Оқытушы: Даулетова В. А. Тобы



бет5/8
Дата31.12.2019
өлшемі7,61 Mb.
#54255
1   2   3   4   5   6   7   8


  1. Сапарова А.Б. 2а КШК «Қазақ психологиясының атасы – Қ.Жарықбаев» Жетекшісі: В.А.Даулетова




  1. Карипуллиев Р. 2а ФК «Ж.Намазбаеваның психологиялық ойлары» Жетекшісі: В.А.Даулетова




Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында дүниеге келгендігін, Әл Фарабидің өмірі мен еңбектеріндегі психологиялық идеялар, эмоция, сезім, жан қуаттары, туралы ой пікірін айтып өтеді.

А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығындағы психологиялық көзқарастар, ұмытпастыққа төрт түрлі себеп, қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруындағы психологиялық мән, Абай түсінігіндегі қуаныш, құмарлық, мақтаныш сезімдері туралы мәліметтер береді.

Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығындағы психологиялық көзқарастар туралы мәліметтер береді.

Н.Құлжанованың өмірі мен қызмет жолын, «Ана мен бала тәрбиесі» оқулығының психологиялық және педагогикалық көзқарастарын айтады.

Т.Тәжібаевтың өмірбаяны, шығармашылығы, халық педагогикасындағы еңбектері, психологиялық мұраларын айтып, «Жалпы психология» оқулығына талдау жасады.

Қ.Жарықбаевтың өмірбаяны, психология саласындағы еңбектері туралы мәліметтер беріп, «Жантану негіздері» оқулығына талдау жасады.

Ж.Намазбаеваның өмірбаяны, шығармашылығы, психология саласындағы еңбектері, психологиялық мұраларын айтып, «Жалпы психология» оқулығына талдау жасады.


Түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білгендігін, жан қуаттары туралы ілімінде ерік жігер, қажыр қайратты жеке процесс ретінде танып, ерік жігердің сапаларын, танымның бірінші басқышы түйсік туралы сипаттама бергендігін біледі.

Абайдың психология мәселелеріне көзқарасы поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл күйін, іс әрекеттерін шындықпен көрсете білу деген түсінікке сай болғандығын, тұңғыш ана тілінде психология терминдерін қолданғандығын, барлық қара сөздерінде психологиялық астарлар бар екендігін біледі.
Ш.Құдайбердиевтің психология мәселелеріне көзқарасы поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл күйін, іс әрекеттерін шындықпен көрсете білу деген түсінікке сай болғандығын, психология терминдерін қолданғандығын, барлық қара сөздерінде психологиялық астарлар бар екендігін біледі.
Н.Құлжанованың XX ғасырдың басында ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы, ағартушы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог екендігін біледі.
Т.Тәжібаевтың Қазақстандағы психология ғылымының негізін қалаушы екендігін, «К.Д.Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы», «Жалпы психология» оқулықтарын жазғандығын біледі.

Қ.Жарықбаевтың өмірбаяны мен шығармашылық жолын, тұлғаның жеке-дара өзгешіліктері туралы пікірлерін біледі.



Ж.Намазбаеваның өмірі мен еңбек жолын, психология ғылымына қосқан үлесін біледі. «Жалпы психология» оқулығының құрылымымен және мазмұнынымен танысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет