ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


МҰҒАЛІМНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІН ДАМЫТУ



бет50/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56

МҰҒАЛІМНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІН ДАМЫТУ
Сагинбаева Г.Е. (Актөбе).
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, жастардың жас кезінен-ақ білім алуға баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашылыққа қабілетті, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап, шығармашылық іс-әрекетке ынталандыруға, соның нәтижесінде шығармашылық қызығушылығының қалыптасуына тікелей байланысты.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.



  • мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл- күй тудыруы арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.

  • оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылыққа тапсырма, міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

  • оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау қажет. Сондай-ақ шығармашылық бағытқа баланы жүйелі , саналы түрде қалыптастырып отырған дұрыс.

Мұғалім өзінің сабағында шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуын тудыратын сұрақтар болуы керек. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетін болуы керек. Олай болса, «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар, ұйымдар ұйымдастыру сияқты оқытудың жаңа технология түрлері іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында елбасының «Біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізге достық қарым қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында «Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың еңгізу арқылы білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту» өзекті мәселелер еңгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Әр бір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігінен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой- өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Оқушылардың қабілеті екі түрлі әрекетте дамиды.

Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білік, білім дағдыны қабылдайды.

Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық іс- әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.

Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін- өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр- түрлі мақсатты шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгертетін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек

- туа біткен қасиетін дамыту;

- отбасының жағдайы, ата- анасының қолдауы;

- оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынас;

- ұстаз біліктілігі;

- мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.

Міне, осылар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі. Күш- қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды мұғалімдер үнемі жүргізссе онда, оқушыларға өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді, шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлануға жетелеп, қызығушылығын оятып, белсенділікке ынталандырады.

БАСТАУЫШСЫНЫПОҚУШЫЛАРЫНЫҢТИІМДІӘДІСТЕРАРҚЫЛЫІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫНҚАЛЫПТАСТЫРУ
Исламова А.Т. (Ақтөбе)
"Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің бастымақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау" делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы. Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысыболмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөндеп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білімберудежекеоқытудыдамыту, көзделуіқажет. Көрнекті педагог

В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құрғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қолжеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтындығы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенгекеліпсаяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылықдеп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кезкелген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өзбетінше білім алу процесінде бірлесе әрекетету. Сондықтан, жаңа технологияны пайдалану дегенде, өзбасым интерактивті тақтаны барынша көпқолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни, уақытты ұтымды әр ітимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады. Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол. Бастауыш сыныптарда, әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді.

Білім беру реформалаудың мақсаты – қалың бұқара топтарын сапалы біліммен қамтамасыз ететіндей білім берудің тиімді жүйесін жасау, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Бұл мақсат Қазақстан Республикасы Президентінің 4 желтоқсан 2001 жылғы №735 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында көрсетілген. Соған байланысты білім беру саласы бойынша басты назар адамға алған білімді қолдануға қажетті және үздіксіз» оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Стратегиялық жоспарда қойылған мәселені шешудің оңтайлы жолы ретінде білім беру процесінің соңғы нәтижесінде бағдарланған, мүдделі адамдардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің ескеретін білім стандартына көшу ұсынылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жалға сын таппақ.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол – заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай, яғни" ...оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашутетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру..."сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.

Бастауыш сыныптардың жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін, дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.

Қазір бұрыңғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбиеісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.

Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - дегенеді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.

Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.

Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алғабасатыны даусыз.

Қазір мұғалімдердің сабақ беру мен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.

Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек. Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркем өнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын, бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.

Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.

Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.



ЗАМАНАУИ БІЛІМ САПАСЫН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Кульжанова Р.З. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды. Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзғараспен қарау деген сөз, яғни, дамып жатқан заманауи білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өсіп келіп жатқан дені сау ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Біз еркін білім алу кеңістігін көздейтін жаһандыру заманында, электрондық қатынас құралдарының дамыған кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Бұл заман кәсіби білімі жетік, құзыретті мамандарды талап етеді. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асатын жаңартылған педпгогикалық технологияны меңгеру үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Білім беру саласы қызметкерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды меңгеру, бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады.

Қазіргі білім беру тәжірибесінде білім мазмұнын сараптай отырып, оқу материалын жеңілдету, оқушының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған, жаңа оқыту технологияларына негізделген, жаңа білім сапасына қол жеткізу көздейтін білім мазмұнын құру білім беру жүйесінің барлық саласында күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналып отыр.

Мұндағы басты нысана-нәтижеге бағдарланған білімнің өмір сүру талаптарына сәйкес сапасына қол жеткізу.

Білім сапасы, білім беру сапасы ұғымдарының мәні уақыт өткен сайын түрлі көзқарастар негізінде жан-жақты мағынада ашылуда. Оны ұйымдастыру тиімділігімен тікелей байланысты, яғни мақсат пен нәтиженің арақатынасы.

Білім беру нәтижелері туралы ақпараттық негізгі тұтынушылары болып табылатын білім беру үдерісіне қатысушылар – мұғалім, оқушы, ата-аналары білім сапасын бағалау жүйесінің негізгі міндеттерінің шешушілер де бола алады.

Білім сапасын өнімділігі жағынан қарағанда белгілі бір әрекеттерден нәтижесіне деп қарайтын болсақ, біржақты пікірге тап болуымыз мүмкін. Өйткені білім сапасын қатысты пікірлер түрліше.


  • мұғалімдер үшін білім сапасы оқу материалымен жабдықталған оқу жоспары;

  • ата-аналар білім сапасын баланың жеке дамуына қатысты деп біледі;

  • оқушы үшін білім сапасы мектепішілік жағдаймен тікелей байланысты екенін біледі.

Осыған орай заманауи білім беру үдірісіндегі әрбір субъект педагог, оқушы, ата-ана, мектеп әкімшілігі білім сапасын қамтамасыз етуге мүдделі. Осыған байланысты ортақ мақсатқа жұмылдыратын ұстанымдар айқындалуы тиіс.

Бүгінгі қолданыстагы білім сапасын анықтау жолдары қоғам қажеттілігін қанағаттандыра ала ма? Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім сапасын бағалау оқушының білімін тестілеумен шектелмейді. Бағалау әрекетіндегі біздің басты мақсатымыз – баланы таңдау еркіндігін, жеке жұмыс істеу қабілетін дамыта отырып өз күшіне сендіру қажет. Егер сабақтың барысында оқушы өз білімін бақылау мен бағалау мүмкіндігіне ие болатын болса, оның бойында өзіне, өз әрекетіне деген сенімділік пайда болады, бұл оқушыны жетістікке жетелейді, оқуға деген қызығушылығын, тануға деген ұмтылысыноятады.

Ал оқушының білімінің жетістігінің көрсеткіші болып келе жатқан бес баллдық жүйенің білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы рөлін қатардағы талаптардың бірі ретінде ғана қарауға болады. Өйткені әлемдік білім кеңістігіне бет бұрған заманда, қоғамның білім сапасын қоятын талабы өмір сүру бәсекелесімен байланысты өз бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Өскелең ұрпақты өмір ағымынан қалдырмай дамытуда, ақпараттық технологияның қарқындылығымен бірге белсенділігін арттыруда, өсіп келе жатқан ортасында бәсекелестікке икемдеуде білім, білік, дағдымен бірге негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Ұлы педагогтардың барлығы білім сапасын артуы оқушының практикалық өмірімен тікелей байланыстылығымен айтады. Мектептегі білімнің мәнін мазмұн емес, білімді өз бетімен алу білігін қалыптастыратын, таным қабілетін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе анықтайды. Жаңа оқыту технологиялармен қатар, «портфолио» технологиясының білім беру үдесінде белсенді қолданыла бастауы білім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау қажеттілігімен тікелей байланысты. Оқушының білім жетістіктеріне арналған бұл тәсіл өзіндік құрылым мен мазмұнға ие біртұтас жүйеден тұрады. Оны оқушының өзін-өзі бағалауына, өзіндік іс-әрекетіне басшылық жасауына мүмкіндік туғызатын, өзіндікқолтанбасы болып есептелетін құндылықтары сақталатын «алтын сандығы» деп атауға болады. Нәтижесінде өзінің әрекетіне басшылық жасау, өзін-өзі бағалау сияқты қабілеттері ашылып, дами түседі. өзіне деген берік сезімі пайда болады.

Егер портфолио технологиясы ғылыми - әдістемелік жағынан негізделіп, мектеп өміріне белсенді енгізілетін болса, біліс сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағалау жүйесіне қосатын үлесі зор деп есептеймін.

Заманауи білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін жаңа оқыту технологияларының ішінде ақпараттық-коммуникативтік, денсаулық сақтау, жобалау-зерттеу т.б білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей қызмет етуді көздейді. Бұл технологиялардың бүгінгі күні педагог қауымының іс-тәжірибелерінен кеңінен орын алуы олардың білім сапасын арттырудың тың жолдарын қарастырудағы терең ізденісі деп білуге болады. Мысалы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арта түседі. Оқушының сабаққа деген ынтасы оянады. Осыған байланысты озық технологиялармен дер кезінде қамтамасыз етіп, озат тәжірибені таратудың идеяларға негізделген әдістемелік жүйесін құруды күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыбына айналдырған.

Сабақта сонымен қатар, электронды оқулықтармен де жұмыс жұргізу тиімді болып табылады. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу – әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді, әрі жеке жұмыс істей алады. Оушының жұмысын жетілдіріп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тапсырмалар, тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім денгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Оқушы өзінің жинаған бағасын немесе төмен ұпай санын көріп, қатесіз дұрыс орындауға, дұрыс жауабын табуға қайта талпынады. Бұл жағдай оқушыларды өз еркімен білім алуға ұмтылдырады. Осыған байланысты мұғалім тек оқушыға бағыт – бағдар беруші, ал оқушы берілген бағыт – бағдар нәтижесінде өзі ізденіп, жүктелген тапсырманы шешу жолдарын іздеп табады және сол алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана алу керек.

Ал жобалау-зерттеу оқыту технологиясын жаппай қолданылуы мұғалімнің ғана емес, оқушының өзіндік жобаларын құрып, ізденіске енуіне мүмкіндік туғызып отырған үрдіске айналуда. Бұл үдірісте мұғалімнің білім беруші қызметінен гөрі, оқушымен бірге ізденуші рөліне енуін талап ететін бәсекелестік нышаны пайда болуда. Мектеп пен әр мұғалімнің міндеті оқушылардың қызығушылығына, қабілеттеріне, мүддесіне, дамуына жағымды жағдай жасау қажет.

Мектептегі білім беру мынадай бағыттарды көздейді:



  • оқушының жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, тұоғалық бағдарлы оқыту;

  • оқушының қоршаған ортасын танып білуге құштарлығын арттыратын зерттеу-жобалау әдістемесі бойынша оқыту;

  • жеке тұлғаны жан-жақты дамытуғаарналған жаңа технологияларды кеңінен қолдану.

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы осындай тың идеялар оқушының өз бетімен білім алуына, зерттеу жүргізуіне, қорытынды жасауына, пікірін ортаға салуына, түрлі проблемалардың шешімін табуда өз бетімен қадам жасай алуына жағдай туғызады. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалдастық сипаты өзгеріп, ол баланың өзіндік жұмысын ұйымдастыруына бағдарланады.

Заманауи білім беру сапасын бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу кез-келген жеке тұлға өзінің алға қойған міндеттерін қай жас кезеңінде болмасын шешуге жаңа технологияларды еркін қолдана алатын жағдайда ғана мүмкін болады. Өйткені адамның интеллектуалдық дамуын көздейтін қоғамның білім беру саласы әлемнің озық тәжірибесіне жүгінетіне белгілі.

Сондықтан еліміздің сапалы білімді көздейтін білім беру саясаты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Қорыта айтқанда, білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру ісі әрбір жеке тұлғаның дара қабілеттерін аша отырып, бәсекелестікке әзірлігін қамтамасыз етуді көздейтін жүйелі әдістемелік қызметке айналғанда ғана білім берудің негізгі бағыттары айқындала түседі деп есептеймін.

Заман талабына сай қазіргі уақытта білім мазмұнын оңың құрылымдық жүйесін жаңарту-білім реформасын жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу мұғалімдер алдындағы басты міндет. Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауы, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Ендеше, білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін шығармашылық ізденістердің қатары кеңейіп, мазмұны тереңдей берсін!



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Бітімбаева Қ.О. Мектептегі тәрбие үрдісінде оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденіске баулу.- «Білімдегі жаңалықтар», 2012ж.

  2. Токтарова Ж.К. «Ақпараттық –коммуникативтік технологияларды пайдалану», 2011ж

  3. Подласый И.П, Педагогика. М 2009ж



БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Алданазарова Г.А. (Актөбе)
Қазақстан халқының болашағы жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақтың қолында. Ұлтымызды дүниежүзілік деңгейге көтеретін саналы да дарынды, талатты да талапты ұрпақ. Ол үшін ұрпағымыздың меңгерген білімі сапалы болуы шарт.

Қазақстанда қазіргі таңда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып жатырғаны бәрімізге белгілі. Осындай түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдында жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Соның нәтижесінде өмірге көзқарасы қалыптасқан, қазіргі жағдайда өз бағытын бағдарлай білетін, өмірде бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде өз орнын таба білетін адам яғни «білімді адам» шығаруымыз қажет. Оқушылардың ойлау қызметін дамыту, ой пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана білу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту-маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені сапалы шее білетін тұлғаларды талап етуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігін бастайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу, оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді.

Осыған сүйенсек, мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабілетті болудың қайнар көзі.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамкында негізгі 3 фактор

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында негізгі ықпалы зор факторлдар:


  • орта

  • тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар саласы)

  • тәрбие (сыртқы әсерлер саласы)

Аталған факторлардың ішінен тәрбиеге қатысы бар кейбір ерекшеліктерге тоқталсақ. Атап айтар болсақ, адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам баласының болашағын шешетін де осы тәрбие. Бірақ осы мәселені «қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек»деген ойкүн тәртібінен қалмайды. Тәрбие мәселелсін жүзеге асыру жыл сайын жаңарып, әр кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз.

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлауға, кез-келген алдынан шығатын мәселелерді шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Рухани дамыған бәсекеге қыбілетті тұлғаны қалыптастыру үшін оқушы бойына мынадай құндылықтарды сіңіруіміз қажет.

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін қажет құндылықтар.

Танымдық бағыт

  • таным мәдениеті, иетелект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, сындарлы ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі т.б.

Адамгершілік бағыт

  • жеке тұлғаның қасиеттері: сыйлау, мейірімділік, әділдік, адамгершілік, ұстанымдар, қадір-қасиет, ұқыптылық, т.б.

Әлемдік бағыт

  • азаматтылық, патриотизм, белсенді өмірлік поэзия, адам құқықтары т.б.

Ұлттық бағыт

  • сал-дәстүрді, дінді әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандық, елің жеріңсүю, т.б.

Салауатты өмір салты

  • экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, дене шынықтыру т.б.

Дүниетаным бағыты

  • ғылыми білімділік дүниетаным, танымдық дүниені қабылдау, дүниені түсіну, әлем туралы ойлау, ой-толғаныс т.б.

Қазіргі таңда мұғалімдер алдына дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлаумен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастру міндеті тұр. Мұндай жағдайда алдымен оқушы бойында шығармашылық қабілетті қалыптастыру міндеті тұр. Мұндай жағдайда алдымен оқушы бойында шығармашылық қабілетті қалыптастырып алуымыз қажет. Сол себепті де оқушылар өзін барынша көрсете білу және де қоғамға пайдалы түрде қалыптасу үшін ақпараттарды өз берінше табу, талдау, тиімді пайдалану дағдыларын бойына сіңіруі маңызды.

Бұл жағдайда мұғалімдерге қойылатын талап-алдында отырған түлектің бәсекелесу мүмкіндігін тудыра алуын қадағалау. Бала өзін танып білуі, бағалануы үшін, ата-аналармен ұстаздар мынадай мәселелерге көңіл аударуы қажет:



  • Бала тәрбиесінде нені бағалайтыныңызға талдау жасап алу;

  • Адал болу, себебі бала өтірікке өте сезімтал;

  • Баланың даму деңгейін бақылау;

  • Ұзақ әңгіме мен түсіндірмесөздің пайдасы жоқ екенін ескерту;

  • Бала бойындағы өзгерісті уақытымен анықтау;

  • Баланың дара ерекшелігін бағалау;

Талантты бала болса, оған көмек қолдау керек. Дарынға көп көңіл бөлмей жатамыз. Олар көп байқағыш, сезімтал. Бір мезгілі ішінде бірнеше жағдайды байқайды, қоршаған адамдардың мінездерін, қимыл мен кескінін, дыбыс ырғағын. Бәріне көңіл аударады. Қарапайым балаға әсер етпейтін қатынас, дарынды баланы алаңдатады. Дарынды бала – бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін не болмаса сондай жетістіктер әуелетін мол бала. Сонымен қатар олар негізгі түсініктерді тез қабылдап, ақпараттарды есте жақсы сақтайды.

Оқушы әрекетінің ең бастысы – оқу. Ол алдын-ала жасаған жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде мұғалім басшылығы арқылы іске асырылады.

Оқу-баланың танымдық белсенді әрекеті. Оқушылардың жұмысты шығармашылықпен ойлау, оны жасай білуі мен танымдық белсендігіні арттыру-қазіргі уақытта мұғалім қауымының алдындағы мәскеле.

Сондықтан даоқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі-өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру болып отыр. Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен: атап айтсақ, жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Пәнге деген қызығушылығымен ынтасын арттыру үшін алдымен үйірме жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Онымен қоса түрлі отырыстар, дөңгелек үстел, КВН жарыстары, кештер, ребустар мен сөзжұмбақтар, тесттер секілді жұмыс түрлері оқушының ғылыми ізденісін білуге деген құштарлығын ғылыми танымдық қабілетін, іс-әрекетін арттырады.

Баланың дарындылық қабілетімен жұмыс істеу, оның дарынды екенін білу кезінде үйірмелердің орны ерекше. Үйірмелер оқушының дарындылығын дамытады. Мұндай сабақтар арасында оқушылар өздігінен ізденеді. Мұғалім аз сөйлеп, ақпаратты да аз береді, аз түсіндіріп, көп сұраққа жауап алады. Ойлауға мүмкіндік бере отырып, ойын дамытады. Ал бұндай жағдайда дарынды бала ерекшеленіп, ізденіп көзге түседі. Сол ізденіс арқылы зерттейді, жинақтайды, іске асырады. Осындай балаларға ерте кезден көңіл бөлінсе, оны толық ашуға мүмкіндік болады.

Оқушының шығармашылығын дамыта келе, ғылым саласында олимпиада, байқау түрлеріне дайындай отырып, көсем әрі шешен шығармашыл, білімді, ізденімпаз, талантты да тапқыр, қабілетті ерекше оқушы шығаруға – әр ұстаз міндетті.



ТАРИХТЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Карагулова З. (Актобе)
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады[1]. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып тарих сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет.

Студенттердің тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Технология сөзі – гректің өнер, шеберлік, біліктілік, оқу сөздерінен шығып, көптеген ұғымдарды білдіреді. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер көп. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько) [2]. «Педагогикалық технология дегеніміз- педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданатын тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М.В.Кларин) [3]. «Педагогикалық технология-белгілі бір маңызды әрекетке, өнерде, шеберлікті мақсатқа жету қолданылатын әдіс» (В.Даль) [3].

Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.

Оқыту технологияларына тән белгілер:

негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);

жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);

басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);

тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі;

оқутудың нақты және жалпы мақсаты;

оқу материалдарының мазмұны;

б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі;

оқу үрдісін ұйымдастыру;

оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Студенттердің шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында жүргізілетін тарих сабақ түрлерінің сызба 2-де төменде берілген [5].

Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін студенттерді дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек. Жобалау әдісі үнемі оқушылардың дербес іс-әрекетіне бағытталған - жеке дара, жұптық, топтық. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып, оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтады. Әдістің негізінде студенттердің танымдылық біліктіліктерін, өз білімдерін дербес басымен құрастыру икемділігін және ақпараттық кеңістігінде баулу, сын тұрғысынан ойлау икемділігін дамытуы жататындығы айқындалды. Жобалау ұғымы негізінде – мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтиже тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады. Нәтижеге жету үшін балаларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету керек, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылетттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек [6].

Жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары:

Зерттеу шығармашылық жоспарында мәнді мәселелінің болуы, бұл мәселені шешу үшін зерттеу ізденісі жөнінде оқушылардың біліктілігі.

Ұсынылған нәтижелердің тәжірибелі, теориялық , танымдылық маңыздылығы.

Оқушылардың дербес іс әрекеті (жеке дара, жұптық, топтық).

Жобаның мазмұнды бөлігін құрастыру (әр кезен бойынша нәтижелерін белгілеу).

Іс әрекеттің белгілі бірізділігін алдын ала карастырылатын зерттеу әдістерін пайдалану:

(«ми шабуыл», «донгелек стөл» арқылы) мәселені және оның зерттеу міңдеттерін анықтау;

мәселені шешу жолдары болжау;

зерттеу әдістерін талқылау (статистика, эксперимент, бақылау және т.б.);

ақырғы нәтижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау (презентации, қорғау, шығармашылық есептер, көріністер және с.с.);

алған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жинау;

қортындылау, нәтижеле және презентациялау, зерттеудің жаңа мәселелерді шығару.

Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен оқушушылардың мамандық қызуғышылары, мүдделері және қабылеттерін ескерту қажет, немесе сабақтан тыс іс әрекетіне байланысты болу мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу қажет.

Қазіргі нарықтық экономика шарттарында жастарда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту мақсатымен қоғамдық – тарихи сабақтарын жүрізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде «Пікірсайыс» бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелер қатар қанатын жайды. Интерактивті әдістерге негізделген пікірсайыс технологиясы қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты авторитарлық стильден ашық талқылау мүмкіншілігі бар жағдайға өтуге көмектеседі. Пікірсайыс арқылы көптеген мақсаттарға жетуге болады оқушылардың білім деңгейін жоғарлату, ауызша сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеу, сын көзбен қарау, шыншылдықпен қарау т.б.

Пікірсайыс технология – қарым-қатынасқа негізделеді: оқытушысы-студент. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ студенттің өзіне түседі. Пікір сайыста студент оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді. Пікірсайыс технологиясын сабақ процесінде қолдануы кіріспе бөлімнен тұрады, мұнда студентер қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені студенттер талқыланатын мәселе бойынша білімі болмаса, пікірталасты өз мәнінде өткізе алмайды [4]. Осыдан кейін мәселені шешу жолдарын шешу жолдарын шешендіктен дәлелдеп, барлық тындаушылардың алдында қорғауы тиіс.



"ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ- САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Байдекешова Н.Қ. (Актобе)
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.

1. неге жер күнге құлап түспейді?

2. жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны

3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?

ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға С белгісіндегі есептер беріледі.

ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.

ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.

11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым.

І деңгей бойынша есептер кодоскоп арқылы түсіндіріледі.

ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі

ІІІ-деңгей бойынша өмірден техникадан мысалдар келтіру.

ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді.

9 сыныпта «Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын.

8 сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар.

І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.

ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл

ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл

IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. 20 балл.

Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды.

Мұндағы ең басты мақсатым мынау:

1) оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді.

2) әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.

1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.

2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.

3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.

Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РОЛІ
Қожахметов М.Ж.(Актобе)
Әдістемелік әдебиеттерде қазіргі кезде педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы деген ұғымдар жиі кездеседі. Осы ұғымдар білім берудің теориясы мен практикасына кеңінен кірген. Биологияның оқыту әдістемесі аталған ұғымдармен тығыз қатыста.

«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген.

Технология (грекше - өнер, шеберлік, ал loqos-ұғым) шетел сөздері сөздігінде:

1) әдістер жиынтығы;

2) жасау тәсілдері жөніңдегі ғылым.

Технология - бұл ерекше белгі, мазмұн жөніңде, кұрам жөніңде және әрекетті жүзеге асыру женіңдегі іс-кимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін байлау мен оны, жүзеге асыруды қарастырады.

Білім беру жүйесі технологияны жасау үшін негіз болып саналады, сондықтан педагогикалық технология практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықталады. Бұнда непзгі көңіл оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын алдың-ала жобалауға бөлінеді. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі.

Педагогикалық технология - бұл оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына және оқушы тұлғасын дамыту мақсаттарына жетуге бағытталган педагогикалық әрекетті ретімен ашып көрсету жүйесінің жобасы және оны жүзеге асыру.

Басқа педагоггардың анықтамасы бойынша, педагогикалық технология -бұл қажетті нәтижеге жету үшін білім беру үрдісінде кұралдар жүйесін жоспарлау мен қолдану.

Жалпы педагогикалық технология жөніңде және жеке алғанда оқыту -технологиясы ұғымдарының түсіндірілуінің көптігіне қарамастан барлық авторлар аса маңызды үш ұстанымды атап көрсетеді:

- оқытуды оқушының бақыланған әрекеттерініңщ жиынтығы түрінде қажет етіп отырған эталонды нақты анықтау негізінде жоспарлау;

- барлық оқыту үрдісін бағдарламалау: мұғалім әрекетінің қатаң реттілігі және оқып үйренуге жағдай жасау;

- жетістікке кепіл болатын әрекеттердің реттілігі.

Сонымен, педагогикалық технологиялардың басты қызметі - оқушы тұлғасын дамыту мен білім берудің оқыту мақсаттарын, әртүрлі дамыту -нобайларын көрсету, оқытудың негізгі принцитерін сипаттайтын дамушы, адамгершілік, тұлғалық-бағытталған оқыту әдіснамасын жобалау және жүзеге асыру.

Жаңа оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет:

- қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

- таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

- жұмыстың жүйелілігі;

- бұл үрдістің тиімділігі.

Оқыту технологиясында мақсатқа жетуге бастайтын оқыту тәсілдері қарастырылады. Оқытудың әрбір келесі бөлігі оқытудың жалпы технологиялық стратегиясына қосылады, барлық алдыңғыларын кіріктіреді және ұлғайтады. Оқушы мен мұғалімнің шамаланған белсенді әрекеттерінің жүйелі үйлесімі мен әрекеттестігі оқу-тәрбие үрдісінің жүруінің сәттілігін анықтайды. Осы айтылғандардан шығатыны, оқыту технологиясы оқу әрекетін реттеу үрдісін көрсетеді. Оқыту технологиясын қолдану оқу жұмысын дамытуға және оқушылардың белсенділігін қалыптастыруға қажетті жағдайлар туғызады.



Блокты -модульдік оқыту технологиясы - сабақ кезінде мұғалім тақырыптардан модульдер кұрып қиын жеңілдігіне байланысты біріктіреді. Осындай сабақтың кәдімгі дәстүр сабақтардан айырмашылығы - оқушылар өз бетімен ойланып жұмыс істеуге шығармашылықка үйренеді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, көмектеседі және өзінің және жолдасының жұмысын бағалайды. Мұғалім ондай сабақ кезінде оқушыларға бақылау; кысым жасау «бюрократтығынан» босап тек оқушылар жұмысын басқарады. Сабақты осылай ұйымдастырудың арқасында ұстаз жүзінде әрбір оқушымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Төмен орташа үлгерімдегілерге көмектесіп жақсы, мықты оқушыларды дәріптейді. Бұл сабақтың тағы бір ерекшелігі - көпшілік оқушылардың бағалануы, баға тек дәптерге койылады. Сол себептен тіпті «екілік» оқушыға «үкім» болып саналудан калады. Екілік алған оқушы өз бетімен материалды меңгеріп келіп екіні жоя алады. Ал журналға тек «қорытынды тексеріс» бағасы қойылады. Шаталовтын әдістемелік жүйесі - оқытудың көптеген проблемаларын шешуге бағытталған педагогикалық үрдісті құрудың ұйымдастыру әдістемелік жүйесінің бірі. Шаталов жүйесінің негізгі басымдылығы оның әлеуметтік бағыттылығы. «Шаталов бойынша» жоғары дәрежеде оқытылған балаларда оқудан жирену, ондағы күйреу, мектепті, ұстаздар, балалар ұжымын жатсыну болмайды. Жүйелі, адал еңбекке, жолдастық өзара көмекке, ашық сынға және өзін-өзі қатал бағалауға қалыптасады. Шаталов жүесі әрқайсысын жеке-жеке қолданғанның өзінде күшті әсер ететін бірнеше жүйе тармағынан тұрады. Бұл жүйе тармақтарының барлығы - ашық, яғни әдістемелік тәсілдің саны бойынша соңғы жиынтық емес. Бұл ұстаздың әдістемелік шығармашылығына кең жол ашып, қайсыбір жүйе тармағына негізі салынған ой-пікірді жүзеге асыру үшін сан түрлі тәсілдер, формалар мен құралдарды іздеуге мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлау - күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл тұғырнамаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру және оларды шығармашылықпен түйсіну. Сын тұрғысынан ойлау - оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын оқытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлық түрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық технология. Осы технологияның психологиялық - педагогикалық негізіне Ш.С.Выготскийдың (оқушылармен жұмыс кезінде олардың келешек дамуының аймағын тиімді қалыптастыру қажеттігі) пікірлері, Ж.Пиаженің (интеллекті дамыту үшін «жағдаятты» тудыру) және Д.Дьюидің («жасау жолымен» оқыту жөнінде) пікірлері алынған. Технология авторлары АҚШ-тың тәжірибелі педагогтары. Сабақ кезеңі үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту - туйсіну -ойтолғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені (үйренгені) жөніңде ой толғаныс жасауларын береді. Деңгейлеп оқыту технологиясы - оқушылардың даму деңгейінің біркелкі болуынан, олардың жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан сыныпта үлгермеушілер мен оқу үздіктері пайда болады. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалдарды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастыру тиісті. Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларында да А,В,С-3 деңгейге бөлуді ұсынды. Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы: әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Жобалау әдісі-оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясының обьектілері өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енеді.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – технологияны Элиста қаласының ғалымы П.М.Эрдниев ұсынған. Ол дидактикалық бірлік ұғымын енгізген. Дидактикалық бірлік бір сабақта өтілетін мәселе немесе сұрақтар. Дидактикалық бірлікті меңгеру оқу процесінің «негізгі клеткасы» болып табылады. Дидактикалық бірлік оқушының есінде берік сақталуы тиіс, ол осы негізгі келіп қосылатын жаңа ұғымдар арқылы ұлғаятын база қызметін атқаруы тиіс. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру – мұғалімнің, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі – оқушының байқау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеру. Жаңа технологиялардың оқу – тәрбие жұмысындағы негізгі мақсаты – оқушының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жаңдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек. Жас ұрпақты білім беруде қоғамның әлеметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтардан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөліп қарауға болмайды. Осы орайда жаңа технологияның ұтымдылығы оқушының өздігінен білім алуға, үйренуге, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпалы зор екендігін дәлелдеп отыр. Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында білім алып отырған оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты білімді, өз бетімен білім алуға талаптанатын, өзінің ой-тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін, сабақ формаларымен оның құрылысын жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Осыған орай өткізілген барлық жаңа технологиялық және қазақтың танымдықтық рухтағы сабақ түрлерінің барлығының да балаларға берері мол екендігін нық сеніммен айтқым келеді.



БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Наурызбаева С. (Актөбе)
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында «Елім- ай» «Туған қалам - мақтанышым» атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата – аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын – жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды. Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптықсабақтарөткізді. Еліміздің төлмерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата –аналар өз үлестерін қосады. Балалардытәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығыдұрысжолғақойылған.

Мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру. Балалар бақшасында адамгершілік тәрбие берудің жалпы сипаттамасы. Адамның моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайдыМектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке дейнігі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді. Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны. Bold text'Italic text Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған мыналар: Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары кіреді. Адамгершілік тәрбиесінің заңдылықтары Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балалады бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Н. К. Крупская ұжымда тәрбиелеудің маңызды екенін атап көрсете отырып, былай деп жазды: «... Мектеп балаларды бірігуге, ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді жұмыла күш жұмсай отырып шешуге үйретуі тиіс. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың істі бастау қабілеттерін (инициатива), ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл заңдылық тәрбиешіден барлық тәрбие жұмысын жүйелі түрде, тәрбие міндетін бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына (оның ерекшеліктерін және енгізілген адамгершілік ережелерді меңгеруін, мінез-құлық тәжірибесін есепке ала) біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді қамтамасыз ететін жағдай жасау қажет: қандай да болса адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін баланың сол қасиеті бейнеленетін ылықтарын жүйелі жаттықтыру қажет, сонымен бірге оны тәрбиелеуші адамдардың талаптарының бірдей болуын қамтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда өз мінез-құлқын саналы басқару емес, тек үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу ғана қалыптасады. Бейімделгіш болу қаупі туады. Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл заңдылығымен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін және баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке алу керек. Бұл заңдылықты жүзеге асыру үшін тәрбиешіден әр жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшеліктерін және әрбір тәрбиеленушінің дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең білуді талап етеді. Әрбір топта тәрбиеші балалардың жас жағынан мүмкіндіктерін есепке ала отырып еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастырады. Мысалы, сәбилердің алғашқы еңбек әрекетін басқара отырып, тәрбиеші олардың жұмысқа қосылу жөніндегі қандай тілектерін болса да қолдайды, оның сапасы мен нәтижесіне кешіріммен қарайды. Естияр топта ол жұмысты мақсатты бағыттауды қалыптастырады, сондықтан ол балалардың басқа жаққа көңіл аудармауына қатаң талап қояды және балалардың назарын істеген ісіне жұмылдырады. Ересек топта тәрбиеші жұмыстың сапасына, әсіресе балалардың қатысу тәжірибесі көп еңбек түрлеріне жоғары талап қояды, мұндағы мақсат – олардың ынталылығын қалыптастыру, қойылған міндетке сай нәтижеге жету.

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Қарауылбекова Г.А. (Актөбе)
Тәуелсіздік, дербес мемлекетіміздің 20 жылдығы сөз жоқ әрбір қазақ азаматы, бүкіл ел үшін теңдесі жоқ ерекше оқиға. Жаңа дәуірде өмір сүру бақытына ие болған ұрпақтың көз алдында өздерінің қатынасуымен жаңа, жас мемлекет құрылды.

2011 жылы қазақ елі өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Қоғам тұрғысынан алсақ, бір ғана жаңа ұрпақ өмірге келіп, бой көтеретін кезең.

Еңсесі биік Егеменді елдің жас ұрпағы жан жақты қалыптасқан дарынды тұлға болып қалыптастыруды ең бірінші біздің яғни педагогтардың басты мақсат - міндеті болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсат - міндеттерге қол жеткізу мақсатында әрбір педагог болашақ тұлғаны білімнен бұрын тәлім-тәрбие нәрімен сусындатқаны абзал. Соның ішінде тәрбие саласының негізі бірнеше тармақтарына назар аударсақ, олар:

Саяси мәдениет

Құқықтық мәдениет

Адамгершілік мәдениет

Этномәдениет

Тарихи мәдениет

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен шыдамдылығын (толеранттылығын) қалыптастыру

Танымдылық, сыни ойлау мәдениеті

Салауатты өмір салты

Экологиялық мәдениет

Патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру болып табылады

Өзімнің 10 жылдық педагогикалық іс-тәжірибемде байқағаным ХХІ ғасыр шапшаң дамыған жаңа техногоия заманы болса ХХІ ғасыр ұрпағы өзінің дәуірінен өткен шапшандылығымен ерекшеленеді. Педагог – ұстаз баламен бірге үнемі ізденіс үстінде жүріп қана қоймай, сонымен бірге жаңашылдықтан кенжелеп қалмай, болашақ қойнауында, үнемі алдынғы толқын да жүріп көш бастап, дұрыс жол сілтеп тұшымды бағыт – бағдар беруінде екенін түсіндім.

Нәтижесінде өзімнің өткізген сыныптан тыс шараларда жоғарыда аталған бірнеше бағыттарды пайдаланып отырып, жаңа жобалар дүниеге келді.

Қоғамның басты байлығы адам болса, сол «адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы болып қала бермек.

Ендеше мектеп табалдырығынан бастап оқушының жеке тұлғасын қалыптастыратын тәрбиелік міндеттерді тиімді ұйымдастыра білу, ең алдымен, педагог ұстаздар борышы деп есептеймін.



Сөзімді қортындылай келгенде ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті жан жақты дамыған дарынды тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсат-міндетіміз болып табылады. Ал мақсат-міндетке жетудің бірден бір жол – ол әрине тәрбие жүиесіндегі жаңашыл инновациалық технологиялар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет