3. Оттекті органикалық қосылыстар (10 сағат): оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы;
спирттер, спирттердің құрамы мен жіктелуі, қаныққан біратомды спирттер, қаныққан біратомды спирттердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, спирттердің изомериленуі, спирттердің физикалық қасиеттері, алынуы, молекулааралық сутектік байланыс, спирттердің электрондық құрылысының ерекшеліктері, спирттердің химиялық қасиеттері: спирттердің металдармен, галоген сутектермен әрекеттесуі, молекулааралық, молекулаішілік дегидратациялану, эфирлену, тотығу мен дегидрленуі;
көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, көпатомды спирттердің құрылысы және қасиеттері, көпатомды спирттерге сапалық реакция, спирттердің маңызды өкілдері, метанол мен этанолдың физиологиялық әсері, спирттердің қолданылуы;
фенол, фенол молекуласының құрылысы, атомдар мен атомдар тобының өзара әсері, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, фенолдың алынуы, фенолға сапалық реакция, фенол және оның туындыларының қолданылуы;
альдегидтер, кетондар, альдегид және кетон молекулаларының құрылысы, гомологтық қатары, изомерленуі мен номенклатурасы, карбонил тобының құрылысы, ерекшеліктері, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы;
формальдегид және оның гомологтарының физикалық қасиеттері. альдегидтер мен кетондардың жеке өкілдері, альдегидтердің химиялық қасиеттерінің карбонил тобына тәуелділігі (гидрлену, тотығуы), альдегидтердің сапалық реакциялары (күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен және мыс (ІІ) гидроксидімен тотығуы), формальдегидтің фенолмен поликонденсациялануы;
карбон қышқылдары, карбон қышқылдарының молекуласы мен карбоксил тобының құрылысы, карбон қышқылдарының жіктелуі, жалпы формуласы, изомерленуі мен номенклатурасы, карбон қышқылдарының табиғатта таралуы, карбон қышқылдарының қолданылуы, карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері және олардың молекула құрылысына тәуелділігі, карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері: металдар, металл оксидтері, негіздер және тұздармен әрекеттесуі, көмірсутек радикалының карбон қышқылының күшіне әсері, эфирлену реакциясы, оның жүру жағдайлары, қанықпаған карбон қышқылдары, олардың құрылысы мен химиялық қасиеттері;
жай және күрделі эфирлер және олардың құрылысы, күрделі эфирлердің изомерленуі мен номенклатурасы, эфирлену реакциясының қайтымдылығы, күрделі эфирлердің гидролизі;
майлар, майлардың құрамы мен құрылысы, майлардың жіктелуі мен номенклатурасы, майлардың табиғатта таралуы, майдың биологиялық функциясы, майдың қасиеттері. сұйық майларды гидрлеу, маргарин, тағамдағы майдың ағзадағы өзгерісі, майлар мен олардың негізіндегі тағамдардың қоректік құндылығы. майлар гидролизі, сабындануы, сабындар және синтетикалық жуғыш заттар, Қазақстанда сабын мен жуғыш заттарды өндіру, қоршаған ортаны синтетикалық жуғыш заттардың әсерінен ластанудан қорғау;
көмірсулар, моносахаридтер, глюкоза, оның молекуласының құрылысы, табиғатта таралуы, глюкозаның физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері:
бөлме температурасында және қыздырғанда глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі, эфирлену, «Күміс айна» реакциялары, гидрленуі;
глюкозаның спирт және сүт қышқылын түзе ашуы, глюкозаның биологиялық маңызы, глюкозаның алынуы мен қолданылуы, фруктоза – глюкоза изомері, фруктозаның табиғатта таралуы, биологиялық маңызы, рибоза және дезоксирибоза жайлы қысқаша мәлімет;
дисахаридтер, сахароза, оның молекуласының құрылысы мен құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, сахарозаның биологиялық маңызы, сахарозаның изомерлері (лактоза мен мальтоза), сахароза гидролизі, сахарозаны табиғи шикізаттан өндірісте алу, Қазақстанда қант өндіру;
полисахаридтер, крахмал және целлюлозаның құрылысы, құрамы, биологиялық маңызы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері. полисахаридтердің гидролизі, крахмалды сапалық анықтау, полисахаридтердің табиғатта таралуы, полисахаридтердің қолданылуы, целлюлоза триацетаты, тринитраты;
жасанды талшықтар туралы түсінік, целлюлозаның минералды және карбон қышқылдарымен әрекеттесуі;
Қазақстанда қант, целлюлоза өндіру, ағаш және қағаз, оттекті органикалық қосылыстардың биологиялық және экологиялық ролі, көмірсулардың қоректік құндылығы;
көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс;
сандық есептер:
органикалық қосылыстың жану өнімдерінің массасы, көлемі бойынша молекулалық формуласын анықтау;
органикалық қосылыстың салыстырмалы тығыздығы бойынша немесе құрамындағы көміртек, сутек және оттектің массалық үлестері бойынша оның молекулалық формуласын анықтау;
органикалық қосылыстардың әр түрлі кластары арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулері арқылы өнімнің массасы мен көлемін есептеу;
реакция өнімінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымының массалық немесе көлемдік үлесін есептеу;