2. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (12 сағат): алкандар, алкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы, метан және оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, sp3 гибридтену, алкандардың изомерленуі, атаулары, алкандардың табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, орынбасу реакциялары: галогендеу және нитрлеу, жануы, термиялық айырылуы, алкандарды қолдану, метан негізінде жүргізілетін синтездер, өндірісте алынуы: алкандар крекингі, мұнайды фракциялық айдау, лабораторияда алынуы: Вюрц синтезі, алюминий карбидінің гидролизі;
циклоалкандар, циклоалкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы және құрылысы, циклоалкандардың изомерленуі мен атаулары, циклоалкандардың табиғатта таралуы, циклоалкандардың физикалық қасиеттері, циклоалкандардың химиялық қасиеттері: гидрленуі, дегидрленуі, жануы;
алкендер, алкендердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, этилен және оның гомологтарының молекулаларының құрылысы. sp2 гибридтену, алкендердің аталуы, кеңістік және құрылымдық изомерленуі, физикалық қасиеттері, этилен көмірсутектерін алу;
химиялық қасиеттері: қосылу реакциялары (галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау, гидрлеу), Марковников ережесі, тотығуы, алкендердің полимерлену реакциясы, полиэтилен, алкендердің қолданылуы;
алкадиендер, алкадиендер туралы түсінік, алкадиендердің жалпы формуласы, молекуласының құрылысы. sp2 гибридтену, изомерленуі мен аталуы, физикалық қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи және синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина;
алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен мен басқа алкиндердің молекула құрылысы. sp гибридтену. Ацетилен көмірсутектерінің аталуы мен изомерленуі. Ацетиленді метаннан және карбидтік тәсілмен алу. Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: қосылу реакциялары (галогендеу, гидрогалогендеу, гидратациялау, гидрлеу). Ацетиленнің бензолға тримерленуі, алкиндердің қолданылуы.
арендер, бензол – арендер өкілі, бензол молекуласының құрылысы, арендердің изомерленуі, атаулары және алынуы, бензолдың гомологтары, бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері, бензол қатысуымен жүретін орынбасу реакциялары: галогендеу, нитрлеу, бензолдың сутекпен, галогенмен қосылу реакциялары, тотығуы, толуол – бензолдың гомологы, бензол мен толуол қасиеттерін салыстыру, арендердің қолданылуы;
көмірсутектер мен олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс;
көмірсутектердің табиғи көздері, табиғи газ, оның құрамы мен қолданылуы, мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы, мұнайды өнеркәсіпте өңдеу, фракциялық айдау, термиялық және каталитикалық крекингілеу, мұнай өнімдерін риформингілеу және ароматтандыру, тас көмір, тас көмірді кокстеу;
көмірсутектердің табиғи көздерінің шығу тегі, пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу мен қолданудың экологиялық аспектілері. Қазақстандағы мұнай, газ және көмір өнеркәсібінің дамуы;
сандық есептер:
газтектес көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы бойынша немесе құрамындағы көміртек пен сутектің массалық үлестері бойынша оның молекулалық формуласын анықтау;
көмірсутектің салыстырмалы тығыздығы немесе оның жану өнімдерінің массасы, көлемі, зат мөлшері бойынша молекулалық формуласын анықтау;
көмірсутектер арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулері бойынша өнімнің массасын, көлемін есептеу;
табиғи газдың жануы, этанның дегидрленуі, ацетиленнің гидрлену реакцияларындағы газдардың көлемдік қатынастарын есептеу;