Оқытудың мақсаты



бет3/7
Дата16.02.2022
өлшемі37,03 Kb.
#132031
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып хим курс

Курстың бағыдарламасы
1. Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы (4 сағат):
органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, көміртегі атомы құрлысының ерекшелігі, органикалық қосылыстардағы көміртек атомы орбитальдарының гибридтенуі (sp3, sp2, sp), молекулалар пішіні, валенттілік бұрыштары, органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі, түзілу механизмі, электрондық табиғаты, коваленттік байланыс, оның ұзындығы, кеңістіктегі бағыты, энергиясы, σ, π байланыстар, сутектік байланыс;
А.М. Бутлеровтің органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы, оның негізгі қағидалары, химиялық құрылыс теориясының маңызы, бос радикалдар туралы түсінік және олардың тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызы, бейорганикалық және органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс;
органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы, функционалды топтар, көмірсутектер, оттекті және азотты қосылыстар, гомология және гомологтар, изомерия және изомерлер туралы түсініктер, органикалық қосылыстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, органикалық химияның қалыптасуы мен дамуына Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі;
заттардың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысы, органикалық қосылыстардың реакцияға түсу қабілеті;
сандық есептер:
метан, бутан, этанол, сірке қышқылының формулалары бойынша есептеулер;
күнделікті тұрмыста белгілі қосылыстар құрамындағы химиялық элемент атомдардың массалық үлесін есептеу (бутан, этанол, сірке қышқылы);
көрсетілімдер №1:
су, метан, алмаз, графит, көміртек (ІV) оксидінің, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол молекулаларының шарстерженьді модельдері;
мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш жаңқасы үлгілері;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет