Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



бет47/139
Дата14.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#126580
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   139
Байланысты:
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС222

«Динамикалық шеңбер»

Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.



«Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

«Домино - 2»

Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.




«Допты лақтыру»

Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы

сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, доптыбасқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет