Оқытушы туралы мәлімет



бет28/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Ірі қиыршық тас дайындау. Ірі қиыршық тасты өндірістік немесе уақытша тас жол маңындағы қазбалардан ашық әдіспен табылған жыныстарынан дайындайды. Ауылшаруашылық жолдарын салуда жиі қолданылатын трасса маңындағы қазба материалын автокөліктермен тасымалдаған мұндай жағдай экономикалық тиімді. Трасса маңы қазбаларын мақсатты түрде қозғалмалы машина-қазбасын жасау керек. Көп жағдайларда материалдарды тікелей қазбалардың өзінде-ақ өңдейді. Барлық үрдістер дайындау мен тасымалдау, өңдеу үрдісімен байланысты. Жасақтың құрамы мен жарықтандыру обьекті саны, мерзімі мен тәртібі салыстырмалы түрде жұмыстың шамалы көлеміне қозғалмалы бөлшектеу қондырғыларын қолданады, жақсы әрі оңтайлы болып көрінеді, қарапайым сындары және басқаруға ыңғайлы, сондай-ақ қызмет көрсетуді аз керек етеді.

Ірі қиыршық тас қабаттарының құрылғысы. Ірі қиыршық тас қабаттарының құрылғысында табаны мен жамылғы түрін мына жұмыстар атқарады:


1. Төменгі қабат үшін ірі қиыршық тас тасу мен оны өздігінен жүретін үлестіргіштермен тарату (елеулі пайдалысы аз, бірақ көп жағдайда ірі қиыршық тасты бульдозермен немесе автогрейдермен тасуға болады);
2. Бір мезгілде су құйып тығыздау;
3. Жоғарғы қабат үшін ірі қиыршық тас тасу мен оны тарату;
4. Тығыздау және суландыру;
5.Түпкілікті жабыстыру үшін ірі қиыршық тас тасу және оны механикалық щеткалары бар аспалы үлестіргіштермен тарату;
6. Тығыздау және суландыру;
7. Жамылғыны түпкілікті жабыстыру үшін ірі қиыршық тас тасу, оны үлестіру және бір мезгілде суландырып, түпкілікті тығыздау;
Ірі қиыршық тас үлестіру үшін мақсатты түрде өздігінен жүретін 2 түрлі төсеуіш қолданылады:
1. Құм қабатын төсеу үшін (жол жиегінде орын ауыстыра алатын құм төсеуші автокөлік самосвалмен тиейді);
2. Қатты негіздегі төсем үшін (материал табанның екі жағынан тиеледі).
Аз рұқсат етілетін қалыпты ұзындықтағы жұқа тақтайларға тұрақтандырушы жүйелер бақылауды қамтамасыз етеді. Бақылаушы жүйелер (аунатқыштар мен автогрейдерлерге қондырылған) берілген үстіртін тегіс болуы, жұмыс мүшесі тікелей араласқан аталмыш көпірдің ұзартылған қырының шынайы өлшем белгісімен қамтамасыз етеді. Көпір ретінде тығыздалған табаны немесе жамылғының жолақ қатты металл көпір ұзындығы 1,5…40 м жамылғы бойына тартылған сым немесе тіректі сым арқанмен 5…15 құрылған жарық (жарық, лазерлі және т.б.) көздерінің қойылуымен 10…100 м аралықтағы ұзартылған жолдар жанабына тәуелді. Бағдарламалық жүйелер үстірт табанын береді немесе жамылғының тікелей белгілеріне сәйкес жолмен жұмысшылар мүшесі Ережесінің өзгеруіне бағдарламалар жүйесіне камандалық жазбалар қызмет етеді.
Отандық өндіріс келесі жүйелер мен төсемдер, сондай-ақ автогрейдердің бағдарламалық жүйесін шығарады.
Ірі қиыршық тастың тығыздалуы - ірі қиыршық тас құрылымындағы жауапты кезең. Тығыздау үрдісіне жақын әрі өзара сыналуы үшін, тік және көлденең күшті араластыру болады. Тығыздауды маторлы, металды, иірімді аунақтармен, пневматикалық доңғалақты аунақтармен, діріл аунақтармен жасайды.
Жалпы тығыздау оралымы 3 кезеңнен тұрады: ірі қиыршық тастың шөгуі, тығыздалуы, жалпақ үстіртін қабығының қалыптасуы. Бірінші кезеңде себуді шәншу, қатты жағдайға жеткенге дейінгі бөлек ірі қиыршық тасты араластыру. Аунақтағы ірі қиыршық тас қабатындағы майысқан осы кезеңнің аяғына қарай елеулі түрде азаяды.
1.8 Жолдарды күту мен жөндеу

Көлік жолдарына ауа-райы факторлары ықпал етіп, оның элементтері мен құрылымының бұзылуына алып келеді. Бұл жолдарды күту мен жөндеудің қажеттілігіне, оның негізгі мақсаты – бекітілген жылдамдықтармен, ауырлықтар арқылы жыл бойы, үздіксіз көліктің қозғалысын қамтамасыз ету, барлық қызмет ету мерзімі ішінде жолдардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қозғалыстың өсуін есепке ала отырып, оның пайдалану сапасын көтеру.


Мемлекеттік, Республикалық және облыстық жолдарда күту мен жөндеу бойынша жұмыстарды жолды пайдалану учаскелері және оның бөлімшелері жүргізеді. Әртүрлі республикалар мен зоналарда ауылшаруашылық жолдарының негізгі желілерін күту мен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың өз ерекшеліктері бар. Кейбір жерлерде оларды аудандық немесе шаруааралық жол-құрылыс ұйымдары, сондай-ақ мамандандандырылған бригадалар мен сол шаруашылықтар звенолары жүргізеді.
Жолды жөндеу жұмыстарының түрлері мен көлемі және олардың орындалу мерзімі жылдық, перспективалық жоспармен анықталады.
Жолды жөндеу жұмыстарына сәйкес оны күту ағымдағы, орташа және толық жөндеу жұмыстары деп бөледі.
Жұмыстың түрлері, көлемі мен мерзімі жол киімдерінің, құрылыстарды пайдалану сапасы мен олардың қызмет мерзімі, қозғалыс құрамы мен табиғат факторларының ықпалын анықтау негізінде бекітіледі. Күту бойынша жұмыстар қатарына қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін жолдың барлық құрылысын қолдау мақсатында, жолдың толық аяқталғанын күту кіреді. Ол жолдың шаңнан, саздан, қар мен мұздан, су ағындарынан тазарту, ұсақ жөндеулер жасау, техникалық қызмет көрсету, күзету мен жыл бойы жүргізілетін басқа да жұмыстар.
Ағындағы жөндеу шағын ақауларды жүйелі түрде жөндеп отыру. Олардың қатарына шұңқырларды бекіту, жол құрылыстарына шағын жөндеу жұмыстарын жүргізу кіреді. Күту мен ағындағы жөндеу бойынша жұмыстарды ірілендірілген жарты шақырымдық көрсеткіштер бойынша жоспарлайды.
Орташа жөндеуге жабындының тозған жоғарғы қабатын жартылай жабу, жол элементтерін жаңарту мен күшейту, қозғалыстың қазіргі заманғы талаптарына сай келетіндей болу үшін, жер төсемдерін, жасанды құрылыстарды жөндеу. Орташа жөндеу жұмыстарын бірнеше жылда бір рет орындайды.
Толық жөндеу – бұл көп көлемді, құрылыстар мен жолдардың жекелей учаскелерін толық жаңарту мен жақсарту үшін жүргізілетін кезеңдік кешенді жұмыстар. Жолды толық жөндеу жұмыстарын жоспарлауда жартылай өзгертілуі мүмкін. Орташа және толық жөндеу жұмыстарын жобалар бойынша жол-құрылыс ұйымдары жүргізеді немесе оларды ақаулар ведомстволары бойынша сметаның шаруашылық тәсілімен орындайды.
Сондай-ақ техникалық көрсеткіштерді жақсарту мен санатты жоқсарту мақсатында жолдарды қайта жаңарту жұмыстары жасалады яғни, жер төсемдерін көтеру мен кеңейту, жоспар бойынша түзулеу және т.б.
Жолды күтудің құрамы жыл мезгіліне байланысты және қозғалыстағы көліктің ғана емес, сондай-ақ табиғат факторларының сипатымен анықталады. Көктемде ылғалдың көп болуы жер төсемінің ылғалдануына алып келеді, олай болса оның ақаулануына әкеледі. Сондықтан көктем кезіндегі негізгі міндет – қар суларын жылдам басқа бағытқа ағызу, жолды қардан, мұздан, балшықтан тазарту, иірімдер кезінде жол киімін сақтай білу. Иірімдермен күрес - көктемде жолдарды сақтаудың маңызды операцияларының бірі.
Жазда ауа-райының жоғарғы температурасы мен ылғалдың аздығы шаңның көбеюі мен жабындының кете бастауына алып келеді. Осы кезде жолды күту негізінен тазалау мен жол жағдайын күтуден тұрады. Әсіресе күз кезінде жолда өте қолайсыз жағдайлар туындайды. Төменгі температураларда балшықтар көбейеді, жабындының беріктігі азаяды. Күзде жолды сақтау бойынша жолдарды балшықтардан тазарту, тайғақпен күресу, жолды қыс мерзіміне дайындау жұмыстарынан тұрады. Қыста жолда жұмыс істеу өте қиын. Жолдың техникалық жағдайына қарамастан жол қардың және мұздың көптігіне байланысты өте алмайтындай болуы мүмкін, сондықтан осы кездегі негізгі міндет – қардан қорғау мен қардан тазарту. Осы екі шарада бір-бірін толықтырып тұрады.
Жол бойынша қар тоқтату үшін әртүрлі қар тоқтатқыш құралдар қолданылады: тасымалды қалқандар, қоршаулар, сондай-ақ ағаш-бұталары. Қоршау құрылымдары мен жолдың арақашықтықтары келетін қардың көптігіне байланысты. Бірақ қардан қорғау жол төсемдеріндегі қардың толық тоқталуын болдыра алмайды. Бұл кезде, оларды тез тазаламаса, ол тығыздалып қатады. Қыста жол ұстаудың негізгі маңызды шарасының бірі – көктайғақпен күрес, жолды мұздан, қарлы-мұзды қабаттан тазартып, оны автокөлік дөңгелегінің ілінісін көтеретін материалмен жабады. Мұздан тазарту үшін бұзғыш машиналар мен тісті пышақтармен жабдықталған автогрейдерлерді пайдаланады. Мұз басқан бөліктерге себу үшін құм, күл, хлорлы натрий мен кальций т.б. материалдар пайдаланады.
Күту мен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс құрамы жол киімдері мен құрылыстары бойынша анықталады. Жер төсемдерінің беріктігі оның тығыздығы мен суды ағызу жүйесі мен оның қозғалыс құрамына байланысты. Әртүрлі факторларға байланысты шұңқырлар, орлар т.б. пайда болып, оларды жою талап етіледі.
Жол жиектерін дұрыс жағдайда ұстау үшін оларды жөндеп, бекітеді. Жылымдармен күрес үшін жер төсемдерді төсейді.
Топырақтық жолдарды күту мен жөндеу үшін маңызды жұмыстар жүргізіледі: ор, шұңқырларды бекіту, су аққыш құрылымдарды тазалау, жол беттерін түзету, оған көлденең түр беру, топырақ себу, топыраққа бекіткіш қосындылар қосу. Әсіресе, тұрақты және уақытша су аққыштары мен бедердің төмендеуіне алып келеді. Бұл учаскелер тұрақты түрдегі топырақтың асты мен үсті суларының ықпалынан пайдалану үшін қолайсыз жағдайларға ұшырап отырады.
Қиыршық тасты жолдарды күту мен жөндеу топырақтық жолдардағы жұмыстарға ұқсас. Бұл жерде де кезеңдік алдын алу жұмыстары жүргізіледі, ой, шұңқырларды бекіту т.б. жөндеу кезінде шұңқырлар мен қисық жерлерді дұрыстайды, қиыршық тас қосып, көлденең жолды түзейді.
Қиыршық тасты төсем жүйелі түрде бақылауды талап етеді, ой, шұңқырларды бекіту, тозған қабатты бекітеді, жабынды оны қабаттап жабу түрімен беріктігін күшейтеді.
Көпірлерде жиі болатын ақаулар – отыру, ой-шұңқырлар, кейбір жерінің көтерілуі, бордюрлердің бұзылуы. Жабындыны күтуге оны шаң мен балшықтан тазарту жатады. Ағымдағы және орташа жөндеулер барысында жүретін бөлік жөнделеді. Ақауланған учаскелерді ауыстыру арқылы түзету жүргізіледі. Толық жөндеуде жолдың үлкен учаскелерінде жабынды қабаттау жүргізіледі.
Жабынды жетілдірудің сипатты ақауы – жиектердің бұзылуы, отырулардың болуы, жарықтардың пайда болуы, төсемнің беткі қабатының алынуы.
Қара қиыршықты жабынды күту бойынша негізгі жұмыстар қатарына шаңнан, балшықтан тазарту, жиектерді түзету және т.б. табылады. Мұндай жабындарды жөндеу әртүрлі жырықтарды ой-шұңқырларды жою, тозу қабатын жөндеу, жабынды қабаттау мен кеңейту болып табылады. Осындай жұмыстар асфальт-бетонды жабындармен де жүргізіледі.
Цемент-бетонды жабындарда қозғалыстағы көліктер себебі мен табиғат факторларынан бұзылып, жарықтар пайда болады. Осы жабындарды күтуге шаңнан, балшықтан, қардан, мұздан тазарту болып табылады. Жөндеу жұмыстары қатарына жиектердің бұзылуын жөндеу, жеке плиталарды ауыстыру, оларды түзету, жеке учаскелерде жабындарды қалыңдату жатады.
Көпірлер мен құбырларды күту бойынша жұмыстар кешеніне олардың жағдайын жүйелі түрде бақылау, қар суларының өтулерін бақылау, ақауларды жөндеу, тозған элементтерді жаңарту жатады.
Автокөлік жолдарында жолдың жағдайдалары мен шарттары жөнінде жүргізушілерді құлақтандыру мақсатында жол көліктері мен көрсеткіштері орнатылады.
Жол белгілері белгілеген тәртіппен орналасады. Белгілер келесі топтарға бөлінеді: сақтандырушы, тыйым салушы, ұйғарушы, көрсетуші, ерекшелікті, қызметтік болып бөлінеді; оларға ақпараттың қосымша түрлері де жатады.
Белгінің әрбір тобының өз формасы, түр-түсі, жиектелуі, сондай-ақ кескіндемелік таңбамен бейнелеу жинағы болады. Белгілерді қозғалыс барысына қарай, жол жиектерінде немесе белгінің әрекет ету зонасының алдында орналастырады.
Жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін көтеру үшін жолдардың көлденең және тік белгілеуін жүргізеді. Жол қауіпсіздігін көтеру үшін бағыттағыш құрылымдар орнатады (дабылдық бағандар, тумбалар, барьерлер, қалқандар және т.б.) және қоршаулар (белағаштық, тростық, парапеттер, жоғары бардюрлер, торлар, дарбазалар, қарсы көліктің жарығынан сақтайтын және қатты желдің әсерінен сақтайтын құралдар).
Автокөлікке қызмет ету үшін, сондай-ақ автокөлік жолаушылары үшін жолдарда жүк және жолаушы автостанцияларын, жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет ету станцияларын, жуу бекеттерін, тұрақтарын, демалыс алаңдарын және басқа да құрылыстарды жасайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет