Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Тілдік материалдардың толық қалыптасуында түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Оқушыларға тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.
1. Жаңа материалды таныту процесі.Жаңа материал оқушыға хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді. Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады.
2. Материалды дағдыландыру процесі.Онда тақырыптық өзіндік ерешеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі.
3. Материалды қайталау процесі.Қазақ тілінен өтілген күллі материалдар еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысқталып, нығыздала түседі. Бұл көру мен жазу түйсігіне байланысты.
Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық прин-ципті басшылыққа алады Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
а) Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы
ә) Жүйелілік ұстанымы
б) Көрнекілік ұстанымы
в) Саналылық пен белсенділік ұстанымы
г) Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы
ғ) Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
д) Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |