|
|
бет | 81/182 | Дата | 22.01.2022 | өлшемі | 2,32 Mb. | | #129629 |
| Байланысты: Жаңа әдіс- тәсілдер (1)«Қорқыныштан арылу»
Мақсаты: қорқыныштан, абыржудан арылу, күтілетін стрестік жағдайға дайын болу.
Орындалуы: «Жайбарақат күйге түсіңдер, ашық күн астында, жасыл құрақта отырмын деп есептеңдер. Аспан кемпірқосақпен көмкерілген, оның бір бөлігінің сәулесі сендерге тиесілі. Ол мыңдаған күн сәулелерінен де жарық....оның сәулелері сендердің бастарыңа шуағын шашып, бүкіл денелеріңе тарайды, денелеріңді тазартады, айықтырады. Сендердің барлық реніштерің мен өкпелерің, барлық жағымсыз ойларың, болжамдарың сол сәуленің ішінде жанып кетеді. Денелеріңнің барлық ауру бөлшектері қара түтінге айналып, желмен ұшып кетеді. Сендер қорқыныштан арылдыңдар, сендердің көңілдеріңе қуаныш пен жарық ұялады!»
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|