
Оқу материалын түрлі дмнамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
Аудиовизуалды құралдарды қолдану арқылы оқу материалының мазмұныны түсінікті, қызықты етеді;
Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез әрі тиімді жолмен тест, бақылау жұмысын алуға болады.
Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол – бағыт – бағдар берушінің рөлін атқарады.
Егер сабақ бірсарынды өтетін болса, ол оқушыны шаршатады әрі қызығушылығын жояды. Сол себепті қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс – әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.
Үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты меңгерту, бекіту кезеңдерінде АКТ – ны тиімді пайдалану арқылы оқыту үрдісін өзектендіруге болады. Әсіресе химия пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізуде АКТ – ның рөлі ерекше, себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін виртуалды лабораторияны пайдалануға болады.
Осы орайда ақпараттық технологиялардың тиімділігі неде? Олар: материалы оңай есте сақталады; уақыт үнемделеді; тез әрі жеңіл түсінуге ықпал етеді; бағалаудың обьективтілігі артады; оқушының қызығушылық ахуалы артады.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық – коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан – жақты курстар ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дмдактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық – электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интелектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы жеткілікті: жинақтылылық, жүйелілік, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан гөрі графиктік ақпарат көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды. Олай болса, бұл мәселелерді жан – жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілуі қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет.
Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез – келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады, нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану; оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауда (білімді виртуалды өмірде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу, баяндалған материалды бекіту (тренинг), интернет – технологияларды қолдану.
АКТ - ның басты элементтері: компьютерлік тапсырмалар; интерактивті тақта; интернет желісі; электрондық оқулықтар; мультимедиялық программалар; аудиовизуалды құралдар; видеоматериалдар; техникалық құралдар, т.б.
Тақырыпты слайд (презентация) түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.
Соңғы жылдары қолданысқа шығарылған презентация саны күрт өзгерді, яғни мультимедиялы сабақтарды пайдаланатын мұғалімдер саны көбейді. Презентацияның негізгі мақсатының бірі – оқушының қызығушылығын арттыру немесе жаңа мәлімет беру. Өкінішке орай жаңа технология осы екен деп, презентация жасауда мұғалімдеріміз көп қателіктер жіберіп жатады.
Презентация қай сәтте қажет?
Аралас сабақ, сабақтың бекіту кезеңі сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Берілген сұрақтарды, танымдық – деңгейлік тапсырмаларды презентация түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін – өзі тексеру мақсатында келесі слайдқа дұрыс жауаптары жазылады. Бұл орайда мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.
Күрделі тақырыптың кіріспе бөліміне мына принциппен: көп естігеннен, бір көрген...
Қайталау сабақтарында мұғалімге ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу, толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиялық презентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді береді.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда қазіргі заманның балалары экраннан мәлімет алуға дағдыланған. Мысалы: монитор экраны, интерактивті тақта, проектор, телевизор, т.б. оқулықтардан да жақсы қабылдайды.
Презентацияны сабақ үстінде пайдалану өте қызық. Қазіргі заманғы сабақты онсыз өткізу мағынасыз болар еді. Әрине кейбір мұғалімдер презентациясыз өткізеді. Бірақ оның әсері онша болмайды. Сол себепті одан әрі жаңашылданып, ізденіп, презентацияны сауатты құрастырып, оқушының қызығушылығын арттыру қажет.
Презентация – жаңа заманда таптырмайтын мәлімет берудің жаңашыл әдісі. Бұл – тақырыптың барлық материялын, фотосурет, слайд – шоу, дыбыстық көркемдеу, видиокөріністер, дикторлық қолдау, анимация, үшөлшемді қолдау жиынтығы. Басты айырмашылығы, мазмұнды ізденіс, ерекше көрсетілім және интербелсенділік.
Енді мұғалімдерді оқушылардың үйрететін мезгілі келді. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық – коммуникативті технологияны пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе – білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Сонымен білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс – әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтылғандай ақпараттық технологияларды жаппай енгізіп мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолында жұмыс жүргізілсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, білім сапасының артуына бірден – бір септігін тигізер еді.
Әдебиеттер
«ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауы» 2011 – 2013 жж.
«Химия мектепте» ғылыми – педагогикалық журнал, 2011ж.
Интернет – ресурс материалдары
А.Х.Бектенгалиев «Пошаговая инструкция по созданию мультимедиийных уроков в программе POWERPOINT», 2013 ж
АҚПАРАТТЫҚ – САУАТТЫЛЫҚ БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Исмагамбетова А.У. (Актобе)
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет", - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды енгізу. Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі орасан зор. Теориялық материалдар әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. /3,27-бет/
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейте отырып оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Информатика сабақтарында ақпараттық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық техналогияларды оқу үрдісіне пайдалану, оқушыларға білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауға мүмкіндік беру мен қатар, оларды осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.
Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады.
Мен өз сабақтарымда пәнішілік интеграцияны жүзеге асыра отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана білу, ауыз екі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеріп беруді мақсат етіп қоямын. Қызықтыра оқытуға ұмтылған мұғалім бір мезетте оқушылар зердесінің белсенділікке, көңіл-күй толғанысына, еріктік ұмтылысына ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі сатыларында танымдық қызығудың түрлі жолдарын қарастырады. Оқыту материалдарына қызықты дәйектерді, іс-әрекеттің жаңа түрлерін, ойын элементін, жарыстар, сайыстар енгізудің де үлкен маңызы бар. Танымдық қызығуға итермелейтін қатынастарға әсерлену деңгейі, оқушылардың өз мүмкіндіктері мен танымдық күштеріне сенім артуы, өзара көмек, жарыс, мадақтау жатады. Қызығу белгілері үш топқа бөлінеді: 1. Оқу үрдісіндегі оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері: 2. Сабақтан тыс уақытта байқалатын мінез-құлық пен іс-әрекет ерекшеліктері: 3. Оқушылардың өмір сүру ерекшеліктері.
Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасауға болады.
Сонымен қатар, білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістіктерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, – Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор.
Осы орайда информатика пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдары мен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады.
Компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді;
Үнемі сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы ақпараттық білім беру –тұрақты даму тетігі.
Әдебиеттер
1. Ж.Садыбекова «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпаратты-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі». Информатика негіздері. №4, 2008, 4-5б.
2.М.Ғалымжанова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». Информатика негіздері. №3, 2006, 2б.
3.Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы. Информатика негіздері, №5,2008, 17б.
4. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары», Информатика негіздері, 48 б.
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАНАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нөкешова Д.Ө. (Ақтөбе)
Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпараттық технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы педагогика, жеке әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық тарихи, саяси әлеуметтік экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам алға қарай дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары, білімге, тілді үйренуге деген құлшыныстары арта түсуде. Білім беруде ақпараттандыру, пәндерді технологиялық ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениеттің деңгейіне байланысты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.
Интернет желісі мен электронды поштаның өсіп, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: Электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, интернет желісі арқылы сабақ өткізу. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру.
2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Білім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру жүйесі үздіксіз жаңаруларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Мамандығым тарихшы болғандықтан, педагогикалық инновацияны тарих сабағында жүзеге асыруда көптеген әдіс тәсілдерді қолдауды алдыма мақсат етіп қойдым.
1.Интернет желісін пайдаланып (флипчарт сабақ).
Оқыту әдісі түсіндірмелі иллюстративді, интерактивті.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, актив студионы пайдалану. Мұндай сабақта тірек сызбаны, деректі фильмдерден, кинолардан үзінділерді пайдалануға болады, жекелеген адамдардың, заттардың (паравоз, тігін машинасы т.б.) дыбыстары алынады. Ол ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: 8-сыныпта Англия тақырыбын өткенде тақтаның жалпы қорынан Англия картасы, эмблемасы алынады.
Жаңа сабақты түсіндіргенде интерактивті тақтаның жалпы қорынан дауыстарға барып тігін машинасы, паравоз, бу кемесінің дыбысын алуға болады. Қаламның көмегімен жылжыту арқылы сәйкестендіруге болады.
9-сыныпта “Ұлыбритания” тақырыбын өткенде деректі фильмдерден (“ІІ дүние жүзілік соғыс немесе У. Черчилль туралы “cоғысты жеңген адам” т.б) үзінділер көрсетуге болады. Қазақстан мен Ұлыбританияның қазіргі кездегі достығы, Лондон олимпиадасындағы жеңімпаздар, олар туралы деректі фильмдердегі үзінді көрсету оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанды құрметтеу, сүюмен бірге спортқа деген құлшынысын оятады.
2.Модификациялық инновация – қолда бар мәліметті дамыту, оның түрін өзгертумен айналысу. Мысалы: әкімшілік – территориялық бөліністерді өткен кезде тірек – сызбаларды пайдалану. Құқық негіздері пәнінен «Мемлекеттің функцияларын», «Құқық бұзушылық», т.б. тірек – сызбаларды пайдалануға болады. Бұл өте тиімді. Суреттерді пайдалану арқылы сабақты түсіндіру.
3. Комбинаторлық инновация-бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Әр түрлі пікір –талас ойындарын сабаққа енгізу оқушының дүниетанымын кеңейтіп, саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Мысалы: Қазақстан тарихынан «Жәңгір хан», «Әмір Темір» тақырыбына пікір-талас өткізуге болады.Бірінші топ қайраткерлердің игілікті істерін жақтаса, екінші топ көлеңкелі жақтарын талқыға салады.
«Кеңестік дәуірдегі Қазақстан», «Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары» атты пікір –талас өткізгенде 70 жыл ішінде болған оң өзгерістер мен жағымсыз жақтар сыналады.
З. Модульдік инновация – жеке дара тақырыптарды блок түрінде байланыстыру. Қазақстан тарихы пәнінен «Ежелгі көшпенділер», «ХІІІ-ХVI ғасырлардағы Қазақстанның мемлекеттері», «Алтын Ордадан бөлініп шыққан мемлекеттер» тақырыбын өткенде мемлекеттің тарихи шеңбері, негізін қалаушылар, астанасы, территориясы, шаруашылық, саяси тарихын салыстырып, оларға талдау жүргізіп, жаңалықтар енгізіп отырамын. Тарих сабағында сергіту, тест құрастыру, реферат жазу, т.б. тапсырмалар беремін. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды оқушымен бірлесе отырып талдау – өте маңызды. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде жаңалықтарға шолу жасалынады.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет:
Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьтерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда моделдеуге үйрету.
Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек;
Білімді топтық түрде бере отырып оқытуды даралауды күшейтіп, оқушының білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады
Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда пайдалану керек
Оқытуды компьютерлендіруді оқушы өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн
Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық- психогиялық талапқа сай ана тілінде электронды оқулықтар жасалып жатыр. Ондағы теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б. білім сапасын арттырға көмектеседі
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ. Оқушылардың таным белсенділігімен қызығушылығыны, оқуға деген қабілетінің төмендеуінің негізгі себептері- сабақтың бір сарынды деңгейде өтуі. Оқытушы әдістемесінде күнделікті ізденістің болмауынан оқытудың қызығушылығы жойылады, сондықтан оқытушы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің бірі- «компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізуі қажет
«Адам мен қоғам» пәнінен «Демократия» тақырыбында компьютерді пайдалану арқылы сабақ өткізуге болады. Мақсаты – оқушыға демократиялық ұғымын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы және демократиялық қоғам жөніндеашып айту. Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, саясатқа араласуға тәрбиелей отырып, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Монитордан сабақтың тақырыбы, сабақ жоспары, игерілген білімді бекіту үшін тест, тапсырмалар , сөздікпен жұмыс, тірек-сызба беріледі. Оқушының айтуы бойынша тетіктің сол жағын басқанда гипермәтін беріледі. Оқытушы дәрісті баяндап, оқушылар комьютерден гипермәтінді оқып, қажет мәлеметтерді жазып алады. Мысалы: бірінші сұрақ демократиялық ұғымымен белгілерін ашқанда Демократия дегеніміз не, оның прициптері қандай? деген сұрақтарға жауап алуға болады. Демократияның тікелей және өкілетті категорияларына сипаттама беріледі. Демократиягың бес белгісі туралы айтылады
Екінші сұрақта деморатия теориялары- антикалық, классикалық, алуан түрлілік теориялары, олардың негізін салушылар жөнінде толық түсіндіріледі.
Үшінші сұрақта Қазақстан Республикасының мемлекетінің құрылым сипаттарына, демократиялық , зайырлы , әлеуметтік, құқықтық мемлекет түрлеріне сипаттама беріледі.
Демократиялық мемелекетті басқармада халық билігінің қамтамасыз етілуі, зайырлы – Қазақстанда діни мекемелер мен дін ұсталық мемлекеттен бөлек екендігін білдіреді. Жастардың арасында іріткі салушы, уағыздаушы діни секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы ауызша айтылады.
Құқықтық мемлекет – заңды, әділеттілікті қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын сақтаудық қамтамасыз ету түсіндіріледі. Әлеуметтік мемлекет сұрағында халықтың әл- ауқатын арттыру басты нысана құрылады. Президент Жолдауына оқушымен бірлесе отырып, талдау жасалынады.
Терминдерді есте сақтау үшін сөздікпен жұмыз жүргізіледі. Қазіргі кезеңде оқу ақпаратының кең тараған формасы- интернет жүйесі арқылы ақпарат алу. Электронды пошта арқылы әлемдегі қоры бар кітапханалардан қажетті мәлеметтерді алуға болады.
Электронды оқулықтар- ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындауды негізі- модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыпта кеңінен беріліп түсіндіріледі, географиялық иллюстрациялық, әр түрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады.
Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз заманға сай өз кәсібін жетік білетін, ұлттық құндылықтары меңгеріп, өз ісінде жаңа технологияны пайдаланатын, іс-әрекетінде әлемдік компьютерлік жүйенің ақпараттық мүмкіндіктерін қолдана алатын адам болуы керек. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық боламыз.
Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болады, келесі бір жағдайда пәндік саладағы білімді таңдау маңызды рөл атқарады, ал үшінші бір жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.
Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзгеше оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
«компьютер көрнекі-бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп көрсетеді Нокс Дж.
Әдебиеттер
1. Нокс Дж. Что могут дать компьютеры педагоике: взгляд из амнреканской школы. Информатика и образования №1 1990, 31-37-б
2.Караев.Ж.ААктивизанция познавательной девательной деятельности учащихся я условиях применения компьютерной техналогии А., 1994 ,46-б
3. Жалпы тарих және құқықтану мектеп №3, 2005 25-26-б
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Нұрбекова О. (Қызылорда)
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Лексиканы меңгерту. Лексиканы меңгерту үшін түрлі әдіс- тәсілдер пайдаланылады.Нақты мағыналы сөздерді суреттер,зат,макет арқылы түсіндірген жөн.
Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет.Ал тіл көрнекілігі дегеніміз- сөздің мағынасын контекст арқылы,синонимдер мен антонимдер,сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.
Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контекстерге грамматикалық құрлым , ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрынан таныс болуы қажет.Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады.
Тіл көрнекілігінің тиімділігі сөздердің мағынасын сабақта тек шетел тілінде түсіндіріледі де жаңа сөзбен оның мағынасы арасында байланыс жасалады.
Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің кемшілігі – оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді,яғни оны бәрібір ана тілінде аударады.Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7-11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саяхат», «Білім», «Денсаулық», «Қоршаған орта», « Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер
Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар
Грамматикалық тестер
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады .Уақытты пайдалануда тиімді.
«Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана –сезімінен аластату мүмкін емес»,-деп ғалым Л.В.Щерба өте дұрыс айтқан.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б. Сөйлеу жұмыстары : Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл;қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-қарым-қатынас тіл,ағылшын тілі-халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр.Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі,таза,шебер сөйлей білуміз керек.Ал мақал-мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын,сол тілдің көркемдігін,нақышын беретін шұрайы.Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі,шебер,көркем сөйлеу білуіміз керек.Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал-мәтелдерді беріп,одан бүгінгі өткен грамматикаық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша,қазақша аударып келуге берілсе,бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды,әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады.Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру,тіл дамыту жаттығуларын қолдану,жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай,озық ойлы,айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдартәрбиелеу Мысалы;Ағылшын грамматикасындамақал мәтелдерді қолдануға болады.
The plural of nouns.
1.So many countries,so many customs.Что ни город,то народ.Әр елдің салты басқа,иті қара қасқа.
2.Many words cut more than swords.Злые языки-острый меч.Сөз сүйектен өтеді.
Modal verb “Can”
I love learning English,
I can read,
I can write,
I can speak English too.
I love learning English
And what about you?
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технологияарқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп «жабылған қазанды жауып тастасақ» айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.
Әдебиеттер
1.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
2.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
3.Ағылшын тілі мектепте. 2009№5. 2010 №1.3.
ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫ КӨТЕРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АКТ ҚОЛДАНУ
Нұрғалиева А.К. (Ақтөбе)
Мен «Пәнді оқытудағы ынталандыруды көтеру тәсілі ретінде биология сабақтарында АКТ қолдану» тақырыбын кездейсоқ таңдап алған жоқпын. Біз оқушыларды дені сау, өз қызметін бақылай алатын, мүмкіндіктерін бағалай алатын алдына мақсат қойып оны орындай алатын тұлға ретінде көргіміз келеді. Ондай тұлғаны оқыту жүйесін жетілдіре отырып, білім сапасын арттыру арқылы аламыз.
Қазіргі уақытта білім берудің мақсаты мен міндеті өзгеруде, басты назар жеке-бағдарланған білім беруге аударылуда. Дегенмен де, сабақ оқу үрдісінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың оқу қызметі сабаққа бағдарланған. Оқушылардың дайындық сапасы білім мазмұнымен, сабақты өткізу технологиясымен, ұйымдастырылу және практикалық бағыттылығымен, оның атмосферасымен анықталып, жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуін қажет етеді.
Сабақта АКТ қолдану тұлғаның дамуына және оқушылар пәнді оқуға ынталандыруға бағытталған қазіргі білім берудің жаңа түрі болып табылады. Сондықтан да, мен заман ағымына сай әрекет етіп, өз пәніме ақпараттық технологияларды терең енгізе отырып, алдыма келесі мақсат пен міндеттерді қоямын:
1. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы, ақпараттық қоғам жағдайында өзіндік жемісті қызметке дайындау:
- компьютермен жұмыс жасау білігі арқасында жинақы, алгоритмді ойлау қабілетін дамыту;
- жемісті қызмет жасау қабілеті есебінен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты сараптай білу (кестелік материалды, ақпараттар базасын пайдалану кезінде).
2. Қазіргі қоғамды ақпараттаумен шартталған әлеуметтік тапсырысты іске асыру:
- оқушыларды ақпараттық технология құралдар арқылы өзіндік танымдық қызметке дайындау.
3. Оқу-тәрбие үрдісін ынталандыру:
- ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін көтеру;
- шығармашылық қызметті белсендіруге жетелеу жолдарын анықтау және қолдану.
Қойылған мақсаттар мен міндеттер мені сабақта компьютерлік технологияны қолданудың әдістемелік тәсілдерін үйреніп, оқушылардың өзін-өзі дамыту және бейімделуіне, материалды беру жолдарын жетілдіруге жағдай туғызады.
АКТ қолданудың бағыты мен мүмкіндіктері
Мен өз сабақтарымды жаңаша, проблемалық білім беру, топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, тірек схемаларымен жұмысты ұйымдастыру, техникалық құралдарды пайдалану бағытында құрастырдым. Бірақ қойған мақсатыма жеттім деп ойламадым. Оқушының жеке қабілетіне бейімделуі, тиімді бақылау, оқушылардың өзін-өзі дамытуына жағдай болмады.
Оқушыларды ойлауға және әрекет етуге қалай үйретуге болады? Мықты немесе осалдау, дарынды немесе дарынсыз оқушының өзі белсенді қатыса алатын сабақты қалай ұйымдастыруға болады деген сұрақ туды.
Өз жұмысымды сараптай келе мен биология сабақтарында АКТ қолдану, оқушыларды пәнді ынталандырудың қазіргі уақыттағы қажетті әдісі екенін ұқтым.
Мектептегі биология курсын оқуда компьютерді қолданудың тиімділігін көрсетудің бірнеше бағыттарын анықтадым:
Шағын әлемнің нысандары мен құбылыстарын көрнекі көрсету;
Биохимиялық процестерді оқу;
Табиғи процестер мен құбылыстарды оқу;
Биологиялық эксперименттерді құрастыру;
Тестілік бақылау жүйесі;
ҰБТ-ға дайындық;
анимацияны кеңінен қолдану, биологиялық модельдеу сабақты көрнекі және түсінікті етеді;
оқушының білімін және материалды игеруін тек мұғалім емес, оқушының өзі де тексере алады;
компьютер кеңістігінде саяхат жасау баланың дүниетанымын дамытып, қоршаған орта жөніндегі түсінігін кеңейтеді.
Дегенмен де, мен компьютерлік жобалаудың биология сабағындағы басты ерекшелігі – фотосинтез, белок биосинтезі, митоз, және басқада күрделі биологиялық процестерді оқудағы басымдығы деп ойлаймын.
АКТ-мен жұмыс жасау тәжірибесін алу және басқа әріптестеріммен пікір және тәжірибе алмасу маған келесі факторлардың көмегімен іске асады:
1. Кембридж бағдарламасы бойынша 3-айлық курстан өтуде
2. Компьютерлік құрал-жабдықтар және мультимедиалық кабинеттің болуы
3. 6-11 кластар арасында түрлі авторлардың мультимедия оқулықтарын қолдану, басқа бағдарламалық өнімдерді пайдалану
4. Әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерді оқу
5. Жаңа жағдайларда жұмыс жасау қабілеті бар оқушылар мен мұғалімдердің болуы.
Табиғатта болып жатқан процестердің биологиялық ақпаратының ерекшелігі мұнда:
- бақылаушының көзіне көрінбейді;
- барлық процестер динамикада өрбиді.
Процестерді динамикада көрсету тек бейнеақпараттарды, мультимедия материалдарын, Ғаламтор қорларын пайдалану арқылы іске асады.
АКТ қолдану түрлері
Биология сабақтарының түрлі сатыларын дайындау және өткізу барысында мен АКТ-ң түрлі әдістерін қолданамын, атап айтқанда:
1. Дайын электрондық өнімдер, оқушы мен мұғалім қызметін оңтайландырып, сабақ сапасын арттырады, биологиялық объектілердің көрінбейтін қырларын тереңірек зерттеуге септігін тигізеді.
2. Мультимедиалық презентациялар, ақпаратқа қаныққан материалды толық және ұзақ уақыт есте сақтауға септігін тигізеді.
3. Ғаламтор қорлары. Қазіргі білім берудің құрамдас бөлігі болып, кең көлемді ізденіске мүмкіндік береді.
ИНФОРМАЦИОННО – КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И ИХ РОЛЬ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ
Омарова Ж.Д.(Актобе)
Цели и задачи, стоящие перед современным образованием, сегодня меняются. От выпускников школ требуется не столько знание самых разнообразных наук, сколько умение адаптироваться в быстроменяющемся мире, способность оперативно находить нужную информацию, обрабатывать и систематизировать, творчески её осмысливать и интерпретировать. Необходимо расширять кругозор учащихся, повышать уровень их культурного образования, развивать языковые и коммуникативные навыки и умения. Поэтому возникла необходимость использования в традиционном образовании современных информационных технологий, позволяющих реализовать принципы личностно-ориентированного обучения.
ИКТ оказывают влияние на все сферы жизнедеятельности человека, и особенно на обучение. ИКТ в образовательном процессе – это средство для увеличения производительности труда преподавателей и учащихся, рациональный способ повышения эффективности и интенсификации обучения и самообучения.
Ученик – это центральная фигура в образовательном процессе. А основная роль учителя состоит теперь в постановке целей обучения, организации условий, необходимых для успешного решения образовательных задач, своевременном мониторинге полученных результатов, корректировке и предупреждении возможных пробелов. Это позволяет в условиях традиционной системы образования развивать индивидуальные способности учащихся, органично использовать новейшие педагогические технологии.
Использование ИКТ позволяет не только погрузиться в другой мир и увидеть его своими глазами, но и почувствовать возможность менять эту среду, управлять ею, активно воздействовать. Компьютер помогает создать условия для повышения качества обучения (совершенствование содержания образования, разнообразие методов и приёмов подачи материала, форм и видов деятельности учащихся). С помощью технологий можно решать такие педагогические задачи, как: обучение в сотрудничестве, взаимообучение; активизация познавательной деятельности, повышение мотивации к образованию и самообразованию; осуществление дифференцированного, индивидуализированного, личностно-ориентированного подхода; разрешать проблемы разноуровневого и группового обучения, задействовать все каналы восприятия информации, прививать любовь к предмету, создать атмосферу психологического комфорта. Оптимальное сочетание индивидуальной и групповой работы способствует повышению эффективности образовательного процесса.
В настоящее время недостаточно использовать, к примеру, презентацию как средство наглядности, необходимо повышать её интерактивность через применение гиперссылок, триггеров, различных видов анимации. При этом не стоит забывать о целесообразности и обоснованности того или иного эффекта, чтобы это не отвлекало ученика от предмета, а служило развитию у ребёнка повышенного интереса к нему.
Использование ИКТ на уроках истории и географии позволяет разнообразить формы работы, деятельность учащихся, активизировать внимание, повышает творческий потенциал личности. Электронные учебники, виртуальные экскурсии, справочники, энциклопедии, уроки в электронном виде и методические разработки к ним – сейчас существует довольно широкий интерактивный мир возможностей для успешного образовательного процесса. Построение опорных схем, использование кроссвордов, иллюстраций, рисунков, различных занимательных заданий, тестов воспитывают интерес к уроку, делают процесс обучения более увлекательным.
Уроки с ИКТ развивают у учащихся самостоятельность, помогает экономить время учителя, дает возможность учащимся самим оценить свои знания, способствуют формированию у учащихся рефлексии.
При проектировании урока учитель может использовать различные программные продукты:
1.Языки программирования- с их помощью учитель может составить различные программные продукты, которые можно использовать на различных этапах урока.
2. Возможно при подготовке и проведении урока использование готовых программных продуктов (энциклопедий, обучающих программ и т.п.).
3. Большую помощь при подготовке и проведении уроков оказывает учителю пакет MicrosoftOffice, который включает в себя кроме известного всем текстового процессора Word еще и систему баз данных Access и электронные презентации PowerPoint.
4. Система баз данных предполагает большую подготовительную работу при составлении урока, но в итоге можно получить эффективную и универсальную систему обучения и проверки знаний.
5. Текстовый редактор Word позволяет подготовить раздаточный и дидактический материал.
6. Электронные презентации дают возможность учителю подготовить наглядность к уроку. Уроки, составленные при помощи PowerPoint зрелищны и эффективны в работе над информацией.
Использование компьютерных технологий возможно на различных этапах урока.
На этапе повторения эффективны блиц-опросы, экспресс-задания, викторины, тесты, задания для самостоятельной работы.
На этапе активизации знаний, подготовки к восприятию нового материала можно предложить проблемные вопросы и задания. Игры «Четвёртый лишний», «Что? Где? Когда?» и др., кроссворды, ребусы, шарады, созданные с помощью компьютерных программ, повышают мотивацию ребят, настраивают на активную познавательную деятельность.
На этапе закрепления нового материала можно организовать тестирование с применением различных игровых программ, исторический диктант, задания творческого характера и многое другое.
Но, наряду с плюсами, возникают различные проблемы как при подготовке к таким урокам, так и во время их проведения.
- В рабочем графике учителей не отведено время для исследования возможностей Интернет.
- Существует вероятность, что, увлекшись применением ИКТ на уроках, учитель перейдет от развивающего обучения к наглядно-иллюстративным методам.
- Сложно интегрировать компьютер в поурочную структуру занятий.
- Отсутствие контакта с учителем информатики
- Нет компьютера в домашнем пользовании многих учащихся и учителей, время самостоятельных занятий в компьютерных классах отведено далеко не во всех школах.
Таким образом, можно сделать следующий вывод: на современном этапе развития образования именно информационные технологии, используемые в сопровождении образовательного процесса, являясь универсальными средствами обучения, позволяют не только формировать у учащихся знания, умения и навыки, но и развивать личность ребёнка, удовлетворять его познавательные интересы.
Применение новых информационных технологий в образовании позволяет дифференцировать процесс обучения школьников с учетом их индивидуальных особенностей, дает возможность творчески работающему учителю расширить спектр способов предъявления учебной информации, позволяет осуществлять гибкое управление учебным процессом, является социально значимым и актуальным.
Литература
Гусева А.И. Методика педагогических осознанного применения ИКТ в учебном процессе.
Крук Л. В. Использование информационно-коммуникационных технологий в образовательном процессе
Сайт "Фестиваль педагогических идей" [Электронный ресурс]:
Достарыңызбен бөлісу: |