«Иық тірескен шеңбер» Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.
«Калейдоскоп» Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек.
Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.
«Капитан» Ойынның шарты кемеден топ болып, теңізге құламауы керек. Капитан пәрмен беріп тұрады.