Сумен жабдықтау қайнар көздеріне адамдардың шаруашылық әрекеттерінің әсер етуі. Қазіргі уақытта адамдардың шаруашылық қызметтерінің дамуына байланысты сумен жабдықтау қайнар көздерінің ахуалына дебит, сондай-ақ судың сапасы бірталай әсер етеді.
Бұл жерде ескерткен жөн, ең алдымен, табиғи суды комплексті пайдаланады, яғни сумен жабдықтауға ғана емес, басқа да көптеген мақсаттарға көзделген: суару, гидроэнерготехника, су көлігі, ағаш ағызуы және т.б. Бұл жағдайда суды іріктеуі қайнар көздерінен алынады (сумен жабдықтауға, суаруға) немесе суды іріктемей-ақ тек сутоғанды пайдалануға болады (су көлігіне, ағаш ағызуына). Осымен, бұл жерде су тұтынушылар және пайдаланушыларды айыруға болады. Кейбір ірі су тұтынушылар мен пайдаланушылар өзендердің табиғи суларымен пайдалануға қанағаттанбайды. Бәрімізге белгілі, гидротехниканың мақсаттарына өзен суағарының реттеуі бөгет құрылуымен және сутоған жасалуымен (су тасқыны аккумуляциясы), кейде суағарды көп жылдар реттеу жүзеге асады, яғни судың артығы су көп болған жылдарда сутоғанға жиналып, су аз болған жылдарда су азая түседі.
Кейде өнеркәсіптерге су мөлшері қажеттілігінен суағарды реттеген жағдайда оны жергілікті өзендерден алуға болады. Ондай өнеркәсіптердің бірі - жылу электростанциялары. Өзен суағарының реттеуі жер суару мақсаттарына жүзеге асырылады. Өзен суағарын реттеуге шаралар өткізу нәтижесінде адамдардың жиі шоғырланған жерінде және өнеркәсіптік аудандарында көптеген өзендер кейін біртіндеп сутоған жүйесіне айналады.
4.3 Сумен жабдықтау жүйесі туралы жалпы мәліметтер және олардың жұмыс тәртібі
Сумен жабдықтау жүйесі және оның негізгі элементтері
Сумен жабдықтау жүйесі белгіленген бір топ тұтынушыларға (берілген объектіге) белгіленген мөлшермен және сапасымен сумен қамтамасыз ететін құрылыс кешені.
Сумен жабдықтау жүйесі тұтынушыларға берілетін су мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін төмендетпеуге қамтамасыз етуге тиісті көрсетілген мөлшерде су беруінің тоқтауы және сапасының төмендетуі.
Осыдан кейін объектінің суды тұтынуы керекті көлемде белгіленгеннен кейін болатын табиғи қайнар көздерін пайдалануға берілетіні туралы мәліметтерді жинағаннан кейін қайнар көзі таңдалып, су жабдықтау схемасы дайындалады. Сумен жабдықтау жүйесі (елді-мекен жерлер немесе кәсіпорындар) табиғи қайнар көздерінен су алуға, оны тазартуға тұтынушылар талабы бойынша және тиісті жерлерге пайдалануға қамтамасыз етуді қалайды.
Осы міндеттерді орындау үшін сумен жабдықтау жүйесінің құрамына кіретін келесі құрылыс кешендері қызмет етеді:
а) суды қабылдау құрылыс кешендері арқылы қайнар көздерінен су қабылданады;
ә) судың өруіне құрылыс кешендері суды тісті жерлерге тазартып, сақтап, пайдалануға берілетін сораптама станциялары;
б) суды тазарту үшін құрылыс кешендері;
в) пайдалануға суды беруге және тасуға қызмет ететін су тарату мен өткізгілер желілері;
г) сумен жабдықтау жүйесінде сыйымдылық ретінде маңызы зор қордағы мұнаралар мен резервуарлар.
Сумен жабдықтау жүйесінің негізгі құрылыс кешендерінің өзара орналасқан схемасы суретте көрсетілген. Қайнар көздерінен суды қабылдау кешендері кешенінен 1 алынып сораптау арқылы бірінші өруі 2 а станцияда қойылған, тазарту кешендеріне 3 су беріледі. Суды тазартқаннан кейін жинақталған резервуарға 4 көтеріліп, бір топ сораптармен одан су алынады, екінші су өруі стансасында қойылған2 б, және су таратушымен 5 трубаның 6 желілеріне беріледі, сосын су тұтынушылар орындарына ағады. Судың мұнарасы (немесе су резервуары) желінің басында, соңында немесе жүйенің аралығында орналасуы мүмкін. Басқа құрылыс кешендерінің орналасысу тәртібі де әр түрлі. Мысалы бірінші және екінші су өруі сораптары бөлек ғимараттарда немесе жалғыз бір ғимаратта ғана орналасуы мүмкін. Кейде судың бірінші өруі су қабылдау кешенінде орналастырылған. Кейбір жағдайда тазарту кешендері және олармен байланысқан резервуарлар, екінші су өруін сорап стансаларының қайнар көздерінің қасына емес, сумен тұтынушылар объектісінің жанында болады (қала, кент, өндірістік кәсіпорын).
Жергілікті табиғи жағдайларына немесе судың қолдануына байланысты, сондай-ақ экономикалық ұғымға байланысты сумен жабдықтау схемасы және оны құрастырған элементтері қатты өзгеруі мүмкін.
Су құбырының схемасы қабылдап алынған сумен жабдықтау қайнар көздері әсер етеді: оның сипаты, күші, судың сапасы, объектіден ара қашықтығы және т. б. Кейде жалғыз бір объект үшін бірнеше табиғи қайнар көздерінен су алынады.
Жер үстіртіндегі суларды пайдалану үшін түрлі су қабылдау кешендерінің күрделі гидротехникалық құрылыс кешендерінің құрылыстары мен түрлері қолданылады. Жерасты суларын пайдалануда су қабылдау кешендері құдық (шахталық немесе бұрғылық), су жинақтау галереясы түрлерінде, ал бұлақтарды алуға түрлі каптажды кешендер түрлерінде орындайды.
Қайнар көзінің сипаты сумен жабдықтау схемасына толығымен әсер етеді.
Қайнар көздерінің сапасы мен тұтынушылардың талаптарын салыстырғанда суды тазарту, сондай-ақ өңдеу деңгейі мен сипаты қажеттеледі. Елді-мекен жерлерінің су құбырына артезиан немесе тіпті таза су бұлақ суын кейде тазартусыз да пайдалануға болады екен. Жер үстіртінің сутоған сулары кейбір кәсіпорындарда тазартусыз қолданыла береді (көбінесе агрегаттарды суыту үшін).
Суды тазартуға болмаған жағдайда сумен жабдықтау жүйесі жеңілденеді. Тазарту құрылыс кешендері және олардың резервуарлары мен екінші судың өруіне арналған сораптар бұл жағдайда мүлде керексіз. Артезиан скважиналары (бұрғылы құдықтар) бөлек топтар болып орналасқан. Сораптар құдықтарда орналастырылып жүйеге тура су беруі мүмкін. Кейде осындай сумен жабдықтау жүйесінде скважинадан су жинақталған резервуарға 3 (реттейтін және қордағы сыйымдылық ретінде қызмет ететін) және одан екінші су өруі 4 стансалардың сораптарымен жүйеге 2 құйылады. Жердің рельефі сумен жабдықтау схемасына да әсер етеді. Таулы жерлерде сумен жабдықтау қайнар көздері (көлдер, су қоймалары, бұлақтар) жабдықталатын объект аумағының нүктесінен жоғары болады. Осы жағдайда тұтынуға жіберілетін суды өз бетімен сорап стансаларының құбырларысыз беруге болады. Олар жергілікті табиғи жағдайлармен және тұтынушылардың түрлі талаптарымен қойылатын сумен жабдықтау схемаларымен кездесуге болады. Әсіресе, ол өнеркәсіп кәсіпорындарының су құбырлары.
Қазіргі уақытта топтық және аудандық су құбырлары дамытылып, сумен жабдықтау жүйесі бірнеше объектілерге қызмет етеді, біріктірілген су құбырының құны төмен болса, ал әр объектінің жеке жүйесінің жалпы құны жоғары болады. Осы жерде жүйенің пайдалануына берілген шығын төмендейді. Осылайша жоспарланып отырса, дұрыс және үнемді сумен жабдықтау мәселелерін шешуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |