Жер төсемін дайындау құрылғысы. Жер жамылғысының құрылғысын қабылданған көлденең кескін астау құрылғысында (астау және жартылай астау кескінінде) немесе тек қана кескінделген үстірт бейнесінде лайықты жер табанын дайындаудан бастайды. Дегенмен барлық жағдайда жамылғы астындағы құмды тиянақты әрі нәтижелі тығыздау қажет. Жол негізінің құрылысына комиссия астауды қабылдап алған соң ғана кірісуге болады. Негізгі жамылғыны жан-жағынан 0,5 м жалпағырақ етіп, керішбетонмен жамылғы үшін және 0,3 м басқа жамылғы түрімен жабу үшін жайғастырады.
Астауды себілетін және жартылай себілетін ойықшаларға орнатуға болады. Бірінші жағдайда төсемді жоспарлайды және көлденең кескінге келгенше аунатады, содан соң ойықшаларға қордағы төменгі қабаттан алынған топырақ себеді (грейдермен, бульдозермен), ал жоғарғы жаққа себуде жақын жердегі ойықтан немесе қазбадан әкеледі. Жартылай себілетін ойықшалар құрылғысында астауды қазып алып, әкелінген құмды ойықшаларға толтырады; содан соң түбін жоспарлап, тиянақты түрде тегістейді.
Көп жағдайларда ойықшаларды себу құрылғысын бұрынғы үстірт тығыздығы сақталатындай етіп құрады, сондықтан төмен жатқан қабатын тығыздау үшін меникалық энергияны босқа шығындап керек жоқ. Астауды бульдозермер немесе жер тегістегішпен қазып алады. Астаудың көлденең кескінін үлгі бойынша анықтайды. Түбін тең және қыртыссыз мұқият тығыздайды, кедір-бұдыр болса, аунақ кезінде қосымша топырақ сеуіп тегістейді.
Толықтай және тегіс тығыздалған топырақ жер табанының үстіңгі жағын берік әрі ұзақ сақталатын жер жамылғысын жасаудың басты маңызы болып табылады.
Себу ойықшалары құрылғылары көлемі қосымша себілген топырақ нәтижесінде жоспарланған көлемінен ерекшеленіп тұрады. Ойықшаларға топырақты немесе табан құрылғысының алдында, жол машиналарының қозғалысы қиындамас үшін және астауда жаңбыр суы толып қалмас үшін жамылғыны жабдықтау кезінде себеді.
Жол табанының құрылысына комиссия астауды қабылдап алған соң ғана кірісуге болады. Негізгі жамылғыны жан жағынан 0,5 м жалпағырақ етіп, керішбетонмен жамылғы үшін және 0,3 м басқа жамылғы түрімен жабу үшін жайғастырады.