1.10 Жол құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамасы
Жол құрылысының жұмыс жобасын дайындағаннан кейін жобалық-сметалық құжаттар жасалады. Құжаттама жеткілікті толық, қарапайым, нақты болу керек. Оның көлемі мен мазмұны жобаланатын нысанның күрделігіне, тұрпатты және алдында жасалған жобаның түгелдігіне байланысты. Жобалық-сметалық құжаттаманың құрамына бекітілетін бөлікке кіретін негізгі құжаттар мен материалдар және жобалық ұйымда сақталған көмекші құжаттар кіреді. Түрі бойынша құжаттар мәтіндік, кестелік және кескіндемелік болады. Жергілікті жолдарға төменгідей құжаттар пайдаланады:
Жобаның барлық бөліктері бойынша қабылданатын жобалық шешімдер сипатталатын есептік-түсіндірме хаты.
Пайдаланылатын жерлер туралы, ормандарды отау, құрылыстар мен коммуникацияларды ауыстыру туралы тізбелер, қосымша берілген жол трассаларының жоспары, жерді бөлу туралы құжаттар және т.б.
Жер бетіне қатысты, оның орналасуы туралы мәліметі бар трассаның ұзына бойы.
Жер жазығы мен жол киімінің, сондай-ақ басқа да ведомстволардың, топырақтың құрылыс қасиеттері туралы ылдиларды бекіту жұмыс көлемі, трассалық және трассадан тыс топырақ резервтерін жасау, жол киімдерін ұйымдастыру және т.б. көлденең түрі.
Жасанды құрылыстар: көпірлер мен құбырлар есептерінің ведомосттері, ұсынылған тұрпатты жобалар, жасанды құрылыстардың тұрпатсыз құрылымдардың сызбалары;
Қозғалыс үшін жолдарды жабдықтау: жол белгілері құламаларының елді мекендеріндегі тротуарлар мен велосипед жолдарының ведомстволары, қиылыстар мен жанасулардың сызбалары, сондай-ақ гүлдендіру мен жол құрылыстарының қорғаныстары.
Құрылыс материалдары: орналасу сызбасы, жол-құрылыс материалдарының кен орындарының төлқұжаты, олардың түрлері бойынша қажеттілік көрсетіледі.
Құрылысты ұйымдастыру. Жобаның осы бөлігіне құрылыс жұмыстары көлемінің жинақтық ведомості, уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, байланыстың энергиямен жабдықтаудың құрылыс жоспары мен кестесінің ведомосттері, құрылыс материалдарына, жұмыс күшіне, транспортқа, механизмге деген қажеттіліктің жинақтық ведомстволары кіреді.
Сметалық-қаржылық есептер: жинақтық смета, жеке сметалар, шығындар мен нысандар түрлері бойынша сметалық-қаржылық есептер, материалдар бағалары мен көлік шығындарының калькуляциясы.
Сметалар жасау үшін қажетті қорытынды мәліметтер жинақталып, зерттеледі. Сметалық құжаттамаларды төмендегідей тәртіппен жасайды: көліктік шығындар мен жергілікті материалдар туралы мәліметтерді калькуляциялау; жергілікті жағдайға бекітілген бірыңғай бағалардың каталогы; оқшауланған және нысаналық сметалар; жинақтық смета; қайтарылған сомалардың ведостволары; түсіндірме хат.
Жобалық құжаттаманың құрамдас бөлігі ретінде жинақтық смета құрылыстың құнын анықтайды және жол-құрылысы жұмыстарын жоспарлау мен қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады. Сметалық нысан негізінде жұмысқа ақы төленіп, тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасында есеп жүргізіледі. Құрылыс құнын анықтау үшін сметаны жоспарлау есеп жүргізудің негізі болып табылады.
Жинақтық смета сметалық-қаржылық есептер мен жеке сметалар нысаны, жұмыс түрлері мен шығындар сметалар негізінде жасалады. Ол төмендегідей негізгі бөлімдер бойынша шығындардан тұрады:
трассаны игеру мен дайындық жұмыстары (жерлерді бөлуді ресімдеу, орманды кесу, құрылыстарды, байланыс, электр жабдықтау желілерін бұзу және т.б.);
жер беті (жер жұмыстары, бекіту жұмыстары, су өткізбейтін құрылыстар);
жол киімдері (түрлері бойынша киімдерді жасау, жол бойлары мен тротуарларды бекіту);
жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, жолөтпелер, тірегіш қабырғалар, салдық өткелдер және т.б.);
пайдалану қызметі мен жол жағдайы (пайдалану қызметінің құрылысы, жол белгілері, өткелдер, құламалар, гүлдендіру);
басқа да жұмыстар мен шығындар (жұмыстың қыста қымбаттауы, құрылыс аумағын тазарту, базалау, еңбекті төлеудің жеңілдік жағдайлары, электрмен жабдықтау, уақытша құрылыстар, жұмысшыларды тасымалдау, қадағалау және т.б.);
жобалық-зерттеулік жұмыс; құрылысты техникалық басқару мен қадағалау үшін штатты ұстау, жолды пайдалану үшін мамандар дайындау. (Бұл жұмыстардың барлығы құрылыстың сметалық құнының пайызын анықтайды).
Жинақтық сметаның соңында (бекітілген мөлшерде) күтпеген жағдайда пайда болған жұмыстар мен шығындар, сондай-ақ қайтарылатын сома шығындары көрсетіледі.
Жинақтық сметаға кіретін жеке нысандар мен шығындардың сметалары құрылыстық және өзге де жұмыстар мен шығындардың, сондай-ақ жабдықтарды сатып алу мен оны құрудың сметасын құрайды. Құрылыс бірлігінің сметалық бағасын немесе жұмыс сметасын құрылыстық жұмыстар мен оларды пайдаланудың бірыңғай аудандық бағалары бойынша анықтайды. Сонымен бірге, ірі сметалық нормаларды, құрылыстық нормалар мен ережелер, бірыңғай нормалар мен бағалар, прейскуранттар, аудандық каталогтар, сондай-ақ басқа да жергілікті нормативтік деректерді пайдаланады.
Көмекші құжаттар мен материалдарды жекелей істер түрінде ресімдеп, жобалық ұйымның мұрағатында сақтайды. Құжаттарға жобалық жұмыстардың басшылары мен орындаушылары қол қояды. Жергілікті жерлердің жолдарын орналастыру мен салудың жобаларын жасау жол институттарымен қатар жерге орналастыру және ауыл құрылыс институттары айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |