Металл және ағаш құбырлары. Жиналмалы кұрышының дөңгелек металл құбырларын қол еңбегісіз-ақ тез арада орнатуға болады. Алайда металлдың жетіспеушілігінен оны аз пайдаланады. Ішкі шаруашылық жолдарын орманды аймақтарда салу барысында ағаш құбырларын орнатады. Олар үшбұрышты немесе трапециялық көлденең қиылысуының 0,5...2,0 м тетігі болады. Алайда бұл мақсатқа сай емес қол еңбегінің орасан зор шығыны болады және үйіндінің ішінде құбыр элементтері тез арада шіруі мүмкін. Ағаш құбырларын жөндеуден өткізу де қиынға соғады. Ағашқа антисептик сіңдіру оның қызметінің мерзімін ұзартады. Ағаш құбырларды уақытша жолдарда пайдалануға болады.
1.7 Жол құрылымының жобасын құру
Жол құрылысын салу оның дұрыс жоспарланғанына және жер қабатының тығыздығына байланысты. Ол барлық салмақтағы көліктердің жылдамдықтарын есепке ала отырып қозғалысын қанағаттандыруы тиіс және ауа-райының әр түрлі құбылыстарына шыдауы қажет.
Қалыңдығына және жол құрылысында пайдаланатын материалдарына байланысты жер қабатының бетін - орақ тәріздес, жартылай еңісті немесе толық етіп орналастыру керек.
8 - сурет. Жол құрылымының жобасын
Орақ тәріздес профиль (а) жолдын төменгі дәрежедегі жерінде қолданылады. Оның құрылысы үшін тәріздес профильге жергілікті материладарды пайдаланады - ұсақ тастар, араласқан топырақтар және басқа да қоспалы құмдар.
Жол құрылысында орақ тәріздес жер қабатын барлық еніне жасайды. Оның қалыңдығы орта кезінде болады, жол жиегіне 3-5 см қалғанша ол кеми береді.
Орақ тәріздес профильге қарағанда жартылай еңісті профильде (8 б)
материалдардың жол бөлінгенде құрылыстың қалыңдығы өзгермейді, ол керсінше қалыңырық болып бекітіледі.
Толық профильде ( суретте) жол қабаты тек енінен өтетін жолдарды бөлінгенде қалыңдығы бірдей болады. 1-үстіңгі қабаты; 2- негізгі бөлігі бар;
3- негізгі бөліктің қосымшасы; 4- топырақтар бөлігі; 5- жиегінің ені; 6-өтетін бөліктің ені.
Жолдың барлығы да түрлі жағдайларға төтеп, оның құрылысына байланысты болуы керек. Мүмкіндік құрылымы, жүк көтергіштігі, жылдамдығын есепке алуы және төмендегі жағдайларды еске алуы шарт: оның төзімділігі жолдың бұзылуынан сақтау және қарсы тұру шараларын жүргізу. Жол бетінің тегістігі үлкен жылдамдықтағы қозғалысқа төтеп беруі, жолдарда көліктің дөңгелектеріне жақсы жағдай туғызу.
Жол бетіндегі көк тайғақтың аз болуы, жол қозғалысындағы қауіпті жағдайларды болдырмаудың бірден - бір негізгі белгісі болып табылады.
Жол бойындағы қозғалыстар кезіндегі жағдайлардың қорытындысы төмендегідей болады: жаз айларында жолдардын сырғанақтығынан 4-16%, ал көктем және күз айларында 40-70% авария болып тұрады. Сырғанақтың көп болуы жол жиегіндегі сазды батпақтың әсерінен бұрылыстармен қиылыстардағы жол бетінің дұрыс жасалмауынан болады.
Көлік жүретін жолдарда батпақтың көп жиналуы жол жиегінде, бұрылыс пен қиылыстырда жиі болатынын ескертеді.
Жолдың жобасы бір немесе бір неше құрылыс қоспаларынан тұруы мүмкін.
Жол қабатының негізгі құрылымы жекеленген құрылысына төмендегідей жағдайларды жатқызуға болады:
Беткі қабаты – жолдың жоғарғы қабаты, себебі ол өзінің кезекті қалдық қабатынан тұруы мүмкін, оның кезектен тыс тазалау жұмыстарынан және негізігі қабатынан оның пайдалану құрылыс қабатын анықтайды.
Негізгі қабаты - жол қабатының бөлігі жерге орналасқан қабатына түсетін салмағы. Негізгі ережеге сәйкес, екі немесе одан да көп мықты қабаттардан тұрады, себебі беткі қабаттардың төзімді қабатымен бірігу мақсатымен байланысты. Төменгі қабаттарға аяздарға төзімсіз материалдарды пайдалануға болады, бірақ ол үшін суға төзімді және ерімейтін материалдар болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |